Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы.Жеке және заңды тұлғалардан барлығы 1018 (2017 ж. - 993) өтініш түскен. Оның ішінде: Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен 58 (2017ж. - 40) өтініштер түсіп, белгіленген мерзімде жауаптары жолданды.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі Кеңсесінен 19 (2017ж. - 23) өтініш түсіп, оларға белгіленген мерзімінде тиісті жауаптары берілген.
Есепті мерзім ішінде облыс әкімі аппаратында 417 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бақылауға алынып, оның 366-на жауаптары беріліп, бақылаудан алынды, 51-і қаралу үстінде.
Мерзімі бұзылып орындалған өтініштер жоқ.
Талдау көрсеткендей, облыс тұрғындарын негізінен толғандырып отырған мәселелер - халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, оның ішінде: пәтер және тұрғын үй алу туралы - 62 (2017 ж. - 44), коммуналдық қызмет көрсету - 49 (2017ж. - 28), материалдық көмек көрсету - 22 (2017ж. - 26).
Өтініштердің басым көпшілігі Тараз қаласының (446), Шу (28) Жамбыл (25), және Байзақ (24) аудандарының тұрғындарынан түскен.
Жыл басынан бері облыс әкімінде, оның орынбасарларында және аппарат басшысында 36 (2017ж.- 34) азамат қабылдауда болып, олардың барлығына қолданыстағы заңдардың аясында жауаптары жолданып, түсініктемелері берілген.
Облыс әкімі аппаратына тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушілерге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген 174 талон берілген.
Есепті мерзім ішінде сенім телефоны арқылы 81 (2017ж. - 64) хабар түссе, оның 68-нің шешімі табылып, 13-не түсініктемелер берілген. Оның: электрэнергиясына қатысты - 53 , көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша - 12, су-4, басқа да мәселелер бойынша - 12.
Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының ғимаратында азаматтардың өтініштеріне арнайы орнатылған жәшікке барлығы 5 (2017ж. - 3) өтініш түсіп, мерзімінде жауаптары берілді.
Облыс әкімінің атына халыққа қызмет көрсету орталығындағы Кешен арқылы азаматтардан 2 бейнеөтініштер қабылданып, тіркелді. Олар қаралып, уақтылы жауаптары берілді.
2017 жылдың 13 желтоқсанынан бастап облыста «Qamqor азаматтар үшін» мобильдік қосымшасы іске қосылды, бұл өз кезегіне қарай тұрғындарға өтініштері мен ұсыныстарын тәуліктің қай мезгілінде болса да жолдауға мүмкіндік береді, сондай-ақ сурет-бейнематериалдар жолдауға мүмкіндік бар. Бүгінгі күнге 6 өтініш түсіп, олардың 5-не жауабы беріліп, 1өтініш қаралуда.
Жыл басынан бері орындалу мерзімі ұзартылған өтініштер болған жоқ, қайталанып жазылған өтініштер саны-3.
Жарияланған күні: 2018-04-02 18:11:00