РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

«Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

Байзақ ауданы әкімдігінің
2012 жылғы «27» қарашадағы
№ 541қаулысымен бекітілген


«Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер.
1. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Байзақ ауданы әкімінің өкімдері мен және шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері.
Индекс 080100, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ батыр көшесі № 107.
9. Мемлекеттік заңды тұлғаның түрі – Коммуналдық мемлекеттік мекеме.
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
11. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы және уәкілетті органы Жамбыл облысы әкімдігі болып табылады.
12. Осы Ереже «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
14. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілері мен функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2.«Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметінің мақсаты және мәні
15. Әкім аппараты қызметінің мақсаты - аудан әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету.
16. Мемлекеттік органның негізгі қызмет мәндері мыналар болып табылады:
- аудан әкімі аппаратының тоқсан сайын жұмыс жоспарын дайындау;
- аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын дайындау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, аудан әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, аудан Әкімі шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы аудан Әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
- аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік мәжілістерін,
басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
- аудан әкімі және оның орынбасарлары, аудан әкімдігі үшін ауданның
әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
- аудан әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын
қамтамасыз ету;
- аудан әкімінің қызметін қамтамасыз етуге және басқа мәселелерді
шешуге қатысу;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, жүйелеу және
кодификациялау;
- аудан әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
- кадрларды оқытуды ұйымдастыру;
- мемлекеттік тілдің және ұлтаралық қатынас тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін жағдайлар жасау;
- қызметтік құжаттарды қарау;
- азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініш-арыздарын қарау;
- іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік
рәсімдер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
- атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік мәжілістерінің
қарауына мәселелер дайындау;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған
ақпараттық жүйесі (ХҚО ЫАЖ) бойынша жергілікті атқарушы органдарда
оқыту, ұйымдастыру және мониторинг жұмыстарын жүргізу;
- Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жергілікті атқарушы
органдардың көрсетілген мемлекеттік қызметтердің статистикалық мәліметтерді жинақтау;
- мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық форматқа көшіру
бойынша жұмыстарын жүргізу;
- жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету
қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесімен жұмыстарын жүргізу;
- аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері қызметі
тиімділігін бағалау және аудан әкімдігі бөлімдерінің жұмысының жүргізілуін үйлестіру;
- жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы
бағалау жүйесін үйлестіру және жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының «Нормативтік–құқықтық актілер
туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңдарына және аудан әкімдігінің Регламентіне сәйкес әкімдік қаулыларының, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын дайындау.

3. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері.
17. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Атқарушы билiктің жалпымемлекеттiк саясатын тиістi аумақты дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз ету.
18. Міндеттері:
1) аудан әкімінің қызметін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк органдардың қызметiн жалпы бақылау, соның iшiнде аудан әкімінің актiлерi мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасау;
3) аудан әкімінің шешiмдерiн сөзсіз, түбегейлi және уақтылы орындау;
4) аудан аумағында iстiң жағдайы туралы уақтылы әрi толық хабардар ету.
19. Функциялары:
- мемлекеттік тәуелсіздікті, конституциялық құрылымды, нығайту және қорғау жөніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүзеге асыру, азаматтардың бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасы заңдарын, Президент пен Үкіметтің кесімдерін, әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін орындау және ұйымдастыру;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиясын іске асыру, экономикалық реформаларды жүргізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, оны іске асырудың механизмдері мен тәсілдерін жетілдіру;
- ауданның әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне сараптау жасау, саяси және әлеуметтік-экономикалық үдерістерін зерттеу, сәйкес ұсыныстар мен ұсынымдар даярлау;
- ауданның атқарушы билік органдарының жұмысына үнемі талдау жүргізу, аудан әкімінің қатысуымен шешілетін маңызды үдерістерді айқындау;
- ауылдық округтер әкімдерінің және олардың аппараттарының қызметін үйлестіру;
- аудан әкімінің аудандық мәслихатпен, мемлекеттік басқару органдарыменөзара қызметін, оның қоғамдық, мәдени, шығармашылық, діни ұйымдар және саяси қозғалыстармен байланысын қамтамасыз ету;
- ауданда әкімдіктің және аудан әкімінің экономикалық, әлеуметтік, мәдени жаңғырту жұмыстарын, ақпараттық қамтамасыз ету, ұлтаралық келісімнің тұрақтылығына қол жеткізу және сақтау;
- аудан әкімінің кадрлық саясатын жүргізуге, мемлекеттік қызметтің лауазымдық тұлғасына Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес етуіне байланысты басқа да мәселелерді шешуді қамтамасыз ету;
- аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, әкімдігінің бөлімдерінің және ауылдық округтер әкімдерінің аппаратарының Президенттің, Үкіметтің кесімдерін, әкімдіктің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін және тапсырыстарын іске асыру барысын қадағалауды жүзеге асыру;
- аудандық әкімдіктің, аудандық комиссиялардың отырыстарын, аудан активінің жиналыстарын, мәжілістерді, семинарларды және аудан әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін басқа да іс-шараларды ұйымдастыру құқықтық дайындау және, ақпараттық қамтамасыз ету;
- қызметтік құжаттар мен азаматтардың өтініштерін қарау, оларды қабылдауды ұйымдастыру, құжаттық айналымды сараптау, аудан әкімі аппаратында, әкімдігінің бөлімдерінде және ауылдық округтерәкімідерінің аппараттарындағы азаматтардың хаттарымен жұмыс істеудің жағдайын тексеру;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен аудан әкімі аппаратына жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
20. Құқықтары мен міндеттері:
- жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын құрылымдық бөлiмшелерден, басқармалардан, қызметтерден, ведомстволардан қажеттi ақпараттарды алуға, сондай-ақ, өз құзыретiнiң шегiнде мiндеттi тапсырмалар беруге;
- меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан әкiмнiң құзыретiне қатысты мәселелер бойынша қажеттi ақпараттарды, құжаттарды, өзге де материалдарды, ауызша және жазбаша түсiнiктердi сұрауға және алуға;
-аудан әкiмiнiң шешiмдерi мен өкiмдерiнiң орындалуын тексеруге, анықталған кемшiлiктердi жою, олардың себептерi мен орындалу жағдайлары бойынша шаралар қабылдауға;
-аудан әкiмi аппаратының қарамағына қатысты мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасуға;
- аудан әкiмдiгiнiң, аудан бөлімдерінің мәжiлiстерiне, отырыстарына қатысу;
- аудан әкiмiне аудан әкімдігінің бөлім бастықтарын, ауылдық округ әкімдерін және аудан әкімі аппаратының қызметкерлерiн тәртiптiк жазаға тарту туралы ұсыныстар беруге;
-аудан тұрғындары үшін қоғамдық бірлестіктермен және азаматтармен бірлесіп, қоғамдық бастама негізінде, төлем ақысыз, қосымша заңгерлік кеңес беретін қоғамдық қабылдаулар ұйымдастыруға құқы бар.3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру.

4.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
21. Аудан әкімі аппаратының басшылықты жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын аудан әкімі жүзеге асырады.
22. Аудан әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгiлейтiн тәртiпте қызметке тағайындалады немесе сайланады, сонымен қатар қызметiнен босатылады және өз өкiлеттiгiн тоқтатады.
23. Аудан әкімі Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын жәнеқызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
24. Аудан әкімінің өкілеттігі:
1) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң мүдделерiн бiлдiредi;
2) облыс әкiмiне орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президентi мен Yкiметi актiлерiн олардың орындауға қатысты бөлiгiндегi қызметi туралы ұсыныс енгiзуге құқылы;
3) тиiстi адамдарды мемлекеттiк наградалармен марапаттау, оларға құрметтi және өзге де атақтар беру туралы облыс әкiмiне ұсыныс енгiзедi;
3-1) аудандық мәслихатқа "Ауданның құрметті азаматы" атағын беруге ұсыныс енгізеді;
4) мынадай лауазымды адамдарды:
жоғары тұрған уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша, шектi санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілейтiн аудан әкiмiнiң орынбасарларын;
әкім аппаратының басшысы мен қызметкерлерін, сондай-ақ аудандықбюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнiнде шаралар қабылдайды;
6) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
7) мектепке дейінгі ұйымдарға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарына (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда), әлеуметтік-мәдени сала мекемелеріне материалдық-техникалық қамтамасыз етуде қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі;
8) салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауға жәрдемдеседi;
9) әкiмшілiк-аумақтық бөлiнiстi басқарудың Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымдары негізінде қалыптастырылған схемасын тиiстi мәслихаттардың бекiтуiне енгiзедi;
10) ведомствоаралық сипаттағы мәселелер жөнiндегi консультациялық-кеңесшi органдардың дербес құрамын мәслихаттың бекiтуiне ұсынады;
11) өз құзыретi шегiнде әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
12) өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуы мен дамуы үшін құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар жасау жөнінде төмен тұрған әкімдердің жұмысын үйлестіреді;
13) төмен тұрған әкімдердің қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
25. Аудан әкiмiнiң құзырына Қазақстан Республикасының заңдарымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкін.
26. Аудан әкiмi өзiнiң жекелеген өкiлеттiктерiн жүзеге асыруды төменгi тұрған әкiмдерге беруге құқылы.
27. Аудан әкiмi өз құзыретiндегi мәселелер бойынша және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) әкiмдіктің құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президентi, Үкiметi және облыс әкiмi алдында жауап бередi.
Аудан әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
28. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
29. Аудан әкімінің аппаратын Қазақстан Республикасыныңқолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын аппарат басшысы басқарады.

