РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есебінде арнайы жәшіктерге келіп түскен арыздарға жауаптар

Тараз қаласы Айтиев көшесі №30 пәтер 16 үйдің тұрғыны Ж.Досаевқа
 
Сұрағы: Автобуспен жүруге қоғамдық жұмыспен айналысып  жүрген зейнеткерлерге жеңілдік бар ма, «за линией» тұрғындарына көк базар салу, маршруттардағы мәдени қызмет көрсету.
 
Жауабы: Қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүру үшін зейнеткерлерге, қоғамдық жұмыспен айналысып жүрген ардагерлерге жеңілдіктер қарастырылмаған.
          2016 жылы тасымалдаушы мекемелер тарапынан түскен ұсынысқа байланысты жолақысы қайта қаралып, қала әкімдігінің 2016 жылғы 26 тамыздағы №572 қаулысына сәйкес барлық жолаушылар үшін жол жүру тарифі 55 теңге, оқушыларға (1-11 сынып) 25 теңге болып бекітілді, ал төмендегі санаттағы азаматтардың қоғамдық көліктерде тегін жүру жеңілдіктері түгел алынып тасталды:
- Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері;
- Ауған соғысының, Чернобыль атом станциясы апатын жоюға қатысушылар мен мүгедектері және олардың жесірлері;
- I топтағы мүгедектерге;
- II топтағы зағип мүгедектерге;
- Жамбыл облысы және Тараз қаласының құрметті азаматтары, облыстық  және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері;
- Көп балалы аналар- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларының, «Батыр ана», I, II дәрежелі «Даңқты ана» медальдарының иелері.
          Жеңілдіктері алынған санаттағы азаматтардың (Құрметті азаматтар мен ардагерлер кеңесінің мүшелерінен басқа) орташа табысы Жамбыл облысы бойынша белгіленген күнкөріс деңгейінің 3 еселік шамасынан аспайтын жағдайда ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде өтемақы беріледі.
2016 жылдың қазан-желтоқсан айларында 1145 адамнан өтініш түсіп, оң шешімін тапқан 945-не 6655,8 мың теңге көлемінде көмек көрсетілсе, 2017 жылдың қаңтар айында 260 адамға 589,9 мың теңге өтемақы төленді.
          «Шалғай Қарасу» алқабындағы «Сапақ датқа» базары жұмыс істеген. Алайда, базар аумағында азық-түлік супермакеттері ашылып, сұраныстың азаюына байланысты базар жабылған болатын. Қазіргі таңда, базар аумағында 4 көкөніс сауда павильоны қызметін жүзеге асыруда. Павильондарда көкөністің барлық түрі сатылады.
          Қаланың Бас жоспары бойынша, темір жолдың арғы бетіндегі аумақта «Шалғай Қарасу», «Құмшағал», «Көлтоған», «Казарма» жаңа тұрғын аудандарының жобасы әзірленген. Жоба бойынша аталған аудандарда сауда орындарының құрылыстары қарастырылған. Кәсіпкерлер тарапынан аталған аумақтан заманауи қоғамдық сауда орнын ашу бойынша ұсыныс түскен жағдайда қарастырылатын болады.
          Тараз қаласында негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша құрылған қалалық штабтың жұмысшы топ мүшелері апта сайын сауда дүкендері мен базарларда Үкімет белгілеген әлеуметтік негізгі азық-түлік тауарларының 33 түріне мониторинг жүргізеді.
          Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, Үкімет белгілеген әлеуметтік негізгі азық-түлік тауарларының шекті бағасымен 2017 жылдың 15 ақпанындағы бағаны салыстырмалы түрде алатын болсақ, тауарлардың 33 түрінің 16 позициясында баға көтеріңкі болып қалыптасуда. Шекті мәннен көтеріңкі болып тұрған 16 позицияның басым бөлігі 2016 жылдың тиісті кезеңімен деңгейлес немесе аса қарқынмен өсуі орын алып отырған жоқ.
          Қалада азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру мақсатында «Дәмдес», «Гаухар», «Ақ ниет» және «Смарт» супермаркеттерінде әлеуметтік азық-түлік тауарларын сататын әлеуметтік қатарлар қойылды.
«ТЗК-Тараз» тұрақтандыру қорының тауарлары (нан, қант және көкөніс өнімдері) қаланың дүкендеріне арзандатылған бағамен ұсынылуда. Бүгінде «Дәмдес» және «Арзан» супермаркеттерімен келісім жасалып, тауар айналымы орныққан (нан – 55 теңге және қант – 220 теңгеден өткерілуде).
Сонымен бірге, қала аумағында «ТЗК-Тараз» тұрақтандыру қорынан бөлінген азық-түлік тауарларын сату бойынша 1 коммуналдық базар және 10 павильон сауда қызметін атқаруда.
 
