РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

Бағдарлама атауы Жамбыл облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» №827 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 1.02.2010 жылғы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» №922 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бұдан әрі қолданылуының кейбір мәселелері туралы» №931 Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы «2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мемлекеттік үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күші жойылды деп тану туралы» №958 Жарлығы
Өңірдің негізгі сипаттамалары Жамбыл облысының аумағы 144,2 мың шаршы километрді немесе республика аумағының 5,3% құрайды және Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан, батыс және шығыс жағынан Оңтүстік-Қазақстан және Алматы облыстарымен, солтүстігінен – Қарағанды облысымен, оңтүстігінен – Қырғыз Республикасымен шекаралас.
Облыс құрылымында 10 аудан, облыстық бағыныстағы Тараз қаласы және аудандық бағыныстағы 3 қала - Қаратау, Жаңатас, Шу қалалары бар.
Әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.
Облыс халқы 1098,7 мың адамды немесе республика халқының 6,3% құрайды.
Өз бағыты бойынша облыс индустриалды-аграрлық болып табылады.
Жалпы өңірлік өнім өндірісінің көлемі 2014 жылдың 9 айында  655,3 млрд. теңгені құрады, бұл Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 2,5% сәйкес, оның ішінде өнеркәсіп – 122,3 млрд. теңге (облыс ЖӨӨ-дегі үлес салмағы – 18,7%). Сыртқы сауда айналымының көлемі 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанында 617,6 млн. АҚШ долларын, өнеркәсіп өндірісінің көлемі – 274,3 млрд. теңгені құрады.
Нақты сектордың негізгі салалары мыналар болып табылады: тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді игеру, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа кондиционерлеу, сумен жабдықтау және кәріз жүйесі, қалдықтарды жинауға және таратуға бақылау жасау.
Бағыттары
  • Жоғары инновациялық технологияларды ендіру негізінде өңір экономикасының жеделдетілген дамуы;
  • Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
  • Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп;
  • Инфрақұрылымды дамыту;
  •  Сапалы тұрғын үй-коммуналдық  қызметпен қамтамасыз ету;
  • Экология және жер ресурстары;
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.
  • Ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, елді мекендердің (агроқалашықтардың) дамуына жағдай  жасау.
Бағдарламаның мақсаттары
  • Экономиканың тұрақты өсімін және халық санының ұлғаюуын қамтамасыз ету;
  • Жамбыл облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;
  • Бәсекеге қабілетті  агроөнеркәсіп кешенін құру;
  • ШОБ және сауданы дамыту;
  •     Өңіраралық ынтымақтастық;
  • Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету;
  • Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру;
  • Облыстың тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін облыс халқының денсаулығын нығайту;
  • Еңбек және халықты жұмыспен қамту;
  • Мәдениетті дамыту;

·Дене шынықтыру мен спортты дамыту;

  • Дамыған сервис жүйесі бар жоғары тиімділікті және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру;
  • Мемлекеттік тілді дамыту;
  • Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
  • Инфокоммуникацияны дамыту;
  • Құрылысты дамыту;
  • Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;
  • Азаматтардың қолайлы жағдайларда тұруы;
  • Қоршаған ортаны тұрақтандыру және сапасын жақсарту;
  • Мемлекеттік қызметті дамыту;
  • Мемлекеттілікті және ұлт бірлігін одан әрі нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Жоғары және орта даму әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамыту;
Міндеттері
  • ЖӨӨ жыл сайынғы нақты өсімін қамтамасыз ету;
  • Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;
  • Электр қуатының жаңартылған көздерін дамыту және «жасыл» экономикаға көшу;
  • Прогрессивті технологияларды енгізу негізінде агроөнеркәсіп кешені салаларының көрсеткіштерін тұрақты өсіру;
  • Кәсіпкерлік секторды дамыту;
  • Сауданы дамыту;
  • Өңіраралық ынтымақтастықты дамыту;
  • Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту;
  • Қазақстандық үлесті ұлғайту;
  • Педагог қызметкерлердің кәсіби құзіреттілігін  және мұғалім кәсібінің беделін арттыру;
  • Жалпы орта білім беру қызметтерінің сапасын арттыру;
  • Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • Мектепке дейінгі мекемелер желісін ұлғайту және көрсетіліп жатқан мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын жақсарту;
  • Бәсекеге қабілетті кадрларды сапалы даярлау үшін жағдай жасау;
  • Жастарды мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
  • Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
  • Өмір сүру ұзақтығының артуын қамтамасыз ету;
  • Халықты тиімді жұмыспен қамтуға қол жеткізу;
  • Халық табысын арттыру, азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;
  • Мүгедектерді,  қарт азаматтар мен қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтарды әлеуметтік қызмет көрсету;
  • Азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
  • Отандық мәдениет пен қолөнерді дамыту;
  • Спорт инфрақұрылымын дамыту;
  • Туризмді дамыту;
  • Қоғамдық өмірдің әр-түрлі салаларына мемлекеттік тілді енгізу;
  • Қоғамдық тәртіпті нығайту және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • Апаттар мен дүлей зілзалдың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру;
  • Байланыс қызметтерін жетілдіру;
  • Халықтың кең бөлігінің тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысы мәселелерін кешенді шешу;
  • Азаматтық қолданыстағы нысандарды сейсмотұрақтылыққа зерттеу;
  • Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігін дамыту;
  • Тұрғын үй-коммуналдық жүйені жетілдіру және дамыту;
  • Атмосфералық ауаның, жерүсті және жерасты суларының ластану деңгейін төмендету, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жиналуын азайту;
  • Ормандарды қорғау, күзету, өсімін молайту,  орман өсіру және жер ресурстары;
  • Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру.
  •  Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мен нығайту;
  • Ауылдарда білім беру және денсаулық сақтау қызметінің сапасын жақсарту;
  • Ауылдық елді мекендерде өндірістік саланы дамыту;
Іске асыру кезеңдері
  • I кезең – аралық (3 жыл) – 2011-2013 жылдар – бірінші кезектегі іс-шараларды іске асыру.
  • II кезең – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015 жылдар – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған іс-шараларды іске асыру.
Мақсатты индикаторлары
  • Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем  индексі, % алдыңғы жылға;
  • 2009 жылғы деңгейге жалпы өңірлік өнімнің нақты көлем  индексі (жоспар);
  • Халық санының өсуі/азаюы;
  • Өнеркәсіптік өнімінің нақты көлем индексі;
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнімнің жалпы қосылған құнын арттыру;
  • Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың нақты көлем индексі;
  • Ішкі өңірлік өнімнің энергия сыйымдылық көрсеткіші;
  • Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі;
  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өнім шығарылымының жалпы көлемінің индексі;
  • Бөлшек сауданың нақты көлемінің индексі;
  • Басқа өңірлерге жөнелтілген өндірілген өнім көлемі (жұмыскерлер саны 50 адамнан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар бойынша);
  • Жалпы өңірлік өнімнің негізгі капиталына инвестициялар үлесі;
  • Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың ішіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі
  • Өткен жылмен салыстырғанда үш ауысымдық және авариялық мектептер санының төмендеуі;
  • Мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі;
  • Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы;
  • Балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту;
  • Оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы техникалық және кәсіптік білім беретін орындары түлектерінің жұмысқа орналастырылғандардың үлесі;
  • 15-28 жастағы жастардың жалпы санындағы NEET үлесі, % (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training);
  • 14-29 жас аралығындағы тұрғындардың жастарға қатысты мемлекеттік саясатпен қанағаттандырылу деңгейі;
  • Халықтың туған кездегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы;
  • Жұмыссыздық деңгейі;
  • Жұмыскерлердің тізімдік санының жалпы құрамындағы тартылған шетелдік жұмыскерлердің үлесі;
  • Ең төменгі күнкөріс шамасынан төмен табысы бар халықтың үлесі;
  • Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетумен қамтылған адамдардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж адамдардың жалпы санының ішінде);
  • 1000 жұмыскерге шаққанда, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің саны;
  • Облыста өткізілген әлеуметтік маңызы бар және мәдени іс-шаралар саны;
  • Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы тұрғындарды қамту;
  • Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны (резиденттер, резидент емес);
  • Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі;
  • Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы;
  • Жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету;
  • Жергілікті маңызы бар тасқындар мен су басулар, көшкіндер, жер сілкінулер, селдер, өрттерден болған адам шығынын төмендету;
  • Байланыс қызметінің нақты көлемінің индексі;
  • Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі;
  • Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі;
  • Нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесін ұлғайту;
  • Орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі бар халықтың үлесі;
  • Су бұру қызметтеріне қолжетімділігі бар халықтың үлесі;
  • Жалпы ұзақтықтан жаңғыртылған желілердің үлесі: (жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұрумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау);
  • Стационарлық көздерден шығатын анықталған зиянды заттарды Мемлекеттік орман қорының орманды алқаптарының алаңы;
  • Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ауыл шаруашылығы айналымына тартылған үлесін ұлғайту;
  • Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жерлерде ауыспалы егіс жүйесін қолдану;
  • Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттанушылық деңгейін арттыру;
  • Мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының өзара қатынастарын оң бағалайтын тұрғындар үлесін арттыру;
  • Өңірлік ақпараттық өнімді тұтынушылардың талап ету деңгейін арттыру;
  • Конституцияның негіздерін түсіндіру мен насихаттауға бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;
  • Мемлекеттің тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған шаралар мен қамтылған тұрғында үлесі;
  • Жоғары әлеуеті бар ауылдық елді мекендерді дамытудың санын арттыру.
Қаржыландыру көздері және қажетті қаржыландыру көлемдері* 2011 жыл – 80132,3  млн.теңге;
2012 жыл – 132311,7 млн.теңге;
2013 жыл – 157383,4 млн. теңге;
2014 жыл – 171138,6  млн.теңге;
2015 жыл – 159950,3  млн.теңге.
* - қаржыландыру көлемдері бюджет шығындарының нақтылануына байланысты өзгереді

Жарияланған күні: 2016-02-15 18:22:57

Наверх