РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 24.02.2016 жылғы №59 қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы (01.07.2016 жылға)

Іс-шаралар атауы Орындалу
мерзімі
Орындалуы
(жауап қазақ және орыс тілдерінде болуы керек, интернет ресурстарда жарияланатын болады)
  1.  
Байзақ ауданы Кеңес ауылына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу Жыл ішінде Байзақ ауданындағы 21 елді мекенді газдандыру жобасы бойынша ЖСҚ дайындауға тиісті қаражат (74,6 млн.теңге) ағымдағы жылдың сәуір айында бюджетті нақтылау барысында комиссияға ұсынылған. Комиссия тарапынан тиісті қаражат колдау таппады, келесі бюджетті нақтылау барысында жоба қайта ұсынылатын болады.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданы Жеміс-жидек ауылындағы бала-бақшаны күрделі жөндеу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама (17.06.2014ж. №08-0118/14) қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық құны 115 525,0 мың.теңгені құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 2016 жылға 112,0 млн.тг. қаржы бөлінді.
Бас мердігер «Айсері и К» ЖШС болып танылды.
Жөндеу жұмыстарының жүргізілу мерзімдері: 01.06.2016 жыл - 30.08.2016 жыл аралығы.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Сарысу ауданы Жайылма ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу Жыл ішінде
 
       Сарысу ауданы Жайылма ауылына ауысымына 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджет есебінен 93,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған болатын. Мемлекеттік сатып алу қорытындысының  нәтижесінде «СК Тараз Еврострой» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс-монтаждық жұмыстар ағымдағы жылдың 1 сәуірінен басталды, нысанның пайдаланылуға берілу мерзімі 2016 жылдың қазан айына белгіленген. Есепті кезеңге 47,0 млн.тг игерілген.           
        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Сарысу ауданы Досбол ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (24.04.2015ж. №08-0135/15), құрылыстың сметалық құны 304 237,0 мың.теңге.
 «Сарысу ауданы Досбол ауылынан 50 орындық негізгі мектеп құрылысын салу» нысанына 2016 жылға жергілікті бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС.
Объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыстың аяқталуы - 2017 жыл.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» жаңа автоматтандырылған газ реттеу станциясы (АГТС) құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар 2015 жылы шілде айында  облыстық бюджеттен 25,0 млн. тенге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалған. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімі 08.06.2016 жылы №19-0203/16 қорытындымен алынды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарын республикалық бюджеттен қаржыландыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігіне тапсырылды.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Жаңа 1000 орындық мектептің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан (№08-0331/15) өткізілген. Сметалық құны – 1 305,9 млн. теңге. 2016 жылы Ұлттық қордан  мектеп құрылысын жүргізуге  918,694 млн. теңге қарастырылды.
Мемлекеттік сатып алулар нәтижесінде бас мердігер болып «Арайстроймаркет» ЖШС танылған.
        Қазіргі уақытта техникалық қадағалаушыны анықтау бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (27.02.2014ж. №08-0042/14), күрделі жөндеудің сметалық құны 306 937,0 мың.теңге.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен 2016 жылға 300,788 млн.тг бөлінді.
19.04.2016 жылы мердігер аңықталған болатын, алайда Жамбыл облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясының 2016 жылғы 3 мамырдағы №ҚБИ-6-8/826 хатының негізінде мектептің күрделі жөндеу жұмысы тоқтатылды.
Қазіргі уақытта қайта конкурс жарияланып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Барысхан» алқабына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде 2016 жылы «Барысхан» алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 139,8 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, мердігер «АрмСтрой» ЖШС-мен жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
 
