РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысының әкімі есебінде арнайы жәшіктерге келіп түскен арыздарға жауаптар (19.02.2016 ж)

Жамбыл облысының әкімі есебінде арнайы жәшіктерге келіп түскен арыздарға жауаптар (19.02.2016 ж)
 
Тараз қаласы «Толчок» алқабы Е. Жанболатов көшесі және Алатау көшесінің 1-ші, 2-ші бұрылысы тұрғындары
С.Нарымбетовке және басқада тұрғындарға

 
Сұрақтары: Көшелерінде жарық жоқ, сол себептен ұрлық көп, көшеде тас жол төселмеген, ауыз су құбыры тартылмаған, каналдағы шлюз бұзылып кету қауіпі бар.
 
Жауап: Аталған өтініш Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан жергілікті жерге шығып қарастырылды.
          Ағымдағы жылы «Толчок» алқабындағы Е. Жанболатов көшесі және Алатау көшесінің 1, 2-ші бұрылыстарына сыртқы жарықтандыру желілері мен ауыз су құбырын жүргізу және жол бөлігін жөндеу жұмыстарына бюджеттен қаржы қарастырылмаған. Бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда жоба-сметалық құжаттары жасалып, құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған алқап арқылы өтетін канал «ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалының меншігінде. Каналдағы бөгеттің бұзылып кету жағдайына байланысты қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін «ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филиалына хат жолданды.
 
Тараз қаласы 3 мөлтек ауданы, 4 үй, 8 пәтер тұрғыны
З. Ерназароваға

 
Сұрағы: Жетім немересі тұрғын үй кезегінде тұр, пәтер кезегін тексеріп беруді және пәтер сұрайды.
 
          Жауап: Сіздің немереңіз Нұрболат Ерназаров мемлекеттік қордан тұрғын үй алу кезегіне жетім ретінде 30.06.2008 жылдан бастап №1765 болып тіркелген. Қазіргі танда №89-ші кезекте тұр.                       
Сондай-ақ, 2015 жылы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген жоқ.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының  74 бабының 3 және 4 тармақтарында, көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларының, сондай-ақ жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды бірінші кезекте алуға құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар (жаңадан пайдалануға берілген немесе тұрғындар босатқан) немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайлар бөлген кезде жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын жайлардың жалпы санының кемінде жиырма пайызы бөлінеді.
Жоғарыда келтірілген Заң бабына сәйкес, Сіздің немереңіз Н.Ерназаровқа мемлекеттік қордан пәтер тек кезек ретімен жетімдер санаты бойынша берілетін болады.
 
Тараз қаласының тұрғыны Асқарбек Сейілханға
 
Сұрағы: Қарахан кесенесі маңындағы ортағасырлық мешіттің апатты жағдайда тұрғанына бірнеше жыл болды. Осы мәселе шешімін табады ма?
 
Жауап: Бүгінгі күні Қарахан кесенесі маңындағы «Ортағасырлық мешіт X-XII ғғ.» нысанды қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары әзірленген. 2016 жылға облыс бюджетінен аталған нысанды қайта жаңғыртудан өткізу үшін 36,0 млн. теңге қарастырылды. Ағымдағы жылы нысан толығымен қайта жаңғыртудан өткізіліп, ашық аспан асты музейіне айналатын болады.
 
Тараз қаласы Аққошқар-әулие көшесі №36 үй Медетова Б.К.
 
Сұрағы: Аққошқар-әулие (бұрынға Малоташкентская) көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесі
 
          Жауап: 2016 жылы Аққошқар-әулие көшесінің жол бөлігіне жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу  жұмыстары жоспарлануда.
Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша газ жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде (жер асты газ құбыры),  Аққошқар-әулие көшесіне түгелдей газ жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілгеннен соң жол бөлігіне жөндеу жұмыстары қарастырылатын болады.
 
 
 
 
Қаратау қаласы, Шымырұлы көшесі, 20 үй Р.Киркимбаевқа
 
Сұрағы: Қаратау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға пәтер беру мәселесі қалай және қашан шешіледі?
 
Жауап: Қаратау қаласы бойынша бүгінгі күнге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге 1292 мұқтаж азаматтар тіркелген, бұл азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 2013 жылы Қаратау қаласындағы
5 мөлтек ауданы №54 тұрғын үйді инфрақұрылымымен қоса қайта жаңғыртуға  182,8 млн.теңге бөлініп, жалпы алаңы 4 982,8 шаршы метрді құрайтын 40 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй, 2014 жылы мемлекет тарапынан бөлінген 344,8 млн.теңгеге Ақшораев көшесіндегі жалпы алаңы 5717 шаршы метрді құрайтын 120 пәтерлі №1А көпқабатты тұрғын үй, 2015 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 246,0 млн.теңгеге Б.Момышұлы көшесіндегі жалпы алаңы 2586,8 шаршы метрді құрайтын 64 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйі сатып алынып, тізім бойынша тұрғын үйге мұқтаж ретінде тіркелген азаматтарға берілген.

2016-2018 жылдарға барлығы 440 пәтер құрайтын Қаратау қаласындағы 6 тұрғын үйді қайта жаңғырту үшін сметалық құны 1343,9 млн.теңге (5 мөлтек ауданындағы №51, 52, 55, 58 және 3 мөлтек ауданындағы №49, 51) және осы 6 тұрғын үйдің инфрақұрылымын қайта жаңғыртуға сметалық құны 214,1 млн.теңгені құрайтын бюджеттік өтінімдер ҚР Ұлттық экономиака министрлігіне ұсынылды. Алайда, айрықша экономикалық кезеңге байланысты қолдау таппады.

