РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 24.02.2016 жылғы №59 қаулымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы (01.04.2016 жылға)

Іс-шаралар атауы Орындалу
мерзімі
Орындалуы
(жауап қазақ және орыс тілдерінде болуы керек, интернет ресурстарда жарияланатын болады)
  1.  
Байзақ ауданы Кеңес ауылына газ құбырын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу Жыл ішінде Байзақ ауданындағы 21 елді мекендерін газдандыру жобасы бойынша ЖСҚ дайындауға тиісті қаражат (74,6 млн.теңге) ағымдағы жылдың сәуір айында бюджетті нақтылау барысында қаралатынын болады.
 
  1.  
Меркі ауданы Жеміс-жидек ауылындағы бала-бақшаны күрделі жөндеу Жыл ішінде
 
Мемлекеттік сараптама (17.06.2014ж. №08-0118/14) қорытындысы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарының сметалық құны 115 525,0 мың.теңгені құрайды.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында 2016 жылға 112,0 млн.тг қаржы бөлінді.
Бас мердігер «Айсері и К» ЖШС болып танылды.
Құрылыстың жүргізілу мерзімдері: 15.05.2016 жыл -
15.09.2016 жыл аралығы.
  1.  
Сарысу ауданы Жайылма ауылына дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу Жыл ішінде
 
       Сарысу ауданы Жайылма ауылына ауысымына 20 келушіге арналған дәрігерлік амбулатория құрылысын жүргізу мақсатында, 2016 жылға облыстық бюджет есебінен 93,5 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждық жұмыстарына мемлекеттік сатып алу қорытындысының  нәтижесінде «СК Тараз Еврострой» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын ағымдағы жылдың
1 сәуірінен бастау жоспарлануда.
  1.  
Сарысу ауданы Досбол ауылына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (24.04.2015ж. №08-0135/15), құрылыстың сметалық құны 304 237,0 мың.теңге.
 «Сарысу ауданы Досбол ауылынан 50 орындық негізгі мектеп құрылысын салу» нысанына 2016 жылға бюджеттен 100 млн. теңге бөлінді, нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.
Бас мердігер «ТаразСтрой-2004» ЖШС.
Объектіде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыстың аяқталуы: 2017 жыл.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданындағы «Ақыртөбе» жаңа автоматтандырылған газ реттеу станциясы (АГТС) құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар 2015 жылы шілде айында  облыстық бюджеттен 25,0 млн. тенге қаражат бөлініп, ЖСҚ дайындалған. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға «Мемсараптама» мекемесімен келісімшарт жасалып, жоба қаралуда. Жобаның аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың сәуір айы.
  1.  
Тараз қаласы «Салтанат» шағын ауданындағы апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа мектеп құрылысын жүргізу 2016-2017 жылдар Жаңа 1000 орынды мектептің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан (№08-0331/15) өткізілген. Сметалық құны – 1 305,9 млн. теңге. 2016 жылы Ұлттық қордан  мектеп құрылысын жүргізуге  918,694 млн. теңге қарастырылды.
        Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде
 
 
  1.  
Тараз қаласындағы №7 мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде
 
