РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 24.02.2016 жылғы №59 қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы

Іс-шаралар атауы Орындалу
мерзімі
Орындалуы
(жауап қазақ және орыс тілдерінде болуы керек, интернет ресурстарда жарияланатын болады)
  1.  
Байзақ ауданы Кеңес ауылына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу Жыл ішінде Байзақ ауданындағы 21 елді мекенді газдандыру жобасы бойынша ЖСҚ дайындауға тиісті қаражат (74,6 млн.теңге) ағымдағы жылдың сәуір айында бюджетті нақтылау барысында комиссияға ұсынылған. Комиссия тарапынан тиісті қаражат колдау таппады, келесі бюджетті нақтылау барысында жоба қайта ұсынылатын болады.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданы Жеміс-жидек ауылындағы бала-бақшаны күрделі жөндеу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама (17.06.2014ж. №08-0118/14) қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық құны 115 525,0 мың.теңгені құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 2016 жылға 112,0 млн.тг. қаржы бөлінді.
Бас мердігер «Айсері и К» ЖШС болып танылды.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімдері: 01.06.2016 жыл - 30.08.2016 жыл аралығы.
Нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Сарысу ауданы Жайылма ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу Жыл ішінде
 
       Сарысу ауданы Жайылма ауылына ауысымына 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджет есебінен 93,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған болатын. Мемлекеттік сатып алу қорытындысының  нәтижесінде «СК Тараз Еврострой» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс-монтаждық жұмыстар ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталды, нысанның пайдаланылуға берілу мерзімі 2016 жылдың қазан айына белгіленген.           
        Нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Сарысу ауданы Досбол ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (24.04.2015ж. №08-0135/15), құрылыстың сметалық құны 304 237,0 мың.теңге.
 «Сарысу ауданы Досбол ауылынан 50 орындық негізгі мектеп құрылысын салу» нысанына 2016 жылға жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС.
Объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыстың аяқталуы - 2017 жыл.
Нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» жаңа автоматтандырылған газ реттеу станциясы (АГТС) құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар 2015 жылы шілде айында  облыстық бюджеттен 25,0 млн. тенге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалған. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі 08.06.2016 жылы №19-0203/16 қорытындымен алынды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында құжаттар ҚР Энергетика министрлігіне тапсырылды.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Жаңа 1000 орындық мектептің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан (№08-0331/15) өткізілген. Сметалық құны – 1 305,9 млн. теңге. 2016 жылы Ұлттық қордан  мектеп құрылысын жүргізуге  918,694 млн. теңге қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде бас мердігер болып «Арайстроймаркет» ЖШС танылған.
         Есепті мерзімге жоспарланған 686,0 млн.теңге толығымен игерілді. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі 2017 ж.тамыз айы.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (27.02.2014ж. №08-0042/14), күрделі жөндеудің сметалық құны 306 937,0 мың.теңге.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен 2016 жылға 300,788 млн.тг бөлінді.
         Бас мердігер «КазАльфаСтрой» ЖШС
         Басталу мерзімі: 19.07.2016 жыл.
Аяқталу мерзімі 12.12.2016 жыл.
          01.10.2016 жылға жөндеу жұмыстары 62 пайызға орындалып, бөлінген қаражаттың 182,172 млн. теңгесі игерілді.    
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Барысхан» алқабына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде 2016 жылы «Барысхан» алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 139,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер «АрмСтрой» ЖШС-мен жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
 
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Тұрақты Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу жүзеге асырылуда.
2015 жылы Тараз қаласындағы №6 қалалық емханасын кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сенімгерлік басқарушы «Жаншуақ» медициналық орталығы болып табылады.
2016 жылдың 17 мамырында №171-Ө облыс әкімінің өкіміне сәйкес, жұмысшы тобы құрылды. Жұмысшы тобы сенімгерлік басқаруға берілетін 11 денсаулық сақтау ұйымын  айқындады.
11 денсаулық сақтау ұйымынан 7 денсаулық сақтау ұйымы бойынша мүлікті бағалау жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.
