РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімдігінің 02.03.2017 жылғы №31 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (01.07.2017 жылға)

Іс-шаралар Орындалуы туралы ақпарат
  1.  
Кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде үш жақты меморандумдар  қабылдау және олардың орындалуына тұрақты түрде  мониторинг жүргізу      Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне  облыс бойынша өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы 67 751 жұмысшыны қамтитын 2619 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды. Меморандум талаптарының орындалуы тұрақты бақылауда. Тапсырма орындалуда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру, инвестиция тарту  жұмыстарын жандандыру      Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының  екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша, жалпы құны 512,1 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5745 және іске қосылу кезеңінде 5392 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда.
 2017 жылы жалпы құны 15,4 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделсе, есепті кезеңге  жалпы құны 6,3 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске қосылып, тұрақты жаңа 303 жұмыс орны ашылды.
  Есепті кезеңге 8 жоба 50 пайыздан жоғары жоспарлы қуатына шыққан.
  1. ТОО «Полителен - Агро» - 100%;
  2. ТОО "Burnoye Solar-1" – 100%;
  3. АО «Golden Compass Capital» - 100%;
  4. ТОО «Әулие-ата феникс» - 100%;
  5. ТОО "С.П. "Ролла-Ян"– 100%;
  6. ТОО «Казфосфат» «Минеральные удобрения» - 100%;
  7. ТОО  ТОО «Луговской конный завод» - 100%;
  8. ТОО «КазУпакТрейд» - 56,4%.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Бизнес   ортаның белсенділігінің төмендеуінің себебіне талдау жүргізу және оны арттыру бойынша жұмыстар жүргізу
 
     Статистикалық мәліметтер бойынша, 2017 жылдың 1-ші маусымына облысымызда  тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша жұмыс атқарып отырғандарының  жалпы саны 59824 бірлікті құрап отыр немесе өткен жылмен салыстырғанда 110,9 пайызды құрап отыр.
     Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны бүгінгі күнге 116527 адамға жеткен.
     2016 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 375,5 млрд.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 98,8% құрады, оның ішінде шағын бизнестегі заңды тұлғалар арқылы 168,0 млрд.теңге, орта бизнес субъектілері арқылы 69,9 млрд. теңге, шаруа қожалықтары арқылы 99,6 млрд. теңге және жеке  кәсіпкерлік субъектілері  арқылы 38,1 млрд. теңгені құрады.
 Жедел статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 19,3% құрады, және республикамыздың өңірлерінің арасында 9 орынды алып отыр.
 2013 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарының күшіне енуіне байланысты, статистика департаменті облысымызда шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпаратты тоқсанына бір рет тоқсаннан кейін кешіктіріп береді, сондықтан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнімі туралы және олардағы жұмыспен қамтылғандар саны туралы ақпарат 2016 жылдың қорытындысы бойынша ұсынылып отыр. 2017 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша ақпарат 2017 ж. шілде айында ұсынылады. 
 Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.
 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралығында 9529,1 млн.теңге несие берілген (2016 жылдың тиісті кезеңінде 5552,8  млн. теңгеге несие берілген).
«KMF» микронесиелік ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы арқылы                  2017 жылдың басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне жалпы сомасы 8808,5 млн. теңгені құрайтын 19866 несие берілді. 
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қаржылай көмек көрсету мақсатында, облысымызда құрылған ауылдық несиелік серіктестіктері тарапынан, 2017 жылдың басынан аудандардағы шаруа қожалықтарына 918,3 млн. теңгенің несие қаражаты берілген.
Орта және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың аса маңызды механизмдерінің бірі – «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында облыс кәсіпкерлері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 84,9 млрд. теңгені құрайтын 861 жоба мемлекеттік қолдау алып отыр. Оның ішінде «Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша жалпы сомасы 73,3 млрд. теңгені құрайтын 723 жоба, ал «Өндірістік (индустриялдық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша, жалпы құны 11,3 млрд. теңгені құрайтын 81 жоба мақұлданып, жүзеге асырылуда.
Аталған Бағдарламаны іске асыру үшін 2017 жылға 1 353,7 млн.теңге (грант – 15,0 млн. тг., субсидияландыруға – 1 212, 7 млн. тг., кепілдендіруге – 126,0 млн. тг.), өндірістік инфрақұрылымды дамытуға Республикалық бюджеттен 792,0 млн. теңге бөліну көзделген. Сондай-ақ  Жамбыл облысы әкімдігі  және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында қол койылған меморандумға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру үшін облыстық бюджеттен  500,0 млн. теңге бөлініп, «Даму» қорынан - 500,0 млн. теңге бөлу көзделіп отыр. Нәтижесінде жалпы сомасы                1 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі таңда Даму Қоры бөлінген қаражатты «Еуразиялық банк», «ЦентрКредитБанк», «Халық банкінде» орналастыруды жоспарлап отыр. Несие алушыларға пайыздық ставка 8,5%.
        Аталған мемлекеттік қолдау шаралары арқасында 12 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 5,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды. Бюджеттің кірісі бөлігіне 11 млрд. теңгеден астам салық төлемдері түсті.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту     2017 жылы «Бәсекелес ортаға беруге ұсынылатын коммуналдық меншіктегі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 20.02.2017 ж. №18 қаулысына сәйкес 4 денсаулық сақтау ұйымдарын: Тараз қаласындағы №1 қалалық емханасы - 438,577 млн. теңге, №4 қалалық емханасы -                266, 687 млн. теңге, №9 қалалық емханасы - 26,577 млн. теңге және Тараз қаласындағы облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығы-1352,000 млн. теңгеге мүліктік құны бағаланып, 10 жылға дейінгі мерзімге қызмет бейінін сақтау шартын ұсына отырып, 08.06.2017 ж. сауда саттыққа шығарылды.
       Білім саласы бойынша 5 балабақша құрылысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жоспарланған.
- Тараз қаласы 280 орындық балабақша (Ж.Сабалақов көшесі);
- Талас ауданы Қаратау қаласы 280 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы 280 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы 140 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы 140 орындық балабақша.
     Бүгінгі күні «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен МЖӘ жобаларына концепция әзірлеуге консультациялық сүйемелдеу туралы келісім-шарт жасасып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың тұжырымдамасын әзірлеу жүргізілуде.
 
