РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

ХАБАРЛАНДЫРУ

Хабарландыру

2014 жылдың 25 маусымында сағат 10.00-де Қаратау қаласы, Промышленная көшесі, №13 мекен-жайда «Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласында цемент зауытының құрылысы» қоршаған ортаны қорғау жобасы бөлімі жайында коғамдық тыңдаулар өтеді. Қоғамдық тыңдау құжаттарымен алдын ала Қаратау қаласы, Промышленная көшесі, №13 мекен-жайда танысуға болады. Ұсыныстар мен ескертпелерді және алдын ала құжаттарды мына электрондық поштамен алуға немесе жіберуге болады:
87019424481 @mail.ru.

 

Хабарландыру

2014 жылдың 4 шілде күні сағ. 11.00-де «Авангард» кинотеатрында Қаратау қаласындағы «Шахтерская» көшесінің тұрғындарымен жиын өтеді.
Күн тәртібінде:
Ұлы Отан соғысы және Еңбек ардагері, Талас ауданының Құрметті азаматы Рымтай Байболовтың есімін «Шахтерская» көшесіне беру туралы мәселе қаралады.
 


Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2012 жылғы «16» 11 № 1449 қаулысымен бекітілген


Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары


1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың
2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және моноқалаларда жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметпен байланысты кредиттік тарихы жоқ шағын кәсіпкерлік субъектісі;
2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы;
3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала;
4) мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт - жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі, қаржы агенті және кәсіпкер арасында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын, үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант ұсынылады;
5) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыс әкімі айқындайтын, жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты атқарушы орган (бұдан әрі – бағдарламаның үйлестірушісі);
6) уәкілетті орган - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» мемлекеттік мекемесі;
7) жұмыс органы - «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті» мемлекеттік мекемесі;
8) конкурстық комиссия - Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын конкурстық негізде моноқалаларда жаңа өндірістер құруға мемлекеттік гранттар алуға жобалар іріктеу жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңестері үшін ұсынымдар әзірлеу жөніндегі орган;
9) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан былай - ӨҮК) - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері басқаратын, жергілікті атқарушы органдардың, лизингтік компаниялардың/банктердің/Даму Банкінің, бизнес-қоғамдастықтың өкілдері және тәуелсіз сарапшылар қатысатын консультативтік-кеңесші орган;
10) қаржы агенті - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
11) бизнес-жоба - кәсіпкердің сипаттау, есеп-айырысулар, болжамдар нысанында орындалған меншікті бизнес жасау (тауарлар өндіру, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын жоспары.
3. Кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну (меншікті бизнесін құруға) Бағдарламаның «Моноқалалар халқының жұмыспен қамтылуының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін экономиканы әртараптандыру мен шағын және орта бизнесті дамыту» деген екінші бағытының шеңберінде жүзеге асырылады.
4. Моноқалада жаңа өндірістер құратын кәсіпкерлерге (бұдан әрі – кәсіпкер) мемлекеттік гранттар, бөлінген мемлекеттік грантты орынсыз пайдалану жағдайларын қоспағанда, өтеусіз және қайтарусыз негізде бөлінеді.
5. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлер (дара кәсіпкер немесе заңды тұлғаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткеннен кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы ұсынады.
6. Мемлекеттік гранттарды ұсыну мақсаты Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген Қазақстан Республикасы моноқалаларының тізбесіне сәйкес моноқалада жаңа өндірістерді іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлерді қолдау болып табылады.
7. Қаржы агентінің қызметтерін жұмыс органы республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.
8. Жұмыс органы республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін моноқалалар бөлінісінде облыстар үшін қаржыландыру лимитін айқындайды және жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне нысаналы трансферттер түрінде қаражат бөледі.
9. Уәкілетті орган мен облыстардың әкімдері арасында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне 93-қосымшаға сәйкес үлгі келісім нысаны бойынша нысаналы трансферттер жөніндегі нәтижелер туралы келісім:
1) моноқалаларда кәсіпкерлік белсенділікті арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру;
2) моноқалаларда жаңа өндірістерді құру;
3) халықтың еңбек ұтқырлығын ынталандыру бойынша жасалады.

2. Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған
мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібі
Мемлекеттік гранттарды ұсыну жағдайлары
10. Қызмет түрлері шектеусіз, осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар ұсынуға арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.
11. Мыналар мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алмайды:
1) мұнай-газ өнеркәсібінің кәсіпкерлері;
2) қару-жарақ және акцизге тәуелді өнімдерді өндірушілер;
3) минералды шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тібесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпкерлеріне;
4) тау-кен өндіру өнеркәсібінің өндірушілері;
5) елу және одан көп пайыз акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияларға тікелей немесе жанама тиесілі ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар құрылтайшылары болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысандары жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғалар.
12. Кәсіпкер бір бизнес-жоба бойынша мемлекеттік гранттар ұсыну мақсатында конкурстық іріктеудің қатысушысы бола алады.
Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кем дегенде 20% кем емес мөлшерде оны іске асыру шығыстарын қоса қаржыландыруы болып табылады.
Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын:
1) негізгі құралдар мен материалдарды;
2) материалдық емес активтерді;
3) технологияларды;
4) франшизге құқықты сатып алуға жұмсауы тиіс.
Мемлекеттік грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысын төлеу ретінде пайдаланылмайды.
13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік гранттың ең жоғары сомасы 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аса алмайды.
14. Мемлекеттік гранттар:
қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық кезеңіндегі, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен уақытша тоқтатылған;
салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;
қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға ұсыну болып табылатын кәсіпкерлерге берілмейді.
15. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бірлігі, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
16. Конкурстық комиссия төрағадан, төраға орынбасарынан және Конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссия құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер, салалық сарапшылар, ғылыми-білім беру мекемелері, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары, қаржы агенті өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен қалыптасады. Конкурстық комиссияның сандық құрамы 9 (тоғыз) адамнан кем болмауы тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агентінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.
Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап ай тқанда: төрағамен келісе отырып, отырыстардың өткізілетін орнын, күні мен уақытын анықтайды, болатын отырыс туралы конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлайды, отырыс өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелерінің назарына жеткізеді.
Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және оның шешім қабылдау үшін дауыс беру құқығы жоқ.
Конкурстық комиссияның отырысы егер оған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып есептеледі.
Конкурстық комиссия шешімі отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан көбі дауыс берген жағдайда қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
17. Бағдарламаның деңгейдегі Жергілікті үйлестірушісі конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апталық
баспа басылымында мемлекеттік гранттар (меншікті бизнес құруға) ұсыну үшін кәсіпкерлердің конкурстық іріктеуінің басталғандығы туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;
2) мерзімді негізде Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар түрінде мемлекеттік қолдау ұсыну барысының жария етілуін қамтамасыз етеді;
3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну шарттары мен тәртібі жөніндегі консультация береді;
4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдер және Қағидаларға сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;
5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;
6) кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттың ұсынылуы немесе мемлекеттік грантты ұсынудан бас тартылуы туралы хабарлайды.
18. Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер конкурстың өткізілетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша өзі, пошта арқылы немесе өзінің уәкілетті өкілі арқылы бекітілген нысан бойынша конкурстық өтінімді ұсынады, оған басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға қол қояды және кәсіпкер мөрімен бекітіледі.
