РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жасыл экономика

Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайын, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін пайдалану үшін, энергетикалық әлеуетін ескере отырып, соңғы үш жылда аймақта күн электр станцияларының, жел құрылғыларының және кіші су электр станцияларының құрылыстары бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.
2010 жылға дейін барлық ЖЭК нысандарының орнатылған қуаттылығы 1,5-2 МВт құраған.
Бүгінгі күнге 9 жаңартылатын энергия көздері нысаны пайдалануға беріліп жалпы орнатылған қуаты 114,05 МВт құрады.
2017-2020 жылдар аралығында жалпы қуаты 247,0 МВт құрайтын бір қатар жаңа жобаларды іске асыру да жоспарлануда:
  • Мерке ауданында қуаты 18 МВт болатын Мерке каскады су электр станциясы («Тараz Green Power Jenko» ЖШС);
  • Шу ауданында қуаты 5 МВт Тасөткел  су электр станциясы   («А&Т Энерго-А» ЖШС);
  • Т. Рысқұлов ауданында қуаты 24 МВт  күн электр станциясы («Aquila Solar» ЖШС);
  • Т. Рысқұлов ауданында қуаты 100 МВт  күн электр станциясы («А&Т Энерго-А» ЖШС);
  • Жуалы ауданында қуаты 50 МВт құрайтын «Бурное солар-2» күн электр станциясы жобасының 2 –ші кезеңінің құрылысы («Samruk Kazyna-United Green» ЖШС);
  • Шу ауданында қуаты 50 МВт күн электрстанциясы («Sun Solutions Kazakhstan» ЖШС);
2015 жылдың қорытындысы бойынша облыста ЖЭК нысандарымен өндірілген электр энергиясының көлемі 135,1 млн.кВтсағ., яғни жалпы өндірілген электр энергиясының 4,2% құрады, жоспар бойынша 3% болатын.
2016 жылдың қорытындысы бойынша ЖЭК нысандарымен өндірілген электр энергиясының көлемі жалпы өндірілген электр энергиясының шамамен 8% құрайтын болады, жоспардағы көрсеткіш бойынша 7,6% қол жеткізу көзделген.

Қазақстан Республикасының
«жасыл экономикаға» кӛшуі жӛніндегі
ТҰЖЫРЫМДАМА


 
          Қазақстан Республикасының 2013-2020 жылдарға арналған «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2015 жылдың қорытындысы бойынша орындалуы
 
2-тармақ бойынша «Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру»
Жамбыл облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітіліп салалық министрліктермен келісілген (облыстық мәслихаттың 14.12.2015 жылғы №43-11 шешімі), бағдарламада Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу Концепциясының 9 индикаторы енгізілген (ішкі аймақтық өнімнің энергосыйымдылығы, жалпы өндірілген электр энергиясының жалпы көлеміндегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесі, қалалардың орталықтандырылған сумен жабдықтауға мүмкіндік, ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтауға қол жетімділігі, жаңғыртылған газбен жабдықтау желілерінің үлесі, қатты тұрмыстық қалдықтарды жою үлесі, облыс әлеуметінің қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерінің таралуы, атмосфералық ауаның шығындары, су нысандарына тастау).
22 тармақ бойынша «Мыналарды:
- пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиімділігін арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды;
- өнеркәсіпте суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;
- сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсіпорындарының суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды;
- 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгіленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетілген секторларда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру тиімділігін үнемі қадағалау тетігін;
- сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделі шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеуді;
- сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, дамбалар салу, оның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік негізінде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық беруді және олардың қысқа тізімін құруды қамтитын суды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған 2014 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу»
2015 жылы облыс бойынша 168,2 мың га суармалы егістік жердің 158,1 мың гектары  пайдаланылған,  соның ішінде 8,14 мың га (5,15%) су үнемдеу технологияларын қолдану арқылы. Суармалы жерлерде 26,1 мың га көкніс, 10,1 мың га бақша дақылдары, 8,6 мың га картоп, 3,97 мың га қант қызылшасы, 89,8 мың га мал азығы дақылдары және 0,4 мың га басқа да дақылдар орналастырылған.
