РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 24.02.2016 жылғы №59 қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы (01.01.2017 жылға)

Іс-шаралар атауы Орындалу
мерзімі
Орындалуы
 
  1.  
Байзақ ауданы Кеңес ауылына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу Жыл ішінде Байзақ ауданының 21 елді мекенін газдандыру мақсатында жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 74,6 млн.теңге бөлінді. ЖСҚ дайындау мерзімі жоспар бойынша 2017 жылдың сәуір-қараша айлары. ЖСҚ экспертизаның оң шешімі дайын болған кезде құрылыс монтаждау жұмыстарын қаржыландыру мақсатында бюджеттік сұраныс ҚР Энергетика министрлігіне жолданады.
Тапсырма орындалуда
  1.  
Меркі ауданы Жеміс-жидек ауылындағы бала-бақшаны күрделі жөндеу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама (17.06.2014ж. №08-0118/14) қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық құны 115 525,0 мың теңгені құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 2016 жылға 112,0 млн.тг. қаржы бөлінді.
Бас мердігер «Айсері и К» ЖШС болып танылды.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімдері: 01.06.2016 жыл - 30.08.2016 жыл аралығы.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Сарысу ауданы Жайылма ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу Жыл ішінде
 
       Сарысу ауданы Жайылма ауылына ауысымына 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджет есебінен 93,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Мемлекеттік сатып алу қорытындысының  нәтижесінде «СК Тараз Еврострой» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс-монтаждық жұмыстар ағымдағы жылдың
1 сәуірінен басталды, нысанның пайдаланылуға берілу мерзімі 2016 жылдың қазан айына белгіленген.           
        Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Сарысу ауданы Досбол ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (24.04.2015ж. №08-0135/15), құрылыстың сметалық құны 304 237,0 мың.теңге.
 «Сарысу ауданы Досбол ауылынан 50 орындық негізгі мектеп құрылысын салу» нысанына 2016 жылға жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС.
Объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыстың аяқталуы - 2017 жыл.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» жаңа автоматтандырылған газ реттеу станциясы (АГТС) құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар 2015 жылы шілде айында  облыстық бюджеттен 25,0 млн. тенге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалған. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі 08.06.2016 жылы №19-0203/16 қорытындымен алынды. Қазіргі таңда, облыстық бюджеттен 449 074,0 мың теңге бөлініп, құрылыс-монтаж құмыстары 2017 жылдың сәуір-қазан айларына жоспарланған. ҚМЖ аяқталған кезде Ақыртөбе ГРС-нің мүмкіндігі сағатына 6,0 мың/м3- ден сағатына 20,0 мың/м3 көтеріледі. Ауданның газ құбыры салынған 10 ауылдың барлығы толық тауарлық газ тұтыну мүмкіндігіне ие болады.
Тапсырма орындалуда
  1.  
Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Жаңа 1000 орындық мектептің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан (№08-0331/15) өткізілген. Сметалық құны – 1 305,9 млн. теңге. 2016 жылы Ұлттық қордан  мектеп құрылысын жүргізуге  918,694 млн. теңге қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде бас мердігер болып «Арайстроймаркет» ЖШС танылған.
         Есепті мерзімге жоспарланған 686,0 млн.теңге толығымен игерілді. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі 2017 ж.тамыз айы.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (27.02.2014ж. №08-0042/14), күрделі жөндеудің сметалық құны 306 937,0 мың.теңге.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен 2016 жылға 300,788 млн.тг бөлінді.
         Бас мердігер «КазАльфаСтрой» ЖШС
         Басталу мерзімі: 19.07.2016 жыл.
Аяқталу мерзімі 12.12.2016 жыл.
          Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Тараз қаласы «Барысхан» алқабына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде 2016 жылы «Барысхан» алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 139,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер «АрмСтрой» ЖШС-мен жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Тұрақты Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу жүзеге асырылуда.
2015 жылы Тараз қаласындағы №6 қалалық емханасын кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сенімгерлік басқарушы «Жаншуақ» медициналық орталығы болып табылады.
2016 жылдың 17 мамырында №171-Ө облыс әкімінің өкіміне сәйкес, жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы тобы сенімгерлік басқаруға берілетін 11 денсаулық сақтау ұйымын  айқындады.