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек ғана бір өтінім тапсыруға құқылы.
Өтінімдерді қабылдау мерзімдері мен орны конкурстың өткізілетіндігі туралы хабарландыруда көрсетіледі.
19. Мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне жүгінеді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік гранттарды ұсыну бойынша конкурстық іріктеуге қатысу туралы өтінім, ол Бағдарлама әкімшісінің веб-порталына орналастырылатын болады;
2) заңды тұлғаны (дара кәсіпкерді) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
3) салық органында есепке қою туралы куәліктің (хабарламаның) көшірмесі;
4) салықтар, алымдар мен салымдар бойынша бюджетпен есептесулер жағдайы туралы анықтама;
5) басшының қолы қойылған және өтініш берушінің мөрімен бекітілген, өтінімді тапсыру сәтіндегі жалдамалы жұмысшылардың орташа саны туралы анықтама;
6) бизнес-жоба;
7) кәсіпкердің «Бизнес кеңесші» жедел курстарында қысқа мерзімді оқытудан өткендігін растайтын құжаттың көшірмесі;
8) заңды тұлғалар үшін жарғының көшірмесі (болған жағдайда);
9) қызмет түріне лицензия көшірмесі (қажет болған жағдайда);
10) кәсіпкердің шотында кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру үшін берілген мемлекеттік грант көлемінің 20% кем емес мөлшерде ақша бар екенін растайтын кәсіпкердің банктік шотынан үзінді көшірме;
11) кәсіпкер атынан өтінімді тапсыру құқығына сенімхат, сенімді тұлға төлқұжатының көшірмесі (заңды тұлға атынан – заңды тұлға бекіткен).
20. Өтінімдерді қабылдау конкурстың өтетіні туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде тоқтатылады. Уақытында келіп түскен әрбір өтінімге нөмір беріліп, құжаттардың тапсырылған күні мен уақыты көрсетіле отырып, өтінімдерді қабылдау журналында тіркеледі. Әрбір өтінімде күні мен уақыты көрсетіле отырып, қабылданғандығы туралы белгі қойылады, бұдан басқа:
1) оларды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды;
2) конкурстық комиссия қарауына ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.
21. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі кәсіпкерден өтінімді алғаннан кейін өтініммен бірге ұсынылатын міндетті құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады, құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі толықтыруға арналған жетпейтін құжаттарды көрсете отырып, кәсіпкердің ұсынылған құжаттарын қабылдаудан бас тартады.
22. Конкурс айына кемінде бір рет өткізіледі.
Конкурстық өтінімдерді қарау
23. Кәсіпкер конкурстық комиссияның жұмыс органына жүгініп, конкурсқа қатысу туралы өтінімін ұсынады.
24. Конкурстық комиссияның жұмыс органы кәсіпкерден өтінімдерді алғаннан кейін мыналарды жүзеге асырады:
1) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру;
2) моноқала бөлінісінде мемлекеттік гранттар ұсыну үшін бөлінген қаржыландыру лимитінің сақталуын бақылау;
3) ұсыныстарды, күн тәртібін қалыптастыру, конкурстық комиссияның отырысын өткізу күнін, уақыты мен орнын белгілеу, бұл туралы өтінімдерін қарау жоспарланып отырған Конкурстық комиссияның барлық мүшелері мен кәсіпкерлерге хабарлайды.
25. Конкурстық комиссияның жұмыс органы барлық құжаттар мен ақпарат алынған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын Конкурстық комиссия қарауына ұсынады.
26. Кәсіпкер конкурстық комиссия отырысында өзінің бизнес-жобасын таныстырады.
27. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Қағидаларға сәйкес конкурсты өткізу кезінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) конкурстық іріктеуге қатысушылардың бизнес-жобаларын қарайды;
2) мемлекеттік гранттар ұсыну немесе оларды ұсынудан бас тарту туралы, оның ішінде қаражат жеткіліксіз болғанда, жобалардың маңыздылығы мен перспективалығын ескере келе ұсынымдар береді. Кәсіпкерлерді іріктеу кезіндегі конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жария етуге жатпайды.
Конкурстық комиссия жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың ұсынылған конкурстық құжаттама бойынша салалық құзыреттік қорытындыларын алуға құқылы.
Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпарат сұрауға құқылы.
28. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың келесі критерийлері негізінде ұсынымдар береді:
1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
2) бизнес-жобаны енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, жобаның өндірісті іске қосу үшін дайындық деңгейі);
29. Кәсіпкерге мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынбау туралы ұсынымдар мемлекеттік грантты ұсыну/ұсынылмау мүмкіндігінің себептерін көрсете отырып, конкурстық комиссия хаттамасымен рәсімделеді.
