РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі және олардың орындалуын бақылау

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзу "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 ақпандағы N 221 Заңына (одан әрі - Заң) сәйкес жалпыдан бөлек жүргiзiледi.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері (ұсыныстар, арыздар, шағымдар, лебiздер, үн қосу, бейнеөтініштер, «электрондық үкімет» порталынан, жәшікке түсетіндер және сұрау салулар) бiр орталықтан есепке алынады және электрондық тіркеу-бақылау кәртішкесіне  ұйымға келiп түскен күнiнде тiркеледi.
Лауазымды тұлғалар жеке және заңды тұлғаларды жеке қабылдаған кезде алған жазбаша және ауызша өтiнiштер де орталықтандырылған тiркеуге алынуы тиiс.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініш-арыздар және олардың қаралу нәтижелері туралы жауаптар белгіленген үлгідегі кәртішкеге тіркеледі және компьютерге енгізіледі. Бірінші бетіне тіркеу мөртабаны және нөмір қойылады, бұл әрі кіріс және шығыс нөмірі болып табылады. Хаттар бойынша келіп түсетін барлық материалдар, оларға мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардан келіп түсетін жауаптар да осы нөмірмен тіркеледі.
Жеке тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу нөмiрлерi "ЖТ" әрiптiк индексiнен, автор тегiнiң бас әрпiнен және хаттарды тіркеудің реттiк санынан тұрады. Мысалы, ЖТ-А-215.
Заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу нөмiрлерi "ЗТ" әрiптiк индексiнен, өтiнiшке қол қойған лауазымды тұлғаның тегiнiң бас әрпiнен және хаттарды тіркеудің реттiк санынан тұрады.
Өтiнiштiң авторын белгiлеу мүмкiн емес өтiнiштердiң тiркеу нөмiрi "АБМ" әрiптiк индексiнен және хаттарды тіркеудің реттiк санынан тұрады.       Өтiнiштiң авторын белгiлеу мүмкiн емес, қолтаңбасы, оның iшiнде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушiнiң пошталық мекен-жайы жоқ жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi иесi бүркемеленген өтiнiш болып есептеледі және басшылардың бұрыштамаларына сәйкес жұмыс жасалады. Мазмұнында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстарға және мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке қатысты мәлiметтер бар өтiнiштерден басқасы. Лауазымдық мiндеттерiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi мен жұмыс iстеу көрсетiлген, лауазымдық тұлға бұндай өтiнiштердi кешiктiрмей құзыреттi мемлекеттiк органдарға жолдауы тиiс.
2006 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өткен кеңес хаттамасының 10- шы бабында барлық деңгейдегі әкімдіктердің ғимараттарында азаматтардың арыздары мен шағымдарына арналған жәшіктер орнатылады.
Субъектіге тікелей жазбаша өтініш жасаған арыз берушіге тіркелген күні мен уақыты, өтінішті қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
 Өтiнiш қайталанып түскен кезде оған кезектi тiркеу нөмiрi берiледi, ал кәртішкеде құжаттың алғашқы нөмiрi көрсетiледi. Қайталанған өтiнiштiң бiрiншi парағына жоғарғы оң жақ бұрышынан және кәртішкеге "Қайталанған" белгiсi қойылады. Егер тұлға, бiр мәселе бойынша екi реттен кем емес өтiнiш жолдаған болса, алғашқы жолдаған өтiнiшiне алған жауабымен келiспейтiн болса, егер өтiнiш келiп түскен уақытынан қарау мерзiмi өтiп кеткен болса, өтiнiш берушi жауап алмаған болса, өтiнiштi қарау және мәселелердi шешуде қемшiлiктер кеткен болса, онда өтiнiшi қайталанған деп есептеледi.
Сол бiр тұлғаның сол бiр мәселе бойынша әртүрлi мекен-жайға бағыттаған, сөйтiп қарау үшiн бiр ұйымға келiп түскен өтiнiштерi қиғаш сызық (бөлгiш) арқылы реттiк нөмiр қосылып бiрiншi өтiнiшiнiң тiркеу нөмiрiмен есепке алынады.
Сұрақтың мазмұны баяндалмаған жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi қаралмайды.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 11-ші бабына сәйкес, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттiк тiлде немесе өтiнiш жасалған тiлде берiледi. 
Заңның 15-ші бабының 6-шы тармағына сәйкес азаматтардың өтініш - арыздары шешілу үшін оның үстінен шағымданып отырған органға немесе лауазымды тұлғаға жіберілмейді.
Құжаттама және бақылау бөлімінде тіркеліп, сканерленгеннен  кейін өтініш-арыздар облыс әкіміне, оның орынбасарларына, аппарат басшысының қарауына ұсынылып, орындаушыларға электронды нұсқалары жолданады. Қарап шыққаннан кейін бұрыштамада көрсетілген тиісті органдар мен лауазымды тұлғаларға жіберіледі. Оларға жолдама хат рәсімделеді. Хатты қарау нәтижелері туралы бөлім басшысы басшылыққа баяндайды және иесіне хабарлайды. Ол аяқталғаннан кейін бақылаудағы өтініш-арыздар тексеру материалдарымен бірге құжаттама және бақылау бөліміне қайтарылады.
