РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Байзақ ауданының тарихы

Байзақ ауданы 1938 жылдың 4 ақпанында Оңтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің №89 Қаулысымен құрылып, сол кезде жұргізіліп отырған саясатқа сәйкес Ком¬партия көсемінің үзеңгілес серігі Я.Свердлов есімі берілген. Жаңа аудандағы 42 ұсақ ұжымшар, 1 кеңшар, 2 МТС - тің айналысар басты са¬ласы ауыл шаруашылығы болды. Мирзоян (қазіргі Жамбыл) ауданынан бөлініп шыққан елді мекендері 17 ауылдық Кеңеске қарады.
1995 жылдың 20 желтоқсанында бұрынғы Свердлов ауданы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Байзақ ауданы болып өзгертілді.
Байзақ ауданы Жамбыл облысының орталығы - Тараз қаласының шығыс жағында орналасқан. Географиялық тұрғыдан аумағы негізінен жазықтық.
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылы. Облыс орталығы Тараз қаласы мен Сарыкемер ауылы аралығы - 12,5 шақырым.
Аймағы 4,5 мың шаршы шақырым.
Ауданның оңтүстігі Т.Рысқұлов ауданы, солтүстік жағы Тараз қаласы, Жамбыл ауданымен, солтүстік шығыс жағы Талас ауданымен шектеседі.
Климаты - құрғақ және континенталды.
Жер көлемі 446021 гектарды құрайды, оның ішінде ауылшаруашылығы алқабы 158237,3 гектар, егістігі 56760,7 гектар.
Ауданда 18 ауылдық округ, 43 елді мекен бар. Халык саны 93881 адамды құрайды.
Халықтың құрамы 30-дан астам ұлттан тұрады, оның 83,6 пайызы қазақтар.
Ауданда 1 саяси партия, 3 үкіметтік емес ұйым, 4 ұлттық мәдени орталық жұмыс істейді.
Байзақ ауданы Тараз қаласына өзгелерге қарағанда жақын орналасқандықтан тарихының ерекшелігі Таразбен тамырлас екендігінде. Ау-дан аумағындағы Түймекент, Оххум тағы басқа да жұрнақтары бүгінге дейін сақталған ежелгі қалалардың Ұлы Жібек жолымен сауда керуендері ағылған дәуірлерде гүлденгені белгілі. Облыс аумағы сол кезгі аса қуатты мемлекет болған Түрік қағанатының қол астына қараған VI ғасырда ірі сауда орталығына айналған Тараз қаласына іргелес орналасқан, сулы, нулы өңір азық - түлікпен Таразды жабдықтап келді.
Аудан аумағындағы жүзден астам археологиялық ескерткіштерге жүргізілген зерттеулер егіншіліктің өте ерте замандарда дамығандығын көрсетеді.
Ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығы, соның ішінде, басым бағыты егіншілік.
Деректер бойынша, экономикасын қалыптастыру, нығайту жолына түскен ауданның еңбеккерлері 1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Сол жылдары ауданнан 3237 ер - азамат қолына қару алып, ұрыс даласы¬на аттанды. Олар барлық майдандарда дерлік шайқасып, ерліктерімен танылды. Солардың ішінен Қарасу ауылынан шыққан Ақәділ Суханбаев Польша жерінде жасаған теңдессіз ерлігімен көзге түсіп, қаза тапқан соң оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Ал, тылда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін» деген ұранмен еңбек көрігін қыздырғандардың небір өнегелі істері аудан, облыс, республикадан асып Одаққа да танылды. Кеңес Хабарлау Бюросы (Совинформ¬бюро) «1944 жылғы 26 желтоқсанда “Қазақ КСР - інің Жамбыл облысы. Мұнда биыл 112 ұжымшар және 2 кеңшар қант қызылшасынан мол өнім өсірді. «Қарасу» ұжымшарында Түменбаев пен Амановалардың звенолары гектарына 900 цент¬нерден қызылша жинады» - деген хабар таратты.
