РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Өнеркәсіп

2016 жылдың қаңтар-қазан  айларында Жамбыл облысындағы өнеркәсіп өндірісі жайлы анықтама-қорытынды

Статистика органдарының мәліметіне сәйкес 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында Жамбыл облысының өнеркәсіп кәсіпорындарымен 278 922,3 млн. теңгеге өнім өндіріліп, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,2% құрады.
 Тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында өндірілген өнім көлемі
31 052,0 млн. теңгені немесе өткен жылмен салыстырғанда 110,8% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 11,1% құрайды.
Өңдеу өнеркәсібі  саласында өнім көлемі 198 944,2 млн. теңгені құрады, немесе өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 103,0% құрады. Бұл саланың жалпы өндірілген өндірістік өнім көлемінде үлес салмағы 71,3%  құрады.
2016 жылдың қаңтар-қазан аралығында өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі артқан. Олар: тамақ өнімдерінің өндірісі (134,9%), жеңіл өнеркәсіпте (НКИ – 164,0%),  мұнай өнімдерін өндіруде (139,1%), басқа металл емес минералды өнімнің өндірісінде (101,6%), металлургия өнеркәсібінде  (152,8%).
 Тамақ өнімдерін өндіру саласында өнім көлемі 85 810,5 млн. теңгені құрап, немесе өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 134,9% құрады. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 30,8 %.
          Жеңіл өнеркәсіп саласында өнім көлемі 1 638,7 млн. теңгені құрады, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 164,0% құрады. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 0,6 %.
Мұнай өнімдерін өндіру көлемі 2 499,3 млн. теңгені құрап, немесе НКИ -139,1% артқан. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 0,9 %.
Басқа металл емес минералды өнімнің өндіріс көлемі  21 416,6 млн. теңгені құрап, немесе 2015 жылдың деңгейінен 101,6%  артқан. Аталған саланың өнеркәсіптегі үлесі – 7,7 %.
 Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 18 515,1 млн. теңгені құрап отыр, НКИ өткен жылмен салыстырғанда 152,8%. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 6,6%.
 2016 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің келесі салаларында өнім көлемі төмендеген, олар:
 химия өндірісі;

  • дайын металл бұйымдарының өндірісі;
  • машина жасау.

 Химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 58 111,1 млн. теңгені құрап немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 75,0% құрап отыр. Аталған саланың өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі – 21,0%.
 Дайын металл бұйымдарының өндірісінің көлемі 2 790,4 млн. теңгені құрады, немесе 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда НКИ 64,7% құрады.
 
Машина жасау саласында өнім көлемі – 5 068,9 млн. теңгені құрады, НКИ – 74,1%.
 
Аумақтық кесімде, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 6 ауданда артқан: Жамбыл (115,9%), Жуалы (103,8%), Меркі (119,9%),  Мойынқұм (117,9%), Сарысу (121,2%) және Талас (109,6 %).
Байзақ (81,8%), Қордай (85,4%), Шу (85,5%), Т. Рысқұлов (91,1%) аудандарының кәсіпорындары 2015 жылдың қаңтар-қазан айларының деңгейіне жетпеді.
Тараз қаласының кәсіпорындарымен 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында 161 749,9 млн. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың салыстырмалы кезеңімен салыстырғанда 100,1 %  құрап отыр.

Жарияланған күні: 2016-12-06 17:49:02

Наверх