170,8 мың суармалы егістіктің 10,1 мың гектары немесе 5,9% пайдаланылмаған.  Пайдаланылмау себептері: шаруашылықішілік суару жүйелерінің істен шығуы, тұздану және басқа да шаруашылық-ұйымдастыру сипатындағы себептер (қаражат және материалдық-техникалық база ның жетіспеушілігі).
29 тармақ бойынша «Қазақстан үшін аса тартымды қолжетімді жылыжай технологиялары және басымдық шешімдерді анықтау бойынша ұсыныстар енгізу»
Соңғы жылдары жылыжай шаруашылықтарын дамытуға үлкен көңіл бөлінуде. Бүгінгі күні облыста барлық аумағы 43,9 гектарды құрайтын 32 жылыжай орналасқан. Соның 33,8 гектарды құрайтын 26 жылыжайы жұмыс істейді. Оның ішінде 24 жылыжай фермерлік үлгідегі, 2 жылыжай өнеркәсіптік үлгідегі. 6 жылыжай қаржы жетіспеушіліктен уақытша  тоқтатылған.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында 31,7 гектарда қызанақ, қияр және басқа көкөніс дақылдары өндірілді. Екінші жартысында 32,8 гектары жұмыс істеген. Негізінен жылыжайларда  өндірілген көкөністер Астана мен Алматы қалалары және ішкі нарықта тұтынуға бағытталған.
Былтырғы жылы қорғалған топырақта өндірілген дақылдарды субсидиялау бағдарламасы бойынша 96,6 млн. теңге игерілді.
2016 жылы жаңадан 3 жылыжай іске қосылуы жоспарлануда: Жамбыл ауданында «Азамат» шқ, «Шоқай» шқ әрқайсысы бір гектардан және Қордай ауданында «Грин Вилл» ЖШС 1 гектар.
Қорғалған топырақта дақыл өндіру көп шығынды талап етеді. Сол себепті жылыжайларды субсидиялау тоқтатылуы ауыл шаруашылығының бұл бағытына теріс әсерін тигізеді.
Бірінші кезекте бұл ақырғы өнімнің бағасына және жылыжайдың өндірістік күшіне әсер етеді. Жылыжайлар өз жұмыстарын тоқтату қауіпі де жоқ емес.
          23-тармақ бойынша «Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау»
2015 жылы Жылу есептегіш құралдарын жоспар бойынша 1293 дана орнатуы қажет болса, орнатылғаны 867 дана, оның ішінде:Тараз қаласы бойынша жоспар 1171 дана, орнатылғаны 745 дана.
32-тармақ бойынша «Шалғайдағы мал шаруашылығын дамыту мақсатында жайылымдық жерлерді суландыру әлеуетін бағалау» ауыл шаруашылық
Жайылымдарды суландыру бағдарламасына сәйкес 2015 жылы облыста 30 құдық және ұңғыма құру жоспарланған, нақты жобаның Операторы болып белгіленген «Казагромаркетинг» АҚ облыстық филиалына инвестициялық субсидия алу үшін жаңадан қазылған 31 ұңғыманың құжаттары тапсырылды. Орындалған жобаларға төленуі тиісті субсидияның көлемі 87,2 млн. теңгені құрайды,  бірақ ағымдағы жылға  инвестициялық субсидиялау бағдарламасына облысқа бөлінген қаржы көлеміне қарай 5 жобаға ғана 14,4 млн. теңге субсидия төленді.
35-тармақ бойынша «Жер ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді субсидиялау тетігін қайта қарау бойынша ұсыныстар енгізу (оның ішінде өнімділікті арттыру, жердің тозуын қысқарту және қалпына келтіру) мысалы, жерді нөлдік өңдеуге арналған техниканы, тамшылатып суаруға арналған жабдықтар мен инфрақұрылымды пайдалану, энергия үнемдейтін көлік құралдары мен жабдықтарды қолдану, фермерлердің көлік шығындарын қысқарту үшін, тауарлы балық өсіру үшін жол инфрақұрылымын жаңарту»  ауыл шаруашылық
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз ету басты мәселе болып отыр. Бұған басты себеп, жерүсті су көздерінің басым бөлігі трансшекаралық өзендерден құралады.