№7  мектеп-гимназиясына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес (27.02.2014ж. №08-0042/14), күрделі жөндеудің сметалық құны 306 937,0 мың.теңге.
Күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының аясында жергілікті бюджет есебінен 2016 жылға 300,788 млн.тг қаржы бөлінді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жөндеу жұмыстары 2016 жылдың сәуір-қыркүйек айларында атқарылады.
  1.  
Тараз қаласы «Барысхан» алқабына жол жөндеу жұмыстарын жүргізу Жыл ішінде 2016 жылы «Барысхан» алқабының жолдарына қиыршық тас төсеу жұмыстарын аяқтау үшін облыстық бюджеттен 139,8 млн. теңге қаржы бөлінді, мердігер «АрмСтрой» ЖШС-і жөндеу жұмыстарын мамыр айынан бастап жүргізуді жоспарлап отыр.
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Тұрақты Жамбыл облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мақсатында жекеменшік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерге корпоративтік басқаруды енгізу жүзеге асырылуда.
Осы бастамамен, өткен жылы Тараз қаласындағы №6 қалалық емханасын кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Сенімгерлік басқарушы «Жаншуақ» медициналық орталығы болып табылады. Ағымдағы жылы кейіннен сатып алу құқығымен 6 денсаулық сақтау ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру жоспарлануда.
2010 жылға дейін облыста 2 жекеменшік балабақша болса, бүгінгі күні 39 жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелері жұмыс істейді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде 2014 жылы-11, 2015 жылы-10 мектепке дейінгі білім мекемелері ашылса, биылғы жылы 1105 орынға арналған 11 балабақшаны ашу жоспарлануда.
  1.  
Облыста сүт және ет өнімдерін өндіру және қайта өңдеу өндірісін дамыту Тұрақты Бүгінгі таңда етті өңдеу және өндіруді дамыту үшін 5 ірі инвестор тартылуда:
1. Жамбыл ауданында «Халал» стандарты бойынша жылына 1757 тонна ет өнімдерін өндіру. Жоба «Оңтүстік Халал Тағамдары» ЖШС-мен «ADEAS Development» компаниясы БАЭ инвесторымен жүзеге асырылуда. Жобаның құны 2,5 млрд.теңге, иегрілгені 1,8 млрд.теңге.
2. Меркі ауданында Малайзиялық инвестордың қатысуымен 3 мың бас мүйізді ірі қара малға арналған «Agrostanferms» ЖШС бодақылау кешенінің құрылысы. Жоба бойынша мерзімі 49 жылға 200 гектар жер телімі жалға берілді. Құрылыс жұмыстары 2016 жылдан басталуы жоспарлануда. Инвестициялық құны шамамен 10 млн. АҚШ. долл.
3. «Әулие ата Феникс» ЖШС құс фабрикасының оңалту және жаңғырту, жобаның құны 1 376,2 млн теңге.
4. «Аса Даму» ЖШС құс еті өнімі, қуаттылығы жылына 280 тонна ет, жобаның құны 1,8 млрд. теңге.
5. «Агро фирма Турікпен» ЖШС 3,0 мың бас мүйізді ірі-қара малға арналған бодақылау кешені және 5,0 мың бас мүйізді ірі-қара мал шаруашылық репродуктор жобасының құрылысы жүзеге асырылуда. Жобаның құны 500 млн.теңге.
Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау мақсатында:
«Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін мүйізді ірі қара малының  20 205 аналық басы мен ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа сатып алынып, 5 жылға белгіленген жоспар 125,4 % орындалды.
 «Алтын асық» бағдарламасы арқылы облыста 16,0 мың бас қой сатып алу жоспарланған, нақты бүгінгі күнге 24 918 бас қой сатып алынып, жоспар 155,7 % орындалды.
«Құлан» бағдарламасы арқылы облыста 2,0 мың бас жылқы алу жоспарланған, нақты бүгінгі күнге 2317 бас жылқы алынып, жоспар 115,9 %-ға орындалуда.
2012 жылдан бастап, бүгінгі күнге дейін облыста сыйымдылығы 17 998 мың басқа арналған 23 бордақылау алаңы құрылып жұмыс атқаруда.
 
