Ауданның спорттық жетістіктері
Бокстан 2012 жылы Орал қаласында өткен ҚР Чемпионатында А.Наматкерім І орынды жеңіп, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алды.
Дзю-до
2013 жылы өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Әміртаева Жадыра және Мұратәлі Әйгерім І орынды жеңіп, Еуропа кубогіне жолдама алды. Испаниядағы Малага қаласында өткен Еуропа кубогінде аталған спортшылар екеуіде І - ші орынды иеленді.
Сонымен қатар Сәлім Нұрзат Көкшетау қаласында өткен ҚР чемпионатында І орынды жеңіп алды.
Армрестлинг
Тараз қаласында өткен Азия біріншілігінде А.Аманкелдиева, А.Нарик және Л.Кәрімбаева чемпион атанды.
Белбеу күрес
2012 жылы Шымкент қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Самағанбетова Ақтолқын чемпион атанды.
Грек-рим күресі
2014 жылы Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде Ошақбаев Жандос чемпион атанса, Абдуалиев Бексұлтан жүлделі ІІ орынды иеленді.
Бокс
2014 жылы Түркістан қаласында өткен халықаралық турнирде Е.Сейдалиев І орынды жеңіп алды.
2014 жылы өткен Жамбыл облысы чемпионатында Ж.Күшінбаев І - ші орын, Раткулов Берік ІІІ-ші орын жеңіп алды.
Каратэ-до
2014 жылы өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында Ибрагимова Жамилия жүлделі ІІ орынды жеңіп алды.
Көкпар
2014 жылы Тараз қаласында өткен өткен Н.Момыновтың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде аудан командасы ІІІ орынды жеңіп алды.
Үстел теннисі
2014 жылдың мамыр, маусым айларында Алматы қаласында өткен ҚР чемпионатында ІІІ - ші орын алған спортшылар: Асыкбек Улжан, Абдыраманова Айгерим, Темирбек Мухтар, Туленов Бакытжан, Жумаев Ильяс, Туленов Куаныш.