РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (01.04.2017 жылға)

Іс-шаралар Орындалуы туралы ақпарат
  1.  
Кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде үш жақты меморандумдар  қабылдау және олардың орындалуына тұрақты түрде  мониторинг жүргізу      Ағымдағы жылғы 1-тоқсанда облыс бойынша өндірісті ұлғайту, жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде облыс әкімдігі, кәсіпорын басшылығы, облыстық кәсіподақтар бірлестігі арасында барлығы 54 үш жақты меморандумдарға қол қойылды. Меморандум талаптарының орындалуы тұрақты бақылауда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру, инвестиция тарту  жұмыстарын жандандыру Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының  екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 512,1 млрд. теңгені құрайтын 33 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5745 және іске қосылу кезеңінде 5392 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда.
2015-2016 жылдары жалпы құны 53,0 млрд. тенгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылды, 964 жаңа жұмыс орындар ашылды.
  2017 жылы жалпы құны 15,4 млрд. теңгені құрайтын 12 инвестициялық жобаны іске асыру көзделсе, есепті кезеңге  жалпы құны 2,2 млрд. теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды, 128 жаңа жұмыс орындар ашылды.
Есепті кезеңге 3 жоба 50 пайыздан жоғары жоспарлы қуатына шыққан.
  1. «Полителен - Агро» ЖШС  - 100%;
  2. "Burnoye Solar-1" ЖШС – 89,2%;
  3. «Golden Compass Capital» АҚ - 65%;
 
  1.  
Бизнес   ортаның белсенділігінің төмендеуінің себебіне талдау жүргізу және оны арттыру бойынша жұмыстар жүргізу
 
       Статистика органдарының мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1-ші наурызына облысымызда  тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бойынша жұмыс атқарып отырғандарының  жалпы саны 59985 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендеген.
      Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер санының кему себебі – мемлекеттік кіріс органдары мен ауылдық округ әкімі аппараттарының дерек қорларының сәйкес келмеуінен туындап отыр.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2015 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 19,9% құрады. Өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Жамбыл филиалының деректері бойынша екінші деңгейдегі банктер арқылы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 2017 жылдың қаңтар-ақпан аралығында 3598,5 млн.теңге несие берілген (2016 жылдың тиісті кезеңінде 1833,2  млн. теңгеге несие берілген).
 «KMF» микронесиелік ұйымы» ЖШС-нің Тараз филиалы арқылы 2017 жылдың басынан шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өкілдеріне жалпы сомасы 2132,0 миллион теңгені құрайтын 5520  несие берілді. 
Ауылдық жерлердегі кәсіпкерлерді қолдау және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қаржылай көмек көрсету мақсатында, облысымызда құрылған ауылдық несиелік серіктестіктері тарапынан, 2017 жылдың басынанг аудандардағы шаруа қожалықтарына 227,4 млн. теңгенің несие қаражаты берілген.
«Бизнестің жол картасы 2020» Бағдарламаны іске асыру үшін 2017 жылға 1 353,7 млн.теңге, өндірістік инфрақұрылымды дамытуға Республикалық бюджеттен 792,0 млн. теңге бөліну көзделген.
       2017 жылы кәсіпкерлікті қолдау мақсатында «КазАгро» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдарын несиелендіру үшін облыстық бюджеттен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға және ауыл тұрғындарына шағын несие беру үшін 300 млн.теңге бөліну көзделіп отыр.
       Жамбыл облысы әкімдігі мен «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында кол койылған меморандумға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру үшін облыстық бюджеттен 1:1 бірлесіп қаржыландырушарты бойынша ЖАО+ҚОР 500,0 млн. теңге бөлініп отыр («Даму» АҚ қаржысымен бірге барлығы – 1,0 млрд. теңге).
         Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етуге бюджеттік несие беру үшін 851,006 млн. теңге бөлініп отыр.
         Жоғарыда аталған қолдаулар шағын және орта бизнестің дамуына серпін берері сөзсіз.
 
