Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Баласағұн қалашығы (VI-XIII ғ.ғ.)

Баласағұн қаласы – Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі қалашықтардың бірі. Ұлы Түрік қағанатының кезінде салынған. Түргеш қағанаты тұсында олардың саяси орталығы болды. Ал, X-XII ғасырларда Қараханидтер империясының астанасы болып жарияланды. Қалада ортағасырлық түркі елінің көрнекті ұлы тұлғалары Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари т.б өмір сүріп, қызмет етті. Осы жерде Жүсіп Баласағұнидің «Құтты Білік» («Даналық кітап») атты аса құнды еңбегі жазылды.Баласағұн қаласы туралы арабтың ұлы географы əл-Макдисидің жазбаларында: «Баласағұн суы мол, халқы көп, үлкен қала» деген жазба деректер қалдырған.

Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Баласағұн қалашығы 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның 38 сессиясы барысында Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілді.

Өзгерту: 22.11.2018 14:16