5. Жұмыс режимі
30. «Байзақ ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін жұмыс уақытының басталуы, аяқталуы, күнделікті және апталық ұзақтығы Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексіне» сәйкес белгіленеді.

6. Мемлекеттік органның мүлкі
31. Аудан әкімі аппаратының заңнамада көзделгенжағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
Аудан әкімі аппаратының мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
32. Аудан әкімі аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
33. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, аудан әкімінің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

7. «Байзақ ауданы Әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

34. Мекемені тарату және қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) меншік иесінің шешімі немесе соттың шешімі бойынша жүргізіледі.
Қайта ұйымдастыру кезінде өкілетті орган Мекеменің құқықтық мирасқорын белгілейді.
Мекемені тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындаған тарату комиссиясы Мекемені таратуды жүзеге асырады.
Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап оған Мекеменің қызметін басқару өкілеттігі көшеді. Тарату комиссиясы Мекеменің қолындағы мүлігін бағалайды, оның дебиторлар және кредиторларын анықтайды, олармен есептеседі, Мекеменің үшінші жақтарға, Мекеменің қызметкерлеріне қарыздарын өтеуге шаралар қолданады, тарату балансын жасайды.
Кредиторлардың талабын қанағаттандырғаннан қалған Мекеме мүлкін Құрылтайшы қайта бөледі, ал Мекеме ақшасы, оның ішінде мүлікті сату нәтижесінде алынған және кредиторлардың талабын қанағаттандырғаннан қалған ақшалар бюджет кірісіне алынады.
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне Мекеменің таратылуы туралы жазу енгізілген сәттен бастап Мекеме өз қызметін тоқтатады, ал тарату аяқталды деп саналады.

8. Мекеме мен құрылтайшысының, мекеме мен уәкілетті органының, мекеме әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасындағы өзара қарым-қатынастары
35. Құрылтайшы мекемеге қатысты меншік иесінің функцияларын орындайды, мекемені қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім шығарады.
36. Мемлекеттік басқарудың уәкілетті органы мекеменің басшысын тағайындайды және жұмыстан босатады, оның орынбасарларын тағайындауға және босатуға келісім береді, мекемеге жүктелген тапсырмалардың орындалуын қадағалайды, есептер мен мекемемен табыс етілген ұсыныстарды қабылдайды.
37. Мекеме жұмысшыларды әлеуметтік сақтандыру өмірі мен денсаулығын, еңбек жағдайын жақсарту бойынша әлеуметтік саясат жүргізеді, жылсайынғы демалысты бекітеді.
38. Еңбек төлеудің нысаны, қызметтік төлемдер көлемі, сыйлық беру және өзге де марапаттау жүйесі Қазасқтан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.
39. Мекеме мен ұжымның арасындағы қарым – қатынас еңбек шартымен, ұжымдық шартпен және Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасының нормаларымен реттеледі.

 

 

 

 

Жарияланған күні: 2014-08-06 11:25:41

Наверх