РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімдігінің 03.03.2018 жылғы №27 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (01.04.2018 жылға)

Іс-шаралар Орындалуы туралы ақпарат
  1.  
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру және олардың жұмысын дамытуды үйлестіру Облыс бойынша нақты 55 ауыл шаруашылығы кооперативтері жұмыс істеуде, оған 1148 мүше тіркелген. 2017 жылы 50,5 млн.теңгенің өнімі өндіріліп, 154,9 млн. теңгенің қызметі көрсетілді. Оның ішінде 48 ауыл шаруашылығы кооперативі 2017 жылы құрылған. 11 кооператив 805,8 млн. теңгеге 2867 МІҚ аналық бас,  9 кооператив 902,9 млн. теңгеге бордақылау алаңына  4439 бас МІҚ  малын сатып алды.
Алдағы уақытта жұмыс істеп тұрған кооперативтердің жұмысын ұйымдастыру және жүктемелігін қамтамасыз ету үшін (өндіріс көлемін ұлғайту) әрбір ауылшаруашылығы кооперативі бойынша нақты іс-шаралар жоспары дайындалуда.
2018 жылы аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында республикалық бюджеттен 2,1 млрд. қарастырылып, оның 1,2 млрд. теңге «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 254 өтінім иесін несиемен қамтамасыз етуге және 844,4 млн. теңге «Аграрлық несие коорпарациясы» АҚ арқылы игеріледі деп жоспарлануда.
«Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ-на бөлінетін 844,4 млн. теңгенің 50 млн. теңгесін «Шу» Микро қаржы ұйымы», 200 млн. теңгесін «Атамекен Тараз» микро қаржы ұйымы және қалған 594 млн. теңгесін кредиттік серіктестіктер арқылы игеру жоспарлануда.
Тамыз айына республикалық бюджеттен қосымша 2,0 млрд. теңге қарастыру жоспарланған. Қарастырылған қаражаттар шегінде жалпы 823 өтінім берушілер қаржыландырылатын болады.
  1.  
Өнеркәсіп саласының аймақтық картасын әзірлеу Өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында облыс көлемінде бос тұрған өндірістік базаларға, жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорындар мен олардың негізгі проблемаларына талдау жүргізіліп, аймақтық карта әзірленуде. Аймақтық картаға қосу мақсатында 445 кәсіпорынның мәселесіне зерделеу жүргізілуде. Бүгінгі күні 32 кәсіпорын енгізуге мақұлданды. Оның ішінде 11-і қаржылай қолдауды қажет ететін (жалпы 13,2 млрд.теңге), 21-і қаржылық емес қолдауды қажет ететін кәсіпорындар (сату, шикізат және т.б. мәселелер). Бұл кәсіпорындарға мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар аясында («Бизнестің жол картасы 2020», Индустриялдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және т.б.) қолдаулар көрсетілетін болады. Екінші деңгейлі банктер арқылы инвестицияға және айналым қаражатына несиелендіру жүргізіледі, сонымен қатар, мемлекеттік - жеке-меншік әріптестік арқылы инфрақұрылым жүргізіледі. Қаржылай қолдауды қажет етпейтін кәсіпорындар бойынша шикізат алу мен өнімді сату мәселелері жөнінде меморандумдар мен келісімдер жасалатын болады.
  1.  
Медициналық қызметті цифрландыру, ұйымдарды интернетпен қамту Облыста 406 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 32 қалалық ұйым (100%), 10 аудан орталығындағы ұйым (100%), 211 (61,5%)  ауылдық елді мекендердегі ұйым (ауылдық аурухана – 4, дәрігерлік амбулатория – 109, ФАП – 33, МП – 65) ақпараттық жүйемен қамтылған,  201 ұйым интернет желісіне қосылған. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. Болжам бойынша интернет желісімен 100% қамту 2021 жылға жоспарлануда.
Облыс бойынша 4962 медициналық қызметкерлердің жұмыс орны бар, оның ішінде 3762-і компьютермен қамтылған (76%). 2018 жылы облыстық бюджеттен 152 млн. теңгеге 1013 (қалалық ұйымдарға – 430, аудандық ұйымдарға – 583) компьютер алу жоспарлануда. Сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдарының өз қаражаты есебінен қосымша 165 компьютер сатып алынады. 