Аталған мәселенің геополитикалық тұсы да баршылық. Әр жыл сайын трансшекаралық суды пайдалануда күрделі мәселелермен соқтығысамыз.
Негізінен бұл Қырғыз Республикасынан келетін өзендер. Орналасуы бойынша еліміз тек суармалы сумен ғана емес сонымен қатар ауыз су тапшылығы тапшылығымен соқтығады. ТМД елдері арасында Қазақстан сумен қамтамасыз етілуі жағынан соңғы орында. Осыған байланысты бізге бұл мәселелрің альтернативті шешімін табу қажет. Осы бойынша облыста белсенді жұмыстар атқарылуда. Су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша түсіндіру, үгіт-насихат жұмыстары тұрақты жүргізіледі. Аталған технологиялар 2014 жылы 4986 гектарда енгізілсе, 2015 жылы бұл көрсеткіш 8147 гектарды құрады немесе 2014 жылмен салыстырғанда 63,3 пайызға артты. Соның ішінде 4973 гектар тамшылатып, 3174 гектар жаңбырлатып суару. 2016 жылы су үнемдеу технологияларының көлемін 11,0 мың гектарға жеткізу көзделуде. Бұл пайдаланатын суармалы егістіктің 7,0 пайызын құрайды.
36-тармақ бойынша  «Әлеуетті инвесторлар үшін көшпелі тұсаукесер шараларын (роуд-шоу) жүргізуді қоса алғанда, шарттық негізде шаруашылық жүргізетін фермалар құру үшін шетелдік инвестициялар тарту бойынша ұсыныстар енгізу» » ауыл шаруашылық
2013 жыл басынан облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында жалпы сомасы 92 млрд. теңгеден астам 20 инвестициялық жобаның іске асырылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2013 жылдың 14 ақпанында «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның еншілес қаржы институттарының басшыларымен бірлескен жиын өткізіліп, жалпы сомасы 84,2 млрд. теңгені құрайтын 17 инвестициялық жобаны «КазАгро» ҰБХ» АҚ-ның қаржыландыру жоспарына енгізілді. Бүгінгі күні 17 инвестициялық жобаның 8-і бойынша қаржыландыру мақұлданды.
Отандық қаржылық иниституттардан тартылатын және тауар өндірушілердің өз инвестицияларынан басқа, алдағы уақытта Жамбыл облысының  ауыл шаруашылығы саласына Венгрия, Украйна, Польша, Малайзия, ҚХР-сы сияқты шет елдерден инвестиция тарту мәселелері қарастырылуда.
37-тармақ бойынша «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, салалық бағдарламалық құжаттарда және аумақтарды дамыту бағдарламаларында көзделген «Жасыл ауыл шаруашылығының алты қағидатын» көрсету тетігі бойынша ұсыныстар енгізу»
Ауыл шаруашылығың дамытудың басты бағыты негізгі тізбемен белгіленген, одаң басқа «жасыл» ауыл шаруашылықтың «алты принциптері» механизимдері бойынша ұсыныстар жоқ.
45-тармақ бойынша «Барлық ғимараттарда және коммуналдық кәсіпорындарда энергоаудитті 2015 жылдың соңына дейін, одан әрі 5 жылда бір рет жүргізе отырып, Қазақстан Республикасы облыстарының деңгейінде өңірлік іс-шараларды, сондай-ақ субсидиялау жөніндегі ықтимал шараларды әзірлеу».
2013 жылы «Электр энергетиканы және энергияны үнемдеуді дамыту институты «Қазақэнергиясараптама» АҚ Тараз қаласында,ы 28 мектепте энергоаудит жүргізіп, құжаттама берілді.
2014 жылы Жаңатас қаласындағы 3 көпқабатты тұрғын үйде энергоаудит жүргізілді. 2016 жылы қосымша 2 мектепте, 1 балабақшада және 1 мәдениет үйінде энергоаудит жүргізу жоспарлануда.
