Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Жамбыл облысы әкімінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 76 Ж/Қ өкімімен Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы облыс әкімдігінің ішкі саясат басқарма басшысы болып тағайындалды.

Бейсенқұлов Дауыл Ынтықбайұлы 1975 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1997 жылы Жамбыл гидромелиоративті құрылыс институтын «инженер-механик»,  2015 жылы Тараз иновациялық-гуманитарлық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген.

Өз еңбек жолында ол әр жылдары Жамбыл аудандық көші-қон және демография бөлімінің жетекші   маманы, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру, жалпы, ішкі саясат бөлімдерінің бас маманы, Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.  2011 жылғы қазаннан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары лауазымында еңбек еткен.

Өзгерту: 04.05.2019 18:24