РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс әкімдігінің 02.03.2017 жылғы №31 қаулысымен бекітілген облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі барысында айтылған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат (01.01.2018 жылға)

Іс-шаралар Орындалуы туралы ақпарат
  1.  
Кәсіпорындарда жұмыс орындарын қысқартпау жөнінде үш жақты меморандумдар  қабылдау және олардың орындалуына тұрақты түрде  мониторинг жүргізу     2018 жылдың 1 қаңтарына  облыс бойынша өндірістік процесті, еңбек құқығын қамтамасыз ету және қызметкерді жұмысқа орналастыруды тұрақтандыру мәселелері туралы  әкімдік, жұмыс беруші және кәсіподақтар арасындағы 71 591 жұмысшыны қамтитын 2981 кәсіпорындарда меморандумдарға қол қойылды. Меморандум талаптарының орындалуы тұрақты бақылауда.       
     Тапсырма орындалуда.
  1.  
Индустриаландыру картасына енген жобаларға мемлекеттік қолдау шараларын қолдана отырып, олардың толық өндірістік қуатына шығуын ұйымдастыру, инвестиция тарту  жұмыстарын жандандыру Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының (екінші бесжылдығы) 2015-2019 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасы аясында, Жамбыл облысында Кәсіпкерлік қолдау картасы бойынша, жалпы құны 568 млрд. теңгені құрайтын 36 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобаларды іске асыру барысында құрылыс жұмыстары кезеңінде 6951 және іске қосылу кезеңінде 6085 жаңа жұмыс орынның ашылуы жоспарлануда
  2015-2016 жылдары жалпы құны 26,9 млрд. тенгені құрайтын 13 инвестициялық жоба іске асырылды, 772 жаңа жұмыс орындары ашылды.
  2017 жылы жалпы құны 13 млрд. теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны іске асырылды және 716 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Есепті кезеңге 16 жоба 50 пайыздан жоғары жоспарлы қуатына шықты.
  1. 1 ТОО «Полиэтилен - Агро» - 100%;
  2. АО «Golden Compass Capital» - 100%;
  3. ТОО «Әулиө-ата феникс» - 100%;
  4. ТОО «Казфосфат» «Минеральные удобрения» - 100%;
  5. ТОО  ТОО «Луговской конный завод» - 100%;
  6. ТОО «Каратау ПРО» - 100%;
  7. АО «Жамбылгипс» - 100%;
  8. ТОО «Alina Holding» (Alina TarazPro) - 100%;
  9. ТОО «Аса  DAMU» - 100%;
  10. ТОО «КазУпакТрейд» - 100%;
  11. ТОО «Первомайские деликатесы - 100%
  12. ТОО  "Казфосфат" НДФЗ (РК удобрения) – 96%;
  13. ТОО "С.П. "Ролла-Ян"– 84,4%;
  14. ТОО «ЦАСК» Меркенский филиал (фильтр) – 73%;
  15. ТОО «ЦАСК» Меркенский филиал (реконструкция) – 73%;
  16. ТОО «KazMiya – 50%
Тапсырма орындалу үстінде
  1.  
Бизнес   ортаның белсенділігінің төмендеуінің себебіне талдау жүргізу және оны арттыру бойынша жұмыстар жүргізу
 
    Статистика органдарының мәліметіне сәйкес, 2017 жылдың 1-ші желтоқсанына облысымызда тіркеуге алынған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс атқарып отырғандарының жалпы саны 59706 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артқан.
     2017 жылдың қаңтар-маусым аралығында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тарапынан 135,2 млрд.теңгенің өнімі (жұмыс, қызмет) өндіріліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 96,3% құрады, оның ішінде шағын бизнестегі заңды тұлғалар арқылы 72,9 млрд.теңге, орта бизнес субъектілері арқылы 28,7 млрд. теңге, шаруа қожалықтары арқылы 11,1 млрд. теңге және жеке  кәсіпкерлік субъектілері  арқылы 22,4 млрд. теңгені құрады.
Статистикалық мәліметтер бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 19,8% құрады. Өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмектің бірі – оларға несие беру болып табылады.
ҚР Ұлттық банкі Жамбыл облыстық филиалы, «KMF» микронесиелік ЖШС-і Тараз филиалы және ауылдық несиелік серіктестер тарапынан жыл басынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жалпы соммасы 47,5 млрд.теңге несие берілді.