Бағалы техникалық дақыл - қант қызылшасын өсіру ісі облысымызда өткен ғасырдың отызыншы жылдарының бас кезінде қолға алына бастады. Бұл жаңа істі игеруде үлгі танытқан да Свердлов ауданының қызылшашылары болды. 1936 жылы «Ленин» ұжымшарының звено жетекшісі Сәмен Өтепбергенов қант қызылшасының әр гектары¬нан 1410 центнерден өнім алып, әлемдік рекорд жасады.
Батыста қиян - кескі ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде аудан қызылшашылары еңбекте ерлік танытты. Ауданның кейбір ұжымшарларында қант қызылшасының әр гектарынан 460 - 490 центнерден өнім алынғанын сол кездегі газеттер жарыса жазып жатты. Аудан шаруашылықтарын қамтитын Свердлов МТС-іне осындай табыстары үшін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің, республика Халық Комиссарлар Кеңесінің Ауыспалы Қызыл Туы берілді.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталған соң да ауданда қант қызылшасын өсіру ісі жалғасты. 1950 жылы ұсақ ұжымшарлар біріктіріліп 13 ірі, көп салалы шаруашылыққа айналды. Енді олар балтамыр ғана емес, дәнді дақылдарды, көкөніс, картоп өсірді. 1948 - 1950 жылдары аудан еңбеккерлерінің бір тобы егіншіліктегі еселі табыстары еленіп Социалистік Еңбек Ері жоғарғы атағын алып, өңірлеріне алтын жұлдыз тақты. Олардың арасында соғыс жылдары қант қызылшасын өсіруде жоғарғы көрсеткіштерге жеткен Айтжан Бөгенбаев, Орынкүл Атабекова, Алтынкүл Әлібаева, Наужан Дидарбекова, Мәрзия Ибрагимова, Дариға Жантоқова, Сындыбала Оңғарбаева және тағы басқалары болды.
Аудан орталығы - Сарыкемер ауылының басты көшесіндегі «Батырлар аллеясында» ауданнан шыққан 27 Социалистік Еңбек Ерінің және Кеңестер Одағының Батыры Ақәділ Суханбаевтың суреттері ілінген.
Егіншіліктегі табыстарымен аты шыққан аудан өткен ғасырдың алпысыншы, жетпісінші жылдары астықтан, қант қызылшасынан, көкөністен мол өнім алуымен танылды. Әсіресе, қант қызылшасы берекелі дақылға айналып, балтамыр алқаптарының көлемі 6000 гектарға дейін жетті. Әр гектардың түсімі 400 центнерден жоғары болды. Өндірістегі үздік табыстары үшін 1965 жылы «Трудовой пахарь» ұжымшарының төрағасы, білікті басшы, іскер ұйымдастырушы Александр Львович Нахмановичке, 1971 жылы «Октябрьдің 40 жылдығы» ұжымшарының звено жетекшісі Нұрмаш Түйтебаеваға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Жүздеген адам КСРО орден, медальдарымен марапатталды.
Ауданда егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да өркендеді. 1973 жылы осы саладағы еселі табыстары үшін ауданға КОКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, ВЦСПС-тің және КЛКЖО Орталық Комитетінің Ескерткіш Қызыл туы мен бірінші ақшалай сыйлығы тапсырылды. Осы жылы «Жамбыл» қызылша кеңшарының сауыншысы Елена Иосифовна Свинковская Социалистік Еңбек Ері атағын алса, көптеген малшылар орден, медальдармен марапатталды.
Ауданда ел мақтанышына айналған спортшылар қатары толығу үстінде. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында топ жарған Тегістік ауылының түлегі Жақсылық Үшкемпіров алтын медаль жеңіп алып, Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды. Даңқты жерлестеріне деген байзақтықтардың құрметі де шексіз. Аудан орталығы - Сарыкемер аулында Жақсылық Үшкемпіров атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Аудан халқы, сондай - ақ Атланта және Сидней Олимпиадаларының жүлдегерлері Болат Жұмәділов пен Алмас Мұсабековтерді де туған жерінің атын алысқа танытқандар ретінде мақтан тұтады.
