РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Инвестициялық жобалар

Жамбыл облысына инвестициялар тарту бойынша
 
Қазіргі уақытта облыста шетел инвесторларының қатысуымен құны 3,4  млрд. АҚШ долл. құрайтын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
Соның ішінде жүзеге асырылып жатқан ең ірі жобалардың бірі «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС. Жамбыл облысында 2,4  млрд. АҚШ долл. құрайтын жылына кемінде 1,4 млн. тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт құрылысы жобасы.
2016 жылдың 9 айының ішінде 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
- Біріккен Араб Әмірлігі мемлекетінің «ADEASDevelopment» компанияның қатысуымен қуаттылығы тәуілігіне 40 тонна ет құрайтын ірі еткомбинаты. Жобаның сомасы 13,8 млн. АҚШ. долл.
- Жалпы сомасы 3,2 млн. АҚШ. долларын құрайтын Жапон мемлекетінің «COOKEY» SystemsCo. Ltd. компанияның қатысуымен «Мия тамырын қайта өндейтін зауыт құрылысы».
 
Қазіргі таңда Қытай инвесторларының қатысуымен жалпы сомасы 5,1 млрд. АҚШ долл.тұратын 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Оның ішінде 2,6 млрд. АҚШ долл. құрайтын 7 жоба іске асырылуыдеңгейі жоғары 51 Қазақстан-Қытай инвестициялық жобаларының тізімінде тұр.
Сонымен бірге, өңіріміздің инвестициялық ахуалын жақсарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру бойынша жоба жүзеге асырылуда. Жоба аясында жоғары қосымша құны бар, экспортқа бағытталған өнімді өндіру бойынша 16 жаңа химиялық зауыт салу жоспарлануда. Жоба аясында арнайы экономикалық аймақтың территориясында 25 түрлі химия өнімдері өндірілетін болады. Арнайы экономикалық аймақтың нысандарын Шу ауданында орналастыру үшін көлемі 505 га жер телімі бөлінді. Инвестициялардың жалпы сомасы 375 млрд. теңгені құрайды. Жоба бойынша 2017 жылдың 2 тоқсанына дейін инфрақұрылымның
1 кезенің аяқталуы көзделуде.
Сыртқы инфрақұрылымға келетін автомобиль жолы, станциясымен келетін темір жол, газбен қамтамасыз ету нысандары, су және электр қуатымен қамтамасыз ету жатады.
Ішкі  инфрақұрылымға: ішкі алаңды электр мен қамтамасыз ету және жарықтандыру, автомобиль жолдары, темір жолдары, тұрмыстық-шаруашылыққа қажетті су жинауыш тоғандар, өндірістік тоған буландырғыштар, әкімшілік шаруашылық кешенінің ғимараты, №1 бақылау өткізу ғимараты,  өрт сөндіру депосының ғимараты, 5 авто көлікке арналған тұрақ, ішкі сумен, газбен қамтамасыз ету және кәріз жүйесі кіреді.  
 «Тараз» химиялық паркі» басқарушы компаниясының инфрақұрылым жобасы бойынша жобалық сметалық құжаттаманы әзірлеу толығымен аяқталып және оң қортындысы алынған. Қазіргі таңда
Бүгінгі таңда, жүргізіліп жатқан құрылыстың жағдайы:
  • «Меркі-Бұрылбайтал» тас жолынан арнайы экономикалық аймаққа дейін ұзындығы 5,8 км автомобиль жолының құрылысы 98% аяқталған;
  • «Шу» 500 подстанциясынан қашықтығы 2х2,8 км құрайтын сыртқы электр желілерімен қамтамасыз ету 90% аяқталған. Сонымен қоса, арнайы экономикалық аймақтың алаңында
    250 МВА подстанциясын іске қосу жұмыстары 85% аяқталған;
  • Арнайы экономикалық аймаққа дейінгі ұзақтығы 20,3 км темір жолының құрылысы 98% аяқталған;
  • Ұзындығы 9,7 км құрайтын магистралды газ құбырының құрылысы 98% аяқталған;
  • Ұзындығы 35,5 км магистралды су желісінің құрылысы 75% аяқталған;
  • Ағымдағы жылдың соңына дейін әкімшілік шаруашылық ғимаратының құрылысын аяқтау жоспарлануда;
  • Су жинауыш тоғандар және өндірістік тоған буландырғыштарының құрылысы 95% және 82% аяқталған;
  • Өрт сөндіру депосының құрылысы 85% аяқталған;
 