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Тұрақты Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу жүзеге асырылуда.
Осы бастамамен, өткен жылы Тараз қаласындағы №6 қалалық емханасын кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сенімгерлік басқарушы «Жаншуақ» медициналық орталығы болып табылады.
Медициналық орталық емхана қызметкерлерінің жұмыс орнын сақтай отырып, (269 адам), қосымша 21 жұмыс орнын ашты.
2015-2021 жылдар аралығында өз қаражаты есебінен 21,0 млн. және несиеге алатын 618,8 млн. теңге көлемінде инвестиция тартуға міндеттелген.
Осы жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында, «Жұмысшы тобын құру туралы» Жамбыл облысы әкімінің 2016 жылғы 17 мамырдағы №171-ө өкімі шыққан болатын.
Жұмысшы тобы Тараз қаласындағы №6 қалалық емхананың сенімгерлік басқаруға өткен тәжірибесін басшылыққа ала отырып, облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарын жекешелендіруге және сенімгерлік басқаруға беру мәселесін жан-жақты зерделейтін болады. Бүгінгі күнге жұмысшы тобы өз жұмысын жүргізуде.
2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса, бүгінгі күні 43 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істейді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2014 жылы-11, 2015 жылы-10 мектепке дейінгі білім мекемелері ашылса, бүгінгі күні  01.07.2016 жылы  280 орындық           5 балабақша ашылды.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыста сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту Тұрақты Бүгінгі таңда  облыста етті өңдеу және өндіруді дамыту бағытында  5 ірі инвестор тартылуда. Олар:
1. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша қуаттылығы  жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіретін ет комбинаты.
 Жоба «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен «ADEAS Development» компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылып, іске қосылды. Жобаның жалпы құны құны 2,5  млрд.теңге.
2. Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бодақылау кешенінің құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 гектар жер телімі жалға беріліп, бордақылау алаңының  құрылысы  жүргізуге қажетті құжаттар рәсімделуде.Жобаға тартылатын  инвестициялық қаржы  шамамен 10 млн. АҚШ. долл.
3. «Әулие ата Феникс» ЖШС құс фабрикасына     оңалту және жаңғырту бойынша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, сою алаңына қажетті қондырғылардың қымбаттауына байланысты іске қосылу мерзімі белгісіз мерзімге шегерілуде. Бүгінгі күнге   жобаға жұмсалған қаржы 2065 млн. теңге.
4. «Аса Даму» ЖШС құс еті өнімі, жылдық қуаттылығы  280 тонна ет, жобаның құны 1,8 млрд. теңге. Бүгінгі күні 5,5 км электор желісі тартылуда, газ, ауыз су бойынша қажетті құжаттар рәсімделуде, құс фабрикасының іске қосылуы  ағымдағы жылдың қазан айына жоспарланған. 
5. «Агро фирма Түрікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бодақылау кешені мен 5,0 мың бас мүйізді ірі-қара малына арналған репродуктор шаруашылық құру бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобаның жалпы құны 500 млн.теңге.
Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау мақсатында:
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мүйізді ірі қара малының 22 498 аналық басы мен ет аналық басы мен ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынып, 5 жылға белгіленген жоспар 136,9 % орындалды.
Ағымдағы жылы «Алтын асық» бағдарламасы арқылы облыста 20,7 мың бас қой сатып алу жоспарланған, нақты бүгінгі күнге 18 574 бас қой сатып алынып, жоспар 89,5 % орындалды.
«Құлан» бағдарламасы арқылы облыста 3 025  бас жылқы алу жоспарланған, нақты бүгінгі күнге 1 277 бас жылқы алынып, жоспар 42,2 % орындалуда.
2012 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін облыста сыйымдылығы 20,0 мың басқа арналған 23 бордақылау алаңы құрылып жұмыс атқаруда.
Облыста сүт кластерін дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен  ірі пилоттық жобаны іске асыру қолға алынуда.
Меркі ауданында тауарлы сүт өндірісін арттыра отырып сүт өнімдерін тереңдете өңдеуді  дамытуды Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша  құрамына 42 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылды. Бүгінгі күні,  кооперативке біріккен шаруашылықтарға асыл тұқымды сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малдарын алу бойынша және күндігіне 40,0 тонналық сүт өңдеу зауыты құрлысына қажетті жер телімі нақтыланып, құжаттар рәсімделуде.
Ауданда алдағы уақытта Өндірістік кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.
Бұдан бөлек ағымдағы жылы Жуалы ауданында күндігіне - 25 тонна,  Меркі ауданында - 15 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехтар іске қосылды.
Сонымен қатар, Т.Рысқұлов ауданында «Астана» шаруа қожалығы - 5 тонна, Талас ауданында ЖК «Zhuma»– 8 тонна сүт өңдейтін шағын цехтарды іске қосу бойынша дайындық жұмыстарын  жүргізуде.
     Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы Қарахан кесенесі маңындағы ортағасырлық мешітті қайта жаңғырту Жыл ішінде         Нысанды қайта жаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 36,0 млн.тг, бөлінген. Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Нысан ағымдағы жыл ішінде қайта жаңғыртылатын болады.
                Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында және басқа да тетіктерден бос қалған көпқабатты үйлерді жөндеп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беру мәселесін шешу Тұрақты Тараз қаласы бойынша 2016 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 2016 жылы «Арай» тұрғын алқабының тұрғын жай кешеніндегі 80 пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 3-ші белгі) құрылысына республикалық бюджеттен 571,8 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджет есебінен, Тараз қаласы 14 га "Арай" алқабы тұрғын үй кешеніне көп пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 1-ші белгі) құрылысын салуға – 337,828 млн. теңге, Талас ауданы Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға – 282,893 млн. теңге, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы, №1 шағын ауданындағы №35 тұрғын үйді қайта құруға – 202,715 млн. теңге бөлініп отыр.
 Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыс бойынша иесіз қалған электр желілерін анықтап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рәсімдеп, оларға уақтылы техникалық қызмет көрсету мәселесін шешу
 
