РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
ШҮКЕЕВ Мұратхан Жүнісәліұлы

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Әдеп жөніндегі уәкiлдiң қызметi

Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкiлдiң қызметi туралы  есеп
2017ж. 2-ші жартыжылдығы
 
Бекітілген жоспарға сәйкес Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 17 жеке консультативті көмек көрсетілд. Оның ішінде 14 мемлекеттік қызметшілерге және 3 жеке және заңды тұлғаларға. (Мемлекеттiк қызметке орналасу, Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы, Еңбек кодексі, ұялы телефон және әлеуметтік медиялар пайдалану сұрақтары бойынша). Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 12 өтініштер келіп түсті. Оның ішінде 3 мемлекеттік қызметшілерден, 9 шағым жеке және заңды тұлғалардан. Шағымдардың негізінен жергілікті атқарушы органдарының әрекеттері бойынша түскен. Оларға тексерулер жүргізіліп, өтініштер иелеріне жауаптар жолданды. Арызданғандардың құқықтары мен заңды мүдделері қайта қалпына келтірілді. Қызметтік әдеп нормаларын бұзған үшін тәртіптік жазаға 1 мемлекеттік қызметші жауапкершілікке тартылды. Агенттіктің хатына сәйкес әдеп кодексі Ереженің 5 тармағының 10) тармақшасының (мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиістігі туралы) талабын сақтамаған үшін 2 жауапты қызметші тәртіптік жауапкершілігіне тартылды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, Мойынқұм, Сарысу, Т.Рысқұлов аудандарында «Парасыз болашаққа. Бірге!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобымен бірге ауданының активімен кездесу өткізіп, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында «Мемлекеттік қызмет- абройлы міндет» семинар-кеңесіне қатысып, сондай-ақ, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктері және облыс әкімдігі басқармаларының ұжымдарымен «Әдеп кодексінің нормалары туралы» тақырыпта семинарлар және азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау жүргізілді. Агентікпен әзірленген мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киімі туралы негізгі ұсынымдарымен, жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, өз функцияларды орындауда алынған сыйлықтарды мемлекеттік мүлікті басқаруға қатысты уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органдарға өткізу туралы Жадынамасымен, мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік медияларда аккаунттарды қолдануы бойынша әзірленген әдістемелік ұсынымдармен барлық жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметшілерді танысу үшін тиісті хаттар жіберілді. Бүгінгі таңда осы мәселе бойынша тиісті ақпараттар барлық органдарда орналастырылды және де персоналды басқару қызметі мамандарымен бірлесе отырып, ұялы телефондарды қолдану және де іскерлік стиль ұстану бойынша рейдтер ұйымдастырылуда, мемлекеттік қызметшілерінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарына Әдеп кодексі талаптарын сақтау жөніндегі мониторинг жүргізіліп, түсіндірілуде. Тараз қаласы мен аудандардағы әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін нормаларының сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды күшейту тапсырылды. Жалпы, Әдеп нормаларын түсіндіру бойынша облыстық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында есеп кезінде 12 мақала жарияланды. Ереженің 10-шы тармағына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарында 13-17 қараша аралығында жасырын сауалнамалар жүргізілді. Сауалнамаға барлығы 2244 мемлекеттік қызметші тартылды. Әлеуметтік зерделеу мәліметтері бойынша жалпы облыстың атқарушы органдарының еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық ахуалдың жағдайы туралы оң пікір қалыптасқан. Сауалнама нәтижесі бойынша жауап берушілердің 90% әріптестерінің және тікелей басшысының арасындағы қарым-қатынастары әр кезде әділ, әдепті, сыпайы және іскерлік қалыпта деген қорытынды көрсетіп отыр. Ал, жаңадан қабылданған жас мамандарға бейімделуге көмектесу 92%. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің арасында жүктеме бірыңғай бөлінуі бойынша сенім 85% және лауазымдық міндеттердің құзыретінен аспайтын тапсырмаларды орындау ешқашан талап етілмеуі 78%. Әріптестер арасында өзге қызметшілерге қатысты көрінеу жалған мәліметтер таратпау тәжирбесі 88%. Зерделеу барысында сұралғандардың көбісі 82 % ұжымдағы жақсы моральдық-психологиялық ахуалдың барын атап өткен. Сондай-ақ, күрделі өмірлік жағдайларда тікелей басшылықтың жәрдеміне және қолдауына сенуі 81%. Сауалнама жауабының 79%-ы мереке және демалыс күндері жұмысқа еріксіз шығару фактілері орын алмағанын көрсетті. 12,1% үнемі емес. Сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің көзқарасын қорытындылай келсек, қызметтік Әдеп нормаларын сақталуы бір қалыпты сондай-ақ, ұжымдағы моральдік ахуал тұрақты және мемлекеттік қызметке, тікелей басшыларына деген сенімі жоғары екендігін көрсетті. Дегенмен, жекелеген негативтік мәселелер бойынша 2018 жылғы бірінші жартыжылдықта семинарлар өткізуді жоспарлап отырмыз. Жоспарға сәйкес, мемлекеттік органның оң имиджін және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулі үлес қосқаны үшін бес мемлекеттік қызметшілері Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 (жиырма алты) жылдығына орай облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды. 2017 жылдың 25-27 қыркүйек аралығында шетелдік оқытушылардың және Республикамыздағы әдеп жөніндегі уәкілдердің қатысуымен болған семинарға қатысып, тәжірибе алмастым. Агенттіктің аппарат басшысының хаты бойынша мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, Әдеп жөніндегі уәкілдер институтын жетілдіру жөнінде келесі ұсыныстар жолданды: - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Әдеп жөніндегі уәкілдердің біліктілігін жетілдіру мақсатында семинарлар, конференциялар өткізу; - Әдеп жөніндегі уәкілдерге көмек ретінде әдістемелік нұсқаулықтар, кітапшалар (брошюра) шығару. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойлатын талаптарды жоғарлату мақсатында Агенттікпен жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) әзірлед.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкiлдiң қызметi туралы  есеп
2018ж. 9 ай
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және қызметтік әдеп нормаларын бұзу, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алу мақсатында тұрақты негізде семинарлар, лекциялар және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізулде.
Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы ақпараттар мемлекеттік органдардың сайттарында және әлеуметтік желілерде жарияланады.
Сонымен қатар, әдеп жөніндегі уәкілімен 8 айында мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша 93 жеке консультативті көмек көрсетілді. Оның ішінде 81 мемлекеттік қызметшіге және 12 жеке және заңды тұлғаларға (2017 жылы 12 консультативті көмек).
Түскен сұрақтарды талдау көрсеткендей, негізінен мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызмет, тәртіптік жаза қолдану, өтініштерді қарау, мінез-құлықтың жалпы стандарттары және әлеуметтік желілерде аккаунттарды пайдалану мәселелері бойынша жүгінеді.
Жеке және заңды тұлғалар негізінен мемлекеттік органдар шешімдерімен және лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерімен келіспеу мәселелерін көтеруде.
Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе. Сол себептен, бекітілген жоспарға, кестелерге сай мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау бойынша 42 түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оның ішінде: дәріс пен семинарлар-25, орналастырылған бейнесюжеттер мен радиоматериалдар-5, БАҚ-да жарияланған баспалы мақалалар-6, интернет-ресурстарындағы мақалалар-10, 36-аймақтарға шығу іске асырылды, оның ішінде: аудандарға -11, селолық округтарға-25.
Әдеп жөніндегі уәкіл, Ереженің 9 тармағына сәйкес,  өзіне жүктелген мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды өтініштері  бойынша, баршаға көрінетіндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес, айына кемінде бір рет қабылдайды.
Мәселен, есепті кезеңде азаматтардың 36 қабылдауы өткізілді, оның ішінде 28 шығу кездесулер үйымдастырылды.
