Мемлекеттік қызметтің имиджі
Мемлекеттік қызметші мынадай этикалық нормалардыбасшылыққа алуы тиіс:
1. Мемлекеттік қызметші билік пен өз өкілеттіктерін қолдана білуі және адал болуы керек.
2. Мемлекеттік қызметте өз қамы үшін емес мемлекеттік игілігіне жұмыс істеу, мемлекет қаржысын өз қалтасымен шатастырмауы керек.
3. Шенеунік «Қандай қаражатқа өмір сүресің?» деген сұрақтан қорықпай өмір сүруі тиіс, яғни өзінің зәулім сарайлары мен оны қоршаған дауалдар және қымбат шетелдік маркалы көліктерінің суреттері жариялануына негіз болмауы керек.
4. Мемлекеттік қызметші заң талаптарымен толық сәйкестікте өмір сүруі керек.
5. Кез келген орында, кез келген лауазымда, қандай жағдай болса да халықтың, өз елі азаматтарының сенімін жоғалтпай жұмыс істеуі керек.
6. Қазақстандық мемлекеттік қызметші әділдіктің, қарапайымдылықтың үлгісі болып, адамдар арасында өзін ұстай білуі керек.
7. Мемлекеттік қызметші ұжымға басшылық жасамас бұрын, бағына білуді үйренуі, өз қызметкерлерінен талап етіп отырғанын өзі орындай білуі керек.
8. Егер мемлекеттік мүддесіне нұқсан келіп жатқанын немесе сыбайлас жемқорлық әрекеттерін көрсе, дереу араласып, шаралар қолдануы керек.
2016 жылы 1 қазандағы жағдайына
(3-тоқсан қорытындысы бойынша)
Жалпы мәлімет
Жамбыл облысында барлығы 457 мемлекеттік орган жұмыс істейді, оның ішінде:
- жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО) (облыстық деңгейде – 23, аудандық деңгейде – 159, ауылдық деңгейде – 156);
- орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімдері (бұдан әрі – ОМО) (облыстық деңгейде – 31, аудандық деңгейде – 75);
- Тексеру комиссиясы және мәслихаттар (облыстық деңгейде – 2, аудандық деңгейде – 11).
ЖАО |
ОМО | барлығы | |
Штат саны | 2848 | 2318 | 5166 |
оның ішінде: саяси қызметшілер | 6 | 0 | 6 |
«А» корпусы | 16 | 0 | 16 |
«Б» корпусы | 2826 | 2318 | 5144 |
Нақты саны | 2619 | 2167 | 4786 |
оның ішінде: саяси қызметшілер | 6 | 0 | 6 |
«А» корпусы | 16 | 0 | 16 |
«Б» корпусы | 2597 | 2167 | 4764 |
Гендерлік құрамы
Жалпы мемлекеттік қызметшілер санының ішінде 2246 әйел (ЖАО-1070, ОМО-1176), немесе барлық мемлекеттік қызметшілердің 46,6%-ы.
Келісім шарт негізінде жұмыс атқаратын зейнет жасқа толған қызметкерлердің саны – 40 (ЖАО-23, ОМО-17) немесе 0,8%.
Мемлекеттік қызметтегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың саны -28 (ЖАО-17, ОМО-11) немесе 0,6%.
Сапалық құрамы
Жоғары білімі барлар – 4263 (ЖАО-2357, ОМО-1906) немесе 89,1%; орта кәсіби білімі барлар – 523 (ЖАО-262, ОМО-261) немесе 10,9%; біреуден көп жоғары білімі барлар 627 (ЖАО-418, ОМО-209) немесе 13,1%; ғылым кандидаты дәрежесі барлар – 16 (ЖАО-10, ОМО-6); «Болашақ» бағдарлама бойынша түлектер – 1, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын бітіргендер – 13 (ЖАО-8, ОМО-5).
Жоғары білімі бар азаматтардың ішінде экономикалық біліммен қызмет атқарып жүргендердің үлес салмағы басымдырақ, одан кейін заңгерлер сондай-ақ техникалық білімі бар қызметшілер:
- әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында – 43,1%;
- құқықтану саласында – 22,4%;
- техника ғылымдары және технология саласында – 12%;
- білім саласында – 6,3%;
- ауылшаруашылығы және ветеринария саласында – 8,2%;
- басқа да салаларда – 8,0%.
Жас құрамы
Мемлекеттік қызметішлердің орташа жасы – 40,5 жас; орташа мемлекеттік қызмет өтілі – 11 жыл; нақыт лауазымдағы орташа қызмет өтілі – 3,5 жыл;
Мемлекеттік қызметшілердің жас ерекшеліктері бойынша:
- 29 жасқа дейінгілер – 1001 қызметші немесе 20,9%;
- 30-39 жас арасындағы – 1435 қызметші немесе 30,0%;
- 40-49 жас арасындағы – 1073 қызметші немесе 22,4%;
- 50-ден жоғары – 1277 қызметші немесе 26,7%.
Мемлекеттік қызметшілерді оқыту
Есепті кезеңде жалпы 1011 мемлекеттік қызметші оқуға тиісті болған, оның ішінде 862 мемлекеттік қызметші немесе 85,3 % оқытылған. Қайта даярлау курстарынан 274 қызметші, біліктілігін арттыру курстарынан 588 қызметші өтті.
Басқа оқытылмаған 149 қызметші объективтік себептермен оқытудан өтпеген (жұмыстан босату, бала күтүмі бойынша демалыс, зейнетке шығу және т.б.).
Есептік кезең ішінде мемлекеттік қызметшілерді өңірлік оқыту орталығымен 33 млн. 536 мың. теңге игерілді
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін бағалау
2016 жылдың 9 ай ішінде үш тоқсандық бағалау жұмыстары жүргізілді.
- Бірінші тоқсанның бағалау нәтижесі:
- Бірінші тоқсанның бағалау нәтижесі:
- Бірінші тоқсанның бағалау нәтижесі:
Жарияланған күні: 2016-11-29 19:09:08