РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Кітапханалар

Жамбыл облыстық мемлекеттік кітапханалар жүйесі
ҚР мәдениет министрлігінің Жамбыл облысы бойынша кітапхана жүйесінде 288 кітапхана бар, оның ішінде 277 ауылдық жерлерде орналасқан.
Кітапханалар аты және саны Мекен – жайы Кітапхана қайда орналасқан
1. Байзақ ауданы – 25 кітапхана
Байзақ аудандық орталық кітапхана
 
Сарыкемер ауылы
Байзак батыр 6
тел: 8(726)372-10-71 
baizakcbs@mail.ru.
аудандық мәдениет үйі
2. Жамбыл ауданы – 29 кітапхана
Жамбыл аудандық орталық кітапхана
 
Аса ауылы, Абая,121        
тел: 8(726)33 2-23-17
 biblioteka_asa@mail.ru
 
«Нұр Отан» ғимараты
3. Жуалы ауданы – 25 кітапхана
Жуалы аудандық орталық кітапхана
 
Б. Момышұлы ауылы
Жамбыла,14                  
 тел: 8(726)35 2-02-78
 juali-okj@mail.ru
«Нұр Отан» ғимараты
4. Қордай ауданы – 41 кітапхана
Қордай аудандық орталық кітапхана
Қордай ауылы
Жибек Жолы №211;
тел: 8(726)36; 4-28-71
kordaibook@mali.ru
аудандық мәдениет үйі
5.  
Меркі ауданы – 28 кітапхана
Меркі аудандық орталық кітапхана
 
Меркі ауылы
Исмайлова 153,
тел: 8(726)32 4-43-67
merkeokzh@vali.ru
 Жеке ғимаратта
6. Мойынқұм ауданы – 20  кітапхана
Мойынқұм аудандық орталық кітапхана
 
Мойынқұм ауылы
Омарова 13,
тел: 8(726)42 2-41-62
аудандық мәдениет үйі
7.  
Т. Рысқұлов ауданы – 36 кітапхана
Т. Рысқұлов аудандық орталық кітапхана
Құлан ауылы
  Жибек жолы 94.                          
тел:8(726)312-19-33 
kulan02@mali.ru
аудандық мәдениет үйі
8. Сарысу ауданы – 26 кітапхана
Сарысу аудандық орталық кітапхана
Жаңатас қаласы
3 мөлтекаудан.
 sarysu_okj@mali.ru
тел.872634 6-29-06
аудандық мәдениет үйі
9.  
Талас ауданы – 20 кітапхана
І. Жансүгіров атындағы орталық кітапхана
Қаратау қаласы,
Д.А.Қонаев көшесі №44 
тел: 8(726)44 6-16-38
 okj_kz@mali.ru
аудандық мәдениет үйі
10. Шу ауданы – 27  кітапхана
Шу аудандық орталық кітапхана
 
Төле би ауылы
Аубакиров көшесі 7
тел 3-16-84
         жеке ғимарат
11.  
Тараз қаласы – 8 кітапхана
Абай атындағы орталық кітапхана
 
Тараз қаласы, Самал м/а 36 үй
тел:7-77-87
         ыңғайластырылған ғимарат
12  
Ш. Уәлиханов атындағы облыстық
ғылыми әмбебап кітапхана
Тараз қаласы,
Ы.Сүлейменов көшесі 17 «А»         
Тел.: 8 (7262) 45-29-56 ounb_ualihanova@mail.ru
          типтік
       
13 Облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы Тараз қаласы, Қонаев көшесі №4,
Тел: 43-75-16
          ыңғайластырылған
14 Көзі нашар көретін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана Тараз қаласы, Мирзоян көшесі №5а, тел: 454927           ыңғайластырылған
 
