РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қыркүйектегі отырысында мақұлданған (№284 қаулы) Жамбыл облысының
2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізілетін өзгерістер
 
1. «Жамбыл облысының 2015-2016 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  үрдістері» 1-бөлімдегі 11 бөлігі және 16 бөліктен бастап мынадай редакцияда жазылсын:
2015 жылы сыртқы сауда айналымы 43%-ға (экспорт 20%-ға төмендеген, 110,5 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын құрады, импорт 49,6%-ға төмендеп, 241,4 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын құрады). Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағы туралы келісім-шартқа қосылуы төмендеудің негізгі себебі болды, жалпы сыртқы сауда айналымы көлеміндегі оның үлесі – 57,6%-ды құрады. Экспорт көлемінің Еуро Одақ елдеріне, әсіресе Нидерланд еліне – 82,7%-ға, Түркияға – 99,3%, Ауғанстанға – 94,7%-ға, Қытайға – 62,0%-ға анағұрлым төмендегені байқалады.
Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2015 жылы 43143 теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға, нақты – 1,9%-ға өсті. Еңбек нарығындағы шарттар айтарлықтай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ды құрап, 2014 жылдың деңгейінде қалыптасқан. Аталған кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық (15 пен 28 жас аралығы) 2014 жылғы 5,2%-ға қарсы 4,9%-ды құрады.
Орташа айлық номиналды еңбекақы 2015 жылы 85298 теңгені құрады, бұл 2014 жылмен салыстырғанда номиналдық тұлғалауда 3,6%-ға артық, нақты – 2,7%-ға төмен.
2016 жылдың қорытындысымен алдын-ала мәлімет бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 1161,1 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылға 100,9% (2015 жылғы НКИ  – 100,2%).
Ауыл шаруашылығы (108,1%), құрылыс (104,2%), өнеркәсіп (102,4%), бөлшек сауда (100,4%) салалары бойнынша озық динамика байқалады.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 339,1 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 102,4%.
2015 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп саласындағы өсім кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 8,0%-ға (38,1 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 2,5%-ға (237,1 млрд. теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Кен өндіру өнеркәсібінде табиғи газ өндіру  9,7%-ға, газ конденсатын – 11,9%-ға, ұсақталған фосфат шикізатын – 43,6 %-ға, ұсақ ұнтақталған фосфат шикізатын – 48,8%-ға, табиғи құм – 28,4%-ға, шағал және ұсақталған тас – 1,7%-ға ұлғайды.
Өңдеу саласында тамақ өнеркәсібі (НКИ-140,5%), жеңіл өнеркәсіп (168,7%),  мұнай өнімдері (115,8%), өзге металл емес минералдық өнімдерді (103,0%) металлургия өнеркәсібі  (151,3%) өнімдерін өндіруде оң динамика байқалды.
Салада қант өндірісі 1,7 есеге, сүт – 1,2 есеге, МІҚ мал терісінен жасалған былғары 2,2 есеге, аяқ киім – 4 есеге, төсек жаймалары – 1,6 есеге, тоқыма бұйымдары - 1,5 есеге, мотор отыны– 1,4 есеге, оттық мазут – 1,1 есеге, дизель отыны – 8,7%-ға, цемент – 9,7%-ға, цемент клинкері – 1,1 есеге, ферросиликомарганец – 2,4 есеге, Доре қорытпасындағы алтын – 1,4 есеге артты.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 226,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 108,1%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 120,5 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 112,1%), мал шаруашылығы – 105,4 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 103,6%).
2015 жылмен салыстырғанда сауда айналымының көлемі 0,4%-ға, жүк айналымы – 0,1%-ға жолаушылар айналымы – 16,0%-ға, байланыс қызметінен түсетін табыс 0,7%-ға ұлғайды.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында  сыртқы сауда айналымы 411,2 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын немесе 2015 жылға 116,8%-ды құрады (экспорт – 195,6 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын (177,0%), импорт – 215,6 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары (89,3%)). Экспорт көлемі Еуро Одақ, ТМД елдеріне, әсіресе Нидерланд еліне – 66,0%-ға, Түркменстанға – 76,1%-ға, Грузияға – 85,3%-ға анағұрлым төмендегені байқалады.
2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 215,4 млрд. теңгені құрады, немесе  2015 жылға 106,2%. Өсім Қаратау қаласында «Еурохим Каратау» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштарды өндіретін химия зауытының және Т.Рысқұлов ауданында газ компрессор станциясының құрылыстарына инвестиция тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Жалпы 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 318,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы деңгейден 8,8%-ға артық. Тұрғын үй құрылысына 22,7 млрд. теңге жұмсалды, бұл 2015 жылдың деңгейінен 32,0%-ға артық.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 103324,9 млн. теңге құрады, бұл 2015 жылдың деңгейіне 104,2%.
Жыл қорытындысы бойынша инфляция 8,4%-ды құрады, бұл 2015 жылдың қорытындысынан  4,5 пайыздық тармаққа  төмен  (112,9%).
2016 жылдың инфляция деңгейінің құрымдас бөлігі азық-түлік тауарларының бағалары 2015 жылға 9,9%-ға қарсы 9,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 8,5%-ға (20,7%-ға қарсы), ақылы қызметтер – 7,6%-ға (9,1%-ға) өсуі байқалды.
Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2016 жылдың 4 тоқсанында 47590 теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,7%-ға өсіп, нақты – 1,7%-ға төмендеді. Еңбек нарығындағы шарттар айтарлықтай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ды құрап, 2015 жылдың деңгейінде қалыптасқан. Аталған кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық (15 пен 28 жас аралығы) 2015 жылғы 4,9%-ға қарсы 4,3%-ды құрады.
Орташа айлық номиналды еңбекақы 2016 жылдың қаңтар-желтоқсанында 95796 теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 13,0%-ға артық, нақты – 0,4%-ға төмен.
2. «Жамбыл облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басымдықтары» 2-бөлімі: 4-ші бөліктегі «жалғасатын» сөзі «жүргізілетін», 13-ші бөліктегі «32» саны «33» ауыстырылсын,  15,16,17,19 бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
Облыста химия өнімін өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустрияландыру шеңберінде және одан тыс өнімге қосылған құнды арттыруда өзінің әлеуетін қолдана отырып жыл сайын инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.
2018 жылға республикалық индустрияландыру Картасы шеңберінде «Еурохим-Тыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қаратау қаласында жылына 1,4 млн. тонна минералды тыңайтқыштар өндіретін кешен құрылысын жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 356,5 мллрд. теңгені құрап, 2000 жуық тұрақты жұмыс орны құрылатын болады.
Химия өнеркәсібінің даму перспективасы «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының құрылуына және дамуына байланысты (жоғары технологиялы 16 өндіріс құрылысы жоспарлануда). АЭА-тың 5 қатысушысы тіркеліп,  6 өндірісті іске асыру жоспарлануда - каустикалық сода, хлор, үш хлорлы фосфор, глифосат, пестицидтер, метанол және т.б. Жоба бойынша жалпы инвестиция көлемі 273,0 млрд. теңгені құрап, 1000 аса жаңа жұмыс орнын ашу болжануда.
Саланы алдағы уақытта да дамыту шикізатты дайын өнімге дейін барынша өңдейтін жаңа өндірістерге инвестиция тартумен байланысты, бұл ИИДМБ аясында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру: «Alina Holding» ЖШС – құрылыс қоспаларын өндіретін кешен құрылысы, «Тараз Арматур зауыты» ЖШС – құрылыс арматурасының өндірісі; «Казгранит» Компаниясы» ЖШС – гранит тақтасы, тас төсеуіш өндірісі бойынша цех құрылысы.
20-шы бөлігі алып тасталынсын.
25-ші бөлігіндегі «қуаттылығы 7-ден 100 МВт-қа дейін» мынадай редакцияда жазылсын: «жалпы қуаттылығы 247 МВт-қа дейін».
27-ші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы орта  мерзімді кезеңге ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың негізі болып табылады, оның мақсаты – нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнім өндірісін қамту.
38-ші бөлігіндегі «2016 жылы 4 мектепті пайдалануға беру күтілуде» мынадай редакцияда жазылсын: «6 мектеп пайдалануға берілді».
51-ші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
2017-2019 жылдары жалпы сомасы 20,8 млрд. теңгеге 72 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 19,1 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру мен құрылысы бойынша - 65 жоба, 1,7 млрд теңгеге жылумен қамтамасыз ету бойынша - 7 жоба. 
52-ші бөлігіндегі «21,5%-дан 18,2%-ға дейін» мынадай редакцияда жазылсын: «24,9%-дан 20,5%-ға дейін».
3. «Жамбыл облысының 2017 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштері» 3-бөлімі:
2-ші бөлігіндегі «12,8%» мынадай редакцияда жазылсын: «9,4%».
5-ші бөлігіндегі «2,9%» мынадай редакцияда жазылсын: «2,6%».
6-ші бөлігіндегі «2,8%» мынадай редакцияда жазылсын: «3,1%».
 


1. Жамбыл облысының 2015-2016 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуының  үрдістері
 
2015 жылы облыс экономикасы, республикада сияқты күрделі сыртқы экономикалық шарттардың әсері жағдайында дамыды, бұл барлық түйінді макроэкономикалық көрсеткіштерге әсер етті.  
2015 жыл қорытындысы бойынша облыстың жалпы өңірлік өнімі 1014,5 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылға 100,2% (2014 жылғы НКИ – 100,4%).
Жалпы өңірлік өнім өсімі қарқынының бәсеңдеуіне өнеркәсіпте өндіріс көлемдерінің (90,8%), құрылыста (85,0%), ақпарат және байланыс қызметтерінің (97,7%), көтерме және бөлшек сауда айналымының (98,1%)  төмендеуі негізгі себеп болды.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 283,9 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 91,3%.
Өндірістің төмендеуі кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 6,8%-ға және өңдеу өнеркәсібінде – 11,7%-ға қысқаруына байланысты.
Кен өндіру саласында тапсырыстың төмендеуіне байланысты көмір және лигнит өндіру көлемдері 67,3%-ға, түйіршектер, тас үгіндісі және ұнтағы – 13,0%-ға қысқарған.
Өңдеу саласында сұраныстың азаюына және тапсырыстың төмендеуіне байланысты өткен жылдың тиісті деңгейіне тамақ өнімдерін өндіру 21,6%-ға, химия өнеркәсібі – 16,7%-ға, жеңіл өнеркәсіп – 75,4%-ға, дайын металл бұйымдары – 17,4%-ға, машина жасау – 39,9%-ға, жиһаз – 20,2%-ға жетпейді.
2015 жылы қолайлы ауа-райы ауыл шаруашылығында түсім мен өнімділікті арттыруға ықпал етті. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 218,7 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,8%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 114,6 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 102,9%), мал шаруашылығы – 103,2 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 102,8%).