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Денсаулық сақтау саласында 2016 жылы кейіннен сатып алу құқығымен 10 жылға дейінгі мерзімге 7 денсаулық сақтау нысандары сенімгерлік басқаруға берілді. (Облыстық стоматологиялық, қалалық №2, №7 емханалары, облыстық тері-венерологиялық диспансері, облыстық офтальмологиялық орталығы, Жамбыл медициналық колледжі, хоспис ашу мақсатында облыстық онкологиялық диспансерінің ғимараты).
2017 жылы 4 денсаулық сақтау нысандарын, оның ішінде Тараз қаласындағы №1, №4, №9 қалалық емханаларын және облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина орталығын кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда.    
Білім саласында бойынша 5 балабақша құрылысы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру жоспарланған.
- Тараз қаласы 280 орындық балабақша (Ж.Сабалақов көшесі);
- Талас ауданы Қаратау қаласы 280 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылы 280 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылы 140 орындық балабақша;
- Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылы 140 орындық балабақша.
Бүгінгі күні «Тараз» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Ұлттық компаниясы» АҚ-мен МЖӘ жобаларына концепция әзірлеуге консультациялық сүйемелдеу туралы келісім-шарт жасасып, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың тұжырымдамасын әзірлеу жүргізілуде. 
          2016 жылы  мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде 2555 орындық 29 балабақша ашылды  (2014 ж. – 11 (1223 орын), 2015 ж. – 10 (685)).
    Бүгінгі күні облыста 68 (66 б/б,2 ш/о)  жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 6105 бала тәрбиеленуде.
         Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде «Тарлан Батырлары» ЖШС-мен «Шу қаласындағы күш жекпе-жек және күш қолданатын спорт түрлері бойынша әмбебап дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сервистік қызмет көрсету» жобасы енгізілді. Инвестиция қөлемі 775 641 мың теңге. Жоба ағымдағы жылы іске асырылады.
 
  1.  
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізу        01.01.2017 жылға дейін облыста 50 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылған болатын. Ағымдағы жылы облыс бойынша 40 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру жоспарланса, есепті кезеңде 17 кооператив құрылды. Кооперативтер құруды ынталандыру мақсатында құрылған кооперативтерге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге және Шу ауданында көтерме-сауда орталығын ашуға жергілікті бюджеттен 16,7 млн. теңге қаражат қарастырылып отыр.
  1.  
Өсімдік саласында су үнемдеу, ылғал сақтау технологияларын кеңінен енгізу, үдемелі алма бақтарының алқаптарын ұлғайту        2016 жылы су үнемдеу технологияларының енгізу көлемі облыс бойынша 11974 гектарға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 146,9%-ға артты.(2015 жылы 8,2 мың гектар). 2017 жылы бұл көрсеткішті 15 000 гектар алқапқа жеткізу жоспарлануда. Ресурс үнемдеу технологиялары 2016 жылы 26 300 гектар алқапта қолданылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
       Еліміздің ішкі қажеттілігін жеміс өнімімен (алма) толық қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігімен аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға  арналған бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарланған. 2015 жылы үдемелі алма бақтары облыста 123 гектар алқапқа отырғызылса, 2016 жылы 112 гектарға отырғызылып, барлығы 235 гектар алқапты құрап  отыр. 2017 жылы бұл көрсеткішті 150 гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.
 
