РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Әлеуметтік қамтамасыз ету

2018 жылдың 31 наурызына облыс бойынша 43507 мүгедек бар болса, оның ішінде 1-ші топтағылар - 3935, 2-ші топтағылар - 18373, 3 топтағылар - 15278 адам, ал 18 жасқа дейінгі мүгедектер саны 5921-ы құрайды.
2017 жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды оңалту мақсатында облыстық бюджеттен 589,1 млн. теңге қаржы бөлініп, ол өткен жылмен салыстырғанда 68,6% ұлғаюда (349,2 млн.тен.). 
Әлеуметтік оңалту құралдарға мұқтаж 4167 мүгедекті тиісті бұйымдармен (сурдо-тифло, кресло-қорап, емдеу-сауықтыру) қамтамасыз ету жоспарланып, бүгінгі күнге  3496 мүгедек қамтылып отыр.      
Бұдан басқа Тараз қаласы мен аудан бюджеттерінен 808,9 млн.теңгеге 6286 мүгедек әлеуметтік көмекпен қамтылуда(гигиеналық құралдар, ымдау тілінің маманы мен жеке көмекшінің қызметі, арнаулы әлеуметтік қызмет).
5 медициналық-әлеуметтік мекемеде толық мемлекет қамқорлығындағы 1091 адам 8 бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда. Ал, жартылай стационарлық жағдайда мүгедектерді және мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу Орталықтарында 199 адамға  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілуде. Осы мақсатта 2017 жылы 1966,5 млн.теңге бөлінді. 
Оңалту орталықтарының желісін дамыту және көрсетілетін оңалту шараларының сапасын жақсарту мақсатында Сарысу мен Меркі аудандарында психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл апапарттары бұзылған мүгедек балаларға сыйымдылығы шағын үйлер ашылу көзделіп отыр.
Үкіметтік емес ұйымдар тарапынан ұсынылатын 9 әлеуметтік жоба  арқылы үйде және жартылай стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 79,7 млн.теңге бөлініп, 1280 мүгедектерге жартылай стационар мен   ұй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылуда. Сонымен қатар 1082 психоневрологиялық патологиясы бар, тірек-қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедекке арнайы инватакси қызметі Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Т.Рысқұлов, Сарысу, Талас және Шу аудандары бойынша көрсетілуде. 
Облыс көлемінде мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімделуге тиіс 904(мемлекеттік басқару – 206, денсаулық сақтау – 164, білім – 171, мәдениет – 85, әлеуметтік қорғау – 27, физкультура және спорт – 27, көлік - 9  және басқа да мекемелер - 215)  нысанға толығымен паспорттары дайындалып, 2013-2016 жылдары 640 нысанды бейімдеуге 237,6 млн.теңге қаражат қарастырылып, 598 (66,1%) нысанда жұмыстар толығымен аяқталды.
2017 жылы облыс көлемінде 115 (мемлекеттік басқару – 17, денсаулық сақтау – 30, білім – 27, мәдениет – 12, физкультура және спорт – 2 және басқа да мекемелер - 27) инфрақұрылым нысандарын бейімдеу жоспарланып, осы мақсатқа жергілікті бюджеттерден 41,8 млн.теңге қаражат бөлініп отыр, бүгінгі күнге 110 нысанда бейімдеу жұмыстары толығымен аяқталды.
2015 жылы мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында бейімделуге тиіс 904 нысанның деректері «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» толығымен енгізілсе, ал 2017 жылы аталған бағдарламаға бейімделген және бейімделетін нысандардың суреттерін енгізу жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту жоспары дайындалып, соған сәйкес 2017 жылы 509 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. 
2017 жылдың қорытындысымен жұмыспен қамту органдары арқылы республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен 905 мүгедек жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, олардың 329-ы тұрақты жұмыстармен қамтылып (оның 17-і шағын несие алған), 314-і уақытша жұмыстармен қамтылды. Уақытша жұмыстармен қамтылғандар ішінен: 183-і ақылы қоғамдық жұмыстарға, 70-і әлеуметтік жұмыс орындарына, 45-і жастар практикасына, 10-ы инфрақұрылымдық жөндеу жұмыстарына, 6-ы маусымдық жұмысқа жолданды. Сондай-ақ 262 мүгедек кәсіптік оқытуға жолданды (211-і қысқа мерзімді курстарға және техникалық кәсіптік оқытуға, 51-і кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға жолданды).
Сонымен қатар,  Тараз қаласында 25 орындық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығында есепті мерзімде 25 әйел арнаулы әлеуметтік қызметтерімен қамтылуда. 
 
Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық қосалқы құралдармен қамтамасыз ету


            Техникалық қосалқы құралдар, протезді-ортопедиялық құралдар, сурдо-тифлотехникалық құралдар және міндетті гигиеналық құралдар.
Сурдотехникалық құралдар – есту ақауларын түзетуге және өтеуге арналған техникалық құралдар, соның ішінде байланыс және ақпарат тасымалдауды күшейту құралдары.
Мүгедектер сурдотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Сурдотехникалық құралдармен мемлекеттік тапсырыс қаражаты есебінен:
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
-Мүгедек-балалар;
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер қамтамасыз етіледі;
Тифлотехникалық құралдар – мүгедектердің көру ақауы негізінде жоғалған мүмкіншіліктерін түзетуе және қалпына келтіруге бағытталған құралдар.
1 және 2 топтағы мүгедектер, мүгедек-балалар тифлотехникалық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде қамтамасыз етіледі.
Протездік-ортопедиялық көмекке мұқтаж мүгедектер тұрғылықты тұратын жері бойынша қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне өтініш беріп, олар әзірлеген мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы негізінде протездік-ортопедиялық құралдарға қажеттілікті, олардың тізбесі мен санын көрсете отырып айқындайды.
Протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды жөндеу:
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне, сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС-ның мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызметтік міндеттерін атқарумен байланысты мүгедек болған әскери қызметшілерге;
- Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының қызметтік міндеттерін атқаруымен байланысты мүгедек болған адамдарына;
-Жалпы аурудан мүгедек болғандарға;
Бала жасынан мүгедектерге;
-Мүгедек балаларға жүргізіледі.
Міндетті гигиеналық құралдар деп мүгедектің табиғи физиологиялық мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған несеп қабылдағыштар, нәжіс қабылдағыштар, памперстер ұғынылады.
Мүгедектер міндетті гигиеналық құралдармен өтініштерінің, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесі әзірлеген мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының негізінде қамтамасыз етіледі.
Міндетті гигиеналық құралдарды қажет ететін мүгедектер тұрғылықты тұратын жеріндегі қалалық, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімдеріне өтініш береді.

Мүгедектерге ұсынылатын техникалық қосалқы құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдардың тізімі

1. Протездік ортопедиялық құралдар:
       1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);
      2) жілiншiк протездерi;
      3) жамбас протездерi;
      4) кеуде бездерінiң протездерi;
      5) аппараттар, туторлар, ортездер;
      6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;
      7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;
      8) бандаждар, емдiк белбеулер, балалардың алдын алу шалбаршалары;
      9) ортопедиялық аяқ-киiм және қосымша тетiктер (кебiстер, супинаторлар);
      10) аппараттарға арналған аяқ-киiм.
2. Сурдотехникалық құралдар:
      1) есту аппараттары;
      2) веб-камерасы бар ноутбук (бейнекомпьютерлері орнына);
      3) көп функционалды дабылды жүйелер;
      4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметi бар ұялы телефондар;
      5) саңырау және нашар еститiн адамдарға арналған сағаттар;
      6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары.
3. Тифлотехникалық құралдар:
      1) тифлотаяқтар;
      2) оқу машиналары;
      3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук (компьютерлік тифлокешендері орнына);
      4) Брайл жүйесi бойынша жазу құралы;
      5) Брайл жүйесi бойынша жазу грифелi;
      6) рельефтi-ноқатты қарiппен жазуға арналған қағаз;
      7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұтқыр телефондар;
      8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;
      9) нашар көретiн адамдарға арналған сағаттар.
 4. Арнаулы жүріп-тұру құралдары:
1) бөлмелік кресло-арбалар,
2) серуендік кресло-арбалар.
5. Міндетті гигеналық құралдар:
1) несеп қабылдағыштар,
2) нәжіс қабылдағыштар,
3) памперстер.


Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету

Мүгедектерді санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету мүгедектердің және мүгедек балалардың жеке оңалту бағдарламасы негізінде жергілікті атқару органдарымен санаторий-курорттық жолдама беру арқылы жүзеге асырылады.
Мүгедектер мен мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделуге құжаттарды рәсімдеу аудандық (қалалық) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері орындайды.
Жолдамалар күнтізбелік жылда бір рет, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органы белгілеген мерзімге беріледі.
Стационар, жартылай стационар жағдайында ұсынылған арнаулы әлеуметтік қызметтер
№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы – 600 орынға арналған
Тараз қаласы, Асқаров к-сі 277 б.
Директор –Бердалиев Мұрат Азимханович, тел. 50-13-30
Жүйке аурулар интернат үйіне орналастырылатын тұлғалар:
Жүйке аурулар интернат үйіне 18-жастан жоғары, денсаулығына байланысты үнемі басқаның күтімі мен және медициналық қызметті қажет ететін, 1-ші және 2-ші топтағы психикалық-жүйке ауруымен ауыратын мүгедектер уақытша және тұрақты тұруға қабылданады.
Интернат үйінде сегіз бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:
- әлеуметтік – тұрмыстық;
- әлеуметтік – медициналық;
- әлеуметтік – психологиялық;
- әлеуметтік – педагогикалық;
- әлеуметтік - еңбек;
- әлеуметтік – мәдени;
- әлеуметтік – экономикалық;
- әлеуметтік – құқықтық.
Интернат үйінде жүзеге асырылатыны:
- тұрғындарды қауіпсіздік жағдайда ұстау;
- моральды-психологиялық жақсы жағдай жасау;
- жайсыз жағдайлар болмау үшін арнайы қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету;
- қамқорлықтағылардың туыстарын олардың құқықтарымен әлеуметтік қызметтің түрлерімен және ішкі тәртіппен таныстыру;
- келушілердің күту орындарының жағдайын жасау;
- дәрігерлік көмек көрсету;
- тиімді тамақтануды ұйымдастыру;
- әлеуметтік қызметтер;
- мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу;
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету;
- мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедектерді әлеуметтік еңбекке бейімделуі жөніндегі емдеу шараларының кешендерін жүргізу;
- ұстау режиміне сәйкес психикалық ауруларды күту, бақылау;
- еңбекке бейімдеу, оңалту;
- санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;
- тұрғындарды емдеу мекемесіне орналастыруды және қолдау емін, мамандардың кеңестік көмегін көрсету;
Интернат үйінде жұмыс істейді:
- физио бөлме;
- мәдени-шаралар өткізетін зал;
- кітапхана;
- десалыс бөлмесі;
- діни бөлмелер;
Жүйке аурулар интернат үйіне орналасуға қажетті құжаттар:
- ата-анасының немесе заңды тұлғаның өтініші;
- уәкілетті органның жолдамасы;
- жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке куәлігі;
- медициналық картасы;
- амбулаториялық картадан көшірме;
- СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
- ӘЖК (әлеуметтік жеке код);
- Мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
- Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзінді көшірме;
- әрекетке қабілетсіз деп танылғаны туралы соттың шешімі (болған жағдайда).
Интернат үйлерінде тұрғындарға тұру жағдайы жасалған. Интернат үйінің ауласында серуендеп жүру ұйымдастырылады, жайсыз жағдайлар болмау үшін күтушілердің бақылауында болады.
Интернат үйлерінде, қажеттік тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген, 3 және 4 кісілік бөлмелер бар. Мемлекет қамқорлығына қабылданған азаматтардың жеке мүддесі, кәсібилігі, жынысы, жастары (18-40 дейін және 40 жастан жоғары) және денсаулық жағдайы ескеріліп, бөлмелерге орналастырылады.
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы – 102 орынға арналған
Тараз қаласы, Б.Хмельницкий көшесі 1б.
Директор – Қожамқұлова Индира Ермекбаевна, тел 46-44-12, 46-44-06
Орталыққа орналастырылатын тұлғалар:
Ақыл-есі кем балаларға арналған 4 жастан 18-жасқа дейінгі, денсаулығына байланысты үнемі басқаның күтімі мен және медициналық қызметті қажет ететін, психикалық-жүйке ауруымен ауыратын мүгедек балалар уақытша және тұрақты тұруға қабылданады.
Орталықта сегіз бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:
- әлеуметтік – тұрмыстық;
- әлеуметтік – медициналық;
- әлеуметтік – психологиялық;
- әлеуметтік – педагогикалық;
- әлеуметтік - еңбек;
- әлеуметтік – мәдени;
- әлеуметтік – экономикалық;
- әлеуметтік – құқықтық.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- балаларды қауіпсіздік жағдайда ұстау;
- әлеуметтік қызметтер көрсету;
- медициналы, әлеуметтік және кәсіби оңалту-бейімдеу жұмыстарын жүргізу;
- балалардың арнайы білім беру бағдарламасын игеруіне жағдай туғызу;
- моральды-психологиялық жақсы жағдай жасау;
- жайсыз жағдайлар юолмау үшін арнайы қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету;
- қамқорлықтағылардың туыстарын олардың құқықтарымен әлеуметтік қызметтің түрлерімен және ішкі тәртіппен таныстыру;
- дәрігерлік көмек көрсету;
- мәдени-көпшілік жұмыстарын жүргізу;
- әлеуметтік-тұрмыстық қызметтер көрсету;
- мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы негізінде мүгедектерді әлеуметтік көмектермен қамту;
- мекеме тарапынан көрсетілуге тиіс, қамқорлық пен қамқоршыны қажет ететін балаларға заңнамаларға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру;
Орталықта жұмыс істейді:
- физио бөлме;
- мәдени-шаралар өткізетін зал;
- тренажерлік зал;
- демалыс бөлмесі;
- діни бөлме;
№4 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы орналасуға қажетті құжаттар:
- ата-анасының немесе заңды тұлғаның өтініші;
- уәкілетті органның жолдамасы;
- жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке куәлігі немесе туу туралы куәлік;
- медициналық картасы;
- амбулаториялық картадан көшірме;
- СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
- ӘЖК (әлеуметтік жеке код);
- мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;
- мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзінді көшірмесі;
- психо-медико-педагогикалық Кеңестің қортындысы.
Отралықта мүгедек балаларға, тұру жағдайы жасалған. Орталықтың ауласында серуендеп жүру ұйымдастырылады, жайсыз жағдайлар болмау үшін күтушілердің бақылауында болады. Орталық, қажеттік тұрмыстық жабдықтармен қамтамасыз етілген, қабілеттеріне қарай топтастырылып арнайы бағдарламамен оқытылады. Мемлекет қамқорлығына қабылданған мүгедек балалар мектеп жасына дейінгі 4 жастан 8 жасқа дейінгі, дайындық топтағылар 8-жастан 12-жасқа дейін, 12-жастан 18-жасқа дейінгі еңбекті оқыту тобы (оның ішінде 14-тен 18-жасқа дейінгі жеткіншектер), 4-тен 18 жасқа дейінгі диагностикалық топқа 10-баладан топтастырылады.

