Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы анықтама
Жамбыл облысының 2018 жылғы қаңтар - ақпандағы
әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы

Өнеркәсіп. 2018 жылдың қаңтар - ақпанында 65886,4 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 111,2%.
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 9,0% - ға (7505,8 млн. теңге), өңдеу өнеркәсібінде - 14,1%-ға (42731,3 млн. теңге), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 11,1%-ға (15108,9 млн.теңге), сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда – 8,3%-ға (540,4 млн. теңге) өсуі байқалады.
2018 жылы ИИДМБ аясында инвестиция көлемі 451,8 млрд. теңгеге 3379 жұмыс орны құрылатын 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС – минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша Химзауытының құрылысы», «ХИМ-плюс» ЖШС – «Тараз» Химиялық паркі» АЭА аумағындағы біріктірілген химиялық кешені «Глифосат өндірісі (гербицид)» және «Үшхлорлы фосфор өндірісі», «Казгранит Компаниясы» ЖШС - гранит тақтасынан төсеніш, тас төсеуіштер және гранит блоктарын өндіретін цех құрылысы, «Жамбыл Газ Өнімдері» ЖШС – сұйытылған табиғи газ өндірісі бойынша зауыт құрылысы, «Казфосфат» «Минералды тыңайтқыштар» ЖШС- маркасы 10:46 аммофос өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыру 2 кезең, «BioVet KZ» ЖШС - «GMP және GLP стандарты бойынша ветеринарлық препараттар шығаратын биокомбинат құрылысы, «Ер Тай» ЖШС - өндірілетін қорғасын-мырыш кенін қайта өңдей отырып флотациялық-гравитациялық Ақсүйек байыту фабрикасын жаңғырту және қайта құру, «Тараз арматура зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасының өндірісі, «Kisc» ЖШС – құю цехын жаңғырту).
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар - ақпанында 13799,6 млн. теңгені немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 102,5% құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі - 170,6 млн. теңге (НКИ - 100,0%), мал шаруашылығы - 13620,4 млн. теңге (НКИ - 102,5%).
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2018 жылдың 1 наурызына шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 59,5 мың бірлікті немесе 2017 жылдың тиісті кезеңіне 99,2% құрады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметтері бойынша сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың қаңтарында 52,0 млн. АҚШ долларын немесе 2017 жылдың қаңтарына 36,5%-ға өсті, оның ішінде экспорт тауарлары - 20,1 млн. АҚШ доллары (5,2%-ға), импорт - 31,9 млн. АҚШ доллары (67,9%-ға). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты - 11,8 млн. АҚШ доллары.
2018 жылдың қаңтар - ақпанында бөлшек сауда айналымының көлемі 37,9 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 2,5%-ға артты. Көтерме сауда айналымы ағымдағы кезеңде 22,5 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 15,8%-ға артты.
Көлік. 2018 жылдың қаңтар - ақпанында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өсіп, 11,9 млн. тоннаны құрады, жүк айналымы 3,5%-ға (388,22 млн. тонна-шқ). Жолаушылар тасымалдау 2,2%-ға (149,7 млн.адам), жолаушылар айналымы 8,7%-ға (1476,7 млн. жолаушы-шқ).
Инвестиция. 2018 жылдың қаңтар - ақпан айларында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 16,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 1,8%-ға ұлғайды. Өсім Жуалы ауданындағы «Burnoye Solar» күн электростансасына құрал-жабдықтар алуға және Жамбыл ауданы «Арсенал» ЖШС-нің пропан-бутан техникалық қоспа өндіру үшін имараттар құрылысын салуға инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді.
2018 жылдың қаңтар-ақпанында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі, қосымша бағалау есебімен 4,1 млрд. теңгені құрап, 2017 жылдың қаңтарындағы деңгейіне 123,5% -ды құрады
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 47,6 мың шаршы метрді құрап, 2017 жылдың тиісті деңгейінен 19,6%-ға артты (барлығы жеке секторда).
2018 жылдың ақпан айында инфляция деңгейі 2017 жылдың желтоқсанына 101,0%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары 1,3 %-ға, азық-түлік емес тауарлар - 1,1 %-ға, ақылы қызметтер – 0,5%-ға көтерілді.
Салықтар. 2018 жылдың қаңтар - ақпанында бюджетке 17,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 148,7%, оның ішінде республикалық бюджетке - 5,9 млрд. теңге (болжамға 148,8%), жергілікті бюджетке – 11,3 млрд. теңге (болжамға 148,7%).
Жұмыспен қамту және әлеуметтік сала. 2018 жылдың қаңтары - ақпанына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде және жұмыспен қамтудың кешенді жоспары бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 4721 адам қамтылды. Мемлекеттік, үкіметтік және салалық бағдарламалардың шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға жұмысқа орналасқандар - 145 адам, мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына - 1461 адам жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарымен 716 адам, жастар практикасымен – 818 адам қамтылды, ақылы қоғамдық жұмыс орындарына - 1581.
Жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органдар арқылы жұмысқа тұрғызу үшін жүгінген 6123 адамның 4710 адам жұмысқа орналастырылды.
Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2018 жылдың 1 наурызында 1,5%-ды құрады.
Бір қызметкердің орташа айлық еңбекақысы 2017 жылдың 4 тоқсанына 107035 теңгені құрады, бұл 2016 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 4,2%-ға артып, нақты - 2,9%-ға төмендеген.
Халықтың жан басына шаққандағы номиналды ақшалай табысы 2017 жылдың 3 тоқсанында 53873 теңгені құрап, 2016 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,0%-ға, нақты - 7,3%-ға өсті.

Жарияланған күні: 2018-04-04 11:34:40