РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Құқық негіздері

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару турал  

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы



"Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
 
 
Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 20 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы
8 сәуірде № 2147 болып тіркелді
 
.
          "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Облыс әкімі аппаратының персоналды басқару бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының басшысы Р. Рахманбердиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Жамбыл облысы әкімдігінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№ 3 қаулысымен бекітілген
 
 
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ


1. Жалпы ережелер
 
1. «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Аппарат) Жамбыл облысы әкімдігінің, әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
          2. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
          3. Аппарат мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
          4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
          5. Аппарат егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
          6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
          7. Аппарат құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
          8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 080008, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125.
          9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Жамбыл облысы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
          10. Осы Ереже Аппараттың құрылтай құжаты болып табылады.
          11. Аппарат қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
          12. Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен Аппараттың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
          Егер Аппаратқа заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
 
 
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

 
          13. Аппараттың миссиясы: Жамбыл облысы әкімдігінің, әкімінің қызметін қамтамасыз ету.           
          14. Міндеттері:
                    облыс әкімдігі жұмыс Регламентінің сақталуын қамтамасыз ету;
          облыс аумағында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және жергілікті атқарушы органдармен тұрақты өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
          15. Функциялары:
          облыс әкімі аппаратының тоқсан сайын жұмыс жоспарын дайындау;
          облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысу;
          облыс әкімдігінің отырысына құжаттарды дайындау;
          Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігі мен әкімі актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
          Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, Қазақстан Республикасының Президенті, Үкіметі мен Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларының, әкімдік қаулылары мен хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің орындалу барысы туралы облыс әкімін жүйелі түрде хабардар етіп отыру, олардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
          облыс әкімі мен оның орынбасарлары өткізетін әкімдік мәжілістерін, басқа да іс-шараларды ақпараттық-талдау, құқықтық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
          облыс әкімі және оның орынбасарлары, облыс әкімдігі үшін облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының жағдайын сипаттайтын материалдар дайындау;
          облыс әкімінің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету;
облыс әкімінің қызметін құқықтық қамтамасыз етуге және басқа мәселелерді шешуге қатысу;
әкiмдік және әкiм қабылдаған нормативтік құқықтық актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi жүзеге асыру;
облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
кадрларды оқытуды ұйымдастыру;
мемлекеттік тілдің және ұлтаралық қатынас тілінің қолданылу аясын кеңейту үшін жағдайлар жасау;
қызметтік құжаттарды қарау;
азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру;
азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
іс қағаздарын жүргізу, Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік-құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әкімдікке келіп түсетін хат-хабарларды өңдеу;
атқарушы органдармен бірлесе отырып, әкімдік мәжілістерінің қарауына мәселелер дайындау;
жергілікті атқарушы органдардың көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің статистикалық мәліметтерді жинақтау;
мемлекеттік қызметтерді көрсетудің электрондық форматқа көшіру бойынша жұмыстар жүргізу;
бекітілген әдістемеге сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарын жүргізу;
облыс әкімі аппаратының, облыс әкімі басқармаларының және аудандар мен Тараз қаласы аппараттарының мемлекеттік қызметшілерінің қызметінің тиімділігін бағалау бойынша жұмыстарды үйлестіру;
жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесін ұйымдастыру және жүзеге асыру;
заң актілерін, Қазақстан Республикасының Президентi, Yкiметi, Премьер-Министрi, әкiмдік және әкiм актілерін «Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауының жобасын дайындау, келісу және Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын іске асыру, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге заңдарына сәйкес орындауды ұйымдастыру;
          Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ішкі аудитті жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
          16. Құқықтары мен міндеттері:
          1) құқықтары:
          мемлекеттік органдардан, басқа ұйымдар мен жеке тұлғалардан облыс әкімдігі мен облыс әкімінің, облыс әкімі аппаратының құзырына жататын мәселелер бойынша ақпарат және құжаттар сұрауға және алуға, келісім-шарт негізінде сараптама жасау және кеңес беру үшін мамандар мен тәуелсіз сарапшылар тартуға;
          Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерінің орындалуына тексерулерді тұрақты негізде жүргізуге, анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға;
          әр деңгейдегі әкімдіктердің мәжілістеріне, жергілікті атқарушы органдардың алқаларына, жиналыстарына қатысуға;
          облыс әкімдігінің мәжілісіне, облыс әкімінің қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға аудандар мен Тараз қаласы әкімдері аппараттарының, облыстың бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың қызметкерлерін қатыстыруға;
          нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуға;
          оқшауланған мүлікке жедел басқару құқығына ие болуға;
          мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иеленуге және жүзеге асыруға;
          құрылтайшы құжаттарда қаралған мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға қаражаттар пайдалануға;
          Жамбыл облысы әкімдігі және Аппарат атынан сотта талапкер және жауапкер болуға;
          Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес облыс әкімі аппаратының негізгі міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
          2) міндеттері:
          бұл жөнінде заңды және жеке тұлғалар ресми сұраныс жасаған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпаратты беруге;
          Аппарат қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етуге;
          Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді орындауға.
 
 
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
 
          17. Аппаратқа басшылықты Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
          18. Аппарат бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
          19. Аппарат бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
          20. Аппарат бірінші басшысының өкілеттігі:
аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
аппараттағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
облыстың жергілікті атқарушы және өкілді органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
облыс әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуы және аппараттың өз функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап береді;
облыс әкімдігіне Аппарат туралы Ережені бекітуді ұсынады;
қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
облыс әкімі аппаратындағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
облыс әкімдігінің және әкімінің қарауына енгізілетін мәселелердің, қаулылардың, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдері жобаларының облыс әкімдігі Регламентімен белгіленген тәртіппен өтуінің және бекітілуінің сақталуын қамтамасыз етеді;
облыс әкімі аппаратының шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржыны жұмсауға басшылық жасайды;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
облыс әкімінің кадр саясатын іске асыруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
облыс әкімдігі қаулыларының, хаттамалық тапсырмаларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің расталған көшірмелерін жіберудің тізбесін бекітеді;
Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
          Аппараттың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
          21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
          22. Аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Аппарат басшысы басқарады.
                    
 
4. Мемлекеттік органның мүлкі
 
          23. Аппараттың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
          Аппараттың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
          24. Аппаратқа бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
          25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Аппараттың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
 
 
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
 
          26. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
«Жамбыл облысы әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесіне қосымша
 
 
Аппараттың қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
 
1. «Жамбыл облысы әкімі аппаратының мамандандырылған базасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2. «Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
 
Жарияланған күні: 2018-03-12 12:53:37

Наверх