РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 2018 жылғы 25 наурызға сайлау тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101 бабы, 4-тармағын басшылыққа ала отырып, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына 2018 жылғы 25 наурызға сайлау тағайындалсын.
2. 2018 жылғы 25 наурызға тағайындалған облыстағы мәслихаттар бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін  тиісті сайлау комиссияларына жіберілсін.
4. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
 
 
Төраға                                                                  М.Сарыбеков
 
Хатшы                                                                  Т.Жамалов

                                                                                                         Жамбыл облыстық
аумақтық сайлау  комиссиясының
2018 жылғы 22 қаңтардағы
№ 1 шешіміне  қосымша
 

2018 жылдың 25 наурызына тағайындалған

Жамбыл облысы мәслихаттарының  шығып қалған  депутаттарының орнына  сайлау өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
 
1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну
  Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен
2018 жылғы 25 қаңтардан басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда – 2018 жылдың 25 ақпанында аяқталады
(103-б.)
 
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Тиісті әкімдер
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2018 жылдың 29 қаңтарынан кешіктірмей
                 (23-б.)
          3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2018 жылдың 29 қаңтарынан кешіктірмей
 (17-б.)
 
          4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау               
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2018 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей
(22-б.)
 
          5. Округтік сайлаукомиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2018 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.  
   (15-б.)
          6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2018 жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей.  
 (13-б.)
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау
  Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде
(24-б.)
          8. Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссияларына жеткізу
  Тиісті әкімдер
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын –                     2018 жылдың 5 наурызынан кешіктірмей
                                                                            (24-б. 5-т.)
9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу
  Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғыоргандары
                                                               (103-б. 3-т. 1 т-ша)
10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну
  Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғыоргандары және депутаттыққа кандидаттар.        
                                                              (103-б. 3-т. 2 т-ша)
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау
  Округтік сайлау комиссиялары, Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы органының кандидатты ұсынуы туралы хаттамасының көшірмесімен қоса оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде (103-б. 8-т.)  
12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2018 жылғы 1 қаңтарына Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
                                                                          (104-б. 1-1-т.)
13.  Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру
  Округтік сайлау комиссиялары.
Кандидаттарды тіркеу 2018 жылғы 25 қаңтардан басталады және сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2018 жылдың 27 ақпанында аяқталады          
(104-б. 8-т.)
          14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама   оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету
  Округтік сайлау комиссиялары бескүндік мерзімде
                                                                             (104-б. 5-т.)
15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиясы
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей
                          (104-б. 6-т.)
16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
  Салық қызметі органдары
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде
                                                                  (104-б. 1-1-т.)
 
17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу
  Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары
Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына  өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн                  ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы)
(34-б. 2-т.)
 
18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу
  Округтік сайлау комиссиялары
Кандидат тіркелгеннен кейін
(34-б. 6-т.)
19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру
                                 Округтік сайлау комиссиялары
                                 Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін
                                 тапсырылғаннан кейін                                                                       
(31-б.)
20. Сайлау алдындағы үгіт
  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2018 жылдың 28 ақпанында басталады және 2018 жылдын 23 наурызда түнгі сағат 24.00 аяқталады).
                                                                (27-б. 2-т.)
21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру
  Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін
                                                                             (28-б. 6-т.)
22. Кандидаттарға сайлаушыларменкездесуіүшіншарттықнегіздеүй-жайберу. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                                                
  Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде
(28-б.4-т.)
23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда – 2018 жылдың 9 наурызынан кешіктірмей.
 (26-б. 1-т.)
          24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақытымен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей – 2018 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей.
(38-б. 2-т.)
25.  Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу
Аумақтық сайлау комиссиялары
                                                                          (38-б. 1-т.)
26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi анықталатын учаскелік сайлау комиссиясын белгілеу және оның отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей -                2018 жылдың 14 наурызынан кешіктірмей.
                                                                            (43-б. 8-1-т.)
27.  Сайлау бюллетень дерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу
  Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын – 2018 жылдың 23 наурызынан кешіктірмей
(37-б. 3-т.)
28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыс беру басталардан  бір сағат бұрын
(2018 жылдың 25 наурызында жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де)
                                                                          (40-б.)
29. Дауыс беруді өткізу
  Учаскелік сайлаукомиссиялары
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, сайлау күні, 2018 жылдың 25 наурызында  жергілікті уақыт бойынша сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін.
(38-б. 1-т., 42-б.)
30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау туралы хаттама жасау
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақыт бойынша 2018 жылдың 25 наурызында сағат 20-00-де басталады
(43-б.)
31. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілуі
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыстарды санау аяқталысымен – дереу
                                                                          (43-б. 8-т.)
 
32. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну
  Учаскелік сайлау комиссиялары
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін  – дереу
(108-б. 1-т.)
33. Сайлау округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                        
  Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай – 2018 жылдың 27 наурызынан кешіктірмей.
(108-б. 2-т.)
34. Сайлау округi бойынша сайлаудың нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпыжұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлауучаскесiнің үй-жайында ілуі
  Округтік сайлау комиссиялары
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-1-т.)
35. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн отырыс өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлуі
  Округтік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніненбастап бес күннен кешіктірмей – 2018 жылдың 30 наурызынан кешіктірмей
(43-б. 8-2-т.)
36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлаукомиссиялары
                                                                       (43-б. 8-1-т. 2).)
          37.  Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткізілген күннен бастап бескүндік мерзімнен кешіктірмей – 2018 жылдың 30 наурызынан кешіктірмей
(111-б. 1-т.)
38.  Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей- 2018 жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей
                                                               (44-б. 4-т. 2)т-ша)
 
          39. Кандидаттардың сайлау қорларына келiп түскен ақшаның жалпы сомасы және оның көздері туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
Округтік сайлау комиссиялары
  Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн он күн ішінде- 2018 жылдың 4 сәуірінен кешіктірмей
                                                                             (34-б.4-т.)
40.  Сайланған мәслихат депутаттарын тіркеу, тиісті куәліктер беру                                          
  Аумақтық сайлау комиссиялары
(46-б. 3-т., 112-б. 1-т.)
 
 
       
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлаутуралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.
 
 
 
Жарияланған күні: 2018-02-13 10:53:55

Наверх