РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы

Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы,
педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
Ұлттық білім академиясының академигі
 
Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, 1956 жылы 22 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгер (қазір – Төле би) ауданы, Қазығұрт ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.
1978 жылы Жамбыл педагогикалық институтының физика-математика факультетін «физика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Студенттік жылдары «Қазақстан мектебі», «Студенческий меридиан» журналдарында табиғатты қорғау және оны тиімді пайдалану, экология проблемаларының педагогикалық аспектілері жайында мақалалары жарық көрген. Педагогика және психология проблемалары жөніндегі студенттік жұмыстардың Бүкілодақтық /Махачкала, 1974ж./ және жас ғалымдардың Республикалық байқауларына /1978ж./ қатысып, жеңімпаз атанған.
Ұстаздық еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Ванновка ауылының М.В.Ломоносов атындағы орта мектебінде мұғалім болып бастаған. 1978-1981ж.ж. ауылдық жалпы білім беру мектебінде жұмыс істеп айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген: шәкірттері бірнеше рет физика пәні бойынша өткізілген республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалардың жүлдегерлері атанды. «Менің Отаным - КСРО» пионерлер мен оқушылардың Бүкілодақтық экспедициясы шеңберінде жұмыс істейтін оқушылардың туристік-өлкетану тобының жетекшісі болды.
1981ж. Мәскеу қаласында КСРО Педагогика Ғылымдары Академиясының Оқытудың мазмұны мен әдістемесі ғылыми зерттеу институты аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, «Методика экологического воспитания младших школьников при обучении курсу природоведения во 2-4 классах» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын мерзімінен бұрын қорғап шықты.
1984-1996ж.ж. Жамбыл педагогикалық институтында аға оқытушы, «Педагогика» кафедрасының доценті, «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика факультетінің деканы, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.
1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің докторантурасына түсіп, «Теория и практика экологической подготовки будущих учителей» тақырыбында мерзімінен бұрын докторлық диссертациясын қорғап шықты.
1998-2001ж.ж. Л.М.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2001-2004ж.ж. – Еуразия гуманитарлық институтының ректоры /Астана қ./.
2004 жылдың наурыз айынан бастап 2009 жылдың қараша айына дейін – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры қызметін атқарды.
2009 жылдың қараша айынан бастап (ҚР Үкіметінің 2009 жылдың 16 қарашасындағы №1850 Қаулысы) 2012 жылдың қараша айына дейін – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі.
Министрлікте мектепке дейінгі және орта білім, жастар саясаты және тәрбие жұмысы, балалардың құқықтарын қорғау салаларын басқарды.
Заңшығармашылық тәжірибесі бар: Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы», «Білім туралы», «Назарбаев университет, Назарбаев зияткерлік мектептері, Назарбаев Қоры» туралы заңдарын дайындаған Министрліктің жұмыс тобын басқарды.
2012 жылдың 13 қараша айынан бастап М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры.
100-ден аса экологиялық білім және тәрбие, педагогикалық қадрларды кәсіби даярлау мәселелеріне арналған ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде «Теория и практика экологической подготовки будущего учителя  начальных классов», «Система экологической подготовки учителей», «Экология и Я» монографиялары, «Словарь науки» сөздіктері бар. Ғылыми жетекшілігімен 3 доктор және 20 ғылым кандидаттары қорғап шықты.
Үйленген, үш бала, жеті немересі бар.
Жарияланған күні: 2017-01-24 18:48:45

Наверх