  1.  
Мектепке дейінгі біліммен қамтуды жақсарту бойынша жоспар әзірлеу «Облыс аумағында 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды жақсарту» бойынша іс-шара жоспары  облыс әкімінің орынбасарымен бекітілді. Жоспарға сәйкес облыс бойынша 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды 96%-ға жеткізу межеленді.
2018 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылу үлесі 90,2%-ды құрады.
2018 жылдың соңына дейін 5064 орындық 62 мектепке дейінгі ұйымдар ашылады деп күтілуде (оның ішінде 48 жекеменшік балабақша, 14 шағын орталықтар). 2018 жылдың
І тоқсанында 300 орындық 5 жекеменшік балабақша ашылды (Байзақ -1, Қордай-2, Талас-1, Шу-1).
  1.  
Білім саласын цифрландыру, білім беру мекемелерін жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосуды, видео құрылғылармен жабдықтауды қамтамасыз ету Жамбыл облысында білім беру жүйесін цифрландыру бойынша  іс-шаралар  жоспары (Жол картасы)  бекітілді. Облыста 450 (100%) мектеп толығымен Интернет желісіне қосылған.
Биыл мектептердің 93%-ның Интернет жылдамдығын (4-40 мегобит/сек дейін) арттыру жоспарланды. WI-FI желісімен қамтамасыз етуді 32%-дан (142 мектеп) 100%-ға жеткізу жоспарланды.
Электрондық журналдар мен күнделіктер жүйесіне облыс бойынша 167 (37%) мектеп қосылған, 62 мың қолданушы (оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар) қамтылған. Жыл соңына дейін «Күнделік» жүйесіне  мектептердің 93%-ы қосылатын болады.
 «Bilimland» цифрлық білім беру ресурстары порталына 450 (100%) мектеп қосылған, білім беру мекемелері 20366 компьютермен жабдықталған. 2018 жылға мектептердің компьютерлерін жаңарту үшін 2025 дана компьютер сатып алу жоспарланған. Облыстың 32 (7,1%) мектебі робототехника кабинеттерімен жабдықталған.  Ағымдағы жылы бұл көрсеткішті 30%-ға жеткізу көзделді.
Жаңа оқу жылына Тараз қаласында 300 орындық IT мектеп-лицейін ашу жоспарлануда.
Тараз қаласы бойынша балаларды балабақшаға кезекке қою және жолдама алу, оқушыларды
1 сыныпқа қабылдау қызметтерін автоматтандыру, кәсіптік білім берудегі оқу үрдісін автоматтандыру жүйесін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Электронды цифрлық қолтаңба, әр түрлі анықтамаларды алу бойынша оқыту семинарларында 803 педагог қызметкер цифрландыру бойынша білімдерін жетілдірді. Қысқы, көктемгі каникул күндері және сабақтан тыс уақыта 18253 оқушы мен студент оқытылды.  Жазғы демалыс уақытында 11 мың ата-ананы оқыту жоспарлануда.
Облыстағы 912 білім мекемелерінің 818-де (89,7%) бейнебақылау камералары орнатылған (оның ішінде 450 мектептің 411-де (91,3%),  327 балабақшаның 295-де (90,2%), 66 мектептен тыс мекемелердің 53-де (80,3%), 49 колледждің 48-де (96,0%),
9 облыстық интернаттардың 6-да  (66,7%) және 10 қала сыртындағы лагерьдің 5-де (50%).
  1.  
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне жаңа заманауи ғимарат салу «Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ғимаратының құрылысы» нысанының  жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін мекемені анықтау үшін мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
  1.  
Тараз қаласында сарқынды суларды тазалайтын имарат құрылысын жүргізу Жамбыл облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 наурыздағы №52 қаулысымен «Тараз қаласында сарқынды суларды тазалайтын имарат құрылысын жүргізуге» техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуге облыстық бюджеттен 35,0 млн. теңге бөлінді.
Облыс әкімінің өкімімен арнайы жұмыс тобы құрылып, аталған техникалық экономикалық негіздемеге техникалық тапсырма әзірлеу жұмыстарын жүргізуде. Техникалық тапсырма жобасы дайын болғаннан кейін мемлекетік сатып алу рәсімдері жүргізіледі.
