РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы

«Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 25 жобаны іске асыруға 10,2 млрд.тенге бөлінді (оның ішінде 3,6 млрд. теңге – Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінген кредиттер).
Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына 8,6 млрд.теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 94,0 пайызы игерілді (жылдық жоспарға 84,5%). 1175 уақытша жұмыс орындары құрылды.
2016 жылдың 1 қарашасына барлығы 8 жоба (5 жоба – білім беру, 3 жоба – жылумен қамту бойынша) іске асырылды.
«Индустриалдық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша  «Қаратау қаласындағы жылына 300 мың тонна цемент өндіретін зауыт құрылысы. Инфрақұрылымдар (техникалық сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз ету, электр желілерін жүргізу, телефон желілерін жүргізу, газбен жабдықтау)» жобасын іске асыруға 400,0 млн. теңге қарастырылды. Қазіргі таңда мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланды.
«Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша  7 жобаны іске асыруға 3,3 млрд. теңге қарастырылып, ағымдағы жылдың 1 қарашасына 2,8 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 95,9 пайыз игерілді. 669 уақытша жұмыс орындары құрылды.
Аталған бағыт бойынша 2016 жылы 600 орынға екі мектеп (Байзақ ауданы Түймекент ауылында, Тараз қаласы Құмшағал стансасында) және 840 орынға үш бала бақша (Қордай ауданы Масаншы ауылында, Сарысу ауданы Жаңатас қаласында және Тараз қаласында) пайдалануға берілді. Ал Меркі ауданы Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық және Тараз қаласындағы 1000 орындық мектептер құрылысы 2017 жылға өтпелі.
2016 жылы 2 үш ауысымды мектептер мәселесі шешілді, 2017 жылы 2 мектепті пайдалануға беру бір үш ауысымды және бір апатты мектептер мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, Қордай ауданы Масаншы ауылында, Тараз және Жанатас қалаларында  балабақшаларды пайдалануға берудің арқасында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі 4,2 пайызға артты.
«Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту» бағыты бойынша 14 жобаны іске асыруға 2,9 млрд. теңге қарастырылып, 2,4 млрд.теңге немесе есепті кезеңнің жоспарына 98,8 пайызы игерілді. 344 уақытша жұмыс орындары құрылды. 14 жобаның 6-ы ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 8-і - 2017 жылы аяқталады.
Тараз қаласының Сулейменов көшесі соңындағы тұрғын алқабын сумен қамтамасыз ету және әлсіз токты желілер салу бойынша екі жобасына, сондай-ақ Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы екі жобасына бөлінген қаражаттың толық игерілмеуі мердігерлермен орындалған жұмыс актілерінің кеш берілуіне байланысты орын алған.
«Тараз қаласындағы «Арай» тұрғын алқабының тұрғын жай кешеніне сору станциясы құрылысын салу» жобасы бойынша мердігер анықталып, құрылыс-монтаж жұмыстарына келісім-шартқа қол қойылып, тиісті жұмыстар басталды.
Бұдан басқа, 6 жоба бойынша бөлінген қаражат мердігерлердің жоспардан артық жұмыс істеуіне байланысты 2016 жылдың 1 қарашасына қарастырылған жоспардан артық игерілген.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде Тараз қаласының Сулейменов көшесінің соңындағы тұрғын үй алқабы 68,4 шқ су, 9,1 шқ  жылу, 34,8 шқ газ желілерімен қамтылады. Бұл осы алқаптан кезекте тұрғандарға жеке тұрғын үй құрылысын жүргізуге 914 учаскені беруге, сондай-ақ, 9 525 пәтерлі 127 орта қабатты тұрғын үй және 704 пәтерлі 22 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізуге мүмкіндік береді.
Тараз қаласының Автовокзал ауданында 3,7 шқ газ, 6,8 шқ  жылу, 33,8 шқ  байланыс желілері жүргізіледі. Жоспарға сәйкес мұнда 5 319 пәтерлі 52  көп қабатты тұрғын үйлер құрылысын жүргізу қарастырылған.
Тараз қаласы Арай массивінде 1,9 шқ дренаждық желілер жүргізіліп, сору станциясы салынады.
Жамбыл ауданының Бектөбе ауылындағы жаңадан салынып жатқан тұрғын үй алқабында 14,3 шқ газ, 34,4 шқ электр желілері жүргізіліп, 11 шқ қиыршық тас жол төселеді.
Байзақ ауданының Сарыкемер ауылындағы  тұрғын үй алқабында 8,3 шқ тас жол жүргізіліп, 31 шқ электр желі тартылады.
Аталған тұрғын үй массивтерін инженерлік желілермен қамту өз тарапынан жеке тұрғын үй құрылысының дамуына, құрылыс саласына жеке инвестициялардың тартылуына, құрылыс жұмыстары көлемінің өсуіне себебін тигізеді.
Жылумен қамту желілерін жаңғырту бойынша 3 жобаны іске асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 3,6 млрд.теңге кредиттер қарастырылып, 3,4 млрд.теңге немесе есепті кезеңнің жоспарының 100 пайызы игерілді.  6 723 метр жылумен қамту желілері ауыстырылды. Апатты желілер үлесі 69,1 пайыздан 65,5 пайызға дейін азайып, техникалық шығындар нормативтік деңгейге жеткізілді. 162 уақытша жұмыс орындары құрылды.
Бөлінген қаражат «ТаразТрансЭнерго» ведомстволық ұйымның шотына аударылғандықтан 100% игеріліп отыр. Нақты мердігерлермен 3,0 млрд.теңге немесе 2016 жылдың 1 қарашасындағыжоспарға 88,3% игерілген.
 
Жарияланған күні: 2016-11-22 15:47:58

Наверх