Бүгінгі күнге денсаулық сақтау басқармасы тарапынан сенімгерлік басқаруға берілетін нысандар бойынша тендер шарттары мен талаптары әзірленуде.
2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса, бүгінгі күні 49 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істейді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2014 жылы-11, 2015 жылы-10 мектепке дейінгі білім мекемелері ашылса, бүгінгі күні  01.10.2016 жылы  11 балабақша ашылды.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыста сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту Тұрақты Бүгінгі таңда  облыста етті өңдеу және өндіруді дамыту бағытында  5 ірі инвестор тартылуда. Олар:
1. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша қуаттылығы  жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіретін ет комбинаты.
 Жоба «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен «ADEAS Development» компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылып, іске қосылды. Жобаның жалпы құны құны 2,5  млрд.теңге.
2. Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3000 бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бодақылау кешенінің құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 гектар жер телімі жалға беріліп, бордақылау алаңының  құрылысы  жүргізуге қажетті құжаттар рәсімделуде.Жобаға тартылатын  инвестициялық қаржы  шамамен 10 млн. АҚШ. долл.
3. «Әулие ата Феникс» ЖШС құс фабрикасына     оңалту және жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, сою алаңына қажетті қондырғылардың қымбаттауына байланысты іске қосылу мерзімі белгісіз мерзімге шегерілуде. Бүгінгі күнге жобаға жұмсалған қаржы 2065 млн. теңге.
4. «Аса Даму» ЖШС құс еті өнімі, жылдық қуаттылығы  280 тонна ет, жобаның құны 1,8 млрд. теңге. Бүгінгі күні электр желісі тартылуда, газ, ауыз су бойынша қажетті құжаттар рәсімделуде, құс фабрикасының іске қосылуы  ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. 
5. «Агро фирма Түрікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бодақылау кешені мен 5,0 мың бас мүйізді ірі-қара малына арналған репродуктор шаруашылық құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобаның жалпы құны 500 млн.теңге.Бүгінгі күнге 1206 бас асыл тұқымыды МІҚ Ресей Федерациясынан сатып алынды, жыл соңына дейін 3,0 мал сатып алу жоспарланған.
Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау мақсатында:
Жалпы мал санының сапалық көрсеткіштерін жақсарту үшін «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011-2016 жылдар аралығында мүйізді ірі қара малының 25,3 мың  аналық басы және 1,1 мыңнан астам асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Бағдарламаға облыстағы 420 –дан астам шаруа және фермер қожалықтары қатынасты, олардың көпшілігі жаңадан ұйымдасқан шаруашылықтар. 2014 жылы Республика Үкіметі тарапынан мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жаңа бағдарламалар қабылданды, «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламалары басталғалы бері  облыстағы шаруа қожалықтары тарапынан 69,2 мыңнан астам қой және 5,7 мың бастан астам жылқы сатып алынды. 2016 жылы «Сыбаға» бағдарламасы аясында 4400 аналық бас және 146 асыл тұқымды бұқа сатып алу жоспарланса, бүгінгі күнге 5060 аналық басқа және 227 бұқаға түскен өтінім мақұлданып, 3771 аналық бас және 130 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. Мақұлданған өтінімдерді қоса есептегенде аналық МІҚ сатып алу бойынша жоспар 115,0 пайызға, бұқа сатып алу бойынша жоспар 155,5 пайызға орындалып отыр.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан «Құлан» бағдарламасы арқылы 470,0 млн. теңгеге 2102 бас жылқы сатып алуға түскен өтінімдер мақұлданып, бүгінгі күнге 1 812 басы сатып алынды.Мақұлданған өтінімдерді қоса есептегенде жоспардың орындалуы 68,8 пайызды құрады.
«Алтын асық» бағдарламасы арқылы 659,2 млн. теңгеге 31440 бас қой сатып алынып, жылдық жоспардың орындалуы 178,7 пайызды құрады.
 2012 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін облыста сыйымдылығы 20000 басқа арналған 24 бордақылау алаңы құрылып жұмыс атқаруда.
Облыста сүт кластерін дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен  ірі пилоттық жобаны іске асыру қолға алынуда.
