Назар аударыңыз! Веб-сайт тестілік режимде жұмыс істеп тұр. Уақытша келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Төрткүл керуен сарайы (ХІ—ХІІІғ.ғ.)

Керуен сарай Ұлы Жібек жолы бойында тұрғызылған қамал-бекініс. Керуен-сарайдың мақсаты – мемлекеттің негізгі табыс көзі болған әлемдік сауданың ұдайы және тұрақты түрде дамуына, әрі сол заманда пайда әкеліп тұрған сауданың барлық түрімен керуендердің еш кедергісіз жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.

Қала маңындағы осындай керуен-сарайлардың стратегиялық маңызы өте жоғары болды.Мұның ең бірінші маңызы – алыстан шаршап-шалдығып келген сауда адамдарын қалаға жақын осы сарайларда орналастырып, тынықтыру, жүктерін реттеп алу және еркін сауда жасауына жол ашу еді.

Екінші маңызы – осындай жан-жақтан келген көптеген саудагерлерді қала ішінде қала кептелісін азайту және қала сыртында көтерме сауда жасау арқылы жергілікті алыпсатарлықпен айналысатын халыққа жағдай жасау болатын.

Өзгерту: 22.11.2018 10:29