Облыстық бюджетті нақтылау барысында, облыстық бюджет есебінен 2016 жылға Қаратау қаласындағы 3 мөлтек ауданындағы 51 тұрғын үйді қайта жарақтандыруға қаржы бөлініп отыр.

 

 
Жамбыл  ауданы Аса ауылының тұрғыны                                                                                  Г.С.Тоғайбековаға
 
Сұрақ: Аса ауылында жас отбасыларға тұрғын үйді жалға беру мәселесі қашан шешілетіндігі туралы.
                                                                            

Жауап: Жамбыл ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 262 отбасыларын (оның ішінде,  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтары -192, жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балалар – 15 және мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері-55) тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында Абай көшесі бойында орналасқан  4 қабатты 24 пәтерлі тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыс жобасы жасалған. Облыстық бюджет есебінен 2016 жылға аталған тұрғын үйді қайта жаңғыртуға 124,6 млн. теңге бөлінді.

Алайда, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы бойынша, аталған тұрғын үйді экономикалық тиімсіз деп тануынан, 2016 жылдың бюджетінен бөлінген  қаржы қысқартылды.
Аудан әкімінің 2015 жылы 7 шілдедегі №465 қаулысы, аудандық маслихатының 2015 жылы 18 тамыздағы №44-9 шешімімен  «Бином» ЖШС өндіретін 3 қабатты 9 пәтерлі 18 тұрғын үй құрылысын салуға  Аса ауылы Абай көшесі бойынан 2,0 га. жер телімі бөлініп сәулеттік-жобалау тапсырыстары даярланып, бүгінгі таңда аталған жобаны орналастыру жұмыстары жасалуда.
 
«Жамбыл жол бөлімшесі» кәсіподақ  комитетінің төрағаы Н.Қожановқа
 
     Сұрағы: Теміржолдың үстінен автомобиль көпірінің құрылысы басталып аяқталмай қалғандығы туралы және темір жолдың үстінен аспалы жол салып беруге ықпал етуді сұрайды.
 
          Жауап: Айша бибі көшесінің аяғында құрылысы аяқталмаған жол өткелін қайта жаңарту мақсатында, 2014 жылы облыстық бюджеттен 60,0 млн.теңге қарастыру арқылы қажетті жоба-сметалық құжаты әзірленіп, оған мемлекеттік сараптаманың оң қортындысы алынды. Жобаның құны 1 917,311 млн.теңге (20.10.2014 жылғы №08-0243/14). Жобаның іске асыру мақсатында, республикалық бюджеттен қажетті қаржы қарастыру үшін бюджеттік өтінім жолданған.
 
Тараз қаласы, Локомотивная көшесі №35 үй тұрғыны Қ.Өмірзақов
Сұрағы: «Грязь лечебница» аталып жүрген жердегі бұрынғы жаңа Жамбыл фосфор заводының арнайы салған үш қабатты ғимаратты ардагерлерге емделіп пайдалуына беру туралы
 
Жауап: Уәкілетті органдар (облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (ары қарай - басқарма) тарапынан санаторлы-курорттық шипажайларға жолдамалар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» №26 бұйрығының 2-ші қосымшасына «Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары» сәйкес, медициналық әлеуметтік сараптама тарапынан берілген мүгедектердің жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес беріледі. Берілген жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар тұрғылықты жеріндегі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне қайырылуы қажет.
Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес 2015 жылы 1778 мүгедектер Самал, ГРЭС және Денсаулық шипажайларында санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз етілді (оның ішінде: ҰОС ардагерлері мен мүгедектері 26 адам).
Биылғы жылы 1627 адамды санаторлы-курорттық сауықтырудан өткізу жоспарлануда, санаторлы-курорттық сауықтырумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде.
Жамбыл ауданы, Қызылтаң ауылындағы, жалпы көлемі 4327,7 шаршы метр ғимарат «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының №1 жүйке аурулар интернат үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Айша бибі» санаторийі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының теңгеріміне берілген.
Облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 2015 жылы Жамбыл ауданы, Қызыл  таң ауылындағы 120 орынға арналған Айша бибі санаторийі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілген.
2016 жылы облыстық бюджет есебінен санаторий ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстарына 20,0 млн. теңге көлемінде қаржы қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Санаторлы-курорттық сауықтыруларға жеңілдікпен бару қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүргізіледі.
 
Меркі ауданынан аты-жөні көрсетілмеген азаматтың ұсынысы
Ұсыныс:  Ауданда тегін тренажерлық залдар ашылса
Жауап: Меркі ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №16 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің А.Асқаров атындағы орталық ғимаратының екінші қабатында тегін тренажер залы жұмыс істейді, спортпен шұғылданам деуші азаматтар сонда баруларына болады. Сондай-ақ, бүгінде ауданда 65 спорт нысандары тұрғындар үшін қызмет көрсететуде.
Аудандағы №18 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты күрделі жөндеуден өткеннен кейін қосымша спорт және тренажер залдарының ашылуы жоспарлануда.
Жарияланған күні: 2017-01-18 16:03:37

Наверх