РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Мақала

Мемлекеттік қызметші және әдеп
 
Тұтас бір қоғамда тіршілік етіп отырған соң ондағы қарапайым адамдар белгілі бір әдепке сай қарым-қатынас жасайтыны белгілі. Ал, күнделікті қызметінде тұрғындардың түрлі уәждеріне құлақ асып, олардың мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілерге тиісті әдеп нормаларын сақтау басты міндет. Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі  саналатын Әдеп кодексі Қазақстан  Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153  «Қазақстан  Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»  Жарлығымен бекітілген. Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын түзді. Соған сай  мемлекеттік органдарда  әдеп жөніндегі уәкіл енгізілген.
Әдеп жөніндегі уәкілдің міндетіне мемлекеттік қызметтің әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне қайшы әрекеттердің   алдын алу жұмыстарын үйлестіру жатады.  Бұл орайда, мемлекеттік қызметшінің моральдік бет-бейнесі мен этикасына айрықша көңіл бөлінетіндігін атап өткен жөн.
Негізінен мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бос уақыттарында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Демек қызметкер барынша сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын жеке басының пайдасы үшін  қолданбайтын адал, кез-келген сәтте сабырлы, ұқыпты болғаны жөн. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің  жеке өмірінде де аңдап басып, өз ісімен өзгеге үлкі болуды естен шығармағаны абзал. Олардың күнделікті міндеті қарапайым адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы жүзеге асырылатынын ескерсек, мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар адамгершілік қасиеттерде ауадай қажет.  Қалай десекте,  мемлекеттік қызметшінің күнделікті өмір салты тиісті заң талаптарына толық сай болғаны дұрыс.
Осы орайда, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) әзірлегенін атап өткен жөн. Аталмыш нұсқаулықта мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің өзінің құқықтарын қорғау жолдары жайында мәліметтер келтірілген.  
Бұдан мемлекеттік қызметке қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдірілгенін аңғару қиын емес. Оның үстіне бұл сала мамандарына әркез жоғары талаптар қойылады. Қарапайым халықпен қызмет барысында күнделікті байланысқа түсетін мемлекеттік қызметшілер арасында жоғары мәдениеттілікті қамтамасыз ету арқылы  мемлекеттік органдарға сенімін нығайту мақсатында нұсқаулық мемлекеттік қызметшілер арасында таратуға жолданды.
«Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы Жамбыл облысы әкімдігінің және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайттарында жарияланған.
                                                                                   
  Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі  О. Ақылбаев


 










 
Жарияланған күні: 2018-09-13 10:49:08

Наверх