2015 жылдың қорытындысы бойынша бөлшек сауда айналымының көлемі 189,9 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,4%-ға төмендеді, бұл Қазақстанның теңге курсының еркін айналымға түсуінен, жиынтық сұраным қысқаруынан халық тұтынатын, әсіресе шетел мемлекеттерінен импортталатын тауарлардың қымбаттауына байланысты.  
Байланыс қызметінің табысы 8,0%-ға қысқарды, ал жүк айналымының көлемі 0,1%-ға, жолаушылар айналымы – 9,4%-ға артты.
2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында сыртқы сауда айналымы 43%-ға (экспорт 20%-ға төмендеген, 110,6 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын құрады, импорт 49,7%-ға төмендеп, 241,4 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын құрады) қысқарды. Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағы туралы келісім-шартқа қосылуы төмендеуінің негізгі себебі болды, жалпы сыртқы сауда айналымы көлеміндегі оның үлесі - 56,5%-ды құрады. Экспорт көлемінің Еуро Одақ елдеріне, әсіресе Нидерланд еліне – 82,9%-ға, Қытайға – 61,8%-ға анағұрлым төмендегені байқалады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 194,3 млрд. теңгені құрады, немесе 2014 жылға 9,2%-ға төмен. Төмендеу себебі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автобаны нысандары құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстарының аяқталуына байланысты.
Жалпы 2015 жылы 292,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2014 жылғы деңгейден 13,3%-ға артық. Тұрғын үй құрылысына 16 453,6 млн. теңге жұмсалды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 32,0%-ға артық.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 94 773,3 млн. теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейіне 83,5%.
2015 жылы инфляциялық үдерістердің күшейе түскені байқалды. 2015 жылы инфляция деңгейі 2014 жылғы 107,5%-ға қарсы 112,9%-ды құрады (ҚР – 113,6%). 2015 жылдың инфляция деңгейінің құрымдас бөлігі азық-түлік емес тауарларының бағалары 2014 жылға 7,3%-ға қарсы 20,7%-ға, азық-түлік тауарлары - 9,9%-ға (7,6%-ға қарсы), ақылы қызметтер – 9,1%-ға (7,6%-ға) өсуі байқалды.
Инфляция деңгейінің жоғарлауы 2015 жылдың тамызынан Қазақстанның теңге курсының еркін айналымға түсуі есебінен халық тұтыну тауарларының және байланыс қызметтерінің қымбаттауына, сонымен қатар елімізде дағдарысты ахуалға байланысты.
Халықтың орташа номиналды ақшалай табысы 2015 жылдың 4 тоқсанында 43 562 теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6,2%-ға өсіп, нақты - 5,4%-ға төмендеді. Еңбек нарығындағы шарттар айтарлықтай тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4,9%-ды құрап, 2014 жылдың деңгейінде қалыптасқан. Аталған кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық (15 пен 28 жас аралығы) 2014 жылғы 7,0%-ға қарсы 4,9%-ды құрады.
Орташа айлық номиналды еңбекақы 2015 жылдың қаңтар-желтоқсанында 84 278 теңгені құрады, бұл 2014 жылдың тиісті кезеңінен номиналдық тұлғалауда 3,6%-ға артық, нақты - 2,7%-ға төмен.
2016 жылдың басынан бері облыс экономикасында сыртқы және ішкі келеңсіз факторлар әсеріне қарамастан дамудың оң динамикасы байқалуда.  
2016 жылдың 1 тоқсанында облыстың жалпы өңірлік өнімі 220,5 млрд. теңгені құрады, ЖӨӨ НКИ – 100,2% (2015 жылдың тиісті кезеңінде ЖӨӨ – 197,9 млрд. теңге, НКИ -101,2%).
Жалпы өңірлік өнімнің өсімі өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемдерінің артуы есебінен қамтамасыз етілді.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-тамыз айларында 225,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі – 103,7%.
2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп саласындағы өсім кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 3,3%-ға (22,6 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 15,1%-ға (163,4 млрд. теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.
Кен өндіру өнеркәсібінде ұсақ ұнтақталған фосфат шикізатын өндіру 1,3 есеге, ұсақталған фосфат шикізаты – 1,9 есеге, табиғи газ – 5,1%-ға, газ конденсаты – 12,3%-ға, табиғи құм – 1,5 есеге ұлғайды.
Есепті кезеңде өңдеу өнеркәсібінде қант өндірісі 2,2 есеге, өңделген сүт – 14,2%-ға, нан – 12,9%-ға, кондитерлік өнімдер – 12,6%-ға, төсек жаймалары – 1,5 есеге, өңделген тері – 2,1 есеге, аяқ киім – 3,8 есеге, мотор отыны (бензин) – 1,4 есеге, дизель отыны – 1,7 есеге, цемент – 9,6%-ға, цемент клинкері – 10,1%-ға, күміс – 1,3 есеге, алтын – 1,5 есеге артқан.
2016 жылдың қаңтар-шілдесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 91,6 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,6%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі 28,2 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 105,8%), мал шаруашылығы – 63,2 млрд. теңге (нақты көлем индексі – 101,3%).
2016 жылдың 8 айында бөлшек сауда айналымының көлемі 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға, жүк айналымы – 2,6%-ға төмендеп, жолаушылар айналымы – 16,9%-ға артты. Байланыс қызметінен түсетін табыс 7,%-ға төмендеді.