Бүгінгі күні «Нұротан» партиясымен бірлесе отырып, азаматтарды қабылдау кестесі бекітілді. Кестеге сәкес «Нұротан» партиясының облыстық, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай аудандық филиалдарында және Халыққа қызмет көрсету орталықта  азаматтарды қабылдау жүргізілді. (18 азамат қабылданды)
Ереженің 10-шы тармағына сәйкес, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша, Жамбыл облысы әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарында жасырын сауалнамалар жүргізілді.
Сауалнамаға барлығы 2054 мемлекеттік қызметші тартылды.
Қорытындысы қызметтік Әдеп нормаларын сақталуы бірқалыпты, ұжымдағы моральдік ахуал тұрақты және  мемлекеттік қызметке, тікелей басшыларына  деген сенімі жоғары екендігін көрсетті.
Дегенмен, жекелеген негативтік мәселелер бойынша 2018 жылғы екінші жартыжылдықта семинарлар мен кездесулер өткізілуде және мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына тиісті ұсыныстар жасалды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштер санының өсуі де байқалады.
Егер, 2017 жылдың 2 жартыжылдығында  мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша 12 өтініш келіп түссе, биылғы жылдың 8 айында 32 өтініш түсті. Оның ішінде 2-і - мемлекеттік қызметшіден, 30 шағым  - жеке және заңды тұлғалардан.
Шағымдар, негізінен, жергілікті атқарушы органдардың әрекеттері бойынша түскен. Оларға тексерулер жүргізіліп, өтініштер иелеріне жауаптар берілді. 2 шағымданушының құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірілді. (аз. Сейсеновтың және Көркембаеваның шағымдары)
Бұл әдеп жөніндегі уәкілдерге мемлекеттік қызметшілер мен азаматтардың сенімінің арта түскендігін көрсетеді.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкіліне мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік автокөлік жеке мақсатта пайдалануына қатысты қала тұрғындарынан ақпарат (бейнежазба) келіп түсті.
Қала тұрғындарынан түскен бейне жазбаларды зерделеу барысында Әдеп кодексі Ереженің 5 тармағының 10) тармақшасының (мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға тиістігі туралы) талабы сақтамағаны белгілі болды. Жауапты 5 қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Талас ауданы әкімінің орынбасары К.Садубаевқа, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жер қатынастар бөлімінің «ескерту», Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік номері қызметтік автокөлік жүргізушісі А.Темірбековке, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының автокөлік жүргізушісі С.Жиембетке «сөгіс», Жуалы аудандық мәслихатының қызметтік автокөлік жүргізіушісі Ш.Қудратовқа «ескерту» тәртіптік жаза қолданылды.
Сонымен қатар, Агенттікпен тұрақты түрде әдеп жөніндегі уәкілдің имиджін, олардың біліктілігін және кәсіби деңгейін көтеруге, сондай-ақ,  мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын бұзушылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар  жүргізіліп отырады.
Соның бірі -  Агенттігі 2018 жылғы, мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін көтеру жөніндегі кешенді жоспардың шеңберінде, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясындағы «Әдеп жөніндегі уәкілдердің жеке құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы  семинарға қатысып, тәжірибе алмастым.
Сол сияқты, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы базасында 2018 жылдың 9–13 сәуірі аралығында облыс бойынша 37 әдеп жөніндегі уәкілдер үшін «Мемлекеттік қызметтің этикалық құндылықтағы» тақырыбында семинар-тренингтерге қатыстым.
Есепті кезеңде Департаментпен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметшілерге әдеп нормалары мен стандарттары түсіндірілді, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы жайында бейнероликтер көрсетілді. Агенттікпен әзірленген мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін көтеру мақсатында жағдаяттық мысалдар негізінде берілетін «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығын (pocketbook) мемлекеттік қызметшілер арасында таратылды. Барлық іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 
Жарияланған күні: 2018-10-05 15:31:39

Наверх