 №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы
175 орынға арналған
Тараз қаласы, 1-ші Қойбақов бұрылысы № 1
Директор – Сейдалиева Райхан Әмірбекқызы, тел. 52-09-51, 52-10-50
№2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы
155 орынға арналған
Тараз қаласы, Қалауыр әкім көшесі № 1
Директор – Кушанова Гульжаухар Үшкемпірқызы, тел. 56-54-64, 56-54-65
№3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы
80 орынға арналған
Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі № 50
Директор – Әбдібекова Айтолқын Серікқызы, 8 (244) тел. 6-06-31
№№1,2,3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарға  оранласуға құқығы бар санаттағы тұлғалар:
Орталыққа зейнет жасындағы адамдар мен 18 жастан асқан жалғыз басты 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер уақытша және тұрақты тұруға қабылданады
Орталықтарда алты бағытта арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі:
- әлеуметтік – тұрмыстық;
- әлеуметтік – медициналық;
- әлеуметтік – психологиялық;
- әлеуметтік - еңбек;
- әлеуметтік – мәдени;
- әлеуметтік – құқықтық.
Орталықтарда жүзеге асырылатыны:
- тұрақты күтім;
- дәрігерлік қызмет;
- тиімді тамақтануды ұйымдастыру;
- әлеуметтік қызметтер;
- оңалту жұмыстары;
- мәдени-тұрмыстық қызметтер;
- оңалту, бейімдеу жұмыстары;
- мүгедектің жеке оңалту бағдарламасы негізінде ұсынылған әлеуметтік көмектермен қамтамасыз ету;
Орталықтарда жұмыс істейді:
- физио бөлме;
- емдеу-дене-шынықтыру бөлмесі;
- кітапхана;
- демалыс бөлмесі;
- діни бөлмелер;
№№1,2,3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарға  орналасуға қажетті құжаттар:
- өтініші;
- уәкілетті органның жолдамасы;
- жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке куәлігі;
- медициналық картасы;
- амбулаториялық картадан көшірме;
- мүгедектік, Ұлы Отан соғысына қатысушының және оларға теңестірілгендердің мәртебесін куәландыратын құжаттар;
- СТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі);
- ӘЖК (әлеуметтік жеке код);
- Зейнеткерлік кітапшасы.
Мүгедектер үшін қосымша:
- мүгедектік туралы анықтама (медициналық-әлеуметтік сараптаудың қорытындысы);
- мүгедектің жеке оңалту бағдарламасынан үзінді көшірме;
Орталықтарда тұрғындарды материалдық-тұрмыстық, қамтамасыз ету, олар үшін үйдің өміріне жақын қолайлы жағдайларды құру. Мемлекет қамқорлығындағыларды күтуді ұйымдастыру, оларға медициналық көмек көрсету және мәдени-көпшілік жұмыстары жүргізіледі. Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық және оңалту, бейімдеуге бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Орталықтарда үйінде 1 және 2 кісілік бөлмелер бар. Мемлекет қамқорлығына қабылданған азаматтардың жеке мүддесі, кәсібилігі, жынысы, жасы және денсаулық жағдайы ескеріліп, бөлмелерге орналастырылады.

Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы
Тараз қаласы, Қарахан көшесі №1, 3 қабат.
40 орынға арналған
Орталық директоры - Шлыкова Марал Мухамедсафаевна, тел 45-83-12
Мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығының
Жамбыл ауданы, Аса ауылында  орналасқан филиалы
Жамбыл ауданы, Аса ауылы, Абай көшесі №102 «в» үй,3 қабат
30-орынға арналған
Филиал директоры-Баубекова Жанна Иманкуловна, 8(72633)2-22-41
Шу аудандық мүгедек балаларды  оңалту және бейімдеу орталығы
Шу ауданы, Төле би ауылы, Егемберді  көшесі №2 «б»  үй
25-орынға арналған
Директоры-Қыстаубаева Естай Музапаровна, 8(72638)3-01-65
Қордай аудандық мүгедек  балаларды оңалту және бейімдеу орталығы 
Қордай ауданы, Қордай ауылы, Жібек жолы көшесі 54 а
25-орынға арналған
Директоры-Мінізқұлова Эльнура Төлендіқызы 8(72636)4-68-00
Орталыққа 4 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар қабылданады.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
Мүгедектерді оңалту және бейімдеу орталығы
Тараз қаласы, Асқаров көшесі №20
Директор – Бектасова Гүлнар Жамалбекқызы, тел 45-88-05, 43-19-32
Орталыққа жалпы аурулар мүгедектері, кәсіптік аурулар мен қызметтік міндеттерін атқару барысында мүгедек болған 16 жастан 58 жасқа дейінгі әйел азаматтары, 63 жасқа дейінгі ер азаматтар қабылданады.
Жолдамалар уәкілетті органы берген жолдама негізінде орындалады.
Тұру уақыты 1 жыл ішінде 6 айдан аспауы қажет.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-еңбек қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.
Жолдама алуға қажетті құжаттар:
- жеке куәлігінің көшірмесі;
- жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету туралы шешімі;
- мүгедектігі туралы анықтамадан үзінді көшірме;
- медициналық карта;
- мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме;
- қызмет алушының жазбаша өтініші.
«Жамбыл облыстық қиын өмірлік жағдайға түскен әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тараз қаласы, Өтеулиев көшесі 40 «а»
25-орынға арналған
Директоры-Қалыбекова Жамал Дуйсембаевна 45-67-83
Орталыққа түскен әйелдерге тұрмыстық, эмоциялық зорлық-зомбылықтың немесе зорлық-зомбылық салдарынан қиын жағдайға тап болған қызмет алушыларға орталық мамандарының кеңесі беріледі, уақытша баспанамен қамтамасыз етііледі (1 айдан 6 айға дейін жағдайының қиындығына байланысты), оңалуға және әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі, қолдау көрсетеді және әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық, психологиялық және құқықтық кеңес береді.
Орталықта жүзеге асырылатыны:
- әлеуметтік-тұрмыстық қызмет;
- әлеуметтік-медициналық қызмет;
- әлеуметтік-психологиялық қызмет;
- әлеуметтік-педогогикалық қызмет;
- әлеуметтік-құқықтық қызмет;
- әлеуметтік-мәдени қызмет.

Все права защищены.
При использовании материалов с сайта Акимат Жамбылской области в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт Акимат Жамбылской области обязательна.
При использовании материалов Акимат Жамбылской области:
- в печатных изданиях или в иных формах на материальных носителях - бумага, пленка и т.п., пользователь обязан в каждом случае указывать, что источником материалов является веб-сайт http://www.zhambyl.gov.kz/
- в Интернете или иных формах использования в электронном виде, пользователь в каждом случае использования обязан размещать гиперссылку на главную страницу веб-сайта Акимат Жамбылской области «http://www.zhambyl.gov.kz/».
 
 
Жарияланған күні: 2018-04-19 09:32:22

Наверх