РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Аудандық тарихи - өлкетану мұражайы

Байзақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің тарихи - өлкетану мұражайы коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып табылады. Байзақ аудандық тарихи- өлкетану мұражайы аудан әкімдігінің 2010 жылғы 14 маусымдағы 377 қаулысының негізінде құрылды. Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы, Байзақ Батыр көшесі №102 а үйде орналасқан.

 

* Жұмыстың басты бағыты мұражайы заттары мен коллекцияларын жинастыру және сақтау.

* Тарихи, мәдени ескерткіштерді сақтап, сол бағытта білімді жетілдіру және кеңінен тарату.

* Мұражай заттары мен коллекцияларын таныстыру.

*  Баспа беттеріне, ғылыми мақалалар жариялау.

* Білім және ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыру.

 «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасына сүйене отырып, халқымыздың ғасырлар бойғы тарихын айғақтайтын  деректер және дала мен қала өркениетінің өзара байланысы мен дамуы, бүгінгі күнге дейінгі тарихи жетістіктерді көрсететін бес тақырыптық залдар ұйымдастырылды.

Бірінші бөлме - археология.  Бұл бөлімде аудан аумағындағы тарихи орындарда жүргізілген көптеген археологиялық экспедициялардың жұмыстары палеолит кезеңінен басталған  тарихи құндылықтар көрсетілген. Сонымен бірге, ортағасырлық архитектураның көрінісі болған құрылыс заттары, ортағасырлық су құбырлары, керамикалық, шыңылтырылған ыдыстар, сүйектен жасалған әшекей бұйымдар да көрініс алған.

Екінші бөлме - этнографиялық. Қазақ халқының тұрғын үйі-киіз үй. Киіз үйге қажетті материалдық және рухани құндылықтары, ұлттық киімдері, төсек жабдықтары арқылы халқымыздың тарихи дамуындағы тұрмыс тіршілігі, философиялық көзқарасы көрсетіледі.

Үшінші бөлме- аудан тарихы. Байзақ ауданының тарихы және дамуы жайында деректер.

Төртінші бөлме -тәуелсіздікке дейінгі Кеңес Одағы тарихы, партия жетекшілері енгізілді. Соғыс кезеңіндегі соғысқа қатысқан ардагерлер, тыл еңбеккерлерінің суреттері, медальдары, мақтау қағаздары, соғыста, тылда қолданған заттары көрсетілген.

Өнер және спорт бөлмесі. Бұл бөлім ауданда туып өскен және мемлекет саласында қызмет етіп, мемлекеттік атаққа ие болған қайраткерлердің өмірі, суреттері, шығармалары, қолданған заттары қойылды. Айтыс өнері де қазақ жеріндегі дәстүрлі өнер додасы. Дүйім жұрттың алдында жарқылдап жыр төгетін ақындар өнеріне тыңдаушы жұртшылықтың ілтипат - ықыласы қашанда ерекше. Байзақ ауданынан шыққан дүл-дүл айтыскерлер М.Тазабеков, А.Қасымбекова, Ә.Жанқұлиев халықаралық деңгейдегі айтыскерлер және әлем чемпионатында «қазақ күрес» бойынша үнемі алдыңғы орындарды иеленген спорт майталмандары көрініс алған.

Мұражай қорында реставрациялауды қажет ететін және уақыт өте келе құндылығын айшықтайтын заттар да жеткілікті. 

            Алдағы уақыттары ғылыми ағартушылық, ұйымдастырушылық, экспозициялық жұмыстарды есепке ала отырып, мұражайға келушілер санын арттыру міндеті жүктеліп отыр. Сонымен бірге, семинар сабақтар, ардагерлермен кездесу, жоғары сынып оқушыларымен тақырыптық  іс-шаралар өткізіледі. Мұражайды жан жақты танытып, ауыл тұрғындарын және көрермен қауымды тарту мақсатында түрлі іс-шаралар қолданылады. Атап айтқанда, көрмелер, брифингтер, тарихи орындарға экспедициялар жасалады.

Мәдени ағартушылық жұмыстарда мұражайдың алға қойған өз мақсат, бағыттары бар. Әрбір экспозиция бөлімдеріне зерттеу жүргізу арқылы, олардың танымдық, өнегелік сипаттарын көрсетеміз. Сонымен бірге, жәдігерлер тарихы жайында мақалалар жариялануда. Байзақ ауданының тарихи жетістіктері жайында естеліктер жинастырылуда.

Мұражай қорын тарихи, мәдени маңызы бар жәдігерлермен толықтыру үшін жинастыру, ұйымдастыру жұмыстары әрдайым жүргізіліп отырады. Қазір мұражай ұжымында 8 адам жұмыс істейді.

 

Жарияланған күні: 2014-08-06 11:25:41

Наверх