«Меркі өңімдері» ауыл шаруашылық өндіріс кооператив мүшелерінің қатысумен  асыл тұқымды сүт бағытындағы сиыр алуға жеңілдетілген жолмен несие қаражат беретін «Шағын несиелеу Атамекен Тараз» ЖШС –нің басшыларымен кездесу өтті. «Меркі өңімдері» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативінің 17 мүшесі сүт бағытындағы асыл тұқымды сиыр алуға Жамбыл облысы ұлттық кәсіпкерлер палатасының Меркі аудандық филиалына өтініштерін тапсырды. Бүгінгі күнге тапсырылған 17 өтініштін 5-нің құжаттары «Шағын несиелеу Атамекен Тараз» ЖШС –нің тарапынан мақұлданды. Ағымдағы жылы сүт өнімдерін қайта өңдейтін цехтары Жуалы ЖК «Мешелов»  күндігіне 25 тонна, Меркі ауданында - 15 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехтар іске қосылды.
     Тапсырма орындалуда. 
  1.  
Тараз қаласы Қарахан кесенесі маңындағы ортағасырлық мешітті қайта жаңғырту Жыл ішінде         Нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 36,0 млн.тг, бөлінген. Аталған жұмыстарды орындау үшін ҚР Мемлекеттік сатып алу заңнын негізінде ашық конкурс жарияланып, нәтежесінде «Kagan Engineering» ЖШС-і жеңіпаз болып танылды. Бүгінгі күні аталған нысанда қайта жаңғырту жобасы бойынша тиісті жұмыстар кестеге сәйкес атқарылуда.
                Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында және басқа да тетіктерден бос қалған көпқабатты үйлерді жөндеп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беру мәселесін шешу Тұрақты Тараз қаласы бойынша 2016 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында, республикалық бюджет есебінен «Арай» тұрғын алқабының тұрғынжай кешеніндегі 80 пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 3-ші белгі) құрылысына республикалық бюджет есебінен бөлінген 571,8 млн. теңге толығымен игеріліп, нысан тамыз айында пайдалануға берілді.
Жергілікті бюджет есебінен, Тараз қаласы 14 га "Арай" алқабы тұрғын үй кешеніне көп пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 1-ші белгі) құрылысын салуға – 337,828 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2016 жылдың қазан айында пайдалануға беріледі.
 Талас ауданы Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға – 282,893 млн. теңге қаралып, құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде, пайдалануға 2017 жылы беріледі.
Сарысу ауданы Жаңатас қаласы, №1 шағын ауданындағы №35 тұрғын үйді қайта құруға – 202,715 млн. теңге бөлінді, пайдалануға 2016 жылдың желтоқсан айында беріледі деп күтілуде.
 Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыс бойынша иесіз қалған электр желілерін анықтап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рәсімдеп, оларға уақтылы техникалық қызмет көрсету мәселесін шешу
 
 
Тұрақты          Иесіз желілерді теңгерімге қабылдау бойынша рәсімдеу мерзімдерін сақтай отырып,  Т.Рысқұлов және Мерке ауданының әкімдіктері сотқа жүгіну процестерін қолға алды және әкімдігтер тарапынан баланс ұстамшысын анықтап, теңгерімге қабылданған желілер мен қондырғыларға ақаулық Актісін жасауды, соның негізінде (қажет болса) қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді және әрі-қарай техникалық қызмет көрсету үшін, арнайы мамандандырылған мекемелерге өткізу мәселесіне байланысты тиісті жұмыстарды жүргізуде. Қалған аудандар бойынша жұмыстар жалғасуда.
   Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу Тұрақты       Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстарының Техникалық-экономикалық негіздемелері, «Каздорпроект» ЖШС жобалаушы мекемесі тарапынан толығымен жасалды. Бүгінгі таңда, жобаға  Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.  
      Тапсырма орындалуда.  
  1.  
Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы Қ.Рысқұлбеков ескерткішін қайта жаңғырту және төңірегін абаттандыру Тұрақты Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ауласында орнатылған «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбековтың ескерткішін қайта жаңғырту мен оның айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 3,0 млн. теңге, Бірлік ауылдық клубының алдына орнатылған Қ.Рысқұлбековтың ескерткішіне және клубтың айналасын абаттандыруға 3,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде ескерткіш қайта жаңғыртылып, төңірегіне абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Жоспарланған жұмыстар толық аяқталды.