 
Кітап қоры. Кітап қорын толықтыру. Жинақтау және сақтау.
                    Облыс кітапханаларының кітап қоры қазіргі таңда үш жарым миллионға жуық, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі бір миллион алты жүз мыңнан астам.
Кітап қоры мемлекеттік тапсырыс, облыстық бюджет, жергілікті бюджет және сый көздерінен толықтырылып отырады.
Кітапханалар бөлімдерінде кітап қорын сақтау мемлекеттік ережелер бойынша жүргізіледі, кітап қорлары орналасқан бөлмелерде биологиялық бұзылудан  (температурасы, ауа  ылғалдылығы, тазалығы, күн көзінен қорғауы) сақталады.
Облыс кітапханаларының міндеттері мен мақсаты:
Жамбыл облысының мемлекеттік кітапханалар жүйесінің қызметкерлері өңір тұрғындарына жаңа дәуірде, жаңа дәстүрде қызмет етіп,  жұмыс саласында жаңа ақпараттық  технологияларды  кеңінен пайдаланып, қызмет көрсетеді, заманның ағымына ілесуге тырысып, көп салалы  толыққанды ақпараттармен оқырмандарды қамтамасыз етеді.
  • ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекет бағдарламалары мен басқа да үкіметтің ресми құжаттарын кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихаттау;
  • елімізде жүзеге асырылып жатқан түбегейлі экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістер, олардың әлемдік қауымдастыққа және ақпараттық кеңістікке енуі туралы өңір тұрғындарын жүйелі түрде таныстыру;
  • пайдаланушылардың ақпараттық, мәдени талап-тілектерін толық әрі жан-жақты қанағаттандыру үшін неғұрлым қолайлы орта құрып, жағдай жасау;

-дәстүрлі қызметтермен қатар жаңа кітапханалық технологияларды меңгеру;

  • жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндігін пайдалана отырып, өлкетану әдебиеттерін насихаттау жұмыстарын жандандыру;
  • оқу ісін ілгерілету, әлеуметтік жағдайына қарамастан кітапхананың барлық пайдаланушыларының ақпаратқа кеңінен қол жеткізуі жолындағы жарқын істерді әрі қарай жалғастыру;
  • кітапхана қорын толықтыру және сақтауды қамтамасыз ету, оқырмандардың сұранысы мен кітап нарығын тұрақты зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Мақсатты бағдарламалар мен жобалар бойынша
            Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруға тиіс. Бүгінгі таңда кітап оқуға деген оқырмандар басымдықтары мен қоғамдағы кітапқа деген көзқарас өзгеруде. Пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, ақпараттық ресурстарды  құру және сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді. Осы орайда, кітапхана имиджі мен қоғамдағы кітапхананың әлеуметтік статусын көтеру мақсатта кітапхана қызметіне жаңа әдіс-тәсілдер енгізу арқылы  жобалық және ұзақмерзімді мақсатты кітапханалық бағдарламар аясында жұмысты үйлестіру – бүгінгі заман талабы.
Облыстық кітапханалар жүйесі 27 жоба мен 75 ұзақмерзімді мақсатты кітапханалық бағдарламалар аясында жұмыс жасайды. Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында сирек кездесетін кітаптардың электрондық коллекцияларын  жинау, есепке алу, сақтау және пайдалану бойынша ғылыми кітапхананың жұмыстарын үйлестіру мақсатында 2014 жылдан  бері «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру» жобасы, Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектерін электронды форматқа көшіру арқылы кітап қорының электрондық үлгісін қалыптастыру мақсатында «Шоқан асулары» жобасы, өлкелік бағытта «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» және «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобаларын іске асырылуда. Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы  ұзақмерзімді «Бабалар ісі өнеге, сөзі өсиет», «Бақытың да, байлығың да – Денсаулық», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер» мақсатты кітапханалық бағдарламалар аясында жұмыс жасайды. Сонымен бірге, кітапхана жанынан құрылған «Жас саясаткер», «Қаламгер», «Дәстүр», «Tower» қызығушылық клубтары жұмыс жасайды.
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде 14 қызығушылық  клубтар  жұмыс істейді. Сонымен қатар ОКЖ-де «Каталогтардың ретроспективті конверсиялау», «Құжаттарды электронды тасымалдау», «Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың ақпараттық технологияларға еркін қолжеткізуі», «Локалды желісін құру» атты жобалар мен «Мемлекеттік тілге – дамыту мен қолдау», «Валеология», «Кітапхана қызметтері мен ақпараттық ресурстары - білімгерлерге», «Кітапхана – инновациялық білім беруге» (экологиялық бағыт) және т.б..
 