  1.  
Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауар және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау     Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар бағасын тұрақтандыру бойынша штабтар құрылған.
    Облыста инфляция деңгейі ү.ж. наурыз айында 102,1% құрады (ҚР – 102,3%), оның ішінде азық-түлік бойынша тұтыну бағалар индексі 102,3% (ҚР – 103,2%),  азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 102,2% (ҚР – 101,7%), ақылы қызметтер – 101,8% (ҚР – 101,7%).
       Ағымдағы жылы сауда нүктелері басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша 595 меморандум қабылданды.
       Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылған, онда 2563 тонна тауар сақталуда. Есептік кезеңде 1,2 мың тонна тауарлар сатылды.
     Апта сайын азық-түлік емес тауарлардың 53 түрінің бағасына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша ү.ж. 31 наурыздағы орташа бағаларды 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы көрсетіштерімен салыстырғанда 22-нің бағасы төмен, 21-і – жоғары, 10-ы сол деңгейде екендігін көрсетті.
     Азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында есепті кезеңге облыс бойынша 82 жәрмеңке өткізілді, тауар бағалары нарықтан 8-20 пайызға төмен болды.
     Азық-түлік бағаларына тұрақты мониторинг жүргізу мақсатында облыста «жедел желі» («горячая линия») үзіліссіз жұмыс істеуде.       
     Бүгінгі күнге бұл желі бойынша 38 арыз-шағымдар түскен.
     Түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті шаралар қолданылып, сауда нүктелері басшыларымен бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу жөнінде келіcсөздер жүргізілуде.
  1.  
Үш тілді білім беру жүйесіне көшуді қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерді ағылшын тіліне үйрету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу
Үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу үшін облыста «Жамбыл облысында үш тілде білім беруді дамыту бойынша 2016-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.  
2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген мұғалімдері  өткізген ағылшын тілін үйрету тренингтеріне жаратылыстану пәндерінің 14 мұғалімі қатысты.
Сондай-ақ, ТарМПИ-нің базасында  жаратылыстану пәнінің 45 мұғалімі ағылшын тілінде оқыту курстарынан өтті. Оның ішінде Тараз қаласының
6 мұғалімі Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында, Корея Республикасының Сеул қаласында шетелдік серіктестер базасында оқыту курсының 4-ші модуліне (тәжірибе алмасу)  қатысты.
2017 жылы – 314 педагог (26-химия, 23-биология, 26-физика,
24-информатика, 215-ағылшын)
 ҚР БҒМ-нің хатына сәйкес курстан өтеді, сондай-ақ, 80 педагог халықаралық «Білім-Инновация» қоғамдық қорының бағдарламасы бойынша ағылшын тілінің курстарынан өтеді.
Үш тілді меңгерген әртүрлі сала өкілдері үшін тілдік орта қалыптастыру мақсатында аудандар мен Тараз қаласында «Тілдік алаң» құру, облыстағы үш тілді меңгерген 9-10 сынып оқушыларына қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «Тіл білгірі» телебағдарламасын ұйымдастыру, бірнеше тілді меңгерген жастардың қатарын анықтау, көптілді орта қалыптастыру мақсатында «Полиглоттар клубын» ашу, Үштілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасын, «Тіл – парасат» облыстық байқауын және Полиглоттар форумын өткізу жоспарлануда.
         2016 жылы ағылшын тілі курсында оқыған тіл үйренушілер саны – 775. Қазіргі таңда ағылшын тілі тобында (56 топ) - 734 тіл үйренуші оқыту курсына тартылуда.     
  1.  
Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу  үшін кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру, барлық өңірлерде «Көршінің бақылауы», «Қауіпсіз қала Тараз» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу
       Облыста «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасы жүзеге асырылуда.
         «Қауіпсіз қала» жүйесін іске асырудың алғашқы қадамы ретінде облыс орталығының көше қиылыстарында, қоғамдық орындарда, оқу орындарында, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша және түзету мекемелерінің маңында 206 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.
Қаланың 3 ірі көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылайтын «Интеллектуалды қиылыс» тұрақты кешендер орнатылған.
Сонымен қатар, өңірде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті полиция қызметімен «Құқықтық тәртіп», «Быт», «Мирас», «Пешеход», ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
        Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2017 жылдың 3 айында жалпы қылмыстардың саны -25,7 %  (5313-тен 3946-ға дейін) төмендеген.
        Аталған кезеңде аса ауыр қылмыстардың саны -15,4% (26-дан  22-ге ), ауырлығы орташа -21,3% (3441-ден 2708-ге дейін),  онша ауыр емес -50,5 % (880-нен 436-ға дейін), бұзақылық  -38,5 % (13-тен 8-ге дейін) төмендеді.
        Жергілікті полиция қызметімен 560 қылмыс ашылды.  
         Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен 2463 тұлға профилактикалық есепке қойылды.
         Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қорғауға ұйымдар мен азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде 1078 жұмыссыз азаматтар тартылуда.
Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 91 адам жұмылдырылып, ай сайын
30 мың теңге көлемінде айлық жалақы төленуде.
  1.  
Жоспарланған аумақтарда жобалау мен жеке меншік құқығындағы жерлерді мемлекеттік қажеттілікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізу
 