  1.  
Сарысу ауданы елді мекендеріне және Жаңатас қаласына табиғи газ тарту
     Жаңатас қаласы маңындағы Еврохим минералды тыңайтқыштар зауытын газдандыруға «Шаян – Еврохим – Жаңатас» жоғары қысымды газ құбырын салу жоспарланған.
      Жобалық-сметалық құжаттама (әрі қарай - ЖСҚ) 2017 жылғы 10 наурызда
мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Құбырдың ұзындығы 98,3 шақырым. Құрылысқа қажетті қаржы 8,5 млрд. теңге (РБ - 7,7 млрд. теңге, ОБ – 0,8 млрд. теңге).
       Құрылысты 2018 жылы қаржыландыру мақсатында 2017 жылғы 17 наурызда ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. ҚР Қаржы министрлігі бұл мақсатқа 2019 жылы 5,0 млрд. теңге қарастыруды шешті. Сонымен қатар, 2018 жылы құрылыс жұмысын бастау үшін 1,0 млрд. теңге бөлуге 2018 жылы 30 қаңтарда өтінім жолданып, ҚР Энергетика министрлігінен қолдау тапты, ҚР Қаржы министрлігімен қаралуда.
       2017 жылы Сарысу ауданының 4 елді мекеніне (Әбілда, Тоғызкент, Майлыкөл, Досбол) газ келтіретін құбыр құрылысы басталды. Жұмыстардың аяқталу уақыты
2018 жылғы қыркүйекке белгіленген.
      2017 жылы Сарысу ауданының 14 елді мекенін газ келтіретін және ауыл ішінде газ тарататын құбырының құрылысымен газдандыруға ЖСҚ дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Жобаның сараптамаға дейінгі құны 8,8 млрд. теңге.
  1.  

Талас ауданы, Есейхан ауылына ауыз су жеткізу жұмыстарын жүргізу

Талас ауданындағы Есейхан ауылына ауыз су жеткізу жұмыстары бойынша
2018 жылға республикалық және облыстық бюджеттен 222,0 млн. теңге бөлінді. Мемлекеттік сатып алулар конкурсының қорытындысы бойынша мердігер «Монолит Дизайн-2030» ЖШС-мен келісімшарт жасалды. Нысанды пайдалануға тапсыру
2019 жылға жоспарланған.
  1.  
Меркі-Шу-Бурылбайтал автожолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді бақылау «Каздорпроект» ЖШС-мен «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автомобиль жолының 7-273 шқ аралығын қайта жаңғыртуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Жобалау жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың шілде айына,  автожолды қайта жаңарту жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың екінші жартысына жоспарлануда. Мердігер Қытай «Синь-Синь» құрылыс және даму компаниясы және «АБК-Автодор НС» ЖШС құрамындағы консорциум. Техникалық қадағалаушы «Аркада КЗ»/«Сапа СЗ» ЖШС-і. Жоба бойынша бір оське 13 тонна есептелген салмақпен «Меркі-Шу-Бурылбайтал» автожолының 89 шақырымы (7-96 шқ) I техникалық санатқа, ал 177 шақырымы (96-273 шқ) II техникалық санатқа қайта жаңартылады. Жобаны іске асыру мерзімі 2018-2022 жылдар.
  1.  
Тараз қаласының тұрғылықты мөлтек аудандарында жобалау жоспарына сәйкес скверлер мен аллеялар салу, саябақтарды жөндеу жұмыстарын жүргізу Облыс әкімінің төрағалығымен әр апта сайын өтетін Қала құрылысы кеңесінде Тараз қаласын абаттандыру, көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін реттеу, демалыс орындары мен саябақтарды қайта жаңғырту мәселелері талқыланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.  
Тараз қаласында жалпы 41 мәдени-демалыс нысандары бар, оның 7-і саябақтар, 28-і скверлер, біреуі «Данқ» аллеясы және «Зербұлақ» демалыс орталығы, 4-і жеке орнатылған ескерткіштер. Облыс әкімінің тапсрмасы бойынша аталған саябақтар, скверлер мен аллеяларды жөндеу, абаттандыру бойынша жұмыстар көлемі анықталды.