 «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы. аясында облыс кәсіпкерлері барлық қаржы құралдары арқылы жалпы сомасы 96,8 млрд. теңгені құрайтын 996 жоба мемлекеттік қолдау алып отыр. Аталған Бағдарламаны іске асыру үшін 2017 жылға 2893,3 млн.теңге қаралған.
        Сондай-ақ  Жамбыл облысы әкімдігі  және «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында қол койылған меморандумға сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру үшін облыстық бюджеттен  500,0 млн. теңге, «Даму» қорынан - 500,0 млн. теңге, барлығы 1 млрд. теңге қаржы бөлінді.
         Аталған мемлекеттік қолдау шаралары арқасында 14,0 мыңнан астам жұмыс орындары сақталып, 4,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылды, бюджетке 15,0 млрд. теңгеден астам салық түсімдері түсті.
         Тапсырма орындалуда.        
  1.  
Мемлекеттік- жекеменшік әріптестік негізінде әлеуметтік сала  мекемелерінің желісін кеңейту Денсаулық сақтау саласы бойынша 01.01.2018 ж. 4 ұйым бәсекелес ортаға берілді (№1 , №4, №9 қалалық емханалары, облыстық кеңес беру және диагностикалық медицина  орталығы). Сонымен бірге, 25.12.2017 ж. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» ҚРЗ сәйкес, «Тараз қаласы №2 қалалық ауруханасының гемодиализ бөлімшесін сенімгерлік басқаруға беру» МЖӘ жобасын іске асыру бойынша келісім-шартқа қол қойылды. Сенімгерлік басқарушы «Нефрос Азия» ЖШС. Сенімгерлік басқару мерзімі - 12 жыл      
Білім саласында 6 мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру қарастырылған:
- «Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында 280 орындық бала бақша құрылысын салу»,
- «Талас  ауданы Қаратау қаласында 280 орындық бала бақша құрылысын салу»,
- «Тараз қаласында 280 орындық бала бақша құрылысын салу»,
- «Т.Рысқұлов ауданы Өрнек ауылында 140 орындық бала бақша құрылысын салу»,
- «Т.Рысқұлов ауданы Жақсылық ауылында 140 орындық бала бақша құрылысын салу»,
- «Тараз қаласы әкімдігі білім беру бөлімінің №9 балабақшасын сенімгерлікке беру».    
Бұл жобалар бойынша тұжырымдамалар, конкурстық құжаттамалар әзірленіп, қажетті оң сараптама қорытындылары алынды. 2017 жылдың 3 қарашасында жеке әріптесті анықтау бойынша конкурс жарияланды. Жобаларды іске асырудың нәтижесінде жаңа 1460 орын ашылып, балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамту үлесі артады.
  2017 жылдың басынан бүгінгі күнге (01.01.2018ж) дейін 4623 орындық 33 б/б мен 4 шағын орталық ашылды. Оның ішінде 2360 орындық 30 жекеменшік б/б ашылды. Облыста 96 (94 б/б,2 ш/о)  жекеменшік мектепке дейінгі білім мекемелерінде 10195 (19,7%) бала тәрбиеленуде.
 Дене шынықтыру және спорт саласы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік  жобаларды іске асыру қолға алынуда.
 Бірінші кезекте жекеше салынған спорттық объектілерде жергілікті спортшыларға сервистік қызметтер көрсету бойынша жобалар іріктеліп отыр.
  Соның ішінде, қазақстандық бокс федерациясының «Тарлан батырлары» ЖШС-і «Шу қаласында орналасқан дене шынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде сервистік қызмет көрсету» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы. Жобаны іске асыру бойынша тиісті жұмыстар толық жүргізілді.
      «Тарлан батырлары» ЖШС-мен Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі арасында ағымдағы жылдың 31 мамырында мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы келісім-шарт  жасалынды. Жоба құны 32,5 млн. теңгені құрайды.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыстар жүргізу
 
      2015 жылғы 29 қазандағы №372-V «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
Жалпы бүгінгі күнге, «Ауыл шаруашылығы кооперациясы» заңы аясында 2016-2017 жылы 3 мыңға жуық жеке үй шаруашылықтары және шаруа қожалықтар егін шаруашылығы, мал шаруашылығы бағытында оның ішінде, сүт қабылдау пунктімен, мал сою пунктімен, көкөніс дайындау пунктімен, мал сою және жүн тері дайындау пунктімен, құс өсіру бағытында бүгінгі күнге барлығы 151 аралас бағытта ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды.
     Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі №154 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Өсімдік саласында су үнемдеу, ылғал сақтау технологияларын кеңінен енгізу, үдемелі алма бақтарының алқаптарын ұлғайту
 
2016 жылы су үнемдеу технологияларын енгізу көлемі облыс бойынша 11974 гектарға жетіп, 2015 жылмен салыстырғанда 146,9%-ға артты. (2015 жылы 8,2 мың гектар). 2017 жылы бұл көрсеткішті 15 000 гектар алқапқа жеткізу жоспарланса, бүгінгі күнге су үнемдеу технологиялары қосымша 15015 гектарға енгізіліп, жоспар толығымен орындалды.
Ресурс үнемдеу технологиялары 2016 жылы 26,3 мың гектар алқапта қолданылды, 2017 жылы 27,0 мың гектарға жетті.
Еліміздің ішкі қажеттілігін жеміс өнімімен (алма) толық қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігімен аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға  арналған бағдарламасына сәйкес, 2020 жылға дейін үдемелі алма бақтарының көлемін 1600 гектарға жеткізу жоспарланған. 2015 жылы үдемелі алма бақтары облыста 123 гектар алқапқа отырғызылса, 2016 жылы 112 гектарға отырғызылып, барлығы 235 гектар алқапты құрап  отыр. 2017 жылы 190 гектар алқапқа үдемелі жеміс бағы отырғызылып (90 га алма, 100 га шие), бұл көрсеткіш барлығы  425 гектар алқапты құрап, жоспар толығымен орындалды.
       Тапсырма орындалды.
  1.  
Негізгі азық-түлік, азық-түлік емес тауар және ақылы қызметтерге бағаны тұрақтандыру бойынша тиісті шаралар қабылдау
 
  Облыста инфляция деңгейі ағымдағы жылдың желтоқсан айында 107,2% құрады (ҚР – 107,1%), оның ішінде азық-түлік бойынша тұтыну бағалар индексі 106,4% (ҚР – 106,5%),  азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 108,9% (ҚР – 108,9%), ақылы қызметтер – 106,5% (ҚР – 105,9%).
Сауда нүктелері басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша 808 меморандум қабылданды.
Апта сайын азық-түлік тауарларының 19 түрінен бағасына жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша ү.ж. 5 қаңтарда облыс бойынша орташа бағалары 2017 жылдың 26 желтоқсанындағы көрсетіштерімен салыстырғанда 1-нің бағасы төмен, 1-і – жоғары, 17-і сол деңгейде екендігін көрсетті.
Ал есепті кезеңде облыс бойынша орташа бағалардың 2016 жылдың 29 желтоқсанындағы көрсеткіштерімен салыстырмалы талдауы азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде 27-нің бағасы төмен, 24-і – жоғары, 2 тауардың бағасы сол деңгейде екендігін көрсетті
Облыста «жедел желі» («горячая линия») үзіліссіз жұмыс істеуде. Бүгінгі күнге бұл желі бойынша 38 арыз-шағымдар түскен.
Түскен арыз-шағымдар бойынша тиісті ден қою шаралары қолданылып, сауда нүктелері басшыларымен бағаны негізсіз өсіруге жол бермеу жөнінде келіcсөздер жасалуда.
 Азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өңірлік азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылған. Жалпы осы жылдың басынан қордан 2016,5 тонна әлеуметтік тауарлар  сатылды (746 тонна картоп, 470 тонна пияз, 71 тонна сәбіз, 12,5 тонна күнбағыс май, 536,5 тонна қант, 32 тонна ұн, 58,7 тонна сүт өнімдері, 6,6 тонна күріш, 6,6 тонна қарақұмық, 127,8 мың дана нан, 720 дана жұмыртқа).
      Облыс бойынша 2017 жылы 249 жәрмеңке өткізілді, онда 1 млрд. 313 млн. теңгенің өнімдері нарық бағасынан 10-20% төмен бағалармен өткерілді.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Үш тілді білім беру жүйесіне көшуді қамтамасыз ету мақсатында мұғалімдерді ағылшын тіліне үйрету бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу
 
Үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу үшін «Жамбыл облысында үш тілде білім беруді дамыту бойынша 2017-2019 жылдарға арналған кешенді жоспары» әзірленіп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.  
2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің шет елден келген мұғалімдері өткізген ағылшын тілін үйрету тренингтеріне жаратылыстану пәндерінің 14 мұғалімі қатысты.