2016 жылдың қаңтар-шілдесінде сыртқы сауда айналымы 133,0 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын немесе 2015 жылдың тиісті кезеңіне 47,6%-ды құрады (экспорт – 12,4 млн. Америка Құрама Штаттарының долларын (18,3%), импорт – 120,6 млн. Америка Құрама Штаттарының доллары (57,1%)). Экспорт көлемі Еуро Одақ елдеріне, әсіресе Нидерланд еліне – 100%-ға, Қытайға – 79,2%-ға анағұрлым төмендегені байқалады.
2016 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар 125,8 млрд. теңгені құрады немесе 2015 жылдың тиісті кезеңінен 1,1%-ға артық. Өсім Қытайға транзитті магистралды газ құбырының, Қаратау қаласындағы «Еврохим Қаратау» ЖШС-нің минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысына инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді.
Жалпы есепті кезең ішінде 191,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2015 жылдың қаңтар-шілдедегі деңгейінен 16,1%-ға артық. Тұрғын үй құрылысына 12853,9 млн. теңге жұмсалды, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңінен 52,2%-ға артық. Жалпы құрылыс жұмыстарының көлемі 49469,5 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың тиісті кезеңіне 84,1%.
 
2. Жамбыл облысының 2017 – 2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізгі басымдықтары
 
Орта мерзімді кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – бұл «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатты ескере отырып «Қазақстан-2050 стратегиясы» шеңберінде дамудың жаңа бағытын іске асыру және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бес институционалды реформасын жүзеге асыру аясында жаңа құрылымдық экономика моделін қалыптастыру, сондай-ақ, экономиканың оң қарқындарын сақтап қалу, алдағы уақытта өсу үшін жағдай жасау.
Орта мерзімді кезеңге айқындалған негізгі басымдықтар:
- макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- экономикалық өсімді ынталандыру;
- бәсекелестік пен жеке меншік капиталды дамыту;
- экономикаға цифрлық технологияны кең ауқымды енгізу;
- әлеуметтік саясатты жетілдіру;
- мемлекеттік басқару жүйесін әрі-қарай  нығайтуды қалыптастыру;
- теңгерімделген өңірлік даму.
Мемлекеттік экономикалық саясат шеңберінде:
Макроэкономикалық тұрақтылық бюджеттік саясаттың Тұжырымдамасына жаңа тәсілдер енгізу, 2021 жылға қарай инфляцияның 3-4%-ға қол жеткізуді жүзеге асыру бағытымен аталған дәлізде инфляцияны қолдау бойынша шара қабылдау арқылы бюджеттік қаржыны сақтау жолымен қамтамасыз етілетін болады;
Экономикалық өсімді ынталандыру индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - ИИДМБ), сондай-ақ Қазақстан Республикасында көрсетілетін қызметтер саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде қамтамасыз етіледі. Инфрақұрылымдық дамудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - «Нұрлы Жол» бағдарламасы) іске асыру көлік-логистикалық, энергетикалық және индустриалдық инфрақұрылымды дамытуды қамтамасыз етеді. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын, сумен және жылумен қамту желілерін, мектептер мен тұрғын-үй құрылысын жаңғырту және шағын және орта бизнесті белсенді қолдау жалғасатын болады;
Бәсекелестік пен жеке меншік капитал дамыту Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы стандарттарына сәйкес монополияға қарсы реттеу құралдарын тиімді қолдану арқылы мемлекеттің экономикада қатысуын шектеу мен бәсекелестік пен бәсекелес нарықты дамыта отырып, сапалы институционалды ортаны қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады;
Экономикаға цифрлық технологияны кең ауқымды енгізу «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, халықтың өмір сүру сапасын арттыру және электронды үкіметті дамыту үшін толық кеңауқымды интернетке қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы іске асырылатын болады.
Әлеуметтік саясатты жетілдіру ең аз әлеуметтік стандарттарды, денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту есебінен адами капиталды дамыту және сапалы жаңартуды қамтамасыз ету, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру, халықтың әлеуметтік қорғалуын және халықты өмір сүру қолайлы жағдайларымен, қол жетімді тұрғын үймен, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылатын болады;
Кәсіби және дербес мемлекеттік аппаратты қалыптастыру экономикалық бағдарламаларды сапалы іске асыруды және мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынуды қамтамасыз ететін «100 нақты қадам» Ұлт жоспары институционалдық реформалар шеңберінде жалғастырылатын болады;
Теңгерімделген өңірлік даму өңірдің экономикалық бәсекелестік қабілеттілігін арттыру үшін қолайлы жағдайлар мен факторларды, еңбек ресурстары мен капиталдың экономикалық өсу орталықтарында аумақтық шоғырлануын қалыптастыруға, халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысын арттыруға бағытталатын болады.
2017 – 2021 жылдары жылдық инфляция деңгейін жоспарланған 3-4% дәлізінде ұстап тұру экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі болып табылады, бұл үшін апта сайын азық-түлік жәрмеңкелерін ұйымдастыру бойынша тәжірибені жалғастыру арқылы ішкі нарықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен толықтыруға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру, алдағы уақытта көтерме (коммуналдық) және бөлшек азық-түлік нарықтар мен сауда инфрақұрылымын дамыту жалғасын табатын болады.
Тұрақты экономикалық өсімді сақтау және экономикалық жаңғырту индустриялық-инновациялық даму саясаты мен «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру арқылы қамтамасыз етілетін болады.