Сүт өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен облысымызда ірі пилоттық жобаны іске асыру қолға алынуда.
Меркі ауданында сүт кластерін дамытуды Жаңазеландиялық «Fonterra» және Даниялық «Arla» бағдарламары бойынша кооперативтерге шаруашылықтарды біріктіру мақсатында Меркі ауданында құрамына 40 шаруашылық біріккен «Меркі өнімдері» өндірістік кооперативі құрылыды.
Ауданда алдағы уақытта Өндірістік кооператив төңірегінде 70-200 басқа дейін асыл тұқымды сауын сиыры бар сүт-тауарлы фермалары құрылатын болады, кооператив олардың төңірегіндегі сүт өндірушілерді, мал азығын дайындаушыларды ұйымдастыра отырып дайын өнімді өткеру жұмыстарымен айналысатын болады.
2015 жылы Шу ауданындағы «Айшот» шаруа қожалығы мен Байзақ  ауданындағы «Ағали» шаруа қожалығының сүт өнімдерін өңдеп шығаратын цехы іске қосылды.
Бұдан бөлек ағымдағы жылы Жуалы ауданында күндігіне - 25 тонна,  Т.Рысқұлов ауданында - 5 тонна, Меркі ауданында - 15 тонна сүт өнімдерін өңдейтін шағын цехтарды іске қосу жоспарлануда.     
  1.  
Тараз қаласы Қарахан кесенесі маңындағы ортағасырлық мешітті қайта жаңғырту Жыл ішінде         Нысанды қайтажаңғырту жұмыстарына облыстық бюджеттен 36,0 млн.тг, бөлінген. Бүгінгі таңда уәкілетті органдар тарапынан конкурстық құжаттары әзірленуде. Нысан ағымдағы жыл ішінде қайта жаңғыртылатын болады.
  1.  
«Қолжетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы аясында және басқа да тетіктерден бос қалған көпқабатты үйлерді жөндеп, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беру мәселесін шешу Тұрақты Тараз қаласы бойынша 2016 жылы «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен 2016 жылы «Арай» тұрғын алқабының тұрғын жай кешеніндегі 80 пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 3-ші белгі) құрылысына республикалық бюджеттен 571,8 млн. теңге бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті бюджет есебінен, Тараз қаласы 14 га "Арай" алқабы тұрғын үй кешеніне көп пәтерлі тұрғын үй (№3 жер телімі, 1-ші белгі) құрылысын салуға – 337,828 млн. теңге, Талас ауданы Қаратау қаласы 3 мөлтек ауданындағы №51 тұрғын үйді қайта жаңғыртуға – 282,893 млн. теңге, Сарысу ауданы Жаңатас қаласы, №1 шағын ауданындағы №35 тұрғын үйді қайта құруға – 202,715 млн. теңге бөлініп отыр.  
  1.  
Облыс бойынша иесіз қалған электр желілерін анықтап, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес рәсімдеп, оларға уақтылы техникалық қызмет көрсету мәселесін шешу
 