 
 
          Қордай ауданының тұрғыны Г.Топарбаеваға
 
         Сұрағы: Орман қоры жерінде күрделі құрылыстарды жүргізуге неге тиым салынған?
 
          Жауабы: Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 102-2 бабына сәйкес, орман қоры жерінде ұзақ мерзімді орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салу үшін, уәкілетті орган берген рұқсаттың және уәкілетті органмен келісілген эскизге сәйкес әзірленген жобалау (жобалық-сметалық) құжаттама негізінде рұқсат етіледі.
          Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2012 жылғы 9 қарашадағы №17-02/566 «Орман орналастыруды жүргізу нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2016-2018 жылдары орман орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сол себептен Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 56 бабына сәйкес, орман орналастыру жұмыстары кезінде орман пайдаланушыларға ұзақ мерзімге беру уақытша тиым салынған.
 
          Байзақ ауданы Қостөбе ауылының тұрғыны З.Б.Зулуфовқа
 
         Сұрағы: Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық округінде тұрғын-үй жер учаскелерін Заңға сәйкес беру үшін, жер учаскелеріне инфрақұрылым жүргізілуіне ықпал етуін сұрайды.
         
          Жауабы: 2017 жылдың 3 наурызында Байзақ ауданы әкімі жанындағы жер мәселелері жөніндегі комиссия мәжілісінде қаралып,  Қостөбе ауылына 20,0 гектар жеке тұрғын үй құрылысына бөлінген алқаптарына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын дамыту, электрмен қамтамасыз ету және көше жолдарының құрылысын жүргізу үшін жерге орналастыру жобасын дайындау және мемлекеттік актілерін алуға алдын ала смета дайындау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Жамбыл облысы бойынша филиалы «Жамбыл кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» департаментіне хат жолданып, сметалар жасалынды. 
 
 
 
          Тараз қаласының тұрғыны Б.Мөрбековке
 
          Сұрағы: Әлеуметтік желіде халық арасында қоғамдық пікір тудыра білетін адамдарды блогер деп айтамыз. Сол блогерлермен биліктің қарым-қатынасы қандай, олармен жұмыс жүргізіледі ме?
 
          Жауабы: 2016 жылдың 22-24 наурыз аралығында Тараз қаласында «Блогқұрылтай-2016: ТАРАЗ» шарасы облыс әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Осымен алтыншы мәрте ұйымдастырылған республикалық «Блогқұрылтай-2016: ТАРАЗ» шарасы елімізде жаңа медианың                       қазақ тілінде қалыптасуына тың серпін беруді, әрі қазақ тілді блогшылардың өзара бас қосып танысуы мен тәжірибе алмасуына, қазақ елінің интернеттегі имиджін көтеретін топтар қалыптастыруға, мемлекеттік идеологияны интернет арқылы жүзеге асыру, жастардың мультимедиялық жаңа технологияларды меңгеруіне ықпал ету, сапалы пікірталас мәдениетін қалыптастыру сынды өзекті мәселелерді мақсат тұта отырып, блогершылардың жаңа элитарлы ортасын құруды көздейді. Шараға белсенді интернет қолданушылармен қатар, еліміздің өзге аймақтарынан келген 300-ге жуық блогершылар қатысты.
          Сонымен қатар, алдағы уақытта Жастар саясаты мәселелері басқармасы тарапынан «Әлеуметтік желілерде жастармен жұмыс жүргізудің жаңаша мүмкіндіктері» және «Өзін-өзі басқару дағдылары» тақырыптарына арналған облыстық 3 күндік оқыту семинарын өткізу жоспарлануда.
 
 
          Жамбыл ауданы Аса ауылы С.Сейфуллин көшесі №27 үйдің тұрғыны Ә.Мұратбаевқа
 
         Сұрағы: Ағымдағы жылы Елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Жамбыл облысынан 100 мыңға жуық адам турист ретінде қарсы алуда волонтерлардың да алатын орны ерекше деп білемін. Осы орайда, аталған шараға облыстан қанша жас, волонтер ретінде қатысады деп күтілуде?
 
          Жауабы: Ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне келуші қонақтарға ерікті негізде қызмет көрсететін, кемінде 3 тілді жетік меңгерген 150 волонтердің тізімі жасақталған және волонтерлардың Астана қаласына жетуі мен кері қайтуына жергілікті бюджеттен 3,6 млн. теңге қаражат қарастырылған.
         Сонымен қатар, аталған волонтерлардың тамақтануы, Астана қаласы бойынша жол жүру билеттері мен жатын орындары «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ тарапынан қамтамасыз етілетін болады.
 
 
 
          Талас ауданы Үшарал ауылы Бупетаев көшесі №39 үйдің  тұрғыны  С.Р.Тилеубердиевке
 
          Сұрағы:  Талас ауданы Үшарал ауылдық округіне газ жүргізуге ықпал етуін сұрайды.
 
          Жауабы: Талас ауданының 5 елді мекеніне (Бөлтірік шешен, Көшек батыр, Үшарал, Арал, Қайыр) және Сарысу ауданының 4 елді мекеніне (Тоғызкент, Әбілда, Майлыкөл, Досбол) газ келтіру құрылысы жобасының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тапсырылды. Сараптама дайын болғаннан кейін жобаның құрылыс монтаждау жұмыстарына облыстық, республикалық бюджеттен қаражат қарастыруға бюджеттік өтінім тапсырылатын болады.
 
 
 
          Тараз қаласы «Аса» (10) мөлтек ауданы 17 үй 16  үйдің тұрғыны Қ.Кәдірбаевқа
 
          Сұрағы: Тараз қаласы «Аса» (10) мөлтек ауданына «Банкомат» орнатып беруді сұрайды.
 
            Жауабы: «Аса» (10) мөлтек ауданына қарама-қарсы Б.Момышұлы көшесінің бойында «ҚазМұнайГазӨнімдері» АҚ май құю станциясында банкомат құрылғысы орнатылған және тәулік бойы жұмыс істейді. Ал, «Аса»  мөлтек ауданына банкомат орнату үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ ЖОБ филиалының хатында көрсетілген тиісті талаптар қамтамасыз етілгеннен кейін банкомат орнату мәселесі қарастырылатын болады.  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының жауабы өтініш иесіне ресми жолданды (06.03.2017 ж. №ЖТ-К-722).
 
 
         
          Тараз қаласы, Қаратау мөлтек ауданы 23 үй 87 пәтердің тұрғыны К.Н.Жанжигитовке
 
          Сұрағы: 2015 жылдың 18 желтоқсанында Жайлау мөлтек ауданында, «Қазақстан Халық Банкі» банкоматында 250 мың ақшасын алып қойған, көмек көрсетуді сұрайды.
 
          Жауабы: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 7 бабы 6 тармағына сәйкес, арыз Жамбыл облысының прокуроры Е.Сыбанқұловқа жолданды (24.02.2017 ж. №ЖТ-Ж-321).  
 
 
 
 
 
 
          Жуалы ауданы Билікөл ауылының тұрғыны А.Асановқа және арыз иелеріне
         
          Сұрағы: Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері  Б.Алпысбайдың  іс-әрекеттеріне арызданады.
         
          Жауабы: Жуалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Б.Алпысбайдың іс-әрекеттеріне байланысты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан комиссия құрылып, тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесі Жуалы ауданы Билікөл ауылының тұрғыны А.Асановқа және арыз иелеріне ресми жолданды (хаттың шығыс №ЖТ-ҰЖ-00082 ,  3.03.2017 жыл).
 
 
 
          Қордай ауданы «Нұр» шаруа қожалығының төрағасы Н.Есібаевқа
         
         Сұрағы: Қордай ауданы Қырғыз Республикасынан суармалы суға тәуелді. Егінді суару кезінде су тапшылығы байқалады. Осы мәселені шешу үшін қандай жұмыстар атқарылуда?
 