     Қазіргі таңда Б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. «Қ.Рысқұлбеков» атындағы саябақ, «Атшабар», Желтоқсан скверлерін «Табыс-Жоба» ЖШС тарапынан қайта жаңғырту бойынша эскиздік жоба әзірленіп, Қала құрылысы Кеңесінің қарауына ұсынылды.
 Алдағы уақытта,  «Мамыр», «Т.Рысқұлов», «Турксиб», «Жас түлектер» атындағы саябақтар  және «Салтанат» сарайы, «Неке сарайы», «Өлке тану» мұражайы, Көркем сурет галлереясы, Қолөнер шеберханасы, «Шахристан» Этно-тарихи кешені , Талас өзені жағасындағы демалыс аймағы (14 мкр тұсында),  Вокзал маңындағы алаң, «Руханият» орталығы,  Сквер (Кожкомбинат-Жамбыл алаңы  аралығында), «Балқарағай» кафесі     (Сосновый бор), «Тектұрмас» қамалы бойынша тиісті жобалаушы мекемелерге,  сәулетшілер мен мүсіншілерге, суретшілерге нақты жұмыстар тапсырылып, жобалау жұмыстары жүргізілуде. Эскиздік жобалары қала құрылысы Кеңесінде қаралып, шешім қабылданатын болады.
Сонымен қатар облыс елді мекендерінің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасының «Cәулеттік Бюро» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылып, жұмысын бастауда.
  1.  
Тараз қаласы «Арай» тұрғын үй кешеніне ифрақұрылым, абаттандыру жүргізу (қосымша электр желілері, ішкі алаңдық жолдар, аялдамалар, тротуарлар, жарықтандыру, арық желілері) «Арай» тұрғын кешенінде орамішілік автомобиль жолдары, тротуарлар, арық жүйелері, аялдама кешендері, көше жарықтандыру құрылыс жұмыстарына және аумақтың абаттандыру жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде, құны 22,1 млн. теңге. Бас жобалаушы мекемесі «Проект Мастер Групп» ЖШС-і жобалау жұмыстарын 30.04.2018 жылға дейін аяқтауы белгіленген. Жобалау-сметалық құжаттама дайын болғаннан кейін сараптамаға ұсынылатын болады.
2017 жылы облыстық бюджеттен бөлінген 4,5 млн. теңгеге «Арай» тұрғын үй кешенін электр энергиясымен жабдықтау бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп,  сараптамаға жолданды. Аталған жобада ішкі тарату жүйелерінің құрылысы қарастырылған. Жобаны аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығына көзделіп отыр. Сараптаманың қорытындысын 2018 жылдың 31 мамырына дейін алу жоспарлануда.
  1.  
Тараз қаласы, «Арай» алқабындағы көшелерге жол төсеу жұмыстарын жүргізу Тараз қаласының Арай алқабына қиыршық тас жолының құрылысын салу нысаны бойынша жұмыстар 2017 жылы басталды. Жоба құны 227,1 млн. теңге. 2017 жылы облыстық бюджеттен  қарастырылған 97,7 млн. теңгеге 11,9 шақырым жол салынды,  2018 жылы 129,4 млн. теңгеге
18 шақырым жол салу жоспарланған.      
  1.  
Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық округіне қарасты Танта, Шайқорық, Қапал, Қоңыртөбе ауылдары және Шайқорық станциясы елді мекеніне ауыз су тарту жұмыстарын жүргізу «Жамбыл ауданы Шайқорық, Танта, Қапал, Қоныртөбе ауылдарын және Шайқорық бекетін сумен қамтамасыз ету үшін топтастырылған су  құбырының құрылысын салу» бойынша
2017 жылы жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, желтоқсан айында мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. 2018 жылдың ақпан айында республикалық бюджеттен қаржы бөлу мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Нысан құрылысының басталуы 2018 жылға және пайдалануға беру 2020 жылға жоспарлануда.
  1.  