2021 жылға дейінгі кезеңде облыстың негізгі индустриалдық мамандығы, әдеттегідей, өңірдің басты салалары: химия, металлургия, жеңіл өнеркәсіптері, құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.
Облыс экономикасы жағдайының жақсаруына және серпінді дамуына өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылатын индустриялды-инновациялық даму бағдарламасының екінші бесжылдығы ықпал етуі тиіс, оның шеңберінде облыста 2021 жылға дейін 32 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Бұл құрылыс индустриясындағы, металлургиядағы, агроөнеркәсіп кешеніндегі өңдеу саласының бірқатар жобалары. 
Химия саласы экономиканың басты саласы болып қалады. Бұл фосфор шикізатының қомақты қорымен, алдағы уақытта фосфориттерді игерумен, фосфорды қайта өңдеумен, минералды тынайтқыштардың көлемін арттырумен және өнім түрін кеңейтумен, кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде жаңа өндірістерді ашумен шартталған. Сала өнімдері алдағы уақытта да жақын және алыс шетелдердің нарықтарына шығарылатын "сатушы" ретінде белгіленеді. Химия кешені кәсіпорындарының негізгі міндеті сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілетті жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыскерлердің еңбек ақысының деңгейін арттыру болып табылады. Мұнда жылдар бойы жинақталған - ресурстық, кадрлық, технологиялық, инновациялық әлеует бар.
Облыста химия өнімін өндіретін негізгі кәсіпорын болып табылатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі индустрияландыру шеңберінде және одан тыс өнімге қосылған құнды арттыруда өзінің әлеуетін қолдана отырып инвестициялық жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр. Сонымен, химиялық кластерді әрі қарай дамыту шеңберінде кәсіпорын келешекте азықтық фосфат, құрғақ Р2О5, сұйық және ұнтақ тәріздес синтетикалық жуу құралдарын, қызыл фосфор өндіретін және котрелді сүттің қатты қалдығын кәдеге жаратып тыңайтқыш алатын экстракционды фосфор қышқылын өндіретін жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.  
 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Шу ауданында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат Қорының қатысуымен «Тараз Химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды, онда жалпы инвестиция көлемі 276,5 мллрд. теңгені құрайтын 6 өндірісті құру жұмыстары басталды (каустикалық сода мен хлор, глифосат (гербицид) және үш хлорлы фосфор, пестицидтер, бутилді натрий ксантогенаты, табиғи газ, сутегі тотығының өндірісі). 1000 жұмыс орны құрылатын болады.
2018 жылға индустрияландыру Картасы шеңберінде «Еурохим-Тыңайтқыштар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі инвестиция көлемі 356,5 мллрд. теңгені құрайтын кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісін жоспарлап отыр, онда 2000 жуық тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Облыста бірегей минералды-шикізат базасы бар, бұл құрылыс кешенінің заманауи талаптарына сәйкес келетін құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларды өндіру үшін,  оның ішінде жоғары деңгейде қайта өңделетін өнім үшін негізгі шикізат түрлерінің қолданыстағы кен орындарының жеткілікті санымен айқындалады. Өңірде құрылыс материалдарын өндіру үшін 13 көркемдеу тастарының, гипстің (1), әктастың (918), құрылыс тастарының (18), әрлеу тастарының (12), құм-қиыршық қоспасының (23), құрылыс құмының (11), кірпіш өндірісі үшін балшықтың (34) кен орындары бар. Гипс қоры Қазақстан бойынша барлық қорлардың 25,4%-ын құрайды, мәрмәр және граниттің бірегей кен орындары, сондай-ақ базальттің ірі кен орны (6,6 млн. м3) бар. Сондықтан құрылыс материалдарының сапасы мен бағасы мемлекетті дамытудың ауқымды бағдарламаларын жүзеге асыруға тікелей ықпал ететіндіктен құрылыс индустрия өндірісі өңірді дамыту үшін стратегиялық маңызды болып табылады, бұл мультипликативті әсер арқылы облыс экономикасының басқа да салаларының өсімін қамтамасыз етеді, жұмыспен қамтуды,  облыс тұрғындарының табысы мен өмір сүру деңгейін арттырады.
Саланы алдағы уақытта да дамыту шикізатты дайын өнімге дейін барынша өңдейтін жаңа өндірістерге инвестиция тартумен байланысты, бұл ИИДМБ аясында бірқатар жаңа жобаларды жүзеге асыру: «Жамбылгипс» акционерлік қоғамы – өндірісті  кеңейту және жаңғырту; «Багул» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - дәнекерлеу электродын шығару бойынша өндірісінің қуаттылығын кенейту; «Казгранит» Компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – гранит тақтасы, тас төсеуіш өндірісі бойынша цех құрылысы; «Тараз Арматур зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – құрылыс арматурасының өндірісі; «Alina Holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – құрылыс қоспаларын өндіретін кешен құрылысы.
Сондай-ақ, облыстың құрылыс индустриясын дамытуға «ХимпаркТараз» арнайы экономикалық аймақ аумағында құрылыс материалдары (құрылыста су өтетін мәселесін шешуге инъекциялық ерітінділер, пенопорит, изоплат, тұтасқұймалы поробетон, түсті жылу сақтайтын кірпіш, бетон үшін  суперпластификатор  - жоспарланған өнім көлемі  28 мың тонна, био еріту полимерлер – жылына 50 мың тонна, пластикалық құбырлар – жылына 1 мың тонна және т.б.) өндірісін ұйымдастыру серпін береді.