 
Тұрақты Тараз қаласы және аудан әкімдіктерінен алынған ақпаратқа сәйкес, бірқатар иесіз қалған электр желілер мен трансформаторлардың тізімі анықталды. Иесіз қалған электр желілердің жалпы көлемі – 110,1 км және                           14 трансформаторлық қондырғыларды құрайды оның басты бөлігі 0,4 кВ электр беріліс желілерінің үлесінде және облыстың келесі аймақтарында тіркелген:
Әділет басқармасында иесіз желілерді тіркеуге өткізген аудандар:
  • Талас ауданы бойынша – 7,0 км (Қаратау қаласы дачный массив «Флора» ВЛ-0,4 кВ – 5 км және дачный массив «Строительный» - 2 км. Бүгінгі күнге аудан әкімдігімен Әділет басқармасымен тіркеуге алынған).
  • Т.Рысқұлов ауданы бойынша – ВЛ-0,4 кВ -1,9 км, (Ақыртөбе - 0,7 км, Малдыбай – 1,2 км электр желілері.
  • Мойынқұм ауданы бойынша – 0,4 кВ - 39,6 км (Мынарал ауылында – 14 км және 4 дана КТПН, Ақсүйек ауылы 0,4 кВ– 12,8 км Мирный ауылы 0,4 кВ – 12,8 км).
  • Меркі ауданы бойынша – ВЛ-0,4 кВ - 46,5 км (Меркі ауылы Әділет басқармасында тіркелген).
Әділет басқармасында иесіз желілерді тіркемеген аудандар:
  • Байзақ ауданы бойынша – ВЛ 0,4 кВ - 14,5 км, (Сарыкемер ауылдық округінде 14,5 км электр желілер және 8 трансформаторлық қондырғылар, Ботамойнақ ауылдық округінде 2 трансформаторлық қондырғы тіркелген.
  • Қордай ауданы бойынша – ВЛ-0,4 кВ - 0,600 км (Красногор ауылдық округі.
  Иесіз қалған электр желілерді рәсімдеу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 242 – баптың 3 тармағына сәйкес жүргізіледі.
  Иесi жоқ жылжымайтын заттарды олар табылған аумақтағы республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының өтініші бойынша жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Жергілікті атқарушы орган иесi жоқ жылжымайтын зат есепке алынған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiнеді.
  Егер меншік иесі бұл туралы жариялау арқылы меншік құқығынан бас тартқан жағдайда, жергілікті атқарушы орган бас тарту туралы жарияланған кезден бастап бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талаппен сотқа жүгiнеді.
        Коммуналдық меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады.
       Мемлекеттік меншікке түскен мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
 Бүгінге бір қатар жоғарыда аталған аудан әкімдіктері тарапынан иесіз тұрған электр желілерінің жер актілері жасалып, әділет басқармасына тіркеуге қойылған. Электр желілері иесіз болып танылғаннан кейін, аудандық сотқа шағымдану жұмыстары жүргізіледі. Сот шешіміне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне қабылданады.
 Сонымен қатар, теңгерімге қабылданған желілер мен қондырғыларға ақаулық Актісі жасалып, соның негізінде (қажет болса) қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі және әрі-қарай техникалық қызмет көрсету үшін арнайы мамандандырылған мекемелерге (Аудандық электр желілері, «ЖЭЖ» ЖШС) өткізілетін болады.
 Бұл бағыттағы қабылдау жұмыстары басқарманың бақылауына алынып, түсіндірме жұмыстары тұрақты негізде жүргізіліп отырады.
  1.  
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу Тұрақты       Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шақырым аралығында қайта жаңғырту жұмыстарының Техникалық-экономикалық негіздемелері, «Каздорпроект» ЖШС жобалаушы мекемесі тарапынан толығымен жасалды. Бүгінгі таңда, жоба Мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.     
  1.  
Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылындағы Қ.Рысқұлбеков ескерткішін қайта жаңғырту және төңірегін абаттандыру Тұрақты Бірлік ауылындағы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің ауласында орнатылған «Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбековтың ескерткішін қайта жаңғырту мен оның айналасын абаттандыру жұмыстарын жүргізуге 3,0 млн. теңге, Бірлік ауылдық клубының алдына орнатылған Қ.Рысқұлбековтың ескерткішіне және клубтың айналасын абаттандыруға 3,6 млн. теңге қаржы бөлініп, игерілуде.
  1.  
«Агробизнес 2020» бағдарламасы аясындағы мемлекеттік қолдаулардың (субсидиялар) қолданыстағы заңнама талаптары аясында берілуін қамтамасыз ету Тұрақты Ауыл шаруашылығы кешенін қолдауға  2016 жылы  7,5 млрд. теңге қаралып отыр.
Ағымдағы жылы егін шаруашылығын субсидиялауға 2,2 млрд. теіге бөлінді, оның ішінде 1,2 млрд. теңгесі гектар бойынша субсидиялау. Гектар бойынша субсидиялаудың жойылуына байланысты, қаралған қаржының бір бөлігі мал шаруашылығына және инвестициялық салынымдар субсидиясына қайта бөлінеді.
Ағымдағы жылы қант қызылшасын сатып алу бағасы 14 теңгенің көлемінде межеленген (6 теңгесі республикадан  бөлінген субсидия болса 8 теңгесі қант орталығының сатып алу бағасы)
2016 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға және мал шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімдерін ұлғайтуға  2,6 млрд. теңге бөлінді (2015 жылы 2,9 млрд.теңге).
2016 жылы Инвестициялық салынымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін орнын өтеу бойынша 2,1 млрд.теңге субсидия бөлінді (2015 г. -  455,0 млн. теңге).
  1.  
Ауылды жерге келген жас мамандарға көтермеақының көлемін арттыру Тұрақты Жамбыл облыстық мәслихатының 2016 жылғы 24 ақпандағы №46-7 шешімімен облысымыздың ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге ағымдағы жылы жолдануға жоспарланған 64 жас маманға көтермеақы 300,0 мың теңгеден 800,0 мың теңгеге дейін арттырылып, осы көтермеақыны төлеуге облыстық денсаулық сақтау басқармасының 2016 жылғы бюджетінде 51200,0 мың теңге қарастырылған.
  1.  
Облыс орталығында жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық жағдайына талдау жүргізіп, ескіргендерін есептен шығарып, жаңа автобустар алу мәселесін ұйымдастыру Тұрақты Тараз қаласында жолаушылар тасымалдайтын автобустарды жаңалау жыл сайын тиісті дәрежеде жүргізілуде. 2016 жылы 100 бірлікке жуық автобус алу және 6 бағыттағы ескірген автобустарды ауыстыру жоспарланып отыр.
 