Қаратау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлерге ауыз судың тәулік бойы берілуін қамтамасыз ету
2017 жылы «Қаратау қаласының сервистік желілері. Жеке тұрғын үйлер және әлеуметтік мекемелерді сумен жабдықтау сервистік желілерін жүргізу» жобасының құрылыс-монтаж жұмыстарына облыстық бюджеттен 298,4 млн. теңге бөлінді, мердігері  «Монолит Дизайн 2030» ЖШС-і. Ауыз су желілерінің ұзындығы - 53,4 шақырым, барлығы 3048 жеке сектордағы тұрғын үйлерге сервистік жүйелер тартылды. Дегенмен, осы жобаға 138 көпқабатты тұрғын үйлер мен 56 әлеуметтік нысандар кірмеген.
Қазіргі таңда «Куат проджект» ЖШС келісім-шарт негізінде жобалық-сметалық құжаттарын қайта түзету жұмыстары жасауда. Түзету жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен
2017 жылы 1,2 млн. теңге және 2018 жылы 10,8 млн. теңге бөлінді.
  1.  
Жуалы ауданында тау шаңғысы базасы құрылысын жүргізу Облыс тұрғындарының спортпен шұғылдануына мүмкіндік жасау мақсатында Жуалы ауданында тау шаңғысы базасын құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ-мен жобаны іске асыру үшін уақытша ақылы жер пайдалану құқығы негізінде көлемі 274 га жер телімі алынды, сонымен қатар жапсарлас жер телімін алу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Таулы-шаңғы нысанына автомобиль жолының құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджетті нақтылау барысында
5,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
Аспалы арқан жолын салу үшін қазіргі таңда жеткізуші компанилардың коммерциялық ұсынымдары қарастырылуда.
  1.  
Қант қызылшасы алқабын ұлғайту және қант қызылшасын қабылдау бағасын көтеру бойынша шаралар қабылдау  2018 жылы 10880 гектар алқапқа қант қызылшасы дақылын орналастыру жоспарланып, оған қажетті тұқымдар Франциядан және Германиядан толық жеткізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерін қант қызылшасына қажетті техникамен қамтамасыз ету мақсатында жаңадан құрылған механикаландырылған отрядтың балансына 2 дана кешенді қант қызылшасы техникасын сатып алу жұмыстары жоспарлануда.
2018 жылға облыс әкімдігі және «ОртаАзиалық қант коорпорациясы» басшылары арасындағы келісімі бойынша шалғай орналасқан (70-100 км астам) Жуалы, Шу және Қордай аудандарының ауыл шаруашылық тауар өндірушілернен қант қызылшасының
1 кг-ның қабылдау бағасы 8 теңгеден 9 теңгеге көтерілді.
  1.  
Тараз қаласы мен шағын қалалардағы көппәтерлі үйлерді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізу  Сарысу ауданы бойынша 2017 жылы 4 жобаға жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.
3 жоба бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында атқару мақсатында бюджеттік өтінімдер Республикалық бюджетке тапсырылды.  1 жобаның ЖСҚ-ы сараптамадан өтуде.
Талас ауданының орталығы Қаратау қаласы 2 үйді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасын дайындау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілуде.
Шу қаласы Жетісу мөлтек ауданында 1 тұрғын үйді қайта қалпына келтіру үшін оны коммуналдық меншікке алу мақсатында иесі жоқ жылжымайтын мүлік ретінде және есепке алынған күннен бастап бір жыл өткен коммуналдық меншікке түсті деп тану туралы Шу аудандық әділет басқармасына сұраныс жолданды. Ағымдағы жылдың мамыр айында осы үйлерді коммуналдық меншікке алу үшін сотқа арыз жолданатын болады.
  1.  
Тараз қаласы мен шағын қалалардағы көппәтерлі үйлерді қайта жаңғырту (модернизация) бойынша жұмыстар жүргізу       «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында 2018 жылға республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын қайта жаңғырту бойынша қаражат бөлінбеді. Осыған байланысты Тараз қаласының әкімдігі қалалық бюджеттен 150,0 млн. теңге бөлді. 27 үйді күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 545,9 млн. теңге қаражат қарастыруға бюджеттік өтінім дайындалуда. Сондай-ақ, көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстары қайтарым қаражат есебінен жалғастырылуда. Жалпы 2018 жылы 40 үйді жөндеуден өткізу жоспарланған.
  1.  