Облыс бойынша бас жоспарларға сәйкес белгіленген тұрғын алқаптар аумағы 1128,2 га құрайтын жер телімдері әлі күнге дейін шаруақожалықтардың меншігінде қалып отыр. 
2017 жылы мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу, оның ішінде сатып алу және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару бойынша іс-шаралар жүргізуге, Асқаров көшесінің соңы (Элеватор маңы) жер телімдерін сатып алуға 157,6 млн. теңге (56 жер телімі 0,6га), «Құмшағал-Шалғай Қарасу» массивінен 128,1 млн. теңге (6 жер телімі 128,09 га), «Хамукат» массивінен 52,4 млн. теңге (8 жер телімі 28,5 га), «Қарасай» массивінен 156,9 млн. теңге (20 жер телімі 126,6 га), жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сауда орталықтары үшін  3,2355  га (3 нысан) 1,6 млрд. теңге жұмсалды. 
  1.  
Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары 2016 жылы аудандық бюджет есебінен әзірленген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде. Аталған жоба бойынша жер су қорытындысы анықталған.
  1.  
Шу қаласындағы орталық қазандықты газға ауыстыру         Шу қаласы «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығың КЕ-25/14С маркалы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын қазандарға ауыстырып, қайта жаңғырту  жобасын жүзеге асыру үшін 280,3 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі күнге жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарын орындауға мердігерді анықтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
  1.  
Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі аумағынан өтетін Талас өзенінің жағалауын нығайту         Жамбыл ауданында қауіп тудыруы мүмкін Талас өзенін тазалау жұмыстары жүргізілуде. Өзеннің табанын тереңдету, жағалауын көтеру мақсатында жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, оған аудандық бюджеттен 20 млн. теңге қаралған. Бүгін таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
  1.  
Жуалы ауданында қосымша қар тазалайтын техникалар алу мәселесін қарастыру
 
     Жуалы ауданына қыс мезгілінде қар тазалайтын арнайы техника сатып алу үшін 98,2 млн. теңгеге бюджеттік өтінім облыстық уәкілетті органдарға жолданған.
  1.  
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу       Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу үшін а.ж. облыстық бюджеттен 94,5 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды (Бас мердігер «Таразводстрой» ЖШС-гі, техникалық қадағалаушысы «КДК Инжиниринг» ЖШС-гі). Бүгінгі таңда бас мердігермен келісім шарт жасау жұмыстары атқарылуда, құрылыс жұмыстарының мерзімі – 4 ай.
  1.  
Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын жөндеу          Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын орта жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен 197,4 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
  1.  
Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы  «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту
1994 жылы іске қосылған Нововоскресеновка ГРС-ің  қуаты 10 мың м3/сағат. Меркі ауданындағы елді мекендерді тауарлық газбен толық қамту мақсатында жергілікті бюджеттен 2016 жылы 25,0 млн. теңге бөлінді, жобалық-сметалық құжаттама дайындалып мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.   Аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына 2017 жылы облыстық бюджеттен 70,0 млн. тенге бөлінді, бүгінде мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілуде.
  1.  
Мойынқұм ауданының Бурылбайтал, Мирный, Қияқты елді мекендерінің ішкі көшелеріне ауыз су құбырларының құрылысын жүргізу
 
     Мойынқұм ауданы бойынша «Балхаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және қабылдау имараттары құрылысын салу» (құны – 996,460 млн.теңге) және «Бұрылбайтал-Мирный Қияқты топ су құбыры құрылысын салу» (құны - 583,677 млн.теңге) жобаларына 2017 жылы  облыстық бюджет есебінен 500,0 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі таңда мердігерлер толығымен анықталып, нысандар құрылысы а.ж. мамыр айына жоспарланған,  пайдалануға беру мерзімі 2018 жыл.
 
  1.  
Талас ауданы Ақкөл ауылына газ жүргізу     Талас ауданының 3 елді мекенін газдандыру мақсатында  (Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе) жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 2017 жылға 47,4 млн. тенге бөлінді. ЖСҚ мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін уәкілетті органдарға бюджеттік өтінім жолданатын болады.
  1.  
Жамбыл ауданы Құмтиін ауылына газ жүргізу      Жамбыл ауданының 13 елді мекеніне (Рахат, Қаракемер, Құмтиын, Пионер, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназар, Қызылтаң, Қаратау)  орта қысымды газ келтіру құбырының құрылыс жобасына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге 2017 жылы облыстық бюджеттен 72,4 млн. теңге бөлінді, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. ЖСҚ мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы дайын болғаннан кейін жобаның құрылыс-монтаждау жұмыстарына облыстық және республикалық бюджеттен қаржыландыру үшін уәкілетті органдарға бюджеттік өтінім жолданатын болады.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пунктін соғу
 
     Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пункті құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 65,4 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды («Құрылыс - Жаңатұрмыс» ЖШС-і). Құрылыс-монтаж жұмыстары а.ж. сәуір-шілде айларына жоспарланған.
  1.  
Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешенін салу
 
