РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі облыс әкімдігінің 26.02.2015 жылғы №27 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының орындалу барысы

Облыс әкімінің 2014 жылдың қорытындысы бойынша 2015 жылдың ақпан айында халық алдындағы есебі кезінде облыс тұрғындарын толғандырып жүрген өтініш-тілектердің 27-сі арнайы іс-шаралар жоспарына енгізіліп, бақылауға алынса, шешілуі орталық мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтер мен компаниялардың құзіретіне жататын мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарастыру үшін жолданды. Бұл мәселелер негізінен елді мекендерге ауыз су жүйесін жүргізу мен газ құбырларын тарту, жол жөндеу, мектептер мен бала-бақша, емханалар мен медпункттер құрылыстарын жүргізу, каналдарды жөндеу бағытында болды.
Бақылауға алынған іс-шаралардың ішінен түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген 18 мәселе бақылаудан алынса, қалғандары кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Атап айтар болсақ, Байзақ ауданы, Тегістік - Көкбастау ауылдары арасындағы жол, Т.Рысқұлов ауданы, Қорағаты - Тәтті ауылдары арасындағы жол, Жуалы ауданы, Шақпақата ауылы мен Ынтымақ ауылы арасындағы жол,  Тараз қаласындағы «Қарахан баба» кесенесіне баратын Төле би даңғылынан Байзақ батыр көшесіне дейінгі жол, республикалық маңыздағы Меркі – Шу – Бурылбайтал автожолының Шу ауданына кіре беріс және аудан орталығынан шығатын жолдарын жөндеу жұмыстары өз шешімін тауып, бүгінде жолдар жөнделді. Тараз қаласында каналдарды тазарту, арықтарды қайта қалпына келтіру жұмыстары, Меркі ауданы, Ақарал ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеу   жұмыстары   атқарылды.   Талас ауданы,    Қаратау   қаласының    ішкі көшелерін, Мойынқұм ауданы, Бірлік-Мойынқұм - Ұланбел автожолын  және Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылынан балабақша құрылысын жүргізу бойынша қаржыландыру мәселесі шешіліп, бүгінде тиісті құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Өңірдегі су үнемдеу технологиялары жоспарланған 7,0 мың гектардың орнына 8,147 мың гектар алқапқа орнатылды.
Барлық сауда желілерінде отандық тауарлар секциясын құру жұмыстарын  белсенді жүргізу мақсатында облыста 200 сауда нысандарында, оның ішінде 10 супермаркет, 17 сауда базары, 173 сауда үйі мен дүкендердегі отандық тауарлар орналасқан сөрелердің жанына «Қазақстанда жасалған» логотиптері орнатылды. Сонымен қатар, «Қазақстандық тауарды таңдағаның, Отандық өндірушіні қолдағаның!» атты баннерлер облыс орталығындағы ірі сауда үйлері, супермаркеттер мен базарлардың кіре беріс қабырғаларына ілінді.
Облыстық орман қоры аумағында мекендейтін зиянкес жыртқыш аңдардың (қасқыр т.б.) санын реттеу  мақсатында 2015 жылға «Жануарлар дүниесін қорғау» облыстық бюджеттік бағдарлама шеңберінде 5,0 млн. теңге бөлініп, облыстық уәкілетті органдар тарапынан есепті кезеңге облыс көлемінде 382 дарақ зиянкес жыртқыш аңдар жойылған. Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттерден де 30,2 млн. теңге бөлініп, 23218 иттер мен мысықтар ауланып, жойылған.
Республика көлемінде 12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы 4 шілдедегі №263 бұйрығына сәйкес, бастауыш білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен оқу бағдарламаларын сынақтан өткізетін 30 пилоттық мектептер тізіміне  Тараз қаласындағы А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназиясы мен Т.Рысқұлов ауданындағы №1 мектеп-лицейі енгізілген. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап аталған мектептердің 1 сыныптарында жаңа стандартқа сай әзірленген оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер, жаңартылған мазмұндағы оқу жоспарлары мен бағдарламалар сынақтан өткізілуде.
 Тараз қаласындағы жаңа алқаптарға қажетті инфрақұрылымдарды (газ тарту, жол салу, электр қуаты мен байланыс желілері) тұрғын алқаптарға жүргізу жұмыстары жүргізілуде.
«Арай» тұрғын алқабын сумен, газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізіліп, пайдалануға берілді.