 
Тұрақты Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінен алынған ақпаратқа сәйкес, бірқатар иесіз қалған электр желілер мен трансформаторлардың тізімі анықталды. Иесіз қалған электр желілердің жалпы көлемі – 110,1 км және 14 трансформаторлық қондырғыларды құрайды оның басты бөлігі 0,4 кВ электр беріліс желілерінің үлесінде.
  Иесіз қалған электр желілерді рәсімдеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 242 – баптың 3 тармағына сәйкес жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу Тұрақты       Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстарының Техникалық-экономикалық негіздемелері, «Каздорпроект» ЖШС жобалаушы мекемесі тарапынан толығымен жасалды. Бүгінгі таңда, жобаға  Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.  
      Тапсырма орындалуда.  
  1.  
Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы Қ.Рысқұлбеков ескерткішін қайта жаңғырту және төңірегін абаттандыру Тұрақты Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ауласында орнатылған «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбековтың ескерткішін қайта жаңғырту мен оның айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 3,0 млн. теңге, Бірлік ауылдық клубының алдына орнатылған Қ.Рысқұлбековтың ескерткішіне және клубтың айналасын абаттандыруға 3,6 млн. теңге қаржы бөлінді. Бүгінде ескерткішті қайта жаңғырту және төңірегін абаттандыру жұмыстары жүргізілуде
Тапсырма орындалуда.
  1.  
«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаулардың (субсидиялар) қолданыстағы заңнама талаптары аясында берілуін қамтамасыз ету Тұрақты Ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға 2016 жылы  7,5 млрд. теңге қаралып отыр.
Ағымдағы жылы егін шаруашылығын субсидиялауға 2,2 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде 1,2 млрд. теңгесі гектар бойынша субсидиялау. Гектар бойынша субсидиялаудың жойылуына байланысты, қаралған қаржының бір бөлігі мал шаруашылығына және инвестициялық салынымдар субсидиясына қайта бөлінеді.
Ағымдағы жылы қант қызылшасын сатып алу бағасы 14 теңгенің көлемінде межеленген (6 теңгесі республикадан  бөлінген субсидия болса 8 теңгесі қант орталығының сатып алу бағасы)
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімдерін ұлғайтуға  2,6 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы 2,9 млрд.теңге).
2016 жылы Инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін орнын өтеу бойынша 2,1 млрд.теңге субсидия бөлінді (2015 г. -  455,0 млн. теңге).
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Ауылды жерге келген жас мамандарға көтермеақының көлемін арттыру Тұрақты Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы №46-7 шешімімен облысымыздың ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге ағымдағы жылы жолдануға жоспарланған 64 жас маманға көтермеақы 300,0 мың теңгеден 800,0 мың теңгеге дейін арттырылып, осы көтермеақыны төлеуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы бюджетінде 51200,0 мың теңге қарастырылған.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына талдау жүргізіп, ескіргендерін есептен шығарып, жаңа автобустар алу мәселесін ұйымдастыру Тұрақты          Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңалау жыл сайын тиісті дәрежеде жүргізілуде. 2016 жылдың мамыр айында «ТаразТрансМоторс» ЖШС 7 дана «Паз 32054» маркалы және «СапарТранс 2012» ЖШС 15 дана «Dong Feng» маркалы орташа сыйымдылықты автобустарын сатып алды. 
        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы аумағындағы жабайы және жайма базарларды жою Жыл ішінде        Тараз қаласының аумағында заңсыз сауданы болдырмау мақсатында қалалық әкімдіктің жанынан құрылған жұмысшы тобы жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі кездейсоқ сауда орындарымен жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде каладағы ірі (5) бес заңсыз сауда ошақтарының (2) екеуі ретке келтірілді.
      2016 жылдың басынан бері   Тараз қаласы аумағында ҚР ӘҚБтК 204-бабымен «көрсетілмеген орындарда сауда жасау» деректерімен 1232  әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған, оның ішінде 1181 тұлғаға ескерту, 51 тұлғаға  хаттама толтырылып, 2163420 теңге айыппұл салынған.
     Сауда ережесін бұзуға жол беретін азаматтардың көбісі аз қамтылған отбасылар,  қариялар, мүгедек адамдар. Оларға жергілікті полиция қызметі инспекторлары тарапынан көрсетілмеген орындарда сауда жасау деректері заңсыз екені туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.
          Тапсырма орындалуда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру
 