 
     Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешені құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 200,0 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды (ПСК Алибек» ЖШС). Құрылыс-монтаж жұмыстары 2017-2018 жылдарға жоспарланған.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізу
 
       Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізуге
2017 жылға республикалық бюджеттен 468,0 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды («ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і). Құрылыс-монтаж жұмыстары 2017-2018 жылдарда орындалып, пайдалануға тапсырылуы жоспарланған.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында тұрғын үйлердің ішкі алаңдарын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстарын жүргізу        Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданының ішкі кварталдық жолдарының, тротуарларының, аялдамалар кешендерінің, көше жарықтарының, арық желілерінің құрылысын салу және абаттандыру бойынша ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге қарастырылған. Аталған нысан бойынша жұмыстарды 2018 жылы аяқтау жоспарлануда.
  1.  
Тараз қаласы «Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандарына қарасты ауылдар мен саяжай алқаптарын газдандыру         Тараз қаласы Шөлдала тұрғын алқабына («Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандары) газ құбырының құрылысын салу жобасына 2017 жылға республикалық бюджеттен 623,9 млн. теңге облыстық бюджеттен 61,3 млн. теңге барлығы 682,2 млн. теңге бөлінді. Аталған жоба бойынша мердігер анықталып, Шөлдала тұрғын алқабына газ келтіру құбырының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
  1.  
Мойынқұм ауданы Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел автомобиль жолының жөнделуін жалғастыру      Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автожолының 0-25 шқ аралығын орта жөндеу жұмыстарына 238,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жолдың 130-145 шақырымын жөндеуге 193,3 млн. теңге, 145-157 шақырымы аралығына 169,4 млн. теңге облыстық бюджеттен қаралып, ҚР ИДМ-нің Автомобиль жолдары комитетіне ведомстволық сараптама қорытындысын алуға жолданды. Қорытынды алынғаннан кейін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілетін болады.
  1.  
Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізу
 
     Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізуге 2017 жылға облыстық бюджеттен 300,0 млн.теңге бөлініп (әр қайсысына 150,0 млн.теңгеден), мердігер анықталды. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2017-2018 жылдарға жоспарланған.
  1.  
Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу       Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге 2017 жылы 170,417 млн. теңге бөлінді (РБ – 153,376 млн.теңге, ЖБ – 17,041 млн.теңге). Мердігер – «Бернур Тараз» ЖШС-і тарапынан бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары басталуда.
  1.  
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Жамбыл облысынан баратын туристерді ұйымдастыру, облысқа келетін туристерге көрсетілетін мәдени және туристік нысандардың  дайындығын ретке келтіру       «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесіне облыстан шамамен 100 000-ға жуық жолаушының баруы күтілуде, жолаушылардың темір жол, ұшақ  және автобустар арқылы баруы бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.
       Облыстың туристік әлеуетіне және туристік нысандарының бүгінгі күнгі жағдайына сараптама және түгендеу жұмыстары жүргізілді. Жүргізілген сараптаманың негізінде әзірлеген іс-шаралар жоспарымен жұмыстар атқарылуда. «Ақыртас» (8 км), «Тау самалы» (4 км) туристік объектілеріне алып баратын жол салынуда. «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолы бойында орналасқан туристік объектілер туралы ақпараттық тақтайшалар дайындалып, орнатылатын болады.
Көрме барысында шет елден келетін туристер мен қонақтарға облысымыздағы туристік бағыттарға енгізілген, бірегей болып табылатын тарихи-мәдени нысандармен таныстыру ұсынылып отыр.
Олар: Қарахан кесенесі мен сквері, Айша бибі, Бабаджа хатун және Тектұрмас кесенелері, Көне Тараз тарихи-мәдени орталығы, Төрткүл керуен сарайы мен Қали Жүніс моншасы, ортағасырлық Баласағұн қалашығы мен Ақыртас сарай-кешені, Қазақ хандығы және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы монументтері, ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс», Т.Рысқұлов, Қ.Рысқұлбеков, Мамыр саябақтары.
  1.  
Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық
округінің жер учаскелерінің инфрақұрылымына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну
    Қостөбе ауылының 20 га тұрғын алқабына инфрақұрылым кіргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге қарастырылды. ЖСҚ әзірлеу бойынша өткізілген конкурстың жеңімпазы анықталды («Табыс Жоба» ЖШС-і). Жобаның құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізуге әзірленуде.
Жарияланған күні: 2017-04-11 17:32:33

Наверх