Сондай-ақ, ТарМПИ-нің базасында  жаратылыстану пәнінің 45 мұғалімі ағылшын тілінде оқыту курстарынан өтті. Оның ішінде Тараз қаласының 6 мұғалімі Қытай Халық Республикасының Гонконг қаласында, Корея Республикасының Сеул қаласында шетелдік серіктестер базасында оқыту курсының 4-ші модуліне (тәжірибе алмасу)  қатысты.
2017 жылы 851 педагогтың ағылшын тілінде біліктілікті арттыру курстарынан  өтуі жоспарланған. Бүгінгі күні 785 мұғалім курстан өтті, 63-і оқуларын 2018 жылдың қаңтар айында жалғастырады.
    Үш тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтап, қолдау көрсету мақсатында «Полиглоттар клубы» құрылып, аудандар мен Тараз қаласында тілдік орта қалыптастыру мақсатында «Тілдік алаңдар» жұмыс істеді. Облыстағы үш тілді меңгерген 9-10 сынып оқушыларына қолдау көрсету, ынталандыру мақсатында «Тіл білгірі» телебағдарламасы ашылып, жоспарға сай 14 түсірілім эфирге шықты.
    Сонымен қатар, үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» олимпиадасы, қазақ тілін меңгерген этнос жастары арасында «Тіл – парасат» облыстық байқауы және «Көп тіл білу – басты міндет» атты полиглоттар форумы өткізілді.
     Сонымен қатар, Тілдерді оқыту орталығында  2017 жылы  4479 тыңдаушы  үш тілді (қазақ тілін – 2050 тыңдаушы, орыс тілін – 641 тыңдаушы, ағылшын тілін – 1788 тыңдаушы) оқып, үйренді.
     Тапсырма орындалуда.
  1.  
Облыста қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу  үшін кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру, барлық өңірлерде «Көршінің бақылауы», «Қауіпсіз қала Тараз» бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу
       Облыста «Көршілер бақылауы» профилактикалық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталған бағдарламаны іске асыру мақсатында облыс орталығы Тараз қаласы аумағында учаскелік полиция инспекторлары, ювеналды полиция инспекторлары және жол-патрульдік полиция қызметкерлері тарапынан «Көршілер бақылауы» бағдарламасын үгіттеу-профилактикалық топтары құрылған. Ағымдағы жылдың 12 айында аталған топтармен келесі жұмыстар атқарылды:
  • Тараз қаласы тұрғындарына 19 000 дана үгіттеу-тарату материалдары таратылған, оның ішінде 2850 буклет;
  • ІІБ-не 220 құқықбұзушылар жеткізілген;
  • «Көршілер бақылауы» бағдарламасымен 6 қылмыс ашылған;
  • «Көршілер бақылауы» «99-65-09» сенім телефонына 93 хабарлама түскен;
       «Қауіпсіз қала» жүйесін іске асырудың алғашқы қадамы ретінде облыс орталығының көше қиылыстарында, қоғамдық орындарда, оқу орындарында, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша және түзету мекемелерінің маңында 206 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.
        Қаланың 3 ірі көшелерінің қиылысында жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылайтын «Интеллектуалды қиылыс» тұрақты кешендер орнатылған.
        Сонымен қатар, өңірде криминогендік жағдайды жақсарту мақсатында жергілікті полиция қызметімен «Құқықтық тәртіп», «Быт», «Мирас», «Жаяу жүргінші», «Учаске» ұйымдастырушылық-алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 2017 жылдың 12 айында жалпы қылмыстардың саны - 21,6 %-ға  (15086-ден 11834-ға дейін) төмендеген.
        Аталған кезеңде ауыр қылмыстардың жалпы саны - 20%-ға (996-тен 797-ке), ауырлығы орташа - 21,8%-ға (10498-ден 8207-ке дейін), онша ауыр емес қылмыстар - 23,0%-ға (1805-ден 1389-ке дейін) төмендеген. Жергілікті полиция қызметімен 1550 қылмыс ашылды.  
        Есептік кезеңде учаскелік полиция инспекторларымен 8150 тұлға профилактикалық есепке қойылды.