Жуалы ауданы Талапты-Алатау бағытындағы автомобиль жолын күрделі жөндеуден өткізу 2017 жылы Жуалы ауданының аудандық маңызы бар «Талапты-Алатау-Застава» автожолының орта жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама әзірленген. Жоба құны
314,4 млн. теңгені құрайды. ҚР Инвестиция және даму министрлігінің ұсынысы бойынша жергілікті жолдардың техникалық ахуалын жақсарту мақсатында республикалық бюджеттен басымдылық негізде 50 де 50 схемасы бойынша бірлесіп қаржыландыруға өтінім берілді. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен 135,0 млн. теңге бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.
  1.  
Шу қаласындағы Тоғай мөлтек ауданында орта мектеп  құрылысын жүргізу Шу қаласындағы Тоғай  мөлтек  ауданында  орта  мектеп  құрылысын жүргізуге
2018 жылға республикалық бюджеттен - 400,0 млн. теңге, қосымша қаржыландыруға облыстық бюджеттен - 44,4 млн. теңге бөлінді.
Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысына сәйкес «Құрылыс-ТЭД» ЖШС-і жеңімпаз болып танылды. Бүгінгі таңда келісім-шарттар рәсімделіп, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастауға дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Нысанды пайдалануға тапсыру 2019 жылға жоспарланған.
  1.  
Тараз қаласындағы «Бұрыл» алқабының ауыз су құбыры желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізу  «Бурыл А,Б,В» алқабында су құбыры жүйелерін ұлғайту құрылысы» нысанының сметалық құны 194,1 млн. теңге. Сараптама қорытындысы 2016 жылғы 22 қыркүйекте алынған.
2018 жылғы республикалық бюджетті нақтылау барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді қаржыландыру үшін ҚР Инвестиция және даму министрлігіне  бюджеттік өтінім тапсырылған. Бірақ қаржыландыру Республикалық бюджеттік комиссияда қолдау таппады.
 Тараз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 наурыздағы №29-3 шешімімен аталған нысанның құрылысын жүргізуге 1,0 млн. теңге жоспарланды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджетті алдағы уақытта нақтылау барысында 182,8 млн. теңге бөлу ұсынылуда.
  1.  
Байзақ ауданының елді мекендерін газдандыру бойынша жұмыстар жүргізу
Байзақ ауданының 21 елді мекенін газдандыру мақсатында 2017 жылы
облыстық бюджеттен 74,5 млн. теңге бөлініп, ЖСҚ дайындалды.
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде ЖСҚ-ның жалпы құны
3,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде құрылыс құны 3,4 млрд. теңге (оның ішінде РБ-3,1 млрд. теңге, ОБ-346,0 млн. теңге).
Құрылыс жұмысын 2018 жылы бастау мақсатында, 2018 жылғы 16 ақпанда ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылды. Жоба ҚР Энергетика министрлігінен қолдау тауып, ҚР Қаржы министрлігінде қаралуда.
  1.  
Облыс көлемінде заңсыз құрылыстарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдау Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, құрылыс нормаларын бұзып жүргізілген заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, елді мекендерде сәулет және қала құрылысы саласында орын алған заң бұзушылықтарды реттеу туралы іс-шаралар жоспары әзірленуде. Заңсыз құрылыстарды анықтау және оның алдын алу бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды.
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабының 1-тармағына сәйкес Тараз қаласы, Байзақ және Сарысу аудандарының орталықтарында 18 кәсіпкерлік нысандарының орын алған заң бұзушылықтарынан  қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне тікелей төнген қатердің нақты фактілерін анықтау (Тараз қаласының Жамбыл, Төле би, даңғылдарының, Д.Қонаев көшесінің қызыл сызық бұзылған, қоршаған ортаны қорғау сараптама қорытындысы алынбаған, құрылыс-монтаж жұмыстары басталғаны туралы хабарлама берілмеген, сәулет-жоспарлау тапсырмасы бекітілмеген, қала және ауданның бас сәулетшісімен нысанның эскиздік жобасы келісілмеген) жұмыстары атқарылуда.
  2018 жылғы І тоқсанда 18 әкімшілік құқық бұзушылық істер қаралды, оның ішінде заңсыз құрылыс бойынша 1 іс қаралды және 2 әкімшілік бұзушылық іс сотқа жіберілді.