Конкурстық комиссия хаттамасында әрбір жоба бойынша қысқаша түйіндеме қамтылуы тиіс.
30. Хаттамаға конкурстық комиссия мүшелері, хатшы қол қояды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
31. Өткізілген конкурс нәтижелері бойынша конкурстық комиссияның жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде ӨҮК қарауына конкурстық комиссияның хаттамасын жібереді.
32. Қажет жағдайда ӨҮК мүшелері қарау үшін әрбір жоба бойынша материалдар ала алады.
Өткізілетін отырыс шеңберінде ӨҮК мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) конкурстық комиссияның мемлекеттік грант қаражатын ұсыну/ұсынбау бойынша ұсынымдарын қарау;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкер жобасын және ұсынылған құжаттарды талқылау;
3) талқылау нәтижелері бойынша кәсіпкерлердің бизнес-жобаларын іріктеуді жүргізеді және мемлекеттік грантты ұсыну мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен рәсімделеді. Бұл ретте хаттамада міндетті түрде жекелеген бизнес-жоспарлардан бас тарту себебі көрсетіледі.
Бағдарлама және осы Қағидалар шарттарына сәйкес келмеу бас тарту себептері бола алады.
33. Жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ӨҮК хаттамасы рәсімделген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде мыналарды:
1) кәсіпкерге ӨҮК-ның шешімі туралы хабарламаны;
2) кәсіпкермен мемлекеттік гранттың ұсынылуы туралы шарт жасасу үшін дайындық іс-шараларын өткізу мақсатында мақұлданған/бас тартылған бизнес-жобалар бойынша конкурстық комиссия мүшелеріне және қаржы агентіне ӨҮК хаттамасын жібереді.
Мемлекеттік гранттарды ұсыну тетігі
34. Қаржы агенті ӨҮК оң шешім қабылдаған жағдайда оның отырыс хаттамасы бекітілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі және кәсіпкер мемлекеттік грант ұсыну туралы шартқа (бұдан әрі – «Шарт») қол қояды.
35. Шарт жасасқаннан кейін жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі ақшалай қаражатты кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына аударуды жүзеге асырады.
36. Мемлекеттік грант қаражаты кәсіпкердің ағымдағы шотына транш негізінде аударылатын болады.
37. Бірінші траншты алу үшін кәсіпкерге мемлекеттік грант қаражатының сұралған көлемі мен жоспарланған нысаналы пайдаланылуы туралы ақпаратты ұсыну қажет.
38. Мемлекеттік гранттың нысаналы тағайындалуы осы Қағидалардың шарттары мен критерийлеріне сәйкес келген жағдайда, бағдарлама үйлестірушісі кәсіпкердің ағымдағы шотына сұратылған соманы аударады.
39. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады және шарттың талаптарын орындайды.
3. Бағдарлама мониторингі
40. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін каржы агенті кәсіпкерден барлық қажетті құжаттарды және ақпараттарды сұрауға, жоба іске асырылып жатқан жерге барып мониторингін жүзеге асыруға құқылы.
41. Бағдарламаны іске асыру мониторингін қаржы агенті жүзеге асырады, оның функцияларына мыналар жатады:
1) мемлекеттік грантты нысаналы пайдалану мониторингі;
2) мемлекеттік грантты алған күннен бастап 1 (бір) жыл бойы бизнес-жобаларды орындау бойынша кәсіпкерлер қызметінің мониторингі;
3) кәсіпкердің берілген мемлекеттік грант көлемінің 20 % кем емес мөлшерде бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын бірлесіп қаржыландыру талаптарын сақтауы;
4) кәсіпкердің шарттың талаптарын орындау мониторингі.
42. Мониторинг шеңберінде қаржы агенті:
1) мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді;
2) кәсіпкерлер алған қаражаттың пайдаланылу нәтижелілігінің мониторингін жүргізеді және жұмыс органы мен жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісіне кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асырулары туралы есепті ұсынады.
43. Қаржы агенті кәсіпкердің транш сомаларын мақсатсыз пайдаланғанын анықтаған жағдайда, қаржы агенті шартты бұзады және конкурстық комиссияны және ӨҮК-ні жазбаша хабардар етеді .
44. Кәсіпкер тарапынан мемлекеттік грант қаражаты мақсатсыз пайдаланылған жағдайда, жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі мен қаржы агенті нысаналы емес тағайындау бойынша пайдаланылған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шаралар өткізеді.
 

 

Қала тұрғындары назарына!

Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) 1-2-топтағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға шақырту бойынша қызмет түрлерін көрсетеді.Қызметті 1414 нөмірі «Call-center» орталығына қоңырау шалу арқылы көрсетіледі.Қоңырау шалу тегін,толық ақпаратты 6-33-93 нөмірі арқылы біле аласыздар.
 

Жарияланған күні: 2014-08-06 11:25:41

Наверх