РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жаңалықтар

Тақырып: Ұлттық Банкі Жамбыл филиалы
«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы
13 Наурыз 2018 Жыл0000
2017 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді. Қабылданған Заң, ең алдымен коллекторлық агенттік мәртебесін белгілейді, коллекторлық агенттіктерді Ұлттық Банктің міндетті тіркеуін және кейіннен олардың қызметін бақылауын енгізеді.
2017 жылғы 2 маусымда Қазақстан Республикасының «Коллекторлық қызмет туралы» Заңы (бұдан әрі - Заң) қолданысқа енгізілді. Қабылданған Заң, ең алдымен коллекторлық агенттік мәртебесін белгілейді, коллекторлық агенттіктерді Ұлттық Банктің міндетті тіркеуін және кейіннен олардың қызметін бақылауын енгізеді.
Коллекторлық агенттік ретінде есептік тіркеуден өту үшін заңды тұлға, оның орналасқан жері бойынша Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш беруі қажет.
Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу мемлекеттік қызметтерді көрсету шеңберінде жүргізіледі.
Бұл ретте, есептік тіркеу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш беру мерзімі оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай мерзімді құрайтынын атап өткен жөн.
Заңның 7 бабының 2 тармағына сәйкес коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлға Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына келесі құжаттарды ұсынады:
1) өтінішті;
2) ішкі бақылау қызметі туралы ережені (бар болған жағдайда);
3) өтініш ұсынылған күннің алдындағы күнгі жағдай бойынша құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ басшы жұмыскерлер туралы мәліметтерді;
4) "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған ақпарат беру туралы шарттың көшірмесін және кредиттік тарихтарды қалыптастыру мен оларды пайдалану жүйесінің қатысушыларына қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы құжаттың көшірмесін;
5) борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен және (немесе) банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредиторға міндеттемелері арқылы байланысты болатын үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасатын жұмыскерлер туралы мәліметтерді;
6) филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтерді ұсынады.
Көрсетілген құжаттар «Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 92 Қаулысының талаптарына сәйкес ұсынылады.
Заңның 7 бабы 2 тармағының 4) тармақшасында көзделген мемлекет қатысатын кредиттік бюромен - «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ шарт жасасу үшін заңды тұлғаға «Кредиттік  бюролардың,  ақпарат жеткізушілердің   және  кредиттік есептерді алушылардың қызметін ұйымдастыру  кезінде ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануға және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 92 Қаулысына сәйкес Ұлттық Банктің сәйкесінше қорытыңдысын алу қажет.
Өтініш беруші  - заңды тұлға құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Ұлттық Банктің аумақтық филиалы құжаттарды алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан уәжді түрде жазбаша нысанда бас тартады.
Ұлттық Банктің аумақтық филиалы тіркеуден өту туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша құжаттар топтамасы толық ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде коллекторлық агенттіктер тізіліміне енгізу туралы хабарлайды немесе есептік тіркеуден бас тарту себептері туралы уәжді түрде жазбаша жауап береді.
Коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаны есептік тіркеуден бас тарту мынадай:
1) Заңның 7-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге жататын анық емес мәліметтер мен ақпарат берілген;
2) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жұмыскерлері Заңның 12-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
3) коллекторлық қызметті жүзеге асыруға ниеті бар заңды тұлғаның жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің он немесе одан да көп пайызын өзі дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама иеленетін және (немесе) пайдаланатын және (немесе) оларға билік ететін немесе бақылау жасайтын тұлға Заңның 3-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген;
4) әділет органдарында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күнінен бастап үш ай өткеннен кейін уәкілетті органға есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінген;
5) Заңның 21-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарды сақтамаған жағдайларда жүргізіледі.
«Коллекторлық агенттіктерді есептік тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының жобасына сәйкес қызмет Ұлттық Банктің аумақтық филиалымен тегін және қағаз нысанында көрсетіледі. Бұл ретте, жоғарыда көрсетілген мемлекеттік қызметті автоматтандыру жоспарлануда екенін хабарлаймыз, осыдан кейін қызмет алушылар «электрондық үкіметтің» (www.egov.kz) веб-порталында «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» (www.elicense.kz) ақпараттық жүйесі арқылы ала алатын болады.  


Даурен Төлепбергенов
ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының
Қаржы ұйымдарын бақылау
және қаржылық қызметтерді
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау бөлімінің бас маманы
Links
Таңбалар

Для того, чтобы добавить комментарий, необходимо войти на сайт.
Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтады
Қазақстан Ұлттық Банкі 3 қыркүйекте базалық мөлшерлемені +/-1% деңгейіндегі пайыздық мөлшерлемелердің симметриялық дәлізімен 9% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті беру мен алу операциялары бойынша мөлшерлемелер тиісінше 10% және 8% деңгейлерде сақталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қаласында өткен телевизиялық БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде сөз сөйлеген кезде хабарлады.
5 Қыркүйек 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
2018 жылдың 2 тоқсанының қорытындысы бойынша аймақтағы қаржы нарығының ахуалы туралы ақпарат
Депозиттік нарық. Облыстың екінші деңгейдегі банктерінің филиалдарындағы (бұдан әрі - Банктер) депозиттердің көлемі 2018 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 130 993,7 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда 16,3%-ға көп. Оның ішінде ұлттық валютадағы депозиттердің үлес салмағы 71,3%-ды немесе 93 357,8 млн. теңгені, ал шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы 28,7%-ды немесе 37 635,9 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың сәйкес күнімен салыстырғанда ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 22,5% көбейген, ал шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 3,3% көбейген.
20 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысулардың артықшылықтары
Бүгінгі таңда Қазақстандағы төлем карточкаларының нарығы қарыштап дамып келе жатқан және болашағы зор нарықтардың бірі болып табылады.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті лицензиялау тәртібі мен шарттары
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес, қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру лицензияланатын қызмет түріне жатады. Қолма-қол шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыруға лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі береді. Сол себептен, Ұлттық Банк аталған қызметті жүзеге асыруға лицензиялау тәртібін және оған қойылатын біліктілік талаптарын белгілейді. Лицензиялаудың тәртібі мен шарттары «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы №57 Заңымен және «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі қаулысымен айқындалған.
16 Тамыз 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0
Криптовалюта дегеніміз не және онымен байланысты туындайтын тәуекелдер
Криптовалюта - сандық валютаның түрі. Бұл ақшаның физикалық баламасы жоқ, сондықтан ол виртуалды кеңістікте ғана қолданылады. Грек тілінен аударғанда «крипто» сөзі - құпия, жасырын деген мағынаны білдіретін төлем бірлігінің бұл түрі өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығынан, яғни математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардан тұрады. Оның эмиссиясы мен есеп-қисабы түрлі криптографиялық әдістерге негізделген.
18 Шілде 2018 Жыл • Калашников Владимир Петрович • 0 қарап шығулар • түсіндірмелер 0

Наверх