Құрылыс кәсіпорындарын іске қосу жер қойнауы қорын толық пайдалануға, құрылыс материалдары өнімдерінің негізгі түрлерімен,  бұйымдармен және конструкциялармен қамтамасыз етуге, сырттан құрылыс материалдарын әкелуді айтарлықтай қысқартуға, құрылысы жүріп жатқан ғимараттардың сәулетін түрлендіруге ықпал етеді.
Металлургия – өнеркәсіптің басты салаларының бірі. Металлургия өнеркісібінде бәсекеге қабілетті өндірісті құру, өнімнің номенклатурасын кеңейту, саладағы жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жоспарлануда.
Болашақта металлургия саласында кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде 5 инвестициялық жобалар жүзеге асырылатын болады, бұл өңдеу өнеркәсібі секторының үлесін айтарлықтай ұлғайтады. Бұл өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін қайта өңдеумен флотационды-гравитациялық байыту фабрикасын жаңғырту және қайта құру; құю цехын жаңғырту; құрамында алтын-күміс концентраты бар кенді қайта өңдеу шағын-зауыт құрылысы; ферроқорытпалар өндірісін әртараптандыру және кеңейту; тау-кен-металлургиялық комбинат құрылысы және алтын құрамды кендерді игеру.
Электр энергетика саласын дамыту өңірдің электрқуаты мен  энергетикалық тәуелсіздігіндегі экономика қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады.
Жамбыл облысы «жасыл экономиканы» дамытудың басымды бағыты бойынша өңірлер арасында көшбасшылардың бірі болып табылады. Облыста бестен астам қуаттылығы 7-ден 100 МВт-қа дейін гидро-  жел- және күн электростанциясының құрылысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Республикада халықаралық EXPO – 2017 көрмесін өткізуге байланысты мұндай инновациялық жобалардың маңыздылығын атап айтқан жөн.
Осы өзгерістер орбитасына шағын және орта бизнес белсенді түрде тартылады. Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау «Бизнестің жол картасы-2020» (бұдан әрі – «Бизнестің жол картасы-2020») бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іске асырылады, мұнда бизнес-секторына қолдау көрсететін барлық тетіктер анық айтылған.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы (бұдан әрі - «Агробизнес-2020») орта мерзімді кезеңде ауыл шаруашылығы кешенін дамытудың негізі болып табылады.
Өсімдік шаруашылығында ылғал-ресурс үнемдеу және  тамшылатып суару технологияларын белсенді қолдана отырып, сондай-ақ қолданылмай жатқан егістік жерлерді айналымға тарту арқылы егіс алқабын кеңейту есебінен ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін аттыру қамтамасыз етілетін болады. Келешекте алқабын 25 мың га-дан 33 мың га-ға дейін арттыру жоспарлануда.
Қант шикізатын өндіру стратегиялық маңызды сала болып табылады. 2021 жылға қарай қант қызылшасын өсіру алқабын 13,7 мың гектарға ұлғайту жоспарлануда. Өңірде сондай-ақ көкөніс кластері дамып келеді және белсенді түрде бақтар, қарқынды технологиялар бойынша өсірілуде.
Мал шаруашылығы өнімінің өндіріс көлемін ұлғайту заманауи мал шаруашылығы кластерін құру, асыл тұқымды базаны дамыту және генетикалық әлеуетті арттыру, бордақылау алаңдарының және қайта өңдеу кәсіпорындарының құрылысы негізінде қамтамасыз етілетін болады.
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу саласында басымдылық өндірісті техникалық және технологиялық қайта жаңартуға, халықаралық сапа стандарттарына көшуге, Кедендік Одақ бойынша әріптес елдермен бәсекелесу үшін тең жағдайларды құру үшін азық-түлік тауарлары ассортиментін кеңейтуге бағытталатын болады.
Сауда саласында заманауи сауда алаңдарының санын және бөлшек сауда айналымының жалпы көлеміндегі олардың үлесін  арттыру бойынша жұмыс жалғасын табады, сондай-ақ сауданы стационарлық сауда объектілеріне кезең-кезеңімен көшіруді жүзеге асыру жұмыстары жүргізілетін болады.
Әлеуметтік саладағы жұмыстар Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі әлеуметтік даму Тұжырымдамасын ескере отырып «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарына білім беруді, ғылым мен денсаулық сақтауды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаларына сәйкес жүргізілетін болады.
«Минималды әлеуметтік стандарттар мен олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес азаматтарға Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген әлеуметтік кепілдіктер мен әлеуметтік құқықтарды іске асыруды қамтамасыз ететін әлеуметтік қызмет көрсетудің ең төмен қажет деңгейі – ең төмен әлеуметтік стандарттары кепілдендірілетін болады.
Білім беру саласында білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын арттыруға басты назар аударылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды жаңартылған мазмұнмен мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамту бойынша  жұмыстар жалғасын табады. Бір мезгілде балалардың физикалық, жеке басы мен ақыл зияткерлік деңгейін дамыту, балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мазмұны жаңартылатын болады. Сондай-ақ, әрекеттегі бала бақшаларды кеңейту және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін дамыту  бойынша жұмыстар жалғасады.
Орта білім беру жүйесінде Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесі бойынша 2020 жылға қарай білім берудің жаңартылған мазмұнына кезең-кезеңімен көшірілетін болады.
Үш ауысымды және апатты мектептердің санын азайтуды қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы 9 мектеп пайдалануға беріліп, 2016 жылы 4 мектепті пайдалануға беру күтілуде. 2018 жылға дейін үш ауысымды және апатты мектептердің мәселелері шешілетін болады. 12 жылдық білім беру жүйесін бойынша енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.
