Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және оған қосалқы салынған Керуен сарайы (VIII-XII ғғ.)

Ерте ислам дәуірінің мешіті (IX-XII ғғ.) және оған қосалқы салынған Керуен сарайы (VIII-XII ғғ.)

Ерте ислам дәуірінің мешітіндегі 2006 жылы археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында анықталды. Қазба барысында несториандық христиан шіркеуі (VIII-IXғғ.) қайта жасақталған исламдық мешіттің (IX-XІІғғ.) құрылысы табылды.Қирандыны тазалау кезінде бағаналардың тұғыр тастары, шығыс жағында суфа (сәкі) және батыс жағында мінәжат ететін микрабтың орыны болды

Дәуітбек кесенесі (ХІІІ ғ).

Дәуітбек кесенесі (ХІІІ ғ).

Дәуітбектің толық аты-жөні - Ұлық Білге Икбалхан Дәуітбек-Шамансұр. Манғолдар дәуіріндегі түркінің хан тұқымынан шыққан ұлы қолбасшысы, өз заманының атақты адамы болған. Кесене алғашында күмбезі жартылай иілген аркаға бекітілген төрттаған түрінде болған. Аркалар плиталардан қаланған тұғырға орналасты. Аркалы кіре берісі мен қабырғалары XIX ғ. соныңда кірпішпен қайта өрілгендіктен кесене қазіргі қалпына енді.

Қарахан кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)

Қарахан кесенесі (ХІ-ХІІ ғ.ғ.)

Мавзолей построен над могилой правителя, одного из представителей династии Караханидов – Шах Махмуд  Карахана. Местные жители возвели его в ранг «Аулие-Ата» (святой старец), что способствовало переименованию г.Тараз в Аулие-Ата (1836-1936г.).

Главный фасад был украшен кирпичным узором. Как показали раскопки 1961 года, для отделки использовалось до 30 разновидностей терракоты.

«ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ» қалашығы (I-ХІХғ.ғ.)

«ЕЖЕЛГІ ТАРАЗ» қалашығы (I-ХІХғ.ғ.)

Ұлы Жібек жолында орналасқан Тараз қаласы (Талас)- б.д.д 40-36 жылдары тарихи-мәдени орталықтардың бірі болып қалыптасқан. Қала алғаш рет Византия деректерінде 568 жылдары қалыптасқан деп көрсетілген. Ал 630 жылдары осы өңірге саяхаттап келген Қытай саяхатшысы Сюань-Цзянь: «Тараздың аумағы 8-9 ли. Бұл қалада көптеген елдердің саудагерлері аялдап, түрліше заттар əкеліп сатады» деп жазған. Араб саяхатшысы Ибн Хаукальда қаланы дəл осылай: «Тараз – мұсылмандардың түріктермен сауда жасайтын қаласы» деп суреттейді. Ал, араб тарихшысы әл-Макдиси болса: «Тараз – бақтары мол, тұрғындары тығыз орналасқан үлкен қала» - деген мəліметтер қалдырады. Х ғасырдың ортасында Тараз қаласы Қараханидтер империясының ірі мәдени орталығы болды.

Тектұрмас кесенесі ( ХІV ғ.)

Тектұрмас кесенесі ( ХІV ғ.)

Тектұрмас кесенесі ХІV ғасырда Талас өзенінің оң жағалауында салынған. Тектұрмастың тарихи аты - Сұлтан-Махмудхан. Ал, Тектұрмас сөзінің өзі түркіше «тынымсыз  орын» дегенді білдіреді.

Кейбір деректерде Сұлтан Махмутхан Қарахан империясының ұлы қолбасшысы болғандығы айтылған. Кесене өте көне діни орындардың бірі болып есептеледі. Тектұрмас төбесінің басында зорастризм, христиандық, мұсылмандық рәсімдегі зираттар орналасқан. Төбенің етек жағында ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өтетін тас көпір болған.