48-тармақ бойынша «Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру мақсатында Қазақстан қалаларын көшелік жарықтандырудың техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу»
2015 жылы мердігер мекеме «Энерджи-Тараз» ЖШС-мен Тараз қаласының Жібек жолы көшесінде 13, 845 млн.теңгеге сыртқы жарықтандыруды қайта жөндеу бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілді және ұзындығы 2 150 метр болатын өздігінен оқшауланған желілері қолданылған 60 дана жарықдиодты шамдар орнатылды.
Сонымен қатар, «Тараз қаласының 11 көшесіндегі (Сейфуллин, Б. Момышұлы, Санырак батыр, Байзак батыр, Желтоксан, Ташкентская, Аскаров, Сулейменов,Әл-Фараби, Рысқұлов, Королев) сыртқы жарықтандырылуына қайта жөндеу жүргізу» жобасы бойынша 252, 311 млн.теңгеге құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілді. Жалпы 1394 дана жарықдиодты шамдар орнатылды, 57 569 шақырым өздігінен оқшауланған желі қолданылды.
50-тармақ бойынша «Аумақтарды дамыту бағдарламаларының аясында салалық бағдарламаларға сәйкес коммерциялық және тұрғын үй ғимараттарындағы энергия тиімділігін арттыру саласындағы техникалық іс-шараларды іске асыру бойынша шараларды көздеу, соның ішінде:
- қазандықтарға аудит жүргізу, оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу немесе ескірген және тиімсіз қазандықтарды ауыстыру;
- жылумен жабдықтау жүйесін кеңейту немесе оған басқа да өзгерістер енгізу кезінде жылу мен электр энергиясын аралас өндірудің қолжетімді мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану;
- жылу желілерінің және үйішілік жүйелердің ескі құбырларын жаңа оқшауландырылған түрлерге ауыстыру; кіші диаметрлі құбырларды басым түрде ауыстыру;

- есепке алу аспаптарын, автоматтандырылған жылыту пункттерін міндетті түрде орната және энергия сақтау жабдықтарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жүргізу сәтінде ғимараттарды терможаңғырту;
- соңғы жылу оқшаулағыш стандарттарын сақтай отырып, жаңа ғимараттар салу»
«Жамбыл облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы» аясында жыл сайын облыстағы қазандықтардың құрылғыларын және жылу желілерін, моноқалардағы қазандықтармен қоса жаңғырту және жаңарту мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда. 2011 жылдан бастап қолданыстағы жылу көздерін және жылу желілерін қайта жөндеу жұмыстары бойынша іс-шаралар атқарылды, 56 жоба 8431,3 млн.теңгеге іске асырылды, сонымен қатар 325,8 млн.теңге  ЖСҚ жасалды. Жалпы облыс бойынша 165,2 шақырым жылу желілері ауыстырылды, сонымен қатар тараз қаласы бойынша 81 шақырым ісші кварталдық жылу желілері, Шу қаласында 100% жылу желілері ауыстырылды. Жаңатас және Қаратау қалаларында 2014-2015 жылдары 2012-2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасына сәйкес қалған тозығы жеткен жылу желілерін ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды. Жоспарланған іс-шараларды іске асыру жылу желілердегі нормативтік шығындарды азайтып, апатты жағдайлардың орын алуын нолге дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Облыс бойынша 1574 коппәтерлі тұрғын үй бар, оның ішінде 610 үйге (38,7%) күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.
«ТҮКШ жаңғырту» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 2757,9 млн.теңгеге 194 үй жөндеуден өтті, бұл 610 үйдің 31,8% құрайды, оның ішінде:
-         Тараз қаласы бойынша 2416,3 млн.теңгеге 151 үй;
-         Жаңатас қаласы бойынша 86,5 млн.теңгеге 7 үй;
-         Қаратау қаласы бойынша 113,9 млн.теңгеге 17 үй;
-         Шу қаласы бойынша 141,3 млн.теңгеге 19 үй.
88-тармағы бойынша «Алматы және Астана қалаларында, ірі қалаларда қоғамдық көлікті газ отынына көшіру бойынша ұсыныстар енгізу»
Облыста тұтынушыларға акредиттелген  үш сұйытылған газ тарататын  мекеме тіркелген («ТаразГазТерминал» ЖШС, «Ауа-Жай» ЖШС, "Оңтүстік Азия Пром" ЖШС). Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінен тауарлық және сұйытылған мұнай газы тұтынушыларға әр ай сайын  3 мекемеге 1200 тонна бөлінеді.
