РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Ауыл шаруашылығы

 

Облыстың агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша
атқарылған басты жұмыстар жөнінде
АҚПАРАТ
 
Көктемгі егіс жұмыстары бойынша: Үстіміздегі жылы көктем айларының шаруаға қолайсыз болуына байланысты, облыс бойынша көктемгі себу жұмыстары 209,5 мың гектар алқапқа немесе жалпы жоспарланған көлемнің 91,2 %-на жүргізілді.
Оның ішінде жаздық масақты дәнді дақылдар - 93,8 мың гектарға (жоспарланған көлемнің 97,4 %-ына), майлы дақылдар - 57,8 мың гектарға (97,4 %), қант қызылшасы - 5,6 мың гектарға (94,2 %), дәндік жүгері - 10,5 мың гектарға (94,5%), көкөніс - 16,1 мың гектарға (93,9 %), бақша дақылдары - 6,9 мың гектарға (90,7 %), көпжылдық шөп - 12,5 мың гектарға (107,0% ), картоп - 5,6 мың гектарға (101,7 %) егілді.
Жаздық масақты дақылдар бойынша тапсырмаларын Меркі (69,9 %), Талас (70,0 %) аудандары орындай алмады.
Майлы дақылдардан Жамбыл (55,6 %), Шу (60,0% ), Байзақ (70,0 %), Қордай (78,2 %), Сарысу (93,4 %) аудандары тапсырма үдесінен шықпады.
Қант қызылшасын егуден Шу ауданы (70,8 %) белгіленген межеге шыға алмады.
Дәндік жүгері егуден тапсырмаларын Талас (60,0 %), Сарысу (85,7 %), Қордай (92,0 %), Байзақ (97,6 %) аудандары орындай алмады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, көктемгі дала жұмыстарының уақтылы жүргізіліп, аяқталуына биылғы көктемнің алғашқы айларының жауын-шашынды, соңғы айларының желді-құзды, аңызақты болуы кері әсерін тигізді.
Бүгінгі күнге егіс алқаптарын арзандатылған минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету бойынша облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінен барлығы 8500 тонна минералдық тыңайтқыштарға өтінім түсті. Оның ішінде, 3000 тонна аммиак селитрасы мен 300 тонна аммофостың ақысы төленіп, 2800 тоннадан астам минералды тыңайтқыш егіс алқаптарына жеткізілді.
Бүгінгі күнге операторлар көктемгі дала жұмыстарына бөлінген 9500 тонна дизель отынының 9360 тоннасының құнын төлеп, оның 6191 тоннасы алынды. Оның ішінде, шаруашылықтарға таратылғаны - 3869 тонна. Операторлар арқылы берілетін 1литр дизель отынының бағасы 62,0 тг. Ал, еркін саудада 1 литр дизель отынының бағасы 64,7 теңге.
Мал шаруашылығы саласына көрсетілген мақсатты мемлекеттік қолдаулардың арқасында, облыста барлық мал түрлерінің басы мен олардан алынатын өнім тұрақты өсуде.
Түлік саны, оның ішінде мүйізді ірі қараның, қой-ешкінің, жылқының, түйенің және құстың саны тиісінше 2-3 пайызға ұлғайды. Мал басының артуы - әрбір аналық малдан төлдің өсім беруі мен өлім-жітімнің қысқаруына байланысты болды. Барлық төлді 100 аналыққа шаққанда бұзау, қозы - 1 басқа, және торай 49 басқа артса, мүйізді ірі қараның өлім-жітімі 265 басқа, қойдікі -1982 басқа қысқарды.
Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған жоғарыдағыдай қаржылай көмектің арқасында, 2001 жылы облыс бойынша 17 ғана асыл тұқымды шаруашылық жұмыс атқарса, 2009 жылдың соңында олардың саны 89 ға жетіп, 72 - ге артты. Асыл тұқымды 89 шаруашылықтың 8 - і зауыт , 81 - і әр түрлі формадағы шаруашылық субъектілері. Бүгінгі күнгі бұларда 18 түрлі асыл тұқымды мал өсірілсе, оның - 4502 басы мүйізді ірі қара, 201071-і қой, 6509 -ы жылқы, 535-і түйе және 6975 басы шошқа болып табылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы: Бүгінгі күні облыстың агроөнеркәсіп кешені саласында ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуменайналысатын 433 кәсіпорындар, шағын зауыттар және цехтар жұмыс істейді. Оларда 10 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған.
Үстіміздегі жылдың 4 айы ішінде қайта өңдеу кәсіпорындары 9 млрд. 758 млн. теңгенің өнімін өндірді (Өткен 2009 жылдың тиісті кезеңінде қайта өңдеу кәсіпорындары арқылы 11 млрд. 34 млн. теңгенің өнімдері өндірілген болатын).