Қазіргі таңда, арнайы экономикалық аймақтың территориясында 6 өндіріс жүзеге асыратын 5 қатысушысы тіркелген:
Олар:
  1. "ХИМ-плюс" ЖШС-нің «Каустикалық сода және хлор өндірісі», «Глифосат (гербицид) және Үштекті фосфор өндірісі», жоба аясында 800-ге жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде, бүгінгі таңда ЕПС келісім шарты бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаны 2018 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда;
  2.  «QADAM Industries» ЖШС-нің «Пестицид өндірісі» жоба аясында 42 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде, бүгінгі таңда арнайы экономикалық аймақта қайта тіркелу рәсімі өткізілуде, Ауыл шаруышылық министрлігінде пестицидті тіркеу жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Жобаны 2018 жылдың 3 тоқсанында іске қосу жоспарлануда;
  3. «Inter marketing» ЖШС-нің «Құрғақ натрий бутил өндірісі», жоба аясында 100-ден аса жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде, қазіргі таңда техникалық экономикалық негіздемені қайта қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаны 2018 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда;
  4. «Central Asia Chemical» ЖШС-нің «Терең табиғи газды қайта өңдеу зауытының құрылысы», жоба аясында 180 жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде, қазіргі таңда техникалық экономикалық негіздемені қайта қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаны 2018 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда;
  5. «НИКА» өндіру компаниясы» ЖШС-нің «Сутек тотығын өндіретін зауыт құрылысы», жоба аясында 200-ге жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы көзделуде, бүгінгі күнге арнайы экономикалық аймақ ішінен жер телімін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде, жобаны 2018 жылдың 4 тоқсанында іске қосу жоспарлануда;  
Жобалар бойынша инвестициялар көлемі 276,5 млрд. теңгені құрайды.
Сондай ақ, «Тараз» химиялық паркі» басқарушы компаниясы  мен Кәсіпкерлік басқармасы арнайы экономикалық аймаққа жаңа инвестициялық жобаларды тарту бойынша тұрақты түрде белсенді жұмыстар жүргізуде.
Осы бағытта, «Тараз» химиялық паркі» басқарушы компаниясының өкілдері келесі («Алабуга», «Сучжоу», «Джуронг») дамыған индустриалды аймақтардың тәжірибесін зерделеді. 
 
 
2016 жылы облысқа Қытай делегациялары келіп, облыс аумағында Қазақстан-Қытай кәсіпкерлік-индустриялды аймағын құру мақсатында Сиянь тоқыма корпорациясы мен облыс әкімдігі арасында 220 млн.АҚШ долларына меморандумға қол қойылды.
Бұдан бөлек, үстіміздегі жылы Франция, Вьетнам елдерінің Төтенше және өкілетті елшілерінің қатысуымен кездесулер өтті.
Сондай-ақ, облыста инвестициялық жоба әзірлеу мақсатында Иран, Беларусь және Израиль мемлекеттерінің кәсіпкерлер делегацияларымен кездесулер өткізілді.
Осымен қатар, өңірдің басымды секторларына – химия, құрылыс материалдардың өндірісі, АӨК, баламалы энергия көздері саласына инвестицияларды тарту бойынша 20 астам шетел инвесторларымен келіссөздер жүргізілуде.
 
Еврохим

Казфосфат

СЭЗ ХимПарк-Тараз

Буклет
Жарияланған күні: 2016-11-19 17:50:58

Наверх