Аудан басшылығы еліміздің өзге өңірлеріндегідей өтпелі кезеңнің қиындықтарын еңсере білді. Компартия көсемінің, оның серіктерінің есімдері берілген шаруашылықтар мен елді мекендерге байырғы тарихи атаулары қайтарылды, бірқатары өлкемізден шыққан көрнекті тұлғалардың аттарын иеленді.
Байзақ батырдың ескерткіші Сарыкемер ауылына кіреберісіне орнатылып, Талас өзенінің жағасындағы сөресі жаңаланып, сәулетті кесене тұрғызылды.
Ауданда 2757 шаруа қожалығы, 22 Жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 6 өндірістік кооперативі бар.
Батыр бабамыздың атын алған ауданымыз атқарылған айқын мақсатты жұмыстардың нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Ауыл шаруашылық құрылымдары, жеке шаруалары Тараз қаласы тұрғындарын ет, сут, көкөніс, жеміс - жидек, басқа да өнімдермен қамтамасыз етіп, дүкен сөрерлерін молықтыруда жақсы істермен таныла бастады. Мәселен, Таразда жыл сайын ұйымдасырылатын ауыл шарушылық өнімдерін жәрмеңкелерін олар белсене қатысады.
Елбасымыз Н. Назарбаетың ел экономикасын әртараптандыруды ауыл шаруашылығынан бастау керек деген тапсырмасын басшылыққа ала отырып, тындырған тірліктер жетерлік. Нәтижесінде өндірістің бүгінгі сипаты мүлдем өзгерді.
Сұранысқа бейімделуге, тиімді өңдеу, ұқсату ісін өзімізде ұймдастыруға басымдық беріле бастады. Осы орайда жылыжай шарушылығымен шұғылданушылар қатары артып отырғаны қаланы өнімдерімен жыл бойы жабдықтауда аудан үлесі арта түсетініне сендіреді. Бұл маңызды шаруада қалада табысты жұмыс істейтін әлеуетті бизнес құрылымдардың көмек, қолдауына қол жеткізілді. Атап айтқанда, «Концерн Азия Қазақстан» ЖШС-ы – Бурыл, ал «Жас ұлан» ЖШС-ы- жүргізіп, оларды іске қосты. Ауданның өзінде тұратын кәсіпкерлер ашқан жылыжайлар да қалалықтарға өнімдерін ұсына бастады.
Төрт түлік мал саны да жылдан жылға өсіп келеді. Асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтар саны жыл сайын өсіп отыр. Әсіресе, «Бапыш Сейсенбай», «Шилі қарын» шаруа қожалығы өсіретін асыл тұқымды сәйгүліктер бәйгенің алдын бермейтіндіктерімен әйгілі.
Қаланың дәл іргесінде бола тұра ауданда ауыл шаруашылығы басым дамып, өнеркәсібі кенжелеп келген болатын. Бұл олқылықтың орнын толтырудың нақты қадамдар жасалып, бірқатар жобалар іске асырылды. Бұған берісі облыс, әрісі республикадағы сұранысқа сай, сапалы өнімдерді озық технологияға сүйеніп шығаруымен танылып қалған.
Аудан бойынша 87 жалпыға бірдей білім беру мекемелері, оның ішінде 34 орта мектеп, 1 гимназия, 2 негізгі мектеп, 9 бастауыш мектеп, 20 балабақша, 1 балалар саз мектебі, 1 көркем сурет мектебі, 1 өнер мектебі, 1 балалар мен жасөспірімдер орталығы, 1 кешкі мектеп. 140 - төсектік орталық аурухана, тәулігіне 300 адамды қабылдауға арналған емхана, 2 бөлімшеден тұратын 40 төсектік туберкулезге қарсы аурухана, «Бурыл» БМСК (Бастапқы медициналық санитарлық көмек) Орталығы, және 17 дәрігерлік амбулатория, 20 клубтық құрылымдар мен үйірмелер, «Шахан» халық театры, 24 кітапхана жұмыс істейді.

 

Жарияланған күні: 2014-08-06 11:25:41

Наверх