Жыл ішінде 2016 жылы жалпы құны 15,7 млрд. тенгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарлануда, 380 жаңа жұмыс орыны ашылуда:
2016 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 4,6 млрд. тенгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылды, 235 жаңа жұмыс орыны ашылды:
1."ЦАСК " ЖШС Мерке филиалы – «Шырын тазалайтын цехтың қайта жанғырту» Жобаның құны 698 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 101 мың тонна. Жоба бойынша 18 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылдың 6 ақпанында жоба іске қосылды.
2.«Луговской конный завод" ЖШС – «Малшаруашылықтарға қоспажем шығаратын зауыттын құрылысы» Жобаның құны 435,6 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 2700 тонна. Жоба бойынша 4 жаңа жұмыс орын ашылды. 2016 жылдың 4 сәуірінде жоба іске қосылды.
3.«Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС – «Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өнімдер өндірісін салу». Жобаның құны – 2560 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 1757 тонна ет өнімдері. Жоба бойынша 153 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2016 жылдың 18 мамырда жоба іске қосылды.
4.«KazMiya» ЖШС - «Мія тамырын қайта өндеу зауыты» Жобаның құны 900 млн. тенге. Жобаның жылдық қуаттылығы 300 тонна. Жоба бойынша 60 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаны іске қосу мерзімі 2013 – 2016 жж. Серіктестік жобаны жабдықтауыды құрамдауы өз күшімен қаржыландырады.
2016 жылдың екінші жартыжылдығында құны 11,1 млрд. теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылуда, 145 жаңа жұмыс орыны ашылуда:
5. «Жамбылгипс» АҚ-ы – «№3 зауытын құрылысы, гипс және гипс өнімдерін өндрісін кенейту және жаңа цехтардын құрылыстары». Жобаның құны – 1715,0 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы – 270,0 мың тонна құрғақ құрылыс қоспаларды және гипсті бұйымдарды өндіру. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Іске қосу жоспары 2016ж. екінші жартыжылдығы.
Облыс әкімдігі тарапынан «БЖК 2020» бағдарламасы аясында бірқатар инфрақұрылымдар жүргізіліп, газ – 5,663 млн.тг, электрмен жабдықтау – 80,274 млн.теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілді
6.«Мерке ет» ЖШС – «Ет өнімдерінің консервілеу, шұжық өнімдерінің және сиыр ет өнімдерінің өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асыруда. Жобаның құны 620 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы консервіленген құтылар 262 мың банкі және 250 тонна ет өнімдері. Жоба бойынша 50 жаңа жұмыс орындары ашылады. Жобаны іске қосу жоспары 2016ж. екінші жартыжылдығы.
7."Казфосфат" "Минералды тыңайтқыштар" ЖШС ТФ – «ЭФҚ-1 технологиялық жүйесін қайта құруы, экстракционнық фосфор қышқылын өндіруі. 1 кезең» Жобаның құны 8200 млн.теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 220 мың тонна Р2О5. Жоба бойынша бар штаттан жаңа жұмыс орындарға алу. Жобаны іске қосу мерзімі 2016ж. екінші жартыжылдығы.
8."Багул" ЖШС – «Дәнекерлеу электродты шығару өндріс қуаттылығын кенейту» Жобаның құны 585,5 млн. теңге. Жобаның жылдық қуаттылығы 2 мың.тонна. Жоба бойынша 45 жаңа жұмыс орындары ашылуы жоспарлануда. Жобаны іске қосу жоспары 2016ж. екіншіі жартыжылдығы.
         Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жарықтандыру жұмыстарында жаппай энергия үнемдегіш технологияларға көшу жолдарын қарастыру Тұрақты Бүгінгі күнге Тараз қаласының көше жарығына автоматтандырылған басқару жүйесін орнату бойынша ТОО «Гринтек» ЖШС-нің бір қатар ұсыныстары қарастырылып зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, қайта айналымға қосу жұмыстарын жандандыру
 