Нәтижеге қол жеткізілді, тапсырма орындалды, бақылаудан алынды.
  1.  
«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаулардың (субсидиялар) қолданыстағы заңнама талаптары аясында берілуін қамтамасыз ету Тұрақты Ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 2016 жылы  9,7 млрд. теңге қаралып отыр.
Ағымдағы жылы егін шаруашылығын субсидиялауға 1,9 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 0,9 млрд. теңгесі гектар бойынша субсидиялау. Гектар бойынша субсидиялаудың жойылуына байланысты, қаралған қаржының бір бөлігі мал шаруашылығына және инвестициялық салынымдар субсидиясына қайта бөлінеді.
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімдерін ұлғайтуға  2,8 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы 2,9 млрд.теңге).
2016 жылы Инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін орнын өтеу бойынша 2,6 млрд.теңге субсидия бөлінді (2015 г. -  455,0 млн. теңге).
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Ауылды жерге келген жас мамандарға көтермеақының көлемін арттыру Тұрақты         Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы №46-7 шешімімен облысымыздың ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге ағымдағы жылы жолдануға жоспарланған 64 жас маманға көтермеақы 300,0 мың теңгеден 800,0 мың теңгеге дейін арттырылып, осы көтермеақыны төлеуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы бюджетінде 51200,0 мың теңге қарастырылған. А.ж. 1 қазанға ауылдық жерлерге 47- сі жолданған, 19 жас маман нұсқау бойынша денсаулық сақтау басқармасына 5 жыл бойы ауылдық өңірде жұмыс атқарамыз деп міндеттеме алып, құжат тапсырды. Қазан-қараша айларында толығымен 64 жас маман көтерме ақымен қаржыландырылады.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына талдау жүргізіп, ескіргендерін есептен шығарып, жаңа автобустар алу мәселесін ұйымдастыру Тұрақты          Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңалау жыл сайын тиісті дәрежеде жүргізілуде. 2016 жылдың мамыр айында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 7 дана «Паз 32054» маркалы, «СапарТранс 2012» ЖШС 15 дана «Dong Feng» маркалы, «№1 Тараз автобус паркі» ЖШС 19 дана «ПАЗ 32054»  орташа сыйымдылықты автобустарын сатып алды.
        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы аумағындағы жабайы және жайма базарларды жою Жыл ішінде        Тараз қаласының аумағында заңсыз сауданы болдырмау мақсатында қалалық әкімдіктің жанынан құрылған жұмысшы тобы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі кездейсоқ сауда орындарымен жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде каладағы ірі бес заңсыз сауда ошақтарының екеуі ретке келтірілді.
      2016 жылдың басынан бері Тараз қаласы аумағында ҚР ӘҚБтК 204-бабымен «көрсетілмеген орындарда сауда жасау» деректерімен 1749 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған, оның ішінде 1658 тұлғаға ескерту және 91 тұлғаға хаттама толтырылып, 965055 теңгеге айыппұл салынған.
     Талдау көрсеткендей, сауда саласындағы құқық бұзушылықтардың көбісі аз қамтылған отбасылардан шыққандармен, қариялармен және мүгедектермен жасалынады. Жергілікті полиция қызметінің учаскелік  инспекторларымен белгіленбеген орындарда сауда жасау фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
          Тапсырма орындалуда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру
 
Жыл ішінде            Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының  екінші бесжылдығы 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында жалпы құны 511,4 млрд. теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 5590 және іске қосылу кезеңінде 5401 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда.
          2015 жылы жалпы құны 30,5 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды, 425 жаңа жұмыс орындар ашылды. Бүгінгі таңда іске асылған 3 жоба,  жоспарланған қуатын 100% игеруде.
         Олар: («Полителен - Агро» ЖШС - «Полиэтилен қабықшасын өндіретін зауыт және жылыжай кешені», "Burnoye Solar-1" ЖШС – «Қуаттылығы 50 Мвт құрайтын, күн электр станциясының құрылысы» және «Golden Compass Capital» АҚ - «Құрамында алтыны бар кенді қайта өңдейтін зауыт»).
