Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Меркі қалашығы (VІІ-ХІІІ ғғ.)

Меркі қалашығы - алғашқы тарихи атын сақтап қалған ежелгі қалашықтың бірі. Ол алғаш рет ІХ-Х ғғ. Кудама Ибн Хордадбектің қолжазбаларында аталады. Ол, оны, үлкен елді мекен деп атаған. Одан кейін қалаға неғұрлым тыңғылықты сипаттама берген ортағасырлық араб тарихшысы әл-Макдиси болды. Ол:«Мирки-орташа аумақты, бекемделген ішкі қамалы бар қала. Алқалы мешіті, ертеде шіркеуі болған» деп жазған болатын.

Қалаға жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, бедерлі өрнегі бар қарапайым жасалған қыш ыдыстардың табылуы Меркінің пайда болу мерзімін VІІ - XІІІ ғғ. жатқызуға мүмкіндік береді.

Өзгерту: 22.11.2018 14:32