11 денсаулық сақтау ұйымынан 7 денсаулық сақтау ұйымы бойынша мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан сенімгерлік басқаруға берілетін нысандар бойынша тендер шарттары мен талаптары әзірленді.
Есепті кезеңге 7 денсаулық объектілерінің сенімгерлік басқару бойынша жеңімпаздар айқындалды. Келісім-шарттар жасалынып, әділет органдарына тіркеуге жіберілді. Қалған 4 объекті 2017 жылға сенімгерлік басқаруға беру жоспарланған.
    2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса, бүгінгі күні 56 (54 б/б, 2 ш/о) жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 5211 бала тәрбиеленуде.
2016 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін (01.12.2016ж.)  мемлекеттік – жекеменшік әріптестік негізінде 1605 орындық 18 балабақша ашылды (2014 ж. – 11 (1223 орын), 2015 ж. – 10 (685)).
Тапсырма орындалуда
  1.  
Облыста сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту Тұрақты Бүгінгі таңда облыста етті өңдеу және өндіруді дамыту бағытында 4 ірі инвестор тартылды. Олар:
1. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіру жобасы. Жобаның жалпы құны 3 млрд. Теңгені құрайды. Жоба ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылды.
2. Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бордақылау кешенінің құрылысы жобасы жүргізілуде.
 Жобаның құжаттарына  сәйкес 200 га жер телімі 49 жылға жалға берілді.  Инвестициялық  қаражаты құны 10 млн.доллар США құрап отыр. Бүгінгі күнге 2200 бас қой және 200 бас жылқыға арнайы бордақылау кешенінің 18 ферманың құрылысы аяқталды.
3. «Әулиеата Феникс» ЖШС құс фабрикасының жаңарту және жаңгырту жұмыстары жүргізілуде. Жалпы жоба құны 1 млрд 376,2 млн.тенге.
4 «Агро фирма Турікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бордақылау кешені және 5 мың бас мүйізді ірі-қара мал шаруашылық репродукторын құру жұмыс атқарылуда. Жобаның құны 500,0 млн.теңге құрап отыр. Қазіргі уақытқа 1206 мүйізді ірі қара және 1560 бас жылқы сатып алынды.
Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау мақсатында:
Жалпы мал санының сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011-2016 жылдар аралығында мүйізді ірі қара малының 25,3 мың  аналық басы және 1,1 мыңнан астам асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Бағдарламаға облыстағы 420 –дан астам шаруа және фермер қожалықтары қатынасты, олардың көпшілігі жаңадан ұйымдасқан шаруашылықтар. 2014 жылы Республика Үкіметі тарапынан мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар қабылданды, «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары басталғалы бері  облыстағы шаруа қожалықтары тарапынан 69,2 мыңнан астам қой және 5,7 мың бастан астам жылқы сатып алынды.
2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4500 аналық бас және 150 асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 5 075 аналық басқа және 187 бұқа сатып алынып, жоспар 112,8 пайызға орындалды.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан «Құлан» бағдарламасы арқылы 528,8 млн. теңгеге 2 030 бас жылқы сатып алынып, жоспардың орындалуы 104,1 пайызды құрады.
«Алтын асық» бағдарламасы арқылы 1 083,7 млн. теңгеге 45 284 бас қой сатып алынып, жылдық жоспардың орындалуы 125,8 пайызды құрады.
 2012 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін облыста сыйымдылығы 20000 басқа арналған 24 бордақылау алаңы құрылып жұмыс атқаруда.
Облыста сүт кластерін дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен  ірі пилоттық жобаны іске асыру қолға алынуда.
Меркі ауданында сүт кластерін дамыту бойынша құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Бүгінгі күнге өндірістік кооперативті қажетті шикізатпен қамтамсыз ету мақсатында, тәулігіне 50 тонна сүт өндіретін зауыттың құрылысын бастау үшін орны белгіленіп, тиісті ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта, кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар шағын сүт-тауарлы фермалары құруды және   оларға мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып, кооператив өндірілген тауарлы сүтті тереңдете өңдеп өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.
Осы жұмыстарды атқару мақсатында «Тараз-Атамекен» микрокредиттік ұйым арқылы 588 млн. теңге қаражат қарастырылған. Бүгінгі күнге 466 бас ірі кара мал сатып алуға 166 млн. теңге несие қаражаты бөлінді.
