РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Азаматтық бюджет

2016 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН
АЗАМАТТЫҚ
БЮДЖЕТ
Құрметті сайтқа қатысушылар! Сіздердің назарларыңызға Жамбыл облысының 2016 жылға арналған азаматтық бюджет ұсынылып отыр. Онда облыстық бюджеттің негізгі параметрлері, оны қалыптастыру және бюджеттік қаражатты 3 жыл мерзімге жұмсау бағыттары туралы ақпарат қамтылған.
Аталған құжат келесі бөлімдерден тұрады: бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы, бюджеттік үдерістің сұлбасы және облыстық бюджетті жоспарлау.
Азаматтық бюджет Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 292 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 366 бірлескен бұйрығымен бектілген Азаматтық бюджетті жасау және орналастыру жөніндегі әдістемеге сәйкес әзірленді.  
 
Бюджеттік үдерістің заңнамалық базасы
Облыстық бюджет  –  бұл облыстық мемлекеттік органдардың, олардың ведомствоға қарасты мекемелерінің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қор.
Облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 3 жылдық кезеңге жыл сайын әзірленеді.
Облыстық бюджетті нақтылау Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен ескерілген жағдайларда мәслихаттың облыстық бюджет шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен бюджет параметрлерін өзгерту болып табылады.
2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Жамбыл облысының 2016-2020 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды.
 
 
Бюджет құрылымы
      Бюджет құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
      1) кірістер:
      салықтық түсімдер;
      салықтық емес түсімдер;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер;
      трансферттер түсімі;
      2) шығындар;
      3) таза бюджеттік кредиттеу:
      бюджеттік кредиттер;
      бюджеттік кредиттерді өтеу;
      4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо:
      қаржы активтерін сатып алу;
      мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
      5) бюджет тапшылығы (профициті);
      6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
      қарыздар түсімі;
      қарыздарды өтеу;
      бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары.
 
 
 
 
БЮДЖЕТТІК ҮДЕРІСТІҢ СХЕМАСЫ
 
Бюджетті жоспарлау рәсімі
 
1. Бюджетті жоспарлау және әзірлеу (уәкілетті орган – экономика және бюджеттік
жоспарлау басқармасы)
 
 2. Облыстың 5 жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау, қорытынды дайындау және оларды облыстық бюджеттік комиссиясының қарауына ұсыну
 
4. Облыстық бюджеттің жобасын жасау және оны облыстық мәслихаттың қарауына енгізу  
 
5. Мәслихаттың республикалық бюджет туралы Заңға қол қойылғаннан кейін
үш жылдық кезеңге арналған облыстық бюджетті бекіту 
 
 
 
Бюджетті атқару рәсімі
 
1. Бюджеттің атқарылуы (уәкілетті орган – қаржы басқармасы)
 
2. Төлемдер мен міндеттемелер бойынша түсімдер және қаржыландырудың жиынтық жоспарын қалыптастыру және бекіту
 
3. Қаржы жылы ішінде облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша іс-шаралар кешенін өткізу
 
4. Бюджеттік мониторинг және бюджеттік қаражатты басқару тиімділігіне бағалау жүргізу, бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы есеп дайындау 
 
5. Облыстық мәслихатқа есептік қаржы жылы ішіндегі облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну және оны бекіту  
 
 
Облыстық бюджетті жоспарлау
Облыстың  2015-2019 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
Р/с № Көрсеткіштер атауы Факті
2015 жыл
Болжам
2016 жыл
Болжам
2017 жыл
Болжам
2018 жыл
1 2 3 4 5 6
1 Жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ), млрд.теңге 698,2 * 1 049,0 1 107,5 1 171,5
2 Тұрғындар басына шаққандағы ЖӨӨ, мың теңге 912,0 945,2 986,9 1 033,1
3 Жұмыссыздық деңгейі, % 4,9
3 тоқсан
4,7 4,7 5,0
4 Айлық есептік көрсеткіш (АЕК), теңге 1 982 2 121 2 121 2 269
5 Ең төменгі жалақы мөлшері, теңге 19 966 22 859 22 859 24 459
6 Орташа айлық атаулы жалақы, теңге 83 017
қаңтар-қыркүйек
93 775 101 371 109 582
7 Колледждер оқушыларының стипендия мөлшері, теңге 13 407 16 454 х х
8 Зейнетақының ең төменгі мөлшері, теңге 23 692 25 824 25 824 28 148
 
* 9 айдың қорытындысы бойынша

Жарияланған күні: 2016-11-28 18:56:50

Наверх