РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Акимат Жамбылской области

официальный сайт

Герб ЖО

Содержание

http://primeminister.kz/ru/news/all/videodaidzhest-glavnie-sobitiya-nedeli-6-13534

Контакты

Первый заместитель акима области 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серикбекович
Заместитель акима области 433538
МАНЖУОВ Ерканат Нурбапаевич
Заместитель акима области 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантаевич
Заместитель акима области 432894
НУРАЛИЕВ Абдалы Токбергенович
Руководитель аппарата акима области 454466
РАХМАНБЕРДИЕВ Рахмательда Сегизбаевич
Прием граждан 433613
АНАРКУЛОВА Жамал Сауытбековна
Телефон доверия
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709

Тема: Қоғам
Рухани келісім күніне арналған спартакиада өтті
15 октября 2015 года0204610

Үстіміздегі жылдың 15 қазанында Жамбыл облысы әкімдігі дін істері басқармасы және Дін проблемаларын зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Тараз-Арена» спорт кешенінде 18 қазан – «Рухани келісім күніне» арналған діни бірлестіктер арасында спартакиада өткізілді.
         Спартакиадада облыс көлеміндегі діни бірлестіктер жанынан құрылған командалар кіші футбол, кір тасын көтеру, арқан тарту, қол күрестіру және шахматтан жүлделі орындар үшін өзара бәсекелеске түсті.
         Спартакиада қорытындысы бойынша кір тасын көтеруден жүлделі І орынды А.Аверкин («Источник жизни» діни бірлестігі), ІІ орынды Н.Бақытұлы («Һибатулла Тарази» медресесі), ІІІ орынды М.Голубев («Источник жизни» діни бірлестігі) иеленді.
         Шахматтан І орынды В.Ткачев («Вефиль» Елуліктер Толық Інжілінің Христиан шіркеуі» діни бірлестігі), ІІ орынды М.Голубев («Источник жизни» діни бірлестігі) иеленді.
         Қол күресінен І орынды С.Бескемпір, ІІ орынды Б.Амреев, ІІІ орынды Ә.Мұраталиевтер (медресе шәкірттері) өзара бөлісті.
         Арқан тартудан І орыннан «Һибатулла Тарази» мешіті, ІІ орыннан «Һибатулла Тарази» медресесі, ІІІ орыннан «Һибатулла Тарази» мешітінің жастар жамағаты командасы көрінді.
         Спартакиаданың ең басты ойыны кіші футболдан өткен тартысты бәсекеде жүлделі І орын мен кубокты «Һибатулла Тарази» мешітінің жастар жамағаты командасы ұтып алды. Ал ІІ және ІІІ орынды «Һибатулла Тарази» медресесі мен облыс әкімдігі дін істері басқармасының құрама командалары місе тұтты.
         Спартакиадаға қатысқан барлық спортшылар мен командалар арнайы грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
         Ұйымдастырылған шараларға дән риза болған діни бірлестіктер жетекшілері облыстағы конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған спартакиада жарыстарын жыл сайын өткізіп тұруды дәстүрге айналдыруды ұсынды.
Links
Метки

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Не найдено подходящих записей

Наверх