Заң бұзушылықтарға жол берген Тараз қаласында – 22, аудандар бойынша 19 кәсіпкерлік нысандары анықталып, оларға шара қолдану үшін материалдар дайындалуда.
 
  1.  
Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізу 2018 жылдың наурыз айында 2017 жылдың желтоқсан айына қарағанда облыс бойынша инфляция деңгейі 1,6%-ды құраған (ҚР – 1,8%), оның ішінде азық-түлік тауарлары – 2,2% (ҚР – 2,2%), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,7% (ҚР – 1,3%), ақылы қызметтер – 0,9% (ҚР – 1,7%).
Облыста азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша құрамына тиісті мүдделі мекемелер өкілдері енетін штабтар құрылған. Бүгінгі күнге сауда нүктелері басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша 454 меморандумға қол қойылды. Меморандумдарға қол қою жұмысы жалғастырылуда.
Апта сайын азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасына мониторинг жүргізіледі. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың 2018 жылғы 6 cәуірдегі облыс бойынша орташа бағасын 2018 жылғы 23 ақпандағы статистикалық мәліметтердің Тараз қаласындағы көрсеткіштерімен салыстырмалы талдауы 53 тауардың 48-і бойынша бағалардың біршама төмен, 5 – жоғары екендігін көрсетті.
Азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық тұрақтандыру қоры күнделікті 10 әлеуметтік павильондар арқылы картоп (80 теңге/кг), сиыр еті (1250 теңге/кг),
1-санатты жұмыртқа (21 теңге/дана), пияз (60 теңге/кг) сатуда.
Қорда жалпы  5469,9 тонна тауар бар, оның ішінде: 568,40 тонна картоп, 541,62 тонна пияз және 207,83 тонна сәбіз, 58,81 тонна күнбағыс майы, 2968,67 тонна қант, 448,45 тонна ұн,
91,27 тонна күріш, 73,3 тонна қарақұмық, 14,7 тонна сиыр еті, 1 тонна тұз, 3,3 тонна тауық еті, 28,4 тонна сүт өнімдері, 724 596 дана нан, 486 мың дана тауық жұмыртқасы бар.
Сондай-ақ облыстың барлық аудандарында ағымдағы жылдың 10 ақпан мен 15 наурыз аралығында  тұрақтандыру қоры есебінен азық-түлік автокеруені сапарға шықты. Бұл шара аясында халық кеңінен тұтынатын 330 тонна тауарлар өткерілді.
Сонымен қатар аудандардың сұранысына байланысты тұрақтандыру қоры есебінен ағымдағы жылдың 30 наурыз бен 3 мамыр аралығында азық-түлік автокеруені шығуда. 
  1.  
Тараз қаласында бей-берекет базарларды реттеу және заңсыз жабайы базарларды жою бойынша жұмыстар жүргізу Тараз қаласының аумағында заңсыз сауданы болдырмау мақсатында арнайы құрылған жұмысшы топ жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, қала аумағындағы белгіленбеген жерлердегі бейберекет сауда орындарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде каладағы ірі 5 заңсыз сауда ошақтарының 2-і ретке келтірілді.
Өткен жылы Тараз қаласының аумағында кешенді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабы бойынша белгіленбеген орындарда сауда жасағаны үшін 1545 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 40-на айыппұл салынды.
Сондай-ақ заңсыз сауда жасау фактілеріне жол бермеу және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
  1.  
Облыста құқық бұзушылықтың, оның ішінде мал ұрлығының алдын алу, орын алған қылмыстардың жедел ашылуын қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау 2018 жылдың 3 айында Жамбыл облысының жергілікті атқарушы органдары мен ІІД және Жергілікті полиция қызметі бірлесе құқық бұзушылықтың алдын алу жұмысын жақсарту мақсатында бір қатар кешенді іс шаралар қабылдаған.
Нәтижесінде, 2018 жылдың 3 айында Жамбыл облысы аумағында жалпы тіркелген қылмыстар саны  34,4%-ға (3948-ден 2588-ге) төмендеген, оның ішінде:
- ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 25,5%-ға (369-дан 275-ке),
- орта дәрежедегі қылмыстар 31,1 %-ға (2710-нан 1733-ке),
- ауырлығы онша емес қылмыстар саны 20,2%-ға (436-дан 348-ге) төмендеген.