«Арай» тұрғын алқабын электрмен қамтамасыз етудің екінші кезеңі және қиыршық тас жолының жобалау сметалық құжаттары дайындалуда.
«Ақжол» алқабын электрмен қамтамасыз ету құрылысы аяқталып, жұмыс комиссиясымен қабылданды.
«Мичуринец», «Қайнар» алқаптарын электрмен және газбен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде.
«Құмшағал» тұрғын алқабын қиыршық тас жол, сумен және электрмен қамтамасыз ету инфрақұрылымдық желілерінің құрылысын салу нысаны жұмыс және мемлекеттік комиссиялармен қабылдану үстінде.
«Жігер», «Рассвет», «Проектировщик» тұрғын алқаптарына су құбыры жүргізіліп, 2015 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
Ағымдағы жылы «Барысхан» тұрғын алқабы көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.
«Төрткөл» алқабының электр жүйесі қайта жаңғыртылып, 2015 жылдың мамыр айында пайдалануға тапсырылды.
Әуежай ауданындағы тұрғын алқаптың электр жүйесінің және «Бурыл А, Б, В» тұрғын алқабының сервистік су желілері, қиыршық тас жолының жобалау сметалық құжаттары дайындалуда.
2011 жылы «Жігер», «Рассвет», «Проектировщик», «Родничок», «Мелиоратор» саяжай алқаптарының кіре беріс жолдары жөндеуден өткен. «Құмшағал» алқабындағы Б.Момышұлы, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов көшелері орташа жөндеуден өтті. «Барысхан» алқабы жолдарының құрылысы (шағал төсеу) жүргізілуде, 2016 жылға өтпелі нысан.
Сонымен қатар, «Көлтөған», «Жиделі», «Новая» шағын аудандарының кіре беріс жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының  2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында жалпы құны 581,7 млрд. теңгені құрайтын 27 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, 
Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 6,6 мың және іске қосылу кезеңінде 5,7 мың жаңа жұмыс орынының ашылуы жоспарлануда.
2015 жылдың бірінші жартыжылдығында құны 23,8 млрд. теңгені құрайтын 3 инвестициялық жоба іске асырылды және 81 тұрақты жұмыс орны ашылды:
1. «Полиэтилен - Агро» ЖШС - «Жылыжай кешені және полиэтилен қабыршақ өндіру зауыты».
2. "Burnoye Solar-1" ЖШС – «Бурное алаңшақта қуаттылығы 50Мвт КЭС құрылысы».
3. Тараз-көлік жолы" ЖШС – «Құрылыс құм, ұсақталған тас, құм-шағал қоспалары, оңтайлы шағал қоспалары және асфальтық-бетон қоспасын өндіру зауыты».
2015 жылдың екінші жартыжылдығында құны 6,6 млрд. тенгені құрайтын 3 инвестициялық жобаның іске асырылуы және 344 тұрақты жұмыс орнының ашылуы көзделген:
- «Әулие-ата феникс» ЖШС – «Құс фабрикасының өндірісінің қайта құруы және жаңарту».
- «Golden Compass Capital» ЖШС - «Алтын құрамын кеннен қайта өндеу фабрикасының құрылысы»
-"Жамбыл Недр" ЖШС – «цемент өндірісі зауытының құрылысы».
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жүзеге аса бастаған уақытынан бері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 53,5 млрд. теңгені құрайтын 529 жоба жүзеге асуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
2015 жылы облыста бөтен мүлікті ұрлауға, оның ішінде мал ұрлығына тосқауыл қою жылы деп жарияланды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2015 жылы облыста бөтен мүлікті ұрлау бойынша 9405 қылмыс тіркелген.
Мал ұрлығы бойынша 808 (2014ж – 827) қылмыс тіркелген. Жүргізілген жедел-іздестіру шараларымен атқарылған жұмыстың нәтижесінде иелеріне 525 мал қайтарылды (364 қой, 78 ірі қара және 83 жылқы).
 Мал ұрылығымен айналысатын 10 топ құрықталды, олар Байзақ ауданында «Байрамовтың», «Касымның» және «Кушербаевтың», Т.Рысқұлов ауданында «Тынбаевтың», Сарысу ауданында «Мирзалиевтің», Шу ауданында «Суйеркуловтың», Тараз қаласында «Актаевтың», Қордай ауданында «Кельдибаевтың» және Талас ауданында «Тойбековтың» топтары.