Жекелеген өнім түрлерін салыстырмалы түрде алсақ, үстіміздегі жылдың төрт айында облыс бойынша 1436 тонна қышқыл сүт өнімдері (2009 жылдың тиісті кезеңінде – 1059 тонна болған), 808 тонна макарон өнімдері (өткен жылы – 664 тонна болған), 160 тонна ірімшік-сүзбе (өткен жылы – 133 тонна болған), 69032 тонна ақ қант (өткен жылы – 57789 тонна болған), 425 тонна күнбағыс майы (өткен жылы – 380 тонна болған), 10479 тонна ұн (өткен жылы – 10040 тонна болған), 14972 тонна нан (өткен жылы – 14865 тонна болған) өндірілді.
Мұнымен қатар, үстіміздегі жылдың төрт айында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, алкогольдік емес сусындарды өндіру – 7,2 пайызға, сары май өндіру – 0,5 пайызға, өңделген сүт пен құймақ өндіру – 0,5 пайызға азайып отыр.
Қазіргі кезде облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары мен цехтарының көпшілігінің өндірістік қондырғылары мен құрал-жабдықтары уақыт талабына сай емес, көбісінің пайдалану мерзімдері өтіп, тозығы жеткен. Сол үшін агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңдеу саласын жедел дамытуға бағытталған іс-шаралар қолға алынып, қолда бар кәсіпорындарды қайта жарақтандырып іске қосу, жаңа цехтар мен өндірістік желілер ашу мақсатында жылдан-жылға жақсарып келе жатқан мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану бағытында жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта 2010 жылдың наурыз айында «Агроөнеркәсіп кешенінде қайта өңдеу саласын одан әрі дамыту міндеттері туралы»облыс әкімдігінің мәжілісінде арнайы тақырыппен қаралып, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы агроөнеркәсіп кешенінің алдына қойған міндеттеріне сәйкес, жаңа міндеттер белгіленіп, тиісті қаулы қабылданды.
Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қайта өңдеу саласы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу бағытында, бірнеше инвестициялық жобалар қолға алынуда. Олар: «Азия-Қазақстан» концерні», «Тараз-Тарту» ЖШС, «Булгарконсервпродукт» кәсіпорындарын іске қосу жобалары.
Майлы дақылдарды қайта өңдеу бағытында Тараз қаласында жұмыс істейтін өсімдік майын шығаратын «Палванов» және «Төлебай-май» кәсіпорындарын қажетті шикізатпен жеткілікті қамтамасыз ету үшін облыста майлы дақылдар алқаптарын ұлғайту шаралары қолға алынуда.
Тері өнімдерін тереңдеп, қайта өңдеу бағытында бүгінгі күні Тараз қаласында орналасқан «Таразбылғарыаяқкиім» ЖШС балалардың аяқ-киімінің модельдерін жасап, енді оны жаппай шығаруға көшкелі отыр.
Бүгінгі күні қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік және қайта өңдеу жұмыстарын жақсарту мақсатында, облыс бойынша әр түрлі бағыттарға бағытталған барлығы 19 инвестжобалар бойынша қаржыландыру, қаржы көздерін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде бірқатар жобалар өз қаржылары есебінен жүзеге асырылуда.
Бақылауда тұрған жобалар ішінде жуырда Тараз қаласындағы «ПОШ-Тараз фабрикасы» ЖШС-нің «Биязы жүн өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасының іске қосылуы күтілуде. Бұл жоба бойынша жылына 800 тонна топс шығарылады. Бұл дегеніңіз – оған жылына 2,0 мың тоннадан астам биязы жүн қажет деген сөз. Осы себепті, қазіргі кезде осы кәсіпорынды биязы жүн шикізатымен қамтамасыз ету шаралары қарастырылуда. Сонымен қатар, аудан басшылары алдына қой өсіруге маманданған орта және ірі шаруашылықтар негізінде биязы жүнді асыл тұқымды қой шаруашылықтарын ұйымдастыру мәселесі қойылып отыр.
Жоғарыда айтылған барлық міндеттерді жүзеге асырумен бірге, жалпы облыс бойынша осы жылдың соңына қарай ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары өндірген өнімдердің жалпы көлемі 42,3 млрд. теңгеге, ал 2014 жылға қарай 65-70 млрд. теңгеге жететін болады деп болжанып отыр. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу көлемін анағұрлым арттырып, олардың бәсекелестігі мен қосымша құн әлеуетін әлденеше есе жоғарылатуға жеткізетін болады.
 
Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасының
2010 жылдың 1 мамырына орындалуы
 
Ағымдағы жылы ауылдық елді мекендерді дамытуға барлық көздерден 8 млрд. 758 млн. теңге қаралған. Қаралған қаржының 2010 жылдың 1 мамырына игерілгені 1 млрд. 770 млн. теңге (20,2%), оның ішінде республикалық бюджет есебінен 5 млрд. 136 млн. теңге қаралып, игерілгені 1 млрд. 464 млн. теңгені (28,5%) құрады. Жергілікті бюджеттен қаралған 3 млрд. 391 млн. теңгенің, 306 млн. теңгесі (9,0%) игерілді. Бұл мақсатқа басқа көздерден 231,5 млн.теңге қаралған.
«Білім беру»
Ауылдық елді мекендерді дамыту бағдарламасында білім беру нысандарына көп көңіл бөлінген, әсіресе типтік мектептердің құрылысына.
2010 жылы 11 мектеп құрылысына жергілікті бюджеттен 1 млрд. 216 млн.теңге қаралған, оның 2010 жылдың 1 мамырына игерілгені 228 млн. теңге. Одан басқа жергілікті бюджет есебінен 3 ауыл мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 41,2 млн. теңге қаралып, игерілгені 17,7 млн. теңге және материалдық-техникалық базасын нығайтуға 183 млн.теңге қаралған.
«Денсаулық сақтау»
Ауылдық елді мекендерді дамыту бағдарламасында басты мәселе ол ауылдың денсаулық сақтау жүйесін дамыту. 13 денсаулық сақтау нысандарының құрылысына және жобалық-сметалық құжаттарының әзірлеуіне 2 млрд. 713 млн. теңге бөлінген, 2010 жылдың 1 мамырына игерілгені 832 млн.теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен Жамбыл ауданда Аса ауылында емхана және Шу ауданда Толе би ауылында орталық аудандық аурухана құрылыстары жалғастыруда, жергілікті бюджет есебінен 8 медициналық пунктердін құрылысы басталып және жалғастырылып отыр. Жергілікті бюджеттен 8 елді мекенде 9 денсаулық сақтау нысандардың күрделі жөндеу жұмыстарына 124 млн. теңге қаралған, материалдық-техникалық базасын нығайтуға 278 млн.теңге қаралған.
«Мәдениет»
Меркі ауданы Меркі ауылындағы мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына 120 млн. теңге қаралған және Қордай ауданындағы жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге 12,6 млн. теңге қаралып, 2010 жылдың 1 мамырына 3 млн. теңге игерілді.
«Электрлендіру»
Жергілікті бюджеттен Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылындағы жаңадан соғылған тұрғын үйлердің 24 шақырымды электрлендіруге 53,7 млн. теңге және 24 шақырымды газдандыруға 10 млн. теңге қаралған. 2010 жылы электр желілерін күрделі жөндеу жұмыстарына «ЖЭС» АҚ-ның өз қаржы есебінен облысымыздың барлық аудандарына 8,5 млн. теңге қаралған.
 
«Телефондандыру»
«Қазақтелеком» АҚ өз қаражаты есебінен ауылдық елді мекендерде телефон байланыстарын кеңейту жұмыстарына 223 млн.теңге қаралған.
«Жолдар»
2010 жылы ауылдық жерлердін автокөлік жолдарының күрделі, ағымдағы және орта жөндеу жұмыстарына 1 млрд. 518 млн.теңге қаралған, оның ішінде 2010 жылдың 1 мамырына игерілгені 264,8 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен жолдардың күрделі жұмыстарына ұзындығы 47 шақырымға 587 млн.теңге бөлініп, игерілгені 264,8 млн. теңге және 60 шақырым орта жөндеу жұмыстарына 383 млн. теңге қаралған, жергілікті бюджеттен облысымыздың 10 ауданында ұзындығы 4116 шақырым ауыл жолдарының орта, ағымдағы жөндеу жұмыстарына 549 млн.теңге қаралған.
«Сумен қамту»
2010 жылы 24 нысандағы сумен қамту жүйелерінің құрылысына және қайта қалпына келтіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 1 млрд. 719 млн.теңге қаралған, оның ішінде 2010 жылдың 1 мамырына игерілгені 400 млн.теңге, жергілікті бюджеттен қайта қалпына келтіру жұмыстарына және 12 нысанның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге 335,7 млн.теңге қаралып, игерілгені 12,1 млн.теңге.

 

Жарияланған күні: 2016-12-27 09:10:54

Наверх