Шығармашылық белсенділікті ынталандыруға, ұстаз мамандығының мәртебесін арттыруға, талантты педагогтарды анықтауға, облыстағы жалпы білім беретін мектептердегі үздік мұғалімдердің және қосымша білім беретін мекемелердегі педагогтардың жұмыс тәжірибесін таратуға ерекше назар аударылады.
Өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамыту сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталатын болады. Аталмыш саланы дамыту мынадай басым бағыттарды көздейді:
- өмір сүру ұзақтығының өсімін қамтамасыз ету;
- Бірегей ұлттық денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;
- дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің, ауыл дәрігерлерінің біліктілік деңгейін арттыру;
- халықты алдын-ала тексеру арқылы бастапқы деңгейде ауру түрін анықтауда скринингтік бағдарламаны іске асыру жалғасын табады.
Негізгі бағыттарды есепке ала отырып науқастарды, оның ішінде туберкулезбен ауыратындарды ойдағыдай емдейтін тәсілдерді жетілдіру және адамның қорғаныш тапшылық қоздырғышы инфекциясының таралуын ұстап тұру жалғасады.
Жеке-меншік медицинаны дамыту, медициналық мекемелерде корпоративтік басқаруды енгізу бойынша жұмыс жалғасады.
Облыста мәдениет және өнер саласын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында жаңа кітапханаларды ашу және кітапхана жүйесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу жоспарлануда. Электрондық мәліметтер базасын құрып, ауылдық жерлердегі кітапханаларды компьютерлендіру және Интернет желісіне қосылатын болады. Сонымен қатар, кітап қорын толықтыру және жастарды жаңа кітапханалық жобаларға тарту бойынша жұмыс жалғасады.
Интернет ресурстарында облыстағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы  3D форматындағы фильмдер мен деректі фильмдер орналастырылады және тарихи-мәдени мұралар туралы альбом шығарылады.
Облыстың ұлттық тарихы мен мәдениеті үшін аса маңызы бар нысандарында, оның ішінде «Көне Тараз» қалашығы аумағында  археологиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасады. 
Тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды, жұмыссыздық деңгейін төмендету және оның өсуіне жол бермеуді қамтамасыз ету өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар және халықтың нысаналы топтарына кіретін адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартуды, кадрлық әлеуетті дамытуды, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жүйесін жетілдіруді көздейтін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын  және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің Кешенді жоспарын іске асыру арқылы жалғасатын болады. Бағдарлама шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, кәсіпкерлік бастамаларды дамыту,  еңбек әлеуетін дамыту арқылы халықты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының кәсіби және аумақтық бейімділігін арттыру бойынша шараларды қаржыландыру жалғасады. Кәсіпорындарда; Жұмыспен қамту орталықтарымен ұйымдастырылатын жұмысқа мұқтаж адамдарды дайындайтын және қайта даярлайтын курстар мен оқу циклдарында, оқу орындарында кәсіби даярлаудың үш буынды жүйесін дамыту бойынша  шаралар жүзеге асырылатын болады.
Әлеуметтік қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттар атаулы сипатын күшейту арқылы әлеуметтік көмекті оңтайландыруға бағытталады.
 «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2018 жылдан аз қамтамасыз етілген отбасылары үшін бастап әлеуметтік төлемдердің үш түрі (4 және одан да көп балалы отбасыларға арнайы мемлекеттік жәрдемақы, аз қамтылған отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек) бірынғай жәрдемақыға біріктіріледі.
Халықтың аз қамтылған санаттарын әлеуметтік қолдау көрсету үшін әлеуметтік келісім шарт негізінде «Өрлеу» шартталған ақшалай көмек беру жұмыстары жалғастырылатын болады.
Халықтың өмір сүру жағдайларын жақсарту мақсатында жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын төмендету, жылу шығаратын қуаттарды жөндеу және ауыстыру бойынша жұмыс жалғасатын болады.
2017-2019 жылдары жалпы сомасы 20,4 млрд. теңгеге 72 жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 19,9 млрд теңгеге сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта құру мен құрылысы бойынша - 65 жоба, 0,5 млрд теңгеге жылумен қамтамасыз ету бойынша - 7 жоба. 
Тұрғын үй-коммуналдық саласында 2021 жылға нормативтік пайдалануды қамтамасыз еткен кондоминимум нысандарының үлесін 12,2%-дан 17,2%-ға дейін арттыру, күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум нысандарының үлесін 21,5%-дан 18,2%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр.
 
 
3. Жамбыл облысының 2017 – 2021 жылдарға арналған
 әлеуметтік-экономикалық даму болжамының нысаналы
индикаторлары мен көрсеткіштері
 
Жамбыл облысының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы Қазақстан Республикасының 2017-2021 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған 2021 жылға әлеуметтік-экономикалық дамуының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге ықпал етеді.
2021 жылға жалпы өңірлік өнімді 2,5%-ға арттыру көзделіп отыр. Жалпы өңірлік өнім 2021 жылға 2017 жылғы деңгейге нақты тұлғалауда 12,8%-ға артады.
Ұзақ мерзімді кезеңде инфляция деңгейін төмендету орта мерзімді кезеңде оның деңгейін 3-4% дәлізінде ұстап тұруға ықпал етеді.