Жамбыл облысы ІІД қалыптасқан жедел жағдайға байланысты тұрақты түрде «Қарақшылық», «Пәтер», «Тонау», «Мал ұрлаушы» және т.б. жедел алдын-алу іс-шаралары өткізілуде.
Облысымызда кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуларында жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылуда. 2015 жылы жергілікті қамтуды ұлғайту бойынша облысымыздың кәсіпорындары арасында жалпы сомасы 44,2 млрд. теңгені құрайтын 500  меморандумға қол қойылды. 
Есепті жылы өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасында 24207 жұмысшыны қамтитын 1721 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды. Оның ішінде 18 ірі кәсіпорында 9858 жұмысшылар, 1703 орта және кіші кәсіпорында 14349 жұмысшылар (ірі 85,7%, орта және кіші 41,4% қамтыған).
3-ТН «Жасырын жұмыссыздық туралы (қысқартылған және жұмыспен жартылай қамтылғандар, еңбекақы бойынша берешек туралы)» ведомствалық статистикалық байқау бағдарламасы бойынша жыл басынан жұмыстан босатылған қызметкерлер болған жоқ.
Статистика органының мәліметі бойынша 2014 жылдың 4 тоқсанымен  салыстырғанда 2015 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз көрсеткішінде сақталып қалды, ал, 15-28 жас арасындағы жұмыссыздық деңгейі 6,9 пайыздан 6,2 пайызға  төмендеді.
Жалпы жұмыспен қамтылғандардың санындағы өз бетімен жұмыспен айналысушылардың үлесі 49,3 пайыздан 46,9 пайызға дейін төмендеді.   
Жер қорын тексеру және түгендеу жұмыстарының нәтижесінде 2011-2014 жылдары облыс бойынша барлығы 591,2 мың гектар ауылшаруашылығы жерлері пайдаланусыз жатқаны анықталған. Оның ішінде егістік жерлер 201,9 мың гектарды құрайды.     
Қолданылған шаралардың нәтижесінде анықталған жерлердің 547,4 мың гектары немесе 93 пайызы мемлекет иелігіне қайтарылды. Оның ішінде егістік жерлер 176 мың гектарды құрайды.
Мемлекет иелігіне қайтарылған жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына қосу шаралары басты назарда ұсталуда. Бүгінгі күнге қайта айналымға қосылған жерлердің аумағы 440 мың гектар. Оның ішінде егістік жерлер 76,8 мың гектар жерді құрайды.
Жер қорын түгендеу аясында аудан және Тараз қаласы әкімдіктері тарапынан құрылған жұмыс топтарының күшімен жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлініп берілген жерлердің жәй-күйі тексерілді.
Тексеру барысында облыс бойынша Тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 2005 жылдан бергі кезеңде осы мақсат үшін бөлінген 21847 жер учаскелері қамтылды.
Нәтижесінде аумағы 573 га құрайтын 5064 жер учаскесінің нысаналы мақсатында пайдаланылмай жатқандығы анықталды.
 Анықталған жер учаскелерінің 2182-сі жұмыс топтарымен мемлекетке қайтарылып, 2882 жер учаскелері бойынша материалдар тиісті шаралар қолдану үшін уәкілетті органдарға жолданды.
Пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларды мемлекет меншігіне қайтару, оларды қайта айналымға енгізу және жерді  ұтымды пайдалану бағытындағы жұмыстар бақылауда.
 Есеп беру кездесуінде көтерілген Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында көпқабатты екі тұрғын үйді қайта жарақтандыру, Шу ауданы, Тоғай ауылына 300 орындық орта мектеп құрылысын салу, «Т.Рысқұлов ауданы Луговой ауылына су шығару имараттары мен су құбыры желісінің құрылысын салу» нысандарына 2016 жылға қаржы бөлу бойынша тиісті бюджеттік өтінімдер ҚР Ұлттық экономика, білім және ғылым министрліктеріне тапсырылды. Алайда ҚР БҒМ 2015 жылғы
8 желтоқсандағы №10073/5782-3-12660/02-3 хатына сәйкес, аталған нысан 2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында қолдау таппады.
Аудандар мен Тараз қаласы әкімдерінің жергілікті тұрғындар алдындағы қорытынды кездесулері бойынша тиісті іс-шаралар жасалып, барлығы 201 мәселе бақылауға алынып, есепті кезеңге оның 144-і  өз шешімін тапқан.
Әкім есебінде көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда және олардың орындалуы облыс әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.
Жарияланған күні: 2017-01-18 15:59:37

Наверх