Сондай-ақ,  Жуалы ауданында құрамына 15 шаруашылық біріккен     «Жуалы-Алатау» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі Әділет басқармасында тіркеуден өтіп, бүгінгі күні кооперативке қажетті асыл тұқымды ірі қара малдарын алуға қажетті қаражат алуға қаржы иниституттарымен жұмыстар жүргізуде. Ағымдағы жылы сүт өнімдерін қайта өңдейтін цехтары Жуалы ЖК «Мешелов»  күндігіне 25 тонна, Меркі ауданында - 15 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехтар іске қосылды.
     Тапсырма орындалуда
  1.  
Тараз қаласы Қарахан кесенесі маңындағы ортағасырлық мешітті қайта жаңғырту Жыл ішінде         Нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 36,0 млн.тг, бөлінген. Аталған жұмыстарды орындау үшін ҚР Мемлекеттік сатып алу заңнын негізінде ашық конкурс жарияланып, нәтижесінде «Kagan Engineering» ЖШС-і жеңіпаз болып танылды. Бүгінгі күні аталған нысанда қайта жаңғырту жобасы бойынша тиісті жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда.
          Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында және басқа да тетіктерден бос қалған көпқабатты үйлерді жөндеп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беру мәселесін шешу Тұрақты Тараз қаласы бойынша 2016 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында, республикалық бюджет есебінен «Арай» тұрғын алқабының тұрғынжай кешеніндегі 80 пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 3-ші белгі) құрылысына республикалық бюджет есебінен бөлінген 571,8 млн. теңге толығымен игеріліп, нысан тамыз айында пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджет есебінен, Тараз қаласы 14 га "Арай" алқабы тұрғын үй кешеніне көп пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 1-ші белгі) құрылысын салуға – 337,828 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2016 жылдың қазан айында пайдалануға берілді.
 Талас ауданы Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға – 282,893 млн. теңге қаралып, пайдалануға 2017 жылы беріледі.
Сарысу ауданы Жаңатас қаласы, №1 шағын ауданындағы №35 тұрғын үйді қайта құруға – 202,715 млн. теңге бөлінді, пайдалануға 2016 жылдың желтоқсан айында  берілді.
 Тапсырма орындалуда
  1.  
Облыс бойынша иесіз қалған электр желілерін анықтап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рәсімдеп, оларға уақтылы техникалық қызмет көрсету мәселесін шешу
 
 
Тұрақты          Иесіз желілерді теңгерімге қабылдау бойынша рәсімдеу мерзімдерін сақтай отырып,  Талас және Мойынқұм ауданының әкімдіктері сотқа жүгіну процестерін қолға алды және әкімдіктер тарапынан баланс ұстамашысын анықтап, теңгерімге қабылданған желілер мен қондырғыларға ақаулық Актісін жасауды, соның негізінде (қажет болса) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді және әрі-қарай техникалық қызмет көрсету үшін, арнайы мамандандырылған мекемелерге өткізу мәселесіне байланысты тиісті жұмыстарды жүргізуде. Қалған аудандар бойынша жұмыстар жалғасуда.
   Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу Тұрақты       Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстарының Техникалық-экономикалық негіздемелері, «Каздорпроект» ЖШС жобалаушы мекемесі тарапынан толығымен жасалды. Бүгінгі таңда, жобаға  Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.   2017 жылы ИДМ-мен аталған жобаға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған.
      Тапсырма орындалуда.  
  1.  
Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы Қ.Рысқұлбеков ескерткішін қайта жаңғырту және төңірегін абаттандыру Тұрақты Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ауласында орнатылған «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбековтың ескерткішін қайта жаңғырту мен оның айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 3,0 млн. теңге, Бірлік ауылдық клубының алдына орнатылған Қ.Рысқұлбековтың ескерткішіне және клубтың айналасын абаттандыруға 3,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде ескерткіш қайта жаңғыртылып, төңірегіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаулардың (субсидиялар) қолданыстағы заңнама талаптары аясында берілуін қамтамасыз ету Тұрақты Ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 2016 жылы  9,7 млрд. теңге қаралып отыр.
Ағымдағы жылы егін шаруашылығын субсидиялауға 1,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 0,9 млрд. теңгесі гектар бойынша субсидиялау. Гектар бойынша субсидиялаудың жойылуына байланысты, қаралған қаржының бір бөлігі мал шаруашылығына және инвестициялық салынымдар субсидиясына қайта бөлінеді.
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімдерін ұлғайтуға  2,8 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы 2,9 млрд.теңге).
2016 жылы Инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін орнын өтеу бойынша 2,6 млрд.теңге субсидия бөлінді (2015 г. -  455,0 млн. теңге).
Түпкілікті нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Ауылды жерге келген жас мамандарға көтермеақының көлемін арттыру Тұрақты 2016 жылы облысқа келіп, жұмысқа орналастырылған 99 жас мамандар қатарынан 66 ауылдық жерлерде жұмыс жасауда.
         Биылғы жылы ауылды жерге жолданған жас мамандарға бөлінетін әлеуметтік көмек көлемі 300,0 мың теңгеден 800,0 мың теңгеге арттырылды. Бүгінгі күні құжаттарын ұсынған 64 маман 800,0 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмекті алды. Сарысу ауданында 2 маман қызметтік пәтермен қамтамасыз етілді.
Тапсырма орындалуда
  1.  
Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына талдау жүргізіп, ескіргендерін есептен шығарып, жаңа автобустар алу мәселесін ұйымдастыру Тұрақты          Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңалау жыл сайын тиісті дәрежеде жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан газ отынымен жүретін жалпы саны 41 бірлік автобус сатып алынды. Дәлірек айтсақ, «ТаразТрансМоторс» ЖШС-мен орташа сыйымдылықты «ПАЗ 32054» маркалы 7 автобус, «СапарТранс 2012» ЖШС-мен «DongFeng» маркалы 15 автобус және «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС-мен орташа сыйымдылықты «ПАЗ 32054» маркалы 19 автобус. Бұл автобустар №33, 32, 55, 27 автобус бағыттарындағы ескірген автобустарды алмастырды. 2017 жылға 70 бірлік автобус сатып алу жоспарлануда.
        Тапсырма орындалуда
  1.  
Тараз қаласы аумағындағы жабайы және жайма базарларды жою Жыл ішінде    Тараз қаласының аумағында заңсыз сауданы болдырмау мақсатында қалалық әкімдіктің жанынан құрылған жұмысшы тобы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі кездейсоқ сауда орындарымен жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде каладағы ірі бес заңсыз сауда ошақтарының екеуі ретке келтірілді.
2016 жылдың басынан бері Тараз қаласы аумағында ҚР ӘҚБтК 204-бабымен «көрсетілмеген орындарда сауда жасау» деректерімен 3878 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 3756 тұлғаға ескерту және 122 тұлғаға хаттама толтырылып, 1 511 213 теңгеге айыппұл салынды, 281 033 теңге өндірілді.
Талдау көрсеткендей, сауда саласындағы құқық бұзушылықтардың көбісі аз қамтылған отбасылардан шыққандармен, қариялармен және мүгедектермен жасалынады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік  инспекторларымен белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
          Тапсырма орындалуда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру
 
Жыл ішінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының  екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында жалпы құны 512,3 млрд. теңгені құрайтын 34 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5830 және іске қосылу кезеңінде 5422 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда.
   2015 жылы жалпы құны 30,5 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды, 425 жаңа жұмыс орындар ашылды. Бүгінгі таңда іске асылған 3 жоба,  жоспарланған қуатын 100% игеруде.
Олар: («Полиэтилен - Агро» ЖШС - «Полиэтилен қабықшасын өндіретін зауыт және жылыжай кешені», "Burnoye Solar-1" ЖШС – «Қуаттылығы 50 Мвт құрайтын, күн электр станциясының құрылысы» және «Golden Compass Capital» АҚ - «Құрамында алтыны бар кенді қайта өңдейтін зауыт»).
Ал қалған 3 жоба әр түрлі себептермен жоспарланған қуатын игере алмай отыр.
Олар: Тараз-көлік жолы" ЖШС – «Құм, шағал тас және асфальтбетон құрылыс қоспаларын өндіретін зауыттың құрылысы». Маусымдық сипатта болғандықта жылдың соңында статистика департаментіне есеп береді.  «Әулие-Ата Феникс» ЖШС – «Құс фабрикасын қайта жаңғырту және қайта құру».Жоспарлық қуаты анықталмаған, себебі  жоба бойынша шетелдік жеткізуші компания жабдықтардың 40%-ын жеткізбеген, қазіргі уақытта жеткізбеген жабдықтарды польша компаниясы желтоқсаның басынан бастап әкелді, 2017 жылдың ақпанда өндрістін қосылуы жоспарлануда,"Жамбыл Недр" ЖШС – «Цемент зауытының құрылысы». Жоспарлық қуаты анықталмаған, себебі инфрақұрылымы тартылмаған, бүгінгі күні БЖК-2020 бағдарламасы арқылы ҚР ҰЭМ-не 1186,2 млн.теңгеге ұсыныс жолданды, 2016 жылға инфрақұрылымға 400 млн.теңге берілді.
   2016 жылы жалпы құны 20,1 млрд. тенгені құрайтын 10 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 446 жаңа жұмыс орыны ашылуы күтілуде.
   Бүгінгі таңда іске асылған 2 жоба,   жоспарланған қуатын 100% игеруде.
Олар: "ОАҚК" ЖШС Мерке филиалы – «Шырынды тазалайтын цехты қайта жаңғырту», «Луговой жылқы зауыты» ЖШС – «Құрама жем өндіретін зауытының құрылысы».
 Ал қалған 2 жоба бүгінге жабдықтарды іске қосу жұмыстарын жалғастыруда.
Олар: «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – «Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісі», қазіргі уақытта зауыта реттеу жұмыстар жүргізілуде, 1,5 тонна ет сынамалы ретінде шығарылып БАӘ және Кувейтке апарылды, шарт-келсімге отыру үшін араб инвесторлар күтуліді; «KazMiya» ЖШС - «Мія тамырын өңдейтін шағын зауыт», зауыта реттеу жұмыстар жүргізілуде. 29.11.2016ж. салтанатты түрінде жапон инвесторлардың және аудан мен облыс басшылардың қатысуымен зауыттын ашылуы өтті. Өнімді шығаруын 2017 ж. жоспарлауда.
Алты жоба жылдың аяғында іске асырылды, олар:
«Жамбылгипс» АҚ-ы – «Гипс және гипс өнімдерін өндіретін зауытты жаңалау және қайта жаңғырту». Жобаның құны – 2500 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 270,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларды және гипсті бұйымдарды өндіру. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жоба а.ж. 14 қарашада іске қосылды.
"Бағул" ЖШС – «Дәнекерлеу  электроддарының қуаттылығын кеңейту» Жобаның құны 585,5 млн. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 2 тыс.тонна. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Жоба а.ж. 25 қарашада іске қосылды.
"Казфосфат" "Минералды тыңайтқыштар" ЖШС ТФ – «ЭФК-1 экстракциондық фосфор қышқыл өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғырту. 1кезең» Жобаның құны 9646 млн.тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 220 мын тонна Р2О5. Жоба бойынша бар штаттан жаңа жұмыс орындарға алу. Жоба а.ж. 28 қарашада іске қосылды.
«ҚазУпакТрейд» ЖШС – «Гипс және гипсокартон өндіретін кешеннің құрылысы». Жобаның құны 1 725,0 млн. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 150,0 тыс.тонна. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Жоба а.ж. 25 қарашада іске қосылды.
"Казфосфат" ЖШС ЖЖФЗ – «Коттрельді сүтті фосфорлы-калиді тыңайтқыш ретінде залалсыздандыру» Жобаның құны 200 млн. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 5 мың.тонна. Жоба бойынша 9 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Жоба а.ж.  25 қарашада іске қосылды.
"Казфосфат" ЖШС ЖЖФЗ – «А-8-1 №3 ауаны жіктейтін қондырғыны қайта жаңғырту» Жобаның құны 900 млн. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 70 млн.м3. Жоба бойынша 57 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Жоба а.ж. 25 қарашада іске қосылды.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жарықтандыру жұмыстарында жаппай энергия үнемдегіш технологияларға көшу жолдарын қарастыру Тұрақты Энергия үнемдеу саясатының бірі болып жаңартылатын энергия көздерін енгізу болып табылады. Соңғы 6 жыл ішінде 9 жаңартылатын энергия көздері нысаны, яғни, күн, жел, су электр станциялары пайдалануға беріліп, жалпы қуаты 114 МВт-қа жетті:
Гидроэлектростанциялар:
  • Мерке ауданы 2,02 МВт «Мерке ГЭС-1,2» «Гидроэнергетикалық компания» ЖШС.
  • Мерке ГЭС-3 1,5 МВт «Ремкомстрой» ЖШС.
  • Т. Рысқұлов ауданы 2,3 МВт «Қарақыстақ ГЭС-і» «Жамбылские ГЭС» ЖШС.
  • Шу ауданы 9,2 МВт «Тасоткель ГЭС-і» «А&TЭнерго» ЖШС
Жел электр станциялары:
  • Қордай ауданы 21 МВт Қордай жел электр станциясы «Vista international» ЖШС.
  • Қордай ауданы 26,4 МВт Қордай жел электр станциясы «Ветроинвест» ЖШС.
  • Қордай ауданы 1,5 МВт «Қордай К-1» жел электр станциясы «Изен су» ЖШС.
Күн электр станциялары:
  • Қордай ауданы 0,5 МВт «Отар» күн электр станциясы «КазЭкоВатт» ЖШС.
  • Жуалы ауданы 50 МВт күн электр станциясы «Бурное Солар» ЖШС.
2016 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша жалпы өндірілген электр энергиясының көлемі 2,4 млрд.кВтс құрады, яғни облыстың өңірлерді дамыту жоспарының көрсеткіштері бойынша 2016 жылға 7,6% қол жеткізу көзделген болса, жаңартылатын энергия көздері нысандарымен 228,7 млн.кВтс өндіріліп, 9,5% қол жеткізілді немесе өсімі 1,9% құрады.
Алдағы жоспар бойынша 2020 жылға дейін жаңартылған энергия көздерімен өндірілетін энергияның үлесін 20% дейін жеткізу жоспарлануда.
Алдағы 2017-2020 жылдар аралығында жалпы қуаты 247 МВт құрайтын бір қатар жаңа жобаларды іске асыру көзделіп отыр, атап айтқанда:
- Мерке ауданында қуаты 18 МВт Мерке каскадының су электр станциясы «Тараz Green Power Jenko» ЖШС.
- Шу ауданында қуаты 5 МВт Тасөткель-2 су электр станциясы «А&Т Энерго-А» ЖШС.
- Т. Рысқұлов ауданы қуаты 24МВт күн электр станциясы «Aquila Solar» ЖШС.
- Т. Рысқұлов ауданы қуаты 100 МВт күн электр станциясы «А&Т Энерго-А» ЖШС.
- Жуалы ауданы қуаты 50 МВт құрайтын «Бурное солар» нысаны құрылысының 2-ші кезегінің құрылысы «Samruk Kazyna-United Green» ЖШС.
- Шу ауданы қуаты 50 МВт болатын күн электр станциясы «Sun Solutions Kazakhstan» ЖШС.
 Тараз қаласы көшелерінің сыртқы жарықтандыру жүйелерінде электр энергиясын үнемдеу мақсатында 2012-2015 жылдары аралығында қаланың 21 көшесі қайта жаңғыртудан өтті.
Қала көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілерін қайта жаңғырту жұмыстары кезінде қуаттылығы 120 Вт жарықдиодты жарықтандырғыштар орнатылып, СИП сымдары мен қоректендіру кабель желілері ауыстырылды. Бұл қуаттылығы 250 Вт натрийлық жарық шамдарымен салыстырғанда  55-65 % электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік берді. Жарықдиодты жарықтандырғыштар мен СИП сымдарының ұзақ мерзімде жұмыс істеуі сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарының қаржы шығындарын төмендетті.
2016 жылы Тараз қаласы көшелерінің сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсетуге 61,8 млн. теңге бөлініп, мердігер «Тараз-Жарық» ЖШС-гімен толық игерілді.
Сыртқы жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстары барысында 4219 дана жарықтандырғыштар жөндеуден өтіп, 4219 дана ДНАТ, 4080 дана дроссель шамдары, 2457 дана ИЗУ, 9380 метр СИП сымдары, 227 дана энергоүнемдеуші шамдар ауыстырылды, 135 дана сақтандырғыш, 214 дана магниттік жібергіш құрылғылары, 16 фотореле, 24 автомат, 834 м АВВГ кабель желілері, 216 м АВБбШв кабель желілері тартылды.
Қаладағы 44 әлеуметтік және көпқабатты тұрғын үйлердің ғимараттарындағы декоративті жарықтандыру желілеріне техникалық қызмет көрсетуге 54,876 млн. теңге бөлініп, толық игерілді. Мердігер - «SST Lighting» ЖШС.
Сонымен қатар 16 ғимаратқа декоративті жарықтандыру желілерін орналастыру үшін 139,577 млн. теңге бөлініп, мердігер  «SST Lighting» ЖШС-гімен игерілді
Шамдарды ауыстыру кезінен бастап, сол аймақтағы электр энергиясының тұтыну көлемі 45-50 % төмендеген.      
Жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру үшін Франция, Германия, Түркия, Ресей және Қытай мемлекеттерінен бір қатар инвесторларды тарту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымын дамыту бағдарламасының аясында Дүниежүзілік Экологиялық Қор Жобасының мамандарымен бірлесіп актуалды тематикалық бағытта, энергожүйелік шарттардың қортындыларын енгізу жүйесімен, мемлекеттік-жекешелік әріптестігінің механизмы арқылы мемлекеттік нысандардың инфрақұрылымын жаңғыртуға қаражатты тарту жұмыстары жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, қайта айналымға қосу жұмыстарын жандандыру
 
Тұрақты      Жер қорын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыс бойынша барлығы 591,2 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталған. Оның ішінде егістік жерлер 201,9 мың гектарды құрайды.     
      Қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 552,5 мың гектары немесе 93 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік жерлер 181 мың гектарды құрайды.
      Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 539,1 мың гектар. Оның ішінде егістік жерлер 151,8 мың гектар жерді құрайды.
2015 жылы облыстың 10 ауданында 58,7 мың гектар жерде тексеру жұмыстар жүргізіліп, оның 19 118 гектар жер пайдаланбағаны анықталып тиісті тұлғаларға ескертулер берілді. Заң талаптарына сай бір жыл өткенен кейін берілген ескертулер бойынша қайта тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бүгінгі күні 10 218 га жер тексеріліп, 421 га игерілмегені анықталды. Тексеру жұмыстары жалғасуда.
Аудандардың мәліметіне сәйкес облыста 2016 жылы  35 188 га ауылшаруашылығы жерлер игерілмей қалды. Бугінге облыста 12944 гектар жер тексеріліп, оның 9266 гектарының игерілмегені анықталып, тиісті тұлғаларға ескертулер беріліп, жұмыстар жалғасуда.
Жүргізілген тексерулер нәтижесінде ауылшаруашылығы жерлерін игерілуі 2015 жылымен салыстырғанда 40,1 пайызға кеміген (2015 ж. – 58760 га, 2016 ж. 35188 га).
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу және жерді  ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар басты назарда.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Өңірлерде қант қызылшасын өсіру жұмыстарын кеңейту
 
Тұрақты 2016 жылы қант қызылшасын 9,5 мың гектарға егу жоспарланған. Саланы жандандыру үшін үстіміздегі жылы қант қызылшасын өсіруге облыстық бюджеттен 420,0 млн. теңге қаралды. Оның  220,0 млн. теңгесіне 6 мың гектарға есептелген 9,0 мың себу бірлігін (посевня единица) құрайтын қант қызылшасы дақылының тұқымын сатып алуға жұмсалса, ал, қалған 200,0 млн. теңге қант қызылшасы техникасын сатып алуға бағытталған.
Есепті кезеңге  9,5 мың га алқаптың 5,7 мың га жерге егіліп, орындалуы 59,6 пайызды құрап отыр. Қант қызылшасы тұқымы 9,0 мың себу бірлігінен бүгінгі күнге алынғаны 6269,0 себу бірлігі, орындалуы 69,7 пайыз.
         Есепті кезеңге 158,104 млн. теңгеге 32 дана қант қызылшасы техникасы сатып алынған.
         Есепті кезеңге  5507 гектар қант қызылшасы алқабы толығымен жиналып,   өнімділігі  236,6 ц/га,  жалпы түсім  130275 тн өнім алынып, қант зауыттарына 101650 тоннасы тапсырылды.
        Тапсырма орындалуда
 
 
  1.  
Өңірде қылмыстардың алдын алудың, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп, ең тиімді модельдерін қолдану Тұрақты 2016 жылы облыс әкімінің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия кеңесінің 4 отырысы өтті. Аталған кеңесте құқық қорғау органдарына, оның ішінде облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметіне қылмыстардың алдын алудың, өңірдегі қылмыстардың өсуіне, оның ішінде мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеу мақсатында тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып, тіркелген қылмыстардың ашылуына бағытталған кешенді шаралар әзірлеп, жүзеге асыру, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп және ең тиімді модельдерін қолдану, мүлікті қылмыстарға қарсы күресте пәрменді шаралар қабылдау арқылы, олардың ашылуы үшін ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің жұмысын жандандыру, ұрланған мүліктің сатылуына жол бермеу шараларын қолдану туралы тапсырмалар берілді.
