РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Ақпараттық алынған және пайдаланылатын, гранттар шет мемлекеттiң, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қордың көзделген

Студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламасы
Қазір Тараз мемлекеттік педагогикалық институты 12 елден 45 ЖОО ынтымақтастық туралы келісім-шарт жасасқан.
Студенттердің академиялық ұтқырлығы бағдарламасы іске қосылғалы бері 75 студент шетелдік жоғары оқу орындарында бір семестр бойына білім алып қайтты.
ТарМПИ-ның академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асырудағы басты серіктес жоғарғы оқу орындары: Лодзь университеті (Польша), Швэбиш Гмюнд педагогикалық университеті (Германия), Томаш Бата атындағы Злин университеті (Чехия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Әулие Климент Орхидский атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария), Сегед университеті (Венгрия), Линкольн университеті, Augustana College (АҚШ), Санкт-Петербургтың  мемлекеттік психология және әлеуметтік жұмыстар институты, Мәскеу педагогикалық мемлекеттік университеті (Ресей), Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті, Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті.
Сонымен қатар, бүгінде Шэньсий педагогикалық университетімен, Чанцзы педагогикалық университетімен (Қытай), Сангмюнг университетімен (Оңтүстік Корея), Люксембург университетімен, Клагенфурт педагогикалық университетімен (Австрия), И.В. Гете атындағы Франкфурт университетінің педагогика факультетімен, Кембридж университетінің  педагогика факультетімен байланыс орнатылып, білім мен ғылым саласында ортақ жобалар қолға алынуда.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің шетелдік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығы туралы ақпарат
 
Білім беруді интернализациялау университеттің стратегиялық  дамуының  маңызды бағыты болып табылады. Интернационализациялау стратегиясын және университеттің сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыру  мақсатында 62 шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен меморандум мен келісімдерге қол қойылған.  Соның ішінде  Германия - 6, Польша - 4, Испания - 4, Франция - 2, Ұлыбритания – 1, Литва – 3, Швеция - 3, Ресей - 21, Қытай - 1, Түркия - 4, Беларусь – 4 және т.б.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті  Erasmus+, DAAD (Германия), MEVLANA бағдарламасы (Түркия),  Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясын, РФ үкіметі қаржыландыратын бағдарламаларды және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Университеті гранттарын білімгерлер мен оқытушылар алмасу саласында сәтті жүзеге асырып келеді.
Университет білімгерлері сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша келесі шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуда: Силезия технология университеті (Польша), Кастилья Ла-Манча университеті (Испания Корольдігі), Таяу Шығыс Техникалық Университеті (Түркия Республикасы), Хоф қолданбалы ғылымдар университеті (Германия Федеративтік Республикасы),   Хайльбронн университеті (Германия Федеративтік Республикасы),  Вильнюс университеті (Литва), Катовице экономика университеті (Польша), Острава техникалық университеті (Чехия), Аликанте университеті (Испания Корольдігі), Мурсия университеті (Испания Корольдігі), Александр Стулгинскис университеті (Литва).
2016 жылы мамыр айының 16 мен 21 аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университеті мен Хайльбронн Университеті арасында  «Халықаралық басқару бойынша бірінші бірлескен қазақ-неміс студенттік семинары» өткізілді. Аталған семинарға  профессор Ежи Яворски бастаған Хайльбронн университетінің 12 білімгері және университетіміздің ұстаздары мен білімгерлері қатысты.
Университеттің білім беру қызметінің сапасы мен халықаралық беделінің маңызды көрсеткіштерінің бірі ретінде шетелдік білімгерлер санының жыл санап артуын атап айта аламыз. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінде Монғолия, Түркменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Корея елдерінен 500-ден астам білімгер білім алуда.
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетінің Германияның Хайльбронн университетімен жасаған келісімі аясында университетте Хайльбронн университетінің білімгерлері Дженнифер Керн және Линда Купчык 1 семестр мерзімінде білімін шыңдады.
Шетелдік ғалымдарды Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына тарту бағдарламасы бойынша университетте Еуропа университеттерінің 50-ден астам ғалымы дәріс оқыды. Атап айтар болсақ Швеция, Ұлыбритания, Испания, Ресей, Түркия, Германия, Литва, Польша мен Беларусь ғалымдары лекциялар оқып, семинарлар өткізді.
 М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті Еуропалық ұйымдар ассоциациясының толыққанды мүшесі болып табылады (EURASHE), бұл еурпаның білім беру нарығының  мүшелерімен өзара қарым-қатынасты дамытуға зор мүмкіндік береді.
 
 
 
Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті

Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жақын және алыс шет елдердің 25 жоғары оқу орындарымен ғылыми-зерттеу, ғылыми тағлымдама және академиялық ұтқырлық бойынша келісім шарттары бар. Олардың 17-сі жақын шетелдерден.
Соңғы 3 жыл ішінде: алыс шетелдер ЖОО ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша 2 оқытушы, ғылыми тағлымдамаға 24 магистрант және академиялық ұтқырлық бойынша 44 студент бір семестр және одн көп мерзімге барды.
Жақын шетелдер ЖОО ғылыми тағлымдамаға 403 магистрант (РФ-280, Қырғыз Республикасы-123), академиялық ұтқырлық бойынша 103 студент бір семестр және оданда көп мерзімге барды.
Жарияланған күні: 2016-12-14 15:14:54

Наверх