Жұмыссыздық деңгейі 2021 жылға 5%-дан жоғары емес деңгейде қалыптасады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімі көлемінің орташа жылдық өсімі 2017-2021 жылдары шамамен 2,9%-ды құрайды.
Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2017-2021 жылдары жылына орташа 2,8-ға өсетін болады.
 
4. Жамбыл облысының бюджеттік параметрлері
 
Әлеуметтік-экономикалық дамыдың алға қойған міндеттерін ескере отырып 2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет шығыстарының басым бағыттары төмендегідей болып табылады:
мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;
бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарына шоғырландыру;
бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджетті қалыптастыру барысында бюджеттік бағдарламаларға толық тексеру жүргізіліп, тиімсіз шығыстар оңтайландырылатын болады. Мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалатын болады.
Сонымен қатар, экономикалық өсімнің деңгейіне байланысты бюджеттік параметрлер 5%-дан 20%-ға дейін қысқарту немесе ұлғайту бағытында түзетілетін болады.
Тек жоғарғы әлеуметтік-экономикалық қайтарылымды жобаларға бюджеттік инвестицияларды шоғырландыру және жеке инвестициялар тарту арқылы бюджеттің күрделі шығындарын қысқарту саясаты жалғастырылады.
Бюджеттік қаражатты пайдаланудың тиімділігін арттыру нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлау принциптерін пайдалана отырып, бюджеттік жоспарлаудың нәтижелілігін арттыру арқылы қамтамасыз етіледі.  Бұл бағытта бюджеттік бағдарламаларды жасау сапасына және олардағы тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізілуіне ерекше көңіл бөлінетін болады.
Мемлекеттік бюджетке жүктемені азайту және құралдар тізбесін кеңейту үшін инфрақұрылымдық және өзге де басым жобаларға жеке секторды тарту мақсатында:
- мемлекеттік жекешелік әріптестікті дамыту және жеке инвестициялар көлемін ұлғайту үшін аутсорсинг тетіктері арқылы жеке операторларды тарта отырып, мемлекеттік органдар мен мекемелер объектілерінің капиталды шығындары мен оларды пайдаланудың сервистік моделіне өту жүзеге асырылады;
- квазимемлекеттік сектор субъектілерімен жүзеге асырылатын жобалар мен бюджеттік инвестицияларды іске асыру жобалық менеджмент тетіктерін кезең-кезеңімен енгізу арқылы қаржыларды инвестициялық жобалардан қайтарымды көтеру және үнемдеу қарастырылды.
Салық саясат шеңберінде салық жүйесінің экономикалық қайтарымын арттыру,  оның ішінде үйлеспеушілікті жою және салық салу базасын ұлғайту бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Салықтық әкімшілендіруді жақсарту және көлеңкелі экономика үлесін қысқарту бойынша жұмыс жалғасын табады.
 
2017-2021 жылдарға арналған бюджеттік инвестициялық
саясаттың негізгі басымдықтары
 
2017-2021 жылдары облыстың бюджеттік инвестициялық саясаты Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа жолдауларында және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында берілген тапсырмаларында, стратегиялық, бағдарламалық құжаттарында айқындалған мақсаттарды және мәселелерді іске асыруға бағытталатын болады.
Қосымша қаржыландыру көздерін тарту үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру мемлекеттік – жекешелік әріптестік тетіктеріне қайта бағдарланатын болады.
Экономиканың және жұмыспен қамтудың өсуіне мультипликативтік әсері бар салалар бюджеттік инвестиция үшін басымды салалар болып  табылады. Мемлекеттің ұзақ мерзімді тапсырмаларын іске асыру үшін база құру, еліміздің экономикасындағы құрылымдық реформаларын жалғастыру және әлеуметтік, индустриалдық-иннновациялық инфрақұрылымды құру бойынша мемлекеттің бастамасын аяқтау және тұрғындарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мемлекеттің ең үлкен мәні болып табылады.
Бюджеттік инвестициялардың негізгі бағыттары:
1) Бір бірімен байланысты салаларды дамыту және экономикалық белсенділікті қолдау арқылы экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.
Бұл бағыттың шеңберінде «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасының және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын іске асыруды жалғастыру жоспарлануда.
2) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және су-жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй құрылысын дамыту, агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы аймақтық драйверлерді дамыту және тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсарту.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі және «Агробизнес 2020» бағдарламалары бойынша жобаларды іске асыру жалғасатын болады.
Шағын және орта бизнестің өндірістік көлемін сақтап қалу және тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін «Бизнестің жол картасы-2020» іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
          Макроаймақтарда көліктік, логистикалық және коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешу үшін халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесе отырып тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша жобалар қаржыландырылатын болады.
3) Әлеуметтік саланы жаңғырту
Мектепке дейінгі мекемелер, мектептер мен денсаулық сақтау нысандарының желісін кеңейтуді қаржыландыру апатты мектептерді және үш ауысымды мектептерді жою, мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын азайту сияқты проблемаларды шешуді ескере отырып жүзеге асырылатын болады.
 4) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және мемлекеттік функцияларды іске асыру нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлауды енгізу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жақсарту арқылы жүзеге асыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру бойынша, оның ішінде «Ақпаратты Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған іс шаралар басым қаржыландырылатын болады.
Ақпараттық-коммуникациялык қызмет көрсету саласында мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ сервистік келісім-шарттарды пайдалана отырып мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларды жүзеге асыру арқылы іске асырылады.
 
Жарияланған күні: 2017-05-29 18:57:46

Наверх