        Қоғамдық тәртіпті сақтауға және қорғауға ұйымдар мен азаматтарды тарту жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуде Жамбыл облысы ІІД ЖПҚ-не 325 қоғамдық ұйым, онда 1321 азамат көмек көрсетуде. Жыл басынан бері олар 204 қылмысты ашуға көмек көрсетті, 1732 қоғамдық тәртіпті бұзушылар ұсталды.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жоспарланған аумақтарда жобалау мен жеке меншік құқығындағы жерлерді мемлекеттік қажеттілікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізу
 
Облыс бойынша бас жоспарларға сәйкес белгіленген тұрғын алқаптар аумағы 1128,2 га құрайтын жер телімдері әлі күнге дейін шаруа қожалықтардың меншігінде қалып отыр. 
        Тараз қаласының Бас жоспарын іске асыру бағытында  жер учаскелерін мемлекеттік қажеттілікке қайтару бойынша меншік иелері мен жер пайдаланушылардан 12 ай қорытындысымен 144,09 гектар жер учаскелерін 171,5 млн. теңгеге өтемақы төлей отырып мемлекет меншігіне алынды.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу        Байзақ ауданы, Мырзатай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамалары 2016 жылы аудандық бюджет есебінен әзірленген. 31.05.2017 жылы  №19 -0148/17 мемлекеттік сараптама алынған. Аталған жоба бойынша жер су қорытындысы анықталған. 19.06.2017 жылы 2018 жылға арналған бюджеттік өтінім Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне тапсырылып, қолдау тапты. 2018 жылға республикалық бюджеттен 300,483 млн.теңге бөлінді. 2017 жылы облыстық бюджеттен құрылысын бастауға 5,0 млн. теңге бөлінді. Мердігер «Алматы ТехПромСтрой». Тапсыру мерзімі 2018 жыл.
      Тапсырма орындалуда.
  1.  
Шу қаласындағы орталық қазандықты газға ауыстыру        Шу қаласы «Шу-Жылу» КМК орталық қазандығының КЕ-25/14С маркалы екі бу қазанын газбен жұмыс жасайтын қазандарға ауыстырып, қайта жаңғырту жобасын жүзеге асыру үшін 280,3 млн. теңге бөлінген. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «АстанаҚұрмаСервис» ЖШС-і мердігер болып танылды. Бүгінгі күнге монтаж жұмыстары бойынша жаңа 3 қазан орнатылып, түтін мұржаларын орнату жұмыстары және қазандықты қосу-реттеу дайындық жұмыстары жүргізілуде. Игерілгені 244,5 млн. теңге немесе – 93,7% құрайды. Жұмыстар 2018 жылдың қаңтар айында аяқталады.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылдық округі аумағынан өтетін Талас өзенінің жағалауын нығайту       Жамбыл ауданында қауіп тудыруы мүмкін Талас өзенін тазалау жұмыстары жүргізілді. Өзеннің табанын тереңдету, жағалауын көтеру мақсатында жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, оған аудандық бюджеттен 39,9 млн. теңге бөлініп, 38,0 млн.теңге игерілді. 20.08.2017 жылы нысан пайдалануға берілді. Мердігер «Сенім» ЖШС-і.
       Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Жуалы ауданында қосымша қар тазалайтын техникалар алу мәселесін қарастыру      Жуалы ауданына қыс мезгілінде қар тазалайтын арнайы техника сатып алу үшін 102,3 млн. теңгеге бюджеттік өтінім облыстық уәкілетті органдарға жолданған. Өтінім облыстық бюджеттік комиссиядан қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізу арқылы 7 бірлік жол техникасы алынды: 4 бірлік күректі Беларус тракторлары, 2 бірлік 3 м3 фронталды тиегіштер және 1 өзі аударғыш Камаз.
       Тапсырма орындалды.
  1.  
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу        Сарысу ауданы Тоғызкент ауылдық округінің аумағында орналасқан Талас өзенінде Жарма каналының құрылысын жүргізу үшін а.ж. облыстық бюджеттен 94,5 млн.теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілді (Бас мердігер «Таразводстрой» ЖШС-гі, техникалық қадағалаушысы «КДК Инжиниринг» ЖШС-гі). Нысан  пайдалануға тапсырылуда.
Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Меркі ауданындағы «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын жөндеу        Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Нововоскресеновка-Аспара» автожолын орта жөндеу мақсатында облыстық бюджеттен 197,4 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысына сәйкес «Тараз-көлік жолы» ЖШС-і мердігер болып анықталды. Бүгінгі таңда жол жөндеу жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
       Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Меркі ауданы, Андас батыр ауылындағы  «Нововоскресеновка» газ реттегіш станциясын қайта жаңғырту
1994 жылы іске қосылған Нововоскресеновка ГРС-ің  қуаты 10 мың м3/сағат. Меркі ауданындағы елді мекендерді тауарлық газбен толық қамту мақсатында 2016 жылы жергілікті бюджеттен 25,0 млн. теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, 2016 жылғы 27 желтоқсанда мемлекеттік сараптаманың (ГЭ №19-0552/16) оң қорытындысы негізінде, ЖСҚ құны 787022,15 мың теңге көлемінде анықталды. Сараптама негізінде аталған нысанның құрылыс-монтаж жұмыстарына қажетті қаржы 762274,6 мың теңгені құрайды, оның 686047,1 мың теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылса, ал 76227,45 мың теңгесі облыстық бюджеттің үлесі. Құрылыс жұмыстарын бастау мақсатында 2017 жылы облыстық бюджеттен 70,0 млн. тенге бөлінді. Мемлекеттік сатып алу электрондық конкурсы негізінде «Құрылыс ТЭД» ЖШС мердігер болып танылды. Құрылыс жұмыстары а.ж. 29 мамырында басталды. Құрылыс мерзімі 7 ай. Алайда, республикалық бюджеттен бөлінетін 686047,1 мың теңге 2017 жылы бөлінбеді. Құрылысқа қажетті қаржы ҚР Қаржы министрлігінің алдын ала мәліметі бойынша 2019 жылға ауыстырылған.
Тапсырма орындалуда
  1.  
Мойынқұм ауданының Бурылбайтал, Мирный, Қияқты елді мекендерінің ішкі көшелеріне ауыз су құбырларының құрылысын жүргізу
 
       Мойынқұм ауданы бойынша «Балхаш көлінен Бұрылбайтал стансасына дейін су құбыры және қабылдау имараттары құрылысын салу» (мердігер – «ТемірСтройСервис» ЖШС)  (құны – 996,460 млн.теңге) және «Бұрылбайтал-Мирный Қияқты топ су құбыры құрылысын салу» (мердігер – «ҚазМұнайҚұрылыс» ЖШС) (құны - 583,677 млн.теңге) жобаларына 2017 жылы  облыстық бюджет есебінен 499,276 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді. 2018 жылға облыстық бюджеттен 616,314 млн.теңге бөлінді.  Нысанды пайдалануға беру мерзімі 2019 жыл.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Талас ауданы Ақкөл ауылына газ жүргізу        Талас ауданының 3 елді мекенін газдандыру мақсатында  (Ақкөл, Қызыләуіт, Ақтөбе) жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2017 жылға 47,4 млн. тенге бөлінді. Электрондық конкурс негізінде «Казремжилпроект» ЖШС-і мердігер болып танылды. Жобалау-іздестіру жұмыстары а.ж. 24 наурызында басталды. Қазіргі уақытта жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталды. Жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Жобаның құны ЖСҚ сәйкес 3 221,695 млн. тенге құрайды.  Жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігіне 2018 жылдың қаңтар айының аяғына дейін бюджеттік өтінім тапсырылады.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Жамбыл ауданы Құмтиін ауылына газ жүргізу        Жамбыл ауданының 13 елді мекеніне (Рахат, Қаракемер, Құмтүиін, Пионер, Шайдана, Тастөбе, Еңбек, Көлқайнар, Өрнек, Жұма, Ерназар, Қызылтаң, Қаратау)  орта қысымды газ келтіру құбырының құрылысына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 2017 жылы 72,4 млн. теңге бөлінді. Электрондық конкурс арқылы «Жамбылагрогазпроект» ЖШС-і мердігер болып танылды. Жобалау-іздестіру жұмыстары аяқталып, жобалық-сметалық құжаттама мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алуға тапсырылды. Жоспар бойынша жобаның мемлекеттік сараптамадан өту уақытының аяқталу мерзімі 2018 жылдың 25 ақпаны. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, жобаның құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру мақсатында ҚР Энергетика министрлігіне бюджеттік өтінім тапсырылады.
        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пунктін соғу
 
        Т.Рысқұлов ауданы Абай ауылына жаңа фельдшерлік амбулатория пункті құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 65,4 млн.теңге бөлініп, жұмыстар аяқталды (мердігер – «Құрылыс - Жаңатұрмыс» ЖШС-і). Нысан 05.08.2017 жылы пайдалануға берілді.
            Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 31 шілдедегі №154 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешенін салу
 
 
       Қордай ауданы Қордай ауылына спорт кешені құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен 200,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Мердігер - ПСК Алибек» