РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысы жергілікті атқарушы органдарының және ведомстволық бағынышты ұйымдарының 2016 жылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған жұмысы туралы есеп

Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары тарапынан мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған жұмыс тұрақты жүргізіліп келеді.
1)        2016 жылы Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары 7 748 653  қызметтерді көрсетті, оның ішінде: 123 810  қызмет - Мемлекеттік корпорация арқылы, 612 048  қызмет – электронды түрде көрсетілді.
2)        Облыс әкімі аппараты мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша депаратменті бірлескен «Ішкі бақылау шеңберінде берілетін есептік ақпараттардың нақтылығын қамтамасыз етудің және қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне ақпараттандырудың 2016 жылға арналған» жоспары бекітілді. Жүргізілген бақылау іс-шараларының барлық саны – 129. Оның ішінде, бақылау іс-шараларының бекітілген жылдық жоспарына сәйкес – 120, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы мониторингінің нәтижелері бойынша – 9.
            Сонымен қатар, облыс әкімі аппараты тарапынан ішкі бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету орындарында қол жетімді ақпараттың ілініп тұруына баса назар аударылады.
            Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны – 148.
3)        Есепті мерзім ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жеке тұлғадан 1 шағым түсті. Шағым иесі шағымын қайтарып алды.
4)        2015 жылы Жамбыл облысының әкімдігі 161 регламент бекітті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының құрылуына байланысты бүгінгі күнге өзгертілуге тиіс 88 мемлекеттік қызмет регламенттерінің 87-і бекітілді. Оның ішінде 10 жаңа қызметтер. 1 регламент бекітілу үстінде.
            Сонымен қатар, азаматтарға қолайлы болу әрі бюрократиялық кедергілерді азайту үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бизнес-процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жұмыстары жүргізілуде.
5)        Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны 18.
6)        Ағымдағы жылдың 11 айына облыста 1110 іс-шара өткізілді, оның ішінде семинар-кеңестер, бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау, электрондық үкімет порталы мен электрондық цифрлық қолтаңба жұмысын жария ету мақсатындағы брифинг (Орталық коммуникациялар қызметінің негізінде), «е-әкімдік» ақпараттық жүйесімен (электрондық үкімет порталының кіші жүйесі ретінде) жұмыс істейтін жауапты мамандармен оқу өткізілді, бейне-конференцбайланыс режимінде Әділет департаментінің, ХҚКО, «ҰАТ» АҚ өкілдерінің қатысуымен облыстық кеңес өткізілді.
2016 жылғы 1 және 26 тамызда облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының қатысуымен халықтың қызмет көрсету сапасына қанағаттандыру деңгейін арттыруға бағытталған семинар-кеңес өткізілді.
2 тамыз күні Денсаулық сақтау басқармасы мен денсаулық ұйымдарының қызметкерлерімен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, «электрондық үкімет» және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қызмет көрсету үлесін арттыру бағыты бойынша семинар өткізілді.
4-5 тамыз күндері Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінің жауапты мамандарының қатысуымен «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесін қолдану бойынша кеңес-семинар өткізілді.
2 қыркүйек күні білім саласы бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды түрде және Мемлекеттік корпорация (ХҚКО департаменті) арқылы көрсетудің үлесін арттыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандық білім бөлімдерінің басшылары мен жауапты қызметкерлерінің, арнаулы орта білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен семинар-кеңес өткізілді.
20.09.2016 ж. электронды нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын арттыру және ведомствалық интернет-ресурстарды өзектендіру мақсатында облыс әкімі аппаратының басшысының төрағалығымен семинар-кеңес өткізілді. Оған облыс әкімдігінің тиісті басқарма басшыларының орынбасарлары, Тараз қаласы мен аудан әкімі аппараттарының басшылары және жауапты мамандары, «ҰАТ» АҚ ЖО филиалының, облыстық Әділет департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ ХҚКО департаментінің өкілдері қатысты.
Ағымдағы жылдың 13-14 қазанында облыстың медицина мекемелерінің басшылары мен Мемлекеттік корпорацияың (ХҚКО департаменті) өкілінің қатысуымен денсаулық сақтау саласы бойынша электронды үкіметтің порталы және Мемкорпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің  үлесін арттыру бойынша жиналыс өткізілді.
24-25 қазанында 2015-2020 жылдардағы шаруашылық кітаптардың деректер қорын электронды форматта ауылдық округ әкімінің электронды үкімет порталындағы жеке кабинетінде өзектендіру мәселесі бойынша ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты қызметкерлерімен оқыту-семинары өткізілді.
28 қазанда жергілікті атқарушы органдармен «ХҚКО» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қатысты оқыту ұйымдастырылды.
3 қарашада Тараз қаласы мен аудан әкімі аппараттарындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру қызметкерлердің қатысуымен «е-лицензиялау» АЖ бойынша кезекті оқыту өткізілді.
Әлеуметтік маңызы бар электронды нысанда көрсетілетін қызметтерді халыққа кеңінен насихаттау мақсатында облыс әкімі аппараты тарапынан 2 минутка жуық қазақ және орыс тілдерінде бейнеролик түсірілді. Аталған бейнеролик Қазақстан-Тараз телеарнасында 29 маусым - 29 шілде аралығында, қаланың Абай - Төле би, Төле би – Жамбыл даңғылы көшелерінде, 10 шағын ауданында орналасқан LED экрандарда 29 маусым - 30 шілде аралығында көрсетілген.
2017 жылы «Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» КМК-да «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру» тақырыбында арнайы курстар өткізу жоспарлануда.
2015 жылы «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттану деңгейін арттыру» мақсатты индикаторы 79 пайызды құрады.
Облыс әкімі аппараты мен ҚР МҚІМ Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілді, оның ішінде 2016 жылы ішкі бақылау шаралары шеңберінде берілген есептік мәліметтердің толықтығы, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөнінде қызмет алушыларды ақпараттандыру шаралары көзделген.          
            Жамбыл облысының әкімдігі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, оның ішінде қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдері туралы ақпараттың қол жетімдігіне, тұрақты бақылау жүргізіп келеді. Тұрақты негізде жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету саласына қатысты нормативтік-құқықтық негіздемелерінің мазмұндары облыс әкімінің (zhambyl.gov.kz) бірыңғай интернет-ресурсында жаңартылып отырады.
            Есептік кезеңде мемлекеттік қызмет көрсетудің 21 мерзімін бұзу фактісі орын алды. Кемшіліктерге жол берген жауапты қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі қаралды.
 