«Құқықтық тәртіп», «Есеп», «Участок» және т.б. жедел алдын алу іс шаралары ұйымдастырылды.
Нәтижесінде, есептік кезеңде ЖПҚ қызметкерлерімен 292 қылмыс ашылған, оның ішінде
84 қылмыс ізі суытылмай жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен ашылды.
Мал ұрлығының алдын алу мақсатында «2018-2020 жылдарға арналған ұрлықтың алдын алу» бағдарламасы бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес, мал бағытындағы шаруа қожалықтар, қашарлар мен жайылымдар иелеріне ұрлықтың алдын алу мақсатында мал қораларына  техникалық жабдықтаулар орнату туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, демалыс күндері мал сату орындарында жол-патрульдік полиция қызметкерлері мен Жергілікті полиция қызметінің өзге де қызметкерлерімен малды тиісті құжатсыз тасымалдау деректерін анықтау мақсатында апта сайын рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижесінде 2018 жылдың 3 айында рейдік іс-шаралар барысында малды құжатсыз тасмалдаудың 25 дерегі анықталған, онда 95 жылқы, 120 ірі қара, 168 қой тасымалданған.
Жүзеге асырылған іс-шаралар нәтижесінде мал ұрлығының саны 2018 жылғы 3 ай бойынша 41,1%-ға немесе 163-тен 96-ға төмендеуіне қол жеткізілді.
  1.  
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру Облыста Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
2018 жылы жалпы құны 3,6 млрд теңгеге 78 кіші жоба мен 53 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 510,5 млн. тг. жергілікті бюджет, 3,1 млрд. тг. меценаттар есебінен.
«Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында құны 121,7 млн. теңгеге
8 жоба жүзеге асырылады.
Бағдарламаның «Туған жер» арнайы жобасы бойынша өткен жылы «Туған жерге туыңды тік!» акциясы өткізіліп, меценаттар мен аудан әкімдері арасында Меморандумға қол қойылды. Биыл жалпы құны 3,1 млрд теңгеге 38 әлеуметтік нысан ел игілігіне беріліп, ауылдар абаттандырылатын болады.  «Бір сәби – бір ағаш»  жобасы жалғастырылады.
Қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша жоғары оқу орындарында латын әліпбиін оқытатын арнайы кафедралар ашылып, «Латын әліпбиінің негіздері» арнайы оқыту курстары енгізілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді. Тиісінше  ақпараттық жұмыстар жүргізілуде.
Облыстық «JAMBYL» телеарнасынан «Кісілік кітабы», «Салмақты сөз», «Өнер-Зерде», «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын көрсетуге 40,0 млн. теңге, облыстық «77TV» телеарнасынан «Өзекті», «Ұшқан ұя» бағдарламаларын көрсетуге 24,0 млн. теңге бөлінді.
Жергілікті басылымдарда «Рухани жаңғыру», «Жамбыл жерінің жауһарлары», «Біз жамбылдықтармыз», «Туған жер», «Туған жерге туыңды тік!» арнайы айдарлармен мақалалар топтамалары жариялануда.
Әлеуметтік желілерде #РуханижаңғыруЖамбылоблысы,
#Болашаққа бағдар:руханижаңғыру, #МенлатындықолдаймынЖамбылоблысы, #туғанжер, #100жаңаесім, #Қазақстанныңкиеліжерлерініңгеографиясы, #100жаңаоқулық хештегтермен материалдар орналастырылуда.
2017 жылы «Достық» үйінде ашылған интерактивті алаңдар арқылы бағдарлама аясындағы жобалардың интерактивті базасымен танысуға, белгілі ақын-жазушылардың шығармаларын электронды нұсқада оқуға, олардың аудиожазбаларын тыңдауға, латын әліпбиін, ағылшын тілін үйренуге, өңірдің киелі жерлерінің интерактивті презентациясымен танысуға, меценаттар туралы мәліметтерді алып, түрлі шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік жасалған. Интерактивті алаңдар арқылы аудандарда ашылған орталықтармен тікелей байланысқа шығып,  жобалық офис менеджерлері үшін түрлі семинар, вебинарлар ұйымдастыруға болады.
Жарияланған күні: 2018-04-27 08:58:30

Наверх