  1.  
Тараз қаласы аумағындағы жабайы және жайма базарларды жою Жыл ішінде Тараз қаласының аумағында заңсыз сауданы болдырмау мақсатында қалалық әкімдіктің жанынан құрамына облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы, Тараз қаласының ІІБ-ның және облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізілген жұмысшы топ құрылған. Бүгінде аталған жұмысшы топ мүшелері апта сайынғы негізде облыс орталағындағы бейберекет сауданы жою бойынша жұмыс жүргізуде.
2016 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен облыс аумағында ҚР ӘҚБтК 204-бабымен «көрсетілмеген орындарда сауда жасау» деректерімен 633 (2015 жылы - 388) әкімшілік құқық бұзушылық анықтаған, оның ішінде 313 (2015 жылы - 173) облыс орталығы Тараз қаласы аумағында анықталған.
Сауда ережесін бұзуға жол беретін азаматтардың көбісі аз қамтылған қариялар, мүгедек адамдар. Оларға учаскелік полиция инспекторлары тарапынан көрсетілмеген орындарда сауда жасау деректері заңсыз екені туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілуде.
 
 
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру
 
Жыл ішінде Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының  2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 553,3 млрд. теңгені құрайтын 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске қосылу кезеңінде 5,5 мың жаңа жұмыс орындар ашылуы жоспарлануда.
2015 жылы жалпы құны 30,5 млрд. тенгені құрайтын 6 инвестициялық жоба іске асырылды, 425 жаңа жұмыс орны ашылды.
  1.  «Полиэтилен-Агро» ЖШС - 2015 жылдың 30 маусымда жоба іске қосылды. Жоспарланған қуатты игеруі 100%.
Мемлекеттік қолдау шаралары:   «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 40,6 млн. теңгеге – жол салу, газдандыру, электр желісі және су құбыры тартылды.  
  1. «Әулие -Ата Феникс» ЖШС - 2015 жылдың 04 желтоқсанында жоба іске қосылды. Кәсіпорын жылдың аяғында іске қосылған себебінен, жоспарлық қуаттын игеруін 2016ж. 3 тоқсанынан бастап көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шаралары: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 584,0 млн. теңгеге – газдандыру, кәріз жүйесі және су құбыры тартылды.
  1. «Golden Compass Capital» АҚ – 2015 жылдың 28 желтоқсанында жоба іске қосылды. Кәсіпорын жылдың аяғында іске қосылған себебінен, жоспарлық қуаттын игеруін 2016ж. 2 тоқсанынан бастап көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шаралары: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 300,0 млн. теңгеге қолдау көрсетілді. 
  1. «Жамбыл Недр» ЖШС - 2015 жылдың 24 желтоқсанында жоба іске қосылды. Кәсіпорын жылдың аяғында іске қосылған себебінен, жоспарлық қуаттын игеруін 2016ж. 3 тоқсанынан бастап көрсетіледі.
Мемлекеттік қолдау шаралары: «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың
бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша 138,5 млн. теңгеге  электр желісі тартылды.  
  1. «Burnoye Solar-1» ЖШС - 2015 жылдың 25 сәуірінде  іске қосылды. Жоспарланған қуатты игеруі 100%.
Мемлекеттік қолдау шаралары: 5 гектар жер телімі ұзақ мерзімді пайдалану үшін бөлінді.
  1. «Тараз-көлік жолы» ЖШС - 2015 жылдың 29 маусымда іске қосылды. Кәсіпорының қызметі маусымдық сипатта болған сон, жоспарланған құаттың игеруін Жамбыл облысы статистика департаментімен бір рет жылдын аяғында көрсетіледі.
        Мемлекеттік қолдау шаралары: Шамамен 150 гектар жер телімі ұзақ мерзімді пайдалану үшін бөлінді. Жуалы ауданы әкімдігі тарапынан кәсіпорынға баратын кіре беріс жол салынып берілді.
          2016 жылы жалпы құны 15,4 млрд. тенгені құрайтын 8 инвестициялық жобаның іске асырылуы жоспарланған. 380 жаңа жұмыс орнының ашылуы күтілуде.
  1.  
Жарықтандыру жұмыстарында жаппай энергия үнемдегіш технологияларға көшу жолдарын қарастыру Тұрақты Бүгінгі күнге Тараз қаласының көше жарығына автоматтандырылған басқару жүйесін орнату бойынша ТОО «Гринтек» ЖШС-нің бір қатар ұсыныстары қарастырылып зерделеу жұмыстары жүргізілуде.
  1.  
Пайдаланусыз жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып, қайта айналымға қосу жұмыстарын жандандыру
 