         2016 жылы  мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде 2555 орындық 29 балабақша ашылды  (2014 ж. – 11 (1223 орын), 2015 ж. – 10 (685)).
   Бүгінгі күні облыста 71 (69 б/б,2 ш/о)  жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 6445 бала тәрбиеленуде.
  Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобаларды іске асыру қолға алынуда.
  Бірінші кезекте жекеше салынған спорттық объектілерде жергілікті спортшыларға сервистік қызметтер көрсету бойынша жобалар іріктеліп отыр.
  Соның ішінде, қазақстандық бокс федерациясының «Тарлан батырлары» ЖШС-і «Шу қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы. Жобаны іске асыру бойынша тиісті жұмыстар толық жүргізілді.
      «Тарлан батырлары» ЖШС-мен Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі арасында ағымдағы жылдың 31 мамырында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісім-шарт  жасалынды. Жоба құны 32,5 млн. теңгені құрайды.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізу
 
       01.01.2017 жылға дейін облыста 50 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған болатын.
       Ағымдағы жылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланса, 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында              70 кооператив  құрылды. Кооперативтер құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр.
      Тапсырма орындалды.
  1.  
Өсімдік саласында су үнемдеу, ылғал сақтау технологияларын кеңінен енгізу, үдемелі алма бақтарының алқаптарын ұлғайту
 
       2016 жылы су үнемдеу технологияларының енгізу көлемі облыс бойынша 11974 гектарға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 146,9%-ға артты. (2015 жылы 8,2 мың гектар). 2017 жылы бұл көрсеткішті 15 000 гектар алқапқа жеткізу жоспарланса, бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары қосымша 3026 гектарға енгізіліп, жоспар толығымен орындалды.
      Ресурс үнемдеу технологиялары 2016 жылы 26 300 гектар алқапта қолданылды. 2017 жылға 27 мың гектарға жеткізу жоспарланған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
       Еліміздің ішкі қажеттілігін жеміс өнімімен (алма) толық қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігімен аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға  арналған бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарланған. 2015 жылы үдемелі алма бақтары облыста 123 гектар алқапқа отырғызылса, 2016 жылы 112 гектарға отырғызылып, барлығы 235 гектар алқапты құрап  отыр. 2017 жылы бұл көрсеткішті 150 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр, бүгінгі күнге дейін 90 гектар алқапқа үдемелі алма бағын отырғызылды. Аудандарда түгендеу жұмыстары жүргізілуде.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауар және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау
 
        Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша штабтар құрылған. Штабтың құрамына жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының, қаржы құрылымдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірді.  Негізгі азық-түлік тауарлары, азық-түлік емес тауарлары және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін облыстық штабтың іс-шаралар жоспары бекітілген.
        Облыста инфляция деңгейі ү.ж. маусым айында 103,7% құрады (ҚР – 103,7%), оның ішінде азық-түлік бойынша тұтыну бағалар индексі 104,3% (ҚР – 105,1%),  азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 103,4% (ҚР – 103%), ақылы қызметтер – 103,2% (ҚР – 102,8%).
        Сауда нүктелері басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша 808 меморандум қабылданды.
       Апта сайын азық-түлік емес тауарлардың 53 түрінің бағасына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша ү.ж. 30 маусымдағы орташа бағаларды 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы көрсеткіштерімен салыстырғанда 24-нің бағасы төмен, 20-ы – жоғары, 9-ы сол деңгейде екендігін көрсетті.
       Облыста «жедел желі» («горячая линия») үзіліссіз жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге бұл желі бойынша 38 арыз-шағымдар түскен. Түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті ден қою шаралары қолданылып, сауда нүктелері басшыларымен бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу жөнінде келіcсөздер жасалуда.
 Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылған, онда 2026,4 тонна тауар сақталуда. Есептік кезеңде 1,2 мың тонна тауарлар сатылды.
      Азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында есепті кезеңге облыс бойынша 115 жәрмеңке өткізілді, тауар бағалары нарықтан 8-20 пайызға төмен болды.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Үш тілді білім беру жүйесіне көшуді қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерді ағылшын тіліне үйрету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу
 
       Үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу үшін облыста «Жамбыл облысында үш тілде білім беруді дамыту бойынша 2016-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.
         2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген мұғалімдері  өткізген ағылшын тілін үйрету тренингтеріне жаратылыстану пәндерінің 14 мұғалімі қатысты.
       Сондай-ақ, ТарМПИ-нің базасында  жаратылыстану пәнінің 45 мұғалімі ағылшын тілінде оқыту курстарынан өтті. Оның ішінде Тараз қаласының
6 мұғалімі Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында, Корея Республикасының Сеул қаласында шетелдік серіктестер базасында оқыту курсының 4-ші модуліне (тәжірибе алмасу)  қатысты.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен кестеге сәйкес 2017 жылы физика, химия, биология, информатика пәндерінен сабақ беретінағылшын тілінің курстарынан өтеді. Оның ішінде:
  • «Назарбаев Зияткерлік Мектептері» ДББҰ  - 63 педагог;
  • «USTAZ Professional Learning Centre» ЖШС «Билингвалды пән мұғалімі»  бағдарламасы  - 80 педагог;
  • «Назарбаев Университеті» ДББҰ – 355 педагог;
  • «Astana School of Business and Technology» ЖШС - 80 педагог;
  • «Өрлеу» БАҰО» АҚ Тараз қаласындағы филиалы - 36 педагог.
Сонымен қатар, 215 ағылшын тілінің педагогтары «Назарбаев Университеті» ДББҰ  ұйымдастыратын тілдік қайта даярлау курстарынан  өтеді.  
Үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдері үшін тілдік орта қалыптастыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласында «Тілдік алаң» құрылып, облыстағы үш тілді меңгерген 9-10 сынып оқушыларына қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «Тіл білгірі» телебағдарламасы эфирге шықты. Сондай-ақ, бірнеше тілді меңгерген жастардың қатарын анықтау, көптілді орта қалыптастыру мақсатында «Полиглоттар клубын» ашылды. Үштілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасын, «Тіл – парасат» облыстық байқауын және Полиглоттар форумын өткізу жоспарлануда.
2016 жылы ағылшын тілі курсында оқыған тіл үйренушілер саны – 775. Қазіргі таңда Тілдерді оқыту орталығының ағылшын тілін үйрету курсына (100 топ) - 1336 тыңдаушы тартылған.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу  үшін кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру, барлық өңірлерде «Көршінің бақылауы», «Қауіпсіз қала Тараз» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу
       Облыста «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
       «Қауіпсіз қала» жүйесін іске асырудың алғашқы қадамы ретінде облыс орталығының көше қиылыстарында, қоғамдық орындарда, оқу орындарында, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша және түзету мекемелерінің маңында 206 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.
        Қаланың 3 ірі көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылайтын «Интеллектуалды қиылыс» тұрақты кешендер орнатылған.
        Сонымен қатар, өңірде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті полиция қызметімен «Құқықтық тәртіп», «Быт», «Мирас», «Пешеход», ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2017 жылдың 6 айында жалпы қылмыстардың саны -20,9 %  (9256-ден 7317-ға дейін) төмендеген.
        Аталған кезеңде ауыр қылмыстардың жалпы саны -29,6% (812-ден 572-ге), ауырлығы орташа -17,3% (5901-ден 4882-ке дейін), онша ауыр емес -31,7 % (1320-дан 902-ге дейін).
        Жергілікті полиция қызметімен 947 қылмыс ашылды.  
        Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен 4616 тұлға профилактикалық есепке қойылды.
        Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қорғауға ұйымдар мен азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде                1077 жұмыссыз азаматтар тартылуда. Жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ақылы қоғамдық жұмыстар бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 60 адам жұмылдырылып, ай сайын 30 мың теңге көлемінде айлық төленуде.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жоспарланған аумақтарда жобалау мен жеке меншік құқығындағы жерлерді мемлекеттік қажеттілікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізу
 