Р/р № Атқарылып жатқан шаралар Атқарылған іс-шаралардың және көрсетілген қызмет саны  
 
1. Жүргізілген бақылау іс-шараларының саны, барлығы, 129  
2. Бақылау іс-шаралары объектілерінің саны, барлығы, 331  
3. Анықталған бұзушылықтардың саны, барлығы, 662  
4. Қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданған бұзушылықтардың саны 1  
5. Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны -  
6. Бақылау іс-шаралары барысында шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуының саны  -  
7 Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша қабылданған тәртіптік жазалардың саны, барлығы, 148  
8. Тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың саны, барлығы, 148  
9. Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстардың саны, барлығы, 216  
10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің жалпы саны, барлығы, 174  
11. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің бекітілген регламенттерінің жалпы саны 25  
12 Көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы, оның ішінде 7748653  
12.1. көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы: 766178  
12.2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны, 6243617  
12.3. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, барлығы,  126810  
12.4. электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – барлығы, оның ішінде 612048  
12.4.1. электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 193103  
12.4.2. электрондық түрде «Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 13143  
12.4.3. электрондық түрде көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесі арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 405802  
13. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны, барлығы, оның ішінде 4341  
13.1. негізсіз бас тартудың саны -  
14. Мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны,  барлығы, оның ішінде 21  
14.1. көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) мерзімдерін бұзып көрсеткен қағаз түріндегі мемлекеттік қызметтердің саны, -  
14.2. Мемлекеттік корпорация арқылы мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны,  5  
14.3. электрондық түрде мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны, 16  
15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны – барлығы, оның ішінде 1  
15.1 көрсетілетін қызметті беруші қағаз түрінде (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны, барлығы, 1  
15.2 Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны, барлығы, -  
15.3 электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың саны, барлығы, -  
16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағым көздері: 1  
17. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны, барлығы, оның ішінде -  
17.1. көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетіндерді қоспағанда) көрсететін мемлекеттік қызметтердің қағаз түрінде саны -  
17.2. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны, -  
17.3. электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың қаралу мерзімдерінің бұзылу саны, -  
18. Қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылданған бұзушылықтар саны -  
19. Мемлекеттік қызметті алу кезінде бұзылған құқықтары қалпына келтірілген адамдардың саны -  
20. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 1354  
21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша түсіндірме іс-шараларымен халықты қамту 48066  
22 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны 18  
Жарияланған күні: 2017-02-20 13:03:12

Наверх