          Жауабы: Қордай ауданы негізінен суармалы ағын суға Қырғыз Республикасына тәуелді. Сондықтан ауданда жаңадан кіші су қоймалар салуға Ырғайты өзеніне «Ырғайты» және  Қалғұты өзеніне «Қалғұты» су қоймаларын салуға облыстық бюджет есебінен техникалық экономикалық негіздемелері дайындалуда.  Техникалық экономикалық негіздемелері дайын болғаннан кейін жобалық-сметалық құжатттарын дайындатуға және құрылыс жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінуіне ұсыныс жасалатын болады. 
 
 
 
          Қаратау қаласының тұрғыны Д.Мәселбековке
 
         Сұрағы: Қаратау қаласының орталық көшелерінің жағдайы қаланың сәнін бұзуда. Осы көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуге өз тарапыңыздан ықпал етуіңізді сұраймын.
 
         Жауабы: 2017 жылы Қаратау қаласының Ә.Молдағұлова  және Б.Момышұлы көшелерін қайта жаңғырту жұмыстарына 500 млн. теңге (РБ – 450 млн. теңге, ОБ – 50 млн. теңге) және Домалақ ана, Рысбек батыр, С.Сейфуллин, С.Шәкіров, Ақан Сері көшелерін орта жөндеуге облыстық бюджеттен 137,5 млн. теңге қарастырылды.
 
 
 
         Шу ауданы Төле би ауылының тұрғыны Е.Ә.Досымбаевқа
        
         Сұрағы: Шу қаласындағы Сатпаев көшесіндегі және Төле би ауылындағы Төле би көшесінің жолдарын жөндеуден өткізуге ықпал етуін сұрайды.
 
          Жауабы: 2017 жылы «Автомобиль жолдарын жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша Шу ауданына жалпы 461,9 млн. теңге бөлінді.   Бөлінген қаржының ішінде Төле би ауылындағы Төле би көшесінің 6,0 шақырым автомобиль жолы және Шу қаласы Сатпаев көшесі 5,7 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстары атқарылатын болады.
 
          Т.Рысқұлов ауданы Құмарық ауылы Карентаев көшесі 18 үйдің тұрғыны Ш.Джапаралиевке
 
         Сұрағы: Қоян шаруашылығын ашуға гранттық қаражат алу бойынша облыс әкімінің қабылдауына сұранады.
 
          Жауабы: Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының 13-бабына сәйкес облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысының азаматтарды қабылдау кестесі және қабылдау күндері белгіленген. Осы орайда облыс әкімінің ақпан айында азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдауы өтіп кеткендіктен, өтініш иесі облыс әкімінің кезекті наурыз айының 14-де болатын қабылдау тізіміне енгізілді.
        
 
 
          Жамбыл ауданы «Берікқожа» шаруа қожалығының басшысы А.Дайырхановаға
 
Сұрағы: Қазіргі қоғам талқылауындағы Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының 1 тармағындағы «Қазақстан Республикасының азаматтары» деген сөзі «әркім» сөзіне ауыстыру ұсынылды. Бұған келіспеушілік пікірлер де бар. Егер де «әркім» сөзі сол бойынша қалған жағдайда қандай өзгерістерге әкелуі мүмкін және Жер мәселесіне қаншалықта қатысы бар?
 
Жауабы: Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабының
1 тармағына Қазақстан Республикасы аумағындағы кез келген тұлғаның заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алатындығын заңмен қорғау туралы өзгеріс ұсынылып отыр, яғни, бұл жерде Қазақстан Республикасы азаматтарымен қатар, оралмандардың, азаматтығы жоқ және шетелдік тұлғалардың мүлкіне қатысты заң нормасын халықаралық нормаға сәйкестендіру көзделген.
Сондай-ақ, аталған баптың нормалары жылжымайтын мүлікке, оның ішінде жер учаскелеріне құқық тапсыру (алу) мәселесін қарастырмайды. Ал жерге меншік құқығы Конституцияның 6 бабы 3 тармағынан туындайды.
Жоғарыда айтылғанның негізінде халықтың алаңдаушылығын туғызатын жер заңнамасындағы ауыл шаруашылық жерлеріне құқық тапсыру мәселесін Конституцияның 26 бабымен байланыстыру дұрыс емес пікір болып табылады.
 
          Тараз қаласы «Кірпіш зауыты» алқабының тұрғыны Д.А.Қалжан облыс әкімінің 2016 жылы атқарған жұмыстарына «Кірпіш зауыты» алқабы тұрғындары атынан ризашылықтарын білдірді.
 
Жарияланған күні: 2017-03-14 10:22:16

Наверх