      Облыс бойынша бас жоспарларға сәйкес белгіленген тұрғын алқаптар аумағы 1037,2 га құрайтын жер телімдері әлі күнге дейін шаруа қожалықтардың меншігінде қалып отыр. 
       2017 жылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша іс-шаралар жүргізуге, Асқаров көшесінің соңы (Элеватор маңы) жер телімдерін сатып алуға  19,385 млн. теңге (9 жер телімі 16,81 га), «Құмшағал-Шалғай Қарасу» массивінен 111,003 млн. теңге (1 жер телімі 103,9683 га) жұмсалды.  
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу        Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары 2016 жылы аудандық бюджет есебінен әзірленген. 31.05.2017 жылғы  №19 -0148/17 мемлекеттік сараптама алынған. 19.06.2017 жылы бюджеттік өтінім ҚР ИДМ тапсырылды. Аталған жоба бойынша жер су қорытындысы анықталған.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Шу қаласындағы орталық қазандықты газға ауыстыру        Шу қаласы «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығың КЕ-25/14С маркалы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын қазандарға ауыстырып, қайта жаңғырту  жобасын жүзеге асыру үшін 280,3 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде мердігер ретінде «АстанаҚұрмаСервис» ЖШС болып танылды. Бүгінгі күнге жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын бастауға рұқсат құжаттар алуда.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі аумағынан өтетін Талас өзенінің жағалауын нығайту        Жамбыл ауданында қауіп тудыруы мүмкін Талас өзенін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өзеннің табанын тереңдету, жағалауын көтеру мақсатында жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, оған аудандық бюджеттен 20 млн. теңге қаралған.  Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталып («Сенім» ЖШС-і), маусым айында 19 млн. 544 мың теңгеге жұмыстар жүргізілді. Бүгінде жұмыстар жүргізілуде.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жуалы ауданында қосымша қар тазалайтын техникалар алу мәселесін қарастыру        Жуалы ауданына қыс мезгілінде қар тазалайтын арнайы техника сатып алу үшін 98,2 млн. теңгеге бюджеттік өтінім облыстық уәкілетті органдарға жолданған. Алайда, облыстық бюджеттік комиссиядан қолдау таппады. Бұл бағытта жұмыстар жалғасын табатын болады.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу        Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу үшін а.ж. облыстық бюджеттен 94,5 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды (Бас мердігер «Таразводстрой» ЖШС-гі, техникалық қадағалаушысы «КДК Инжиниринг» ЖШС-гі). Нысанды  а.ж.қыркүйек айында пайдалануға тапсыру жоспарланған.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын жөндеу        Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын орта жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен 197,4 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына сәйкес «Тараз-көлік жолы» ЖШС-і мердігер болып анықталды. Бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстары басталды.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы  «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту
1994 жылы іске қосылған Нововоскресеновка ГРС-ің  қуаты 10 мың м3/сағат. Меркі ауданындағы елді мекендерді тауарлық газбен толық қамту мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджеттен 25,0 млн. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, 2016 жылғы 27 желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың (ГЭ №19-0552/16) 787 022,15 мың теңге көлемінде оң қорытындысы алынды. Сараптама негізінде аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржы 762 274,6 мың теңге. Оның 686 047,1 мың теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылса, ал 76 227,45 мың теңгесі облыстық бюджеттің үлесі. Құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында 2017 жылы облыстық бюджеттен 70,0 млн. тенге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу электрондық конкурсы негізінде «Құрылыс ТЭД» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс жұмыстары а.ж. 29 мамырында басталды. Құрылыс мерзімі 7 ай. Дегенменде, республикалық бюджеттен бөлінетін 686 047,1 мың теңге уақтылы бөлінбеген жағдайда жоба өтпелі деңгейге көшіп, 2018 жылы жалғасатын болады. Тапсырма орындалуда.
  1.  
Мойынқұм ауданының Бурылбайтал, Мирный, Қияқты елді мекендерінің ішкі көшелеріне ауыз су құбырларының құрылысын жүргізу
 
