Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі

Мойынқұм аудандық Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейі – 1973 жылы құрылған.

1986 жылға дейін «Облыстық тарихи-өлкетану музейінің» филиалы ретінде есептеліп, 1987 жылы 9 сәуірде Мойынқұм аудандық депутаттарының және аудан жұмыскерлерінің №33-153-8 шешімімен аудандық музейге екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Жазылбек Қуанышбаевтың есімі берілді.

Директоры – Қожагелдиева Лейла Шайбайқызы.

Музей ғимаратының 219 шаршы метрі қорға қарастырылған болса, 319,2 шаршы метрден асатын экспозициялық 5 залы: өлкетану, табиғат, археологиялық, шопандар тұрмысы және этнография залдары халыққа қызмет көрсетеді.

Музейдің археологиялық экспозициясына қойылған жәдігерлердің барлығы қола дәуіріне тиесілі «Қожабала қорымынан» (б.э.д. ХІІІ-ХІІғ.ғ.) жергілікті жердегі зерттеу қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған. Негізгі көрсететін қызметі халқымыздың мәдени-тарихи мұрасын сақтау және оларды тұрғындардың тамашалауына жағдай жасап, таныстырып отыру болып табылады.

Сондай-ақ, экспозициядағы экспонаттар үш тілде жазылған.

Мекен-жайымыз: Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Көшенов көшесі №1

Телефон:

Директордың қабылдау бөлмесі +7 (72642) 21396

Анықтама +7 (72642) 21266

E-mai: moinkummuseum@mail.ru

Өзгерту: 17.11.2018 17:15