Ағымдағы жылы, өндіруші зауыттардан  көтерме бағасы 1 тоннаға-12 036,0 теңгеден, тұтынушыларға өткізу, сату бағасы 20 кг баллонға- 800 теңге, (1 кг-95 теңге) және көгілдір отын бекеттерінде 1 кг- 95 теңге, (1 л.- 45 теңгеден) тұтынушыларға сатылады.
2014-2015 жылдар аралығында облыс көлемінде тауарлық және сұйытылған мұнай газын тұтынушыларға көгілдір отын сататын  41 бекеттері ашылған және 2020 жылға дейін 60 бекетке жеткізу жоспарланған. 
Жалпы облысқа әр ай сайын 1200-1400 тонна сұйытылған газ қажет. Оның ішінде 350-400 тонна облыстағы газдандырылмаған тұтынушыларға беріледі. 150-200 тонна өндірістік тұтынушыларға, 650-700 тонна газбен жүретін автокөліктерге босатылады. Облыста жалпы 215 445 автокөлік тіркелген. Оның 2875 газға ауыстырылған немесе  1,3 % -ды құрайды.
ЖШС «ТаразГаз -Терминал» 20 дана газ бекеті, ЖШС «Азимут» -6 дана, ЖШС «Ниет» -6 дана, ЖШС «Гелиос -4 дана, ЖШС «АНК» -3 дана, ЖШС «Ауа-Жай» -5 дана. Жалпы саны 44 дана.
101-тармағы бойынша «Жасыл экономика» қағидаттарына сәйкес бірнеше (2-3)  пилоттық тірек ауылдық елді мекендерді, шалғайдағы ауылдар мен кенттерді трансформациялау жоспарын әзірлеу және оларды қайта құруды жүзеге асыру:  ұлттық желіге біріктірілмеген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, тиімді ауыл шаруашылығы (тамшылатып суаруды пайдалану арқылы жылыжай шаруашылығын құру арқылы), қалдықтарды орталықтандырылған жинауды, кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді ұйымдастыру, тұйық ресурстық циклге көшу бойынша ұсыныстар енгізу»
Облыс бойынша инженерлік-технологиялық инфрақұрылымды дамыту және құру, сондай-ақ қалалар мен аудандарда шалғай мал шаруашылығын двмыту  үшін, энергияның қайтадан басталатын көздерін (күн батареялары, жел генераторларын) пайдаланумен, қосалқы технологиялық құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. 
2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының Т.Рысқұлов ауданында AstanaSolProject компаниясы шаруа, фермерлік қожалықтарға отандық өндірістегі фотоэлектрлік модульдерді қолдану арқылы күн батареяларын орнату бойынша 8 жобаны іске асырды.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында бірқатар басқа да жобалар жүзеге асырылды, оның ішінде: Меркі ауданында – 3, Байзақ – 4, Сарысу – 12, Қордай – 4 және Талас ауданында 2 жоба.
Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.
133-тармағы бойынша «Көмір ЖЭО үшін екінші буынды эмульгаторларды ауыстыру арқылы күлтұтқыш қондырғыларды енгізу».
Облыс аумағында орналасқан «Таразэнергоорталық» АҚ  табиғи газ және мазут жанармайы арқылы жұмыс атқаруы себебінен күлтұтқыш қондырғылары қолданылмайды.
134-тармағы бойынша «Станциялардың техникалық мүмкіндіктеріне негізделе отырып, жаңа буынды электр сүзгіштерін орнату арқылы күлтұтқыш қондырғыларын қолдану».
Облыс аумағында орналасқан «Т.И.Батуров атындағы Жамбыл ГРЭС-і» АҚ және «Таразэнергоорталық» АҚ  табиғи газ және мазут жанармайы арқылы жұмыс атқаруы себебінен күлтұтқыш қондырғылары қолданылмайды.
Жарияланған күні: 2016-12-13 18:16:59

Наверх