       Мойынқұм ауданы бойынша «Балхаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және қабылдау имараттары құрылысын салу» (мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС)  (құны – 996,460 млн.теңге) және «Бұрылбайтал-Мирный Қияқты топ су құбыры құрылысын салу» (мердігер – «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС) (құны - 583,677 млн.теңге) жобаларына 2017 жылы  облыстық бюджет есебінен 500,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мердігерлер толығымен анықталған, нысанды пайдалануға беру мерзімі 2018 жыл.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Талас ауданы Ақкөл ауылына газ жүргізу        Талас ауданының 3 елді мекенін газдандыру мақсатында  (Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе) жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2017 жылға 47,4 млн. тенге бөлінді. Электрондық конкурс негізінде «Казремжилпроект» ЖШС мердігер болып танылды. Жобалау-іздестіру жұмыстары а.ж. 24 наурызында басталды, аяқталу мерзімі а.ж. 24 тамызы. ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін, жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландыру мақсатында уәкілетті органдарға бюджеттік өтінім жолданады.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жамбыл ауданы Құмтиін ауылына газ жүргізу        Жамбыл ауданының 13 елді мекеніне (Рахат, Қаракемер, Құмтүиін, Пионер, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназар, Қызылтаң, Қаратау)  орта қысымды газ келтіру құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2017 жылы 72,4 млн. теңге бөлінді. Электрондық конкурс арқылы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС мердігер болып танылды. Жобалау-іздестіру жұмыстары а.ж. 27 наурызында басталды, аяқталу мерзімі а.ж. 27 тамызы. ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарына республикалық және облыстық бюджеттерден қаржыландыру мақсатында уәкілетті органдарға бюджеттік өтінім жолданатын болады.
        Тапсырма орындалуда.
 
  1.  
Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пунктін соғу
 
        Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пункті құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 65,4 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды («Құрылыс - Жаңатұрмыс» ЖШС-і). Құрылыс-монтаж жұмыстары а.ж. сәуір-шілде айларына жоспарланған. Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешенін салу
 
 
       Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешені құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 200,0 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды (ПСК Алибек» ЖШС). Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі  - 2018 жыл.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізу
 
       Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізуге
2017 жылға республикалық бюджеттен 468,0 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды («ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і). Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі 2018 ж. Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында тұрғын үйлердің ішкі алаңдарын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстарын жүргізу        Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданының ішкі кварталдық жолдарының, тротуарларының, аялдамалар кешендерінің, көше жарықтарының, арық желілерінің құрылысын салу және абаттандыру бойынша ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге қарастырылған. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу үрдістері өтуде. Аталған нысан бойынша жұмыстарды 2018 жылы аяқтау жоспарлануда. Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандарына қарасты ауылдар мен саяжай алқаптарын газдандыру        Тараз қаласы Шөлдала тұрғын алқабына («Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандары) газ келтіру құбырын салу жобасына 2017 жылы республикалық бюджеттен 623,9 млн. теңге, ал облыстық бюджеттен 61,3 млн. теңге бөлінді. Барлығы 682,2 млн. теңге. Электрондық конкурс арқылы «Монолит Дизайн – 2030» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс жұмысы а.ж. 1 сәуірінде басталды, аяқталу мерзімі а.ж. 1 тамызы.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Мойынқұм ауданы Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел автомобиль жолының жөнделуін жалғастыру        Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолының 0-25 шқ аралығын орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде және аталған жолдың 130-145, 145-157 шқ аралықтарын орта жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына сәйкес мердігерлер анықталды. Бүгінгі таңда келісім шартқа қол қою рәсімдері жүргізілуде.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізу
 
       Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізуге 2017 жылға облыстық бюджеттен 300,0 млн.теңге бөлініп (әр қайсысына 150,0 млн.теңгеден), мердігерлер (Соғанды ауылында 50 оқушыға №33 мектебінің құрылысын салу - мердігер  «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС), (Көктөбе ауылында 50 оқушыға №40 мектебінің  құрылысын салу - мердігер  «Центр Снаб Сервис» ЖШС) анықталды. Құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі – 2018 ж.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу        Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге 2017 жылы 170,417 млн. теңге бөлінді (РБ – 153,376 млн.теңге, ЖБ – 17,041 млн.теңге). Мердігер – «Бернур Тараз» ЖШС-і тарапынан бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Пайдалануға беру мерзімі  а.ж. қазан айы.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Жамбыл облысынан баратын туристерді ұйымдастыру, облысқа келетін туристерге көрсетілетін мәдени және туристік нысандардың  дайындығын ретке келтіру  Облыстан көрмені тамашалау үшін 77 330 билет сатылды, оның ішінде 11535 билет соғыс ардагерлері мен барлық топтағы мүгедектерге арналған жеңілдікті билеттері. Бүгінгі күнге 8006 облыс тұрғындары ЭКСПО көрмесін қызықтап қайтты. 
 Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап «Тараз-Астана-Тараз» бағыты бойынша қосымша жолаушылар пойызы іске қосылды. «Тараз-Астана» авиарейсі бойынша аптасына 10 ұшақ Астана қаласына қатынауда («СКАТ» авиакомпаниясы 118 орындық 7 рейс, «АirАстана» авиакомпаниясы 90 орындық 3 рейс).
 Авто тасымалы бойынша «Dim Dimich & Company» (3-ші класты, 50 орынды қалааралық 35 автобустары бар) және «Профсоюз турист» ЖШС-терінің (50 орындық 3 автобуспен 2, 3 күндік турлар ұйымдастырады) автобустары халыққа қызмет көрсетуде.
 ЭКСПО-ны өткізу кезеңінде Астанадағы апартаменттер,  қонақ үйлер, хостелдермен облыс тұрғындарын қабылдау бойынша келісім шарттарға қол қойылған («Baiterek Travel Center» ЖШС, «Кочевник» ЖШС).
 ЭКСПО-2017 көрмесіне әлемнің 100-ден аса елінен туристер келеді деп күтілуде. Сол  туристерді өңірімізге тарту мақсатында жұмыстар атқарылуда.
 Көрмеге қатысушылар мен қонақтарына арналған облысымыздың туристік насандары арқылы өтетін жаңа туристік маршруттар әзірленді. Туристік бағытқа 31 туристік нысан кіреді деп анықталды. Аталған нысандарға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық тақтайшалар дайындалып, орналастырылды.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық
округінің жер учаскелерінің инфрақұрылымына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну
      Қостөбе ауылының 20 га тұрғын алқабына инфрақұрылым кіргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге қарастырылды. ЖСҚ әзірлеу бойынша өткізілген конкурстың жеңімпазы анықталды («Табыс Жоба» ЖШС-і). Қазіргі таңда аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі мен «Экспертиза плюс» ЖШС арасында келісім шарт жасалуда.
      Тапсырма орындалуда.
Жарияланған күні: 2017-07-10 19:52:45

Наверх