Кітапханалар соны компьютерлер принтерлер сканер  Сканер, принтер, көшірме (3/1) факс ксерокс интернет Бағдарлама, қамтамасыздығы
288 646 393 49 94 22 30 244 РАБИС
                АБИС
КАБИС
260







 
«Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа қызмет түрлерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны сандықтау және оған ашық қолжетімділікті ұсыну, кітапхананың электрондық кітап қорын құруға бағытталған жұмыстар жалғастырылуда. Автоматтандыру ісін  жетілдіру, РАБИС  бағдарламасы «Каталогтаушы» жүйесінің  дерекқорын жинақтау, Қазақстан корпоративтік каталогтану орталығымен бірлесіп жұмыс жасау арқылы аталмыш бағдарламаның мерзімді басылымдардың дерек қорын республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалаларымен толықтыру жұмыстары  жүйелі түрде жүргізілді.
Осы бағыттағы жұмыстарды алғашқы болып 1991 жылы Тараз қалалық ОККЖ бастап, АБИС бағдарламасын алған болатын қазіргі таңда ОКЖ RW-БИС басғдарламасымен жұмыс жасауда.
2005 жылдан бастап Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы РАБИС, көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 2000 жылдан бері АИС СБРК, балалар мен жасөспірімдер кітапханасы 2008 жылдан бері ИРБИС бағдарламасымен жұмыс жасайды.
2004 жылы Тараз қалалық ОКЖ-нің бастауымен Талас аудандық орталық кітапханасы АБИС бағдарламасын енгізіп, дерекқорға кітаптар енгізуді бастады. 2010 жылдан бастап аталмыш бағдарламалармен Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Шу, Байзақ, Меркі, Мойынқұм және Т.Рысқұлов аудандары жұмыс жүргізуде.
 
Облыс кітапханаларының ақпараттық қызметі
Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бұл бүгінгі күннің белесі. Облыс кітапханаларының әлемдік ақпараттық инфрақұрылымына қосылуы, елдің мәдени мұрасын арттыруға, сақтауға, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін көтеру және өз пайдаланушыларын әлемдік мәдени потенциалға қатыстыру – кітапхана қызметінің басым бағыттары. Түрлі әлеуметтік топтар үшін бүгінгі таңда ең маңызды болып әлеуметтік-құқықтық ақпарат болып табылады. Ол барлық мүдделі жеке және заңды тұлғаларға,  қоғамдық бірлестіктерге және сондай-ақ, кітапхананың түрлі санаттағы оқырмандарына сапалы және жедел қызмет көрсету үшін қажет. Сондықтан Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өз пайдаланушыларына  «Заң» ақпараттық-іздеу жүйесі  арқылы қызмет көрсетуді ұсынуда.
Облыс кітапханаларының мазмұны мен түрлері бойынша алуан түрлі ақпараттық қызметі дәстүрлімен қатар жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану арқылы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларын, мемлекет бағдарламалары және басқа да үкіметтің ресми құжаттарын кітапхана оқырмандары арасында кеңінен насихаттау, оқырмандар назарын кітап қорларындағы әдебиеттерге аудару, еліміз бен өңірдің жыл сайынғы өзекті, айрықша мәні бар атаулы мен еске алу күндерін ашуға бағытталады.
Сонымен қатар кітапхананың миссиясы – жеке тұлғаның үйлесімді дамуына, тең мүмкіндікті қоғамның қалыптасуына ықпал ететін ақпаратқа қолжетімділікті, сапалы кітапханалық қызметті қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік мәдениеттің құндылықтарына баулу. Осы орайда өңір кітапханалары өлкетану бағытындағы жұмыстарды жандандырып, әр оқырманға өскен ортасының тарихын, оның қойнауындағы құбылыстары мен өзгерістерінің сыры мен қырын жеткізуге тырысады.
Тоқсан сайын кітапханалар ашық қараулар, ақпарат күндерін ұйымдастыру, ақпараттық бюллетеньдер, жаңа басылымдар тізімдерін жасау арқылы өз оқырмандарын кітап қорларына жаңадан келген басылымдармен таныстырады.

 
Жарияланған күні: 2016-11-23 09:54:54

Наверх