Заңның 7-ші тармағының 6-шы бабына сәйкес, өтініште қойылған мәселелерді шешу құзыретіне кірмейтін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға келіп түскен өтініш үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы арыз берушіге хабарлана отырып, тиісті субъектілерге жіберіледі.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініш - арыздарын бөлімнен бөлімге ауыстыру, хаттарды есепке алу және келушілерді қабылдау кәртішкесіне тиісті белгі соғыла отырып, құжаттама және бақылау бөлімі арқылы ғана жүргізіледі.
Орындалу мерзімі белгіленген, не “хабарлансын” немесе “баяндалсын” деп көрсетілген, жауапты талап ететін басшылардың жазбаша тапсырмалары барлық өтініш-арыздарға “Бақылауда ” деген мөртабан қойылады.
Хаттың қаралу нәтижелері бойынша анықтама жасалып, оған орындаушы рұхсатнама, ал бөлім басшысы қол қояды. Анықтамаға тексеру материалдары қоса тіркеледі. Әдетте, тексеруге тапсырма берген лауазымды тұлға хатты бақылаудан алады.
Хатты қарау нәтижелері туралы қорытынды, хат иесімен болған әңгіме және оған берілген жауап мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардан алынған хатта немесе анықтамада баяндалуы тиіс.
Жоғарғы органдардан (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Премьер-Министрі Кеңсесінен) келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініш-арыздарына тікелей облыс әкімі аппаратының тиісті бөлімдері тарапынан жауап берілуі қажет.
Өтініштерді қарау кезіндегі орындалу мерзімдерi:
 Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілмейтін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші күнтізбелік он бес күн ішінде қаралады.
 Қарау үшін өзге субъектілерден, лауазымды тұлғалардан ақпарат алу не жергілікті жерге барып тексеру талап етілетін жеке және (немесе) заңды тұлғаның өтініші субъектіге, лауазымды тұлғаға келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қаралады және ол бойынша шешім қабылданады.
Қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.
Егер өтініште баяндалған мәселелерді шешу ұзақ мерзімді талап етсе, онда өтініш түпкілікті орындалғанға дейін қосымша бақылауға қойылады, оны бақылауға қойған субъектінің басшысы, не лауазымды тұлға шешеді. Бұл жөнінде дәйекті, дәлелді мәліметтерді келтіре отырып жазбаша хат жазу керек. Өтініштің мерзімінің созылғаны туралы күнтізбелік үш күн ішінде арыз берушіге хабарланады.
Заңның 10 -шы бабына сәйкес өтініштерге берілетін жауаптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сілтеме жасай отырып, мазмұны бойынша негізделген және дәлелді, мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде болуға, арыз берушінің қабылданған шешімге шағым жасау құқықтарын түсіндіре отырып, оның дәлелін жоққа шығаратын немесе растайтын нақты деректерді қамтуға тиіс.
Бөлімге жіберілген жеке және заңды тұлғалардың хаттарының орындалуының жауапкершілігі олардың  басшыларына жүктеледі.
Жергілікті атқарушы органдар басшылары, олардың орынбасарлары «Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 4 қыркүйектегі № 974 қаулысына сәйкес жүргізеді.
Азаматтарды қабылдауды облыс әкімі, оның орынбасарлары, аппарат басшысы облыс әкімі бекіткен кестеге сай жүргізеді.
Облыс әкімі апппаратының қызметкерлері азаматтарды және заңды тұлғалардын өкілдерін жеке сұрақтары бойынша күнделікті қабылдау жүргізуге міндетті.
Азаматтарды қабылдау есебі арыз иесінің тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны, қызметі, мекен-жайы, өтініш-арыздың қысқаша мазмұны, тапсырмалар мен қарау нәтижелері көрсетілген кәртішкелер бойынша жүргізіледі. Арыздар қайталанған кезде осы арыз иесі бойынша барлық қолда бар материалдар туралы жазба жасалады (мұның алдындағы жазба, қабылдау карточкасы, арыздың көшірмесі).
Азаматтардың қабылдау кәртішкелерін толтыру, олардың өтініштерінің орындалуын бақылау қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерге жүктеледі.
Егер өтініш немесе арыз-шағым қабылдау кезінде шешімін таба алмаса, азаматтардың көтерген мәселелері жазбаша баяндалып, ары қарай олармен жұмыс жеке және заңды тұлғалардың жазбаша хаттары ретінде жүргізіледі.
Орындалған бақылаудағы өтініш-арыздар жауабы мен материалдары, кәртішкеге орындалу жөнінде белгі қойылып, құжаттама және бақылау бөліміне қайтарылуы тиіс. Орындаушылар жазбаша хат иелеріне қарау нәтижелері туралы хабар береді.
Азаматтардың хаттарының көшірмесі құжаттама және бақылау бөлімінің басшысының келісімі бойынша түсіріледі.
Күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін хаттарды тексерудің барлық материалдары істерде түзіліп,  ағымдағы мұрағатқа өткізіледі.
Хаттарды тексеру материалдары аппарат  қызметкерлеріне ағымдағы мұрағаттан құжаттардың есеп жорналы бойынша беріледі.
Жарияланған күні: 2016-12-08 11:33:47

Наверх