Тұрақты Жер қорын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыс бойынша барлығы 591,2 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталған. Оның ішінде егістік жерлер 201,9 мың гектарды құрайды.     
Қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 547,4 мың гектары немесе 93 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік жерлер 176 мың гектарды құрайды.
Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 538,5 мың гектар. Оның ішінде егістік жерлер 151,3 мың гектар жерді құрайды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу және жерді  ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар басты назарда.
 
  1.  
Өңірлерде қант қызылшасын өсіру жұмыстарын кеңейту
 
Тұрақты Биыл қант қызылшасын 9,5 мың гектарға егу жоспарлануда. Саланы жандандыру үшін үстіміздегі жылы қант қызылшасын өсіруге облыстық бюджеттен 420,0 млн. теңге қаралды. Оның  220,0 млн. теңгесіне 6 мың гектарға есептелген 9,0 мың себу бірлігін (посевня единица) құрайтын қант қызылшасы дақылының тұқымын сатып алуға, ал, қалған 200,0 млн. теңге қант қызылшасы техникасын сатып алуға жұмсалады.
  1.  
Өңірде қылмыстардың алдын алудың, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп, ең тиімді модельдерін қолдану Тұрақты        2016 жылдың 5 наурызында облыс әкімінің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық комиссия кеңесінің отырыс өтті. Аталған кеңесте құқық қорғау органдарына, оның ішінде облыстық ішкі істер департаменті мен жергілікті полиция қызметіне қылмыстардың алдын алудың, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеу бойынша өңірде қылмыстардың өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті деңгейде профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырып, тіркелген қылмыстардың ашылуына бағытталған кешенді шаралар әзірлеп, жүзеге асыру, мал және пәтердегі ұрлыққа жол бермеудің басқа да оңды тәжірибелерін зерделеп және ең тиімді модельдерін қолдану туралы тапсырмалар берілді.
       Осы орайда облыс аумағында қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуда, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау деректеріне тосқауыл қоюда Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция қызметімен облыс аумағында құқық бұзушылық профилактикасының 2016-2018 жылдарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған өңірлік  бағдарламасы әзірленіп, тиісті органдармен келісілуде.
  1.  
Кәмелетке толмағандардың арасындағы тәрбие жұмыстарын күшейту бойынша кешенді жоспар әзірлеу 2016 жылғы мамыр           2016 жылғы 11 наурызда облыс әкімінің орынбасары Е.Манжуов «Облыс тұрғындары арасында адамгершілік-рухани, отбасылық тәрбиені насихаттау және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары туралы» барлық мүдделі органдар қызметін қамтитын 32 тармақты кешенді жоспарды бекітті.
 
 
Жарияланған күні: 2017-01-18 16:03:59

Наверх