Жергілікті полиция қызметімен өңірде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп», «Участок», «Мал ұрлығы», «Мүлдем төзбеушілік» ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
        Осы мерзімде жалпы қылмыстардың саны -9,9 %  (17797-ден 16031-ге дейін) төмендеген.
        Аталған кезеңде аса ауыр қылмыстардың жалпы саны - 6,5% ( 155-тен  145-ке ), ауырлығы орташа -6,2% (11491-ден 10782-ге дейін),  онша ауыр емес -32 % (2981-ден 2026-ға дейін), бұзақылық  -36 % (1216-дан 778-ге дейін), алаяқтық -29,3 % (1188-ден 840-қа дейін), тонау -23,1 % төмендеді.
Бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары 3 пайызға, мал ұрлығы 12,3 пайызға төмендеді (2015ж. - 808, 2016ж. - 708).
        Жергілікті полиция қызметімен 1549 қылмыс ашылды.  
         Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен 9292 тұлға профилактикалық есепке қойылды.
         Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қорғауға ұйымдар мен азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде 338 жұмыссыз азаматтар тартылуда. Аталған құрылымдар құқықбұзушылықтардың алдын-алуда тұрғындармен өзара ықпал етуде Ішкі істер органдарына көмегін көрсетеді.
Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 60 адам жұмылдырылып, ай сайын 30 мың теңге көлемінде айлық төленуде.
Тапсырма орындалуда
  1.  
Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша кешенді жоспар әзірлеу 2016 жылғы мамыр           Облыс әкімдігінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі №156 қаулысымен  «Жамбыл облысында 2016-2017 жылдарға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде оларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстың және өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу профилактикасы жөніндегі кешенді жоспары» бекітілген. Осы жоспарға сәйкес  жалпы білім беретін мектептер мен техникалық және кәсіптік білім мекемелеріндегі оқушылар арасында  жалпы саны - 6 мыңнан астам  профилактикалық  іс-шаралар (кездесулер, дөңгелек үстелдер, байқаулар, конференциялар, семинарлар, тренингтер т.б.) өткізіліп, осы іс-шараларға барлық саны – 200 мыңдай жасөспірім қамтылды.
Облыстық білім басқармасы тарапынан жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алумақсатында 2016 жылы 3 әлеуметтік тапсырыстар берілді.
   1.«Өмірлік дағдыны қалыптастыру бағдарламасы бойынша  «Қазақстанның болашағы үшін!» қоғамдық ұйымымен бірлескен 50 девиантты мінез-құлықты (оның 23-і ішкі істер бөлімдерінде, 27-і мектепішілік есепте тұратындар) балаларға арналған 6 күндік тренингтер;
  1. «Жаңа шабыт» қоғамдық ұйымымен бірлескен «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы мен қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру» жобасы;
  2. Кәмелетке толмағандар арасында суицидтердің алдын алу мақсатында 8160,0 мың теңге қарастырылып, білім мекемелерінің психологтарына арналған 3 кезеңнен тұратын оқыту семинарлары ұйымдастырылды.
Бүгінгі күні 450 жалпы білім беретін мектептер мен 45 колледждердегі  оқушылардың арасында әлеуметтік теңсіздікті жою, олардың алаңсыз, сапалы білім алуларына жағдай жасау, бөтеннің мүлкін ұрлау сынды қылмыстардың алдын алу мақсатында қымбат бағалы ұялы телефондар (смартфондар) ұстауға қатаң тыйым салу жөнінде Ішкі тәртіп Ережелеріне арнайы тармақ енгізілді.
Нәтижесінде, 2016 жылдың 12 айында кәмелетке толмағандар, оның ішінде мектеп оқушыларымен жасалатын құқық бұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 37 фактіге (2015ж. -160) азайса, түрлі себептермен ішкі істер бөлімдерінде есепте тұратын кәмелетке толмағандар саны 159-ға азайды (2015ж.-1031).    
Тапсырма орындалуда
Жарияланған күні: 2017-01-18 16:04:57

Наверх