Тұрақты  Жер қорын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыс бойынша барлығы 591,2 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталған. Оның ішінде егістік жерлер 201,9 мың гектарды құрайды.     
Қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 547,4 мың гектары немесе 93 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік жерлер 176 мың гектарды құрайды.
Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 538,5 мың гектар. Оның ішінде егістік жерлер 151,3 мың гектар жерді құрайды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу және жерді  ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар басты назарда.
Тапсырма орындалуда.
  1.  
Өңірлерде қант қызылшасын өсіру жұмыстарын кеңейту
 
Тұрақты Биыл қант қызылшасын 9,5 мың гектарға егу жоспарланған. Саланы жандандыру үшін үстіміздегі жылы қант қызылшасын өсіруге облыстық бюджеттен 420,0 млн. теңге қаралды. Оның  220,0 млн. теңгесіне 6 мың гектарға есептелген 9,0 мың себу бірлігін (посевня единица) құрайтын қант қызылшасы дақылының тұқымын сатып алуға жұмсалса, ал, қалған 200,0 млн. теңге қант қызылшасы техникасын сатып алуға бағытталған.
Бүгінгі күнге  9,5 мың га алқаптың 5,637 мың га жерге егіліп, орындалуы 59,3 пайызды құрап отыр. Қант қызылшасы тұқымы 9000 себу бірлігінен бүгінгі күнге алынғаны 5174 себу бірлігі, орындалуы 57,5 пайыз.
         Есепті кезеңге 151,69 млн. теңгеге 30 дана қант қызылшасы техникасы сатып алынған.
        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Өңірде қылмыстардың алдын алудың, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп, ең тиімді модельдерін қолдану Тұрақты  2016 жылдың 6 айында облыс әкімінің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия кеңесінің 2 отырысы өтті. Аталған кеңесте құқық қорғау органдарына, оның ішінде облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметіне қылмыстардың алдын алудың, өңірдегі қылмыстардың өсуіне, оның ішінде мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеу мақсатында тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып, тіркелген қылмыстардың ашылуына бағытталған кешенді шаралар әзірлеп, жүзеге асыру, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп және ең тиімді модельдерін қолдану, мүлікті қылмыстарға қарсы күресте пәрменді шаралар қабылдау арқылы, олардың ашылуы үшін ішкі істер органдарының жедел қызметтерінің жұмысын жандандыру, ұрланған мүліктің сатылуына жол бермеу шараларын қолдану туралы тапсырмалар берілді.
Жергілікті полиция қызметімен өңірде криминогендік жағдайын жақсарту мақсатында «Құқықтық тәртіп», «Шартты», «Есеп», «Жасөспірім», «Отбасы және мектеп» ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
         Ағымдағы жылдың 6 айында жергілікті полиция қызметімен 96243 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, 813 қылмыс ашылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы қылмыстар 9,3 пайызға төмендеді. Ауырлығы орташа қылмыстар 4 пайызға, қоғамдық орындарда жасалынған қылмыстар 2 пайызға төмендеді.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша кешенді жоспар әзірлеу 2016 жылғы мамыр           2016 жылғы 11 наурызда облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов «Облыс тұрғындары арасында адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары туралы» барлық мүдделі органдар қызметін қамтитын 32 тармақты кешенді жоспарды бекітті.
Тапсырма орындалуда.
 
Жарияланған күні: 2017-01-18 16:04:17

Наверх