          Ал қалған 3 жоба әр түрлі себептермен жоспарланған қуатын игере алмай отыр.
         Олар: Тараз-көлік жолы" ЖШС – «Құм, шағал тас және асфальтбетон құрылыс қоспаларын өндіретін зауыттың құрылысы». Маусымдық сипатта болғандықта жылдың соңында статистика департаментіне есеп береді.  «Әулие-Ата Феникс» ЖШС – «Құс фабрикасын қайта жаңғырту және қайта құру».
Жоспарлық қуаты анықталмаған, себебі  жоба бойынша шетелдік жеткізуші компания жабдықтардың 40%-ын жеткізбеген,"Жамбыл Недр" ЖШС – «Цемент зауытының құрылысы». Жоспарлық қуаты анықталмаған, себебі инфрақұрылымы тартылмаған, бүгінгі күні БЖК-2020 бағдарламасы арқылы ҚР ҰЭМ-не ұсыныс жолданды.
         2016 жылы жалпы құны 17,6 млрд. тенгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 380 жаңа жұмыс орыны ашылуы күтілуде.
          2016 жылдың бірінші жарты жылдығында құны 4,6 млрд. тенгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылып, 235 жаңа жұмыс орыны ашылды.
Бүгінгі таңда іске асылған 2 жоба,   жоспарланған қуатын 100% игеруде.
Олар: "ОАҚК" ЖШС Мерке филиалы – «Шырынды тазалайтын цехты қайта жаңғырту», «Луговой жылқы зауыты» ЖШС – «Құрама жем өндіретін зауытының құрылысы».
 Ал қалған 2 жоба бүгінге жабдықтарды іске қосу жұмыстарын жалғастыруда.
Олар: «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – «Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісі», «KazMiya» ЖШС - «Мія тамырын өңдейтін шағын зауыт»).
Сонымен қатар а.ж. екінші жарты  жылдығында құны 13 млрд. тенгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылу жоспарлануда және іске асырылды, 145 жаңа жұмыс орыны ашылуы жоспарлануда.
Олар: «Жамбылгипс» АҚ – «Гипс және гипс өнімдерін өндіретін зауытты жаңалау және қайта жаңғырту»,"Бағұл" ЖШС – «Дәнекерлеу  электродтарының қуаттылығын кеңейту», "Казфосфат" "Минералды тыңайтқыштар" ЖШС ТФ – «ЭФК-1 экстракциондық фосфор қышқыл өндірісінің технологиялық жүйесін қайта жаңғырту. 1 кезең», «ҚазУпакТрейд» ЖШС – «Гипс және гипсокартон өндіретін кешеннің құрылысы».
         Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жарықтандыру жұмыстарында жаппай энергия үнемдегіш технологияларға көшу жолдарын қарастыру Тұрақты Бүгінгі күнге Тараз қаласының көше жарығына автоматтандырылған басқару жүйесін орнату бойынша «100 LED» ЖШС-нің ұсыныстары қарастырылып зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, қайта айналымға қосу жұмыстарын жандандыру
 
Тұрақты  Жер қорын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыс бойынша барлығы 591,2 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталған. Оның ішінде егістік жерлер 201,9 мың гектарды құрайды.     
Қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 552,9 мың гектары немесе 93 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік жерлер 182 мың гектарды құрайды.
Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 539,1 мың гектар. Оның ішінде егістік жерлер 151,8 мың гектар жерді құрайды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу және жерді  ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар басты назарда.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Өңірлерде қант қызылшасын өсіру жұмыстарын кеңейту
 
Тұрақты Биыл қант қызылшасын 9,5 мың гектарға егу жоспарланған. Саланы жандандыру үшін үстіміздегі жылы қант қызылшасын өсіруге облыстық бюджеттен 420,0 млн. теңге қаралды. Оның  220,0 млн. теңгесіне 6 мың гектарға есептелген 9,0 мың себу бірлігін (посевня единица) құрайтын қант қызылшасы дақылының тұқымын сатып алуға жұмсалса, ал, қалған 200,0 млн. теңге қант қызылшасы техникасын сатып алуға бағытталған.
Бүгінгі күнге  9,5 мың га алқаптың 5,7 мың га жерге егіліп, орындалуы 59,6 пайызды құрап отыр. Қант қызылшасы тұқымы 9,0 мың себу бірлігінен бүгінгі күнге алынғаны 6269,0 себу бірлігі, орындалуы 69,7 пайыз.
         Есепті кезеңге 158,104 млн. теңгеге 32 дана қант қызылшасы техникасы сатып алынған.
         Бүгінгі күнге 109 гектар қант қызылшасы алқабы жиналып, 1,9 пайыз,  өнімділігі  249,0 ц/га,  2714,1 тн өнім алынып, қант зауыттарына 2322,7 тоннасы тапсырылды.
        Тапсырма орындалуда.
 
  1.  
Өңірде қылмыстардың алдын алудың, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп, ең тиімді модельдерін қолдану Тұрақты А.ж. 9 айда облыс әкімінің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия кеңесінің 3 отырысы өтті. Аталған кеңесте құқық қорғау органдарына, оның ішінде облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметіне қылмыстардың алдын алудың, өңірдегі қылмыстардың өсуіне, оның ішінде мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеу мақсатында тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып, тіркелген қылмыстардың ашылуына бағытталған кешенді шаралар әзірлеп, жүзеге асыру, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп және ең тиімді модельдерін қолдану, мүлікті қылмыстарға қарсы күресте пәрменді шаралар қабылдау арқылы, олардың ашылуы үшін ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің жұмысын жандандыру, ұрланған мүліктің сатылуына жол бермеу шараларын қолдану туралы тапсырмалар берілді.
Жергілікті полиция қызметімен өңірде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп» ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
        Осы мерзімде жалпы қылмыстардың саны -11 %  (13594-ден 12070-ге дейін) төмендеген.
        Аталған кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыстардың жалпы саны 4 % ( 953-нан ден 915-ге ), онша ауыр емес 31 % (2371-ден 1634-ке дейін), ұсақ бұзақылық  37,0 % (54-ден 34-ке дейін) төмендеді.
        Жергілікті полиция қызметімен 1117 қылмыс ашылды.  
         Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен 6436 тұлға профилактикалық есепке қойылды.
         Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қорғауға ұйымдар мен азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде. Полицияның қоғамдық көмекшісі ретінде 338 жұмыссыз азаматтар тартылуда. Аталған құрылымдар құқықбұзушылықтардың алдын-алуда тұрғындармен өзара ықпал етуде Ішкі істер органдарына көмегін көрсетеді.
Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауға 60 адам жұмылдырылып, ай сайын 30 мың теңге көлемінде айлық төленуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша кешенді жоспар әзірлеу 2016 жылғы мамыр           2016 жылғы 11 наурызда облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов «Облыс тұрғындары арасында адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары туралы» барлық мүдделі органдар қызметін қамтитын 32 тармақты кешенді жоспарды бекітті.
2015-2016 оқу жылында оқушыларда функционалды сауаттылық пен қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру бағытталған 53 ақпараттық-ағартушылық іс-шара өткізілді.
Сондай-ақ, облыс мектептерінде іс-шаралар аясында «Біз бақытты жанбыз!» атты 1 психологиялық апталық, 1 акция, 2 тақырыптық ата-аналар жиналысы: «Мектеп пен отбасының бала  тәрбиелеу  процесіндегі  қарым-қатынасы», «Ата-ана мен бала арасындағы коммуникативті ерекшеліктер».  4 дәріс: «Жасөспірімдер қарым-қатынасы», «Адам дамуының  биологиялық негіздері», «Репродуктивті денсаулық негіздері: моральді және әлеуметтік аспектілері», «Оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану әдістері», 1 фестиваль: «Психология ғажайып әлем», 2 байқау: «Мен және менің өнерім», «Өмірім менің тамаша!», 4 дискуссия, 5 пікірталас, 6 кездесу, 5 кеңес беру.
Аталған іс-шараларға 16000 адам қамтылды.    
Тапсырма орындалуда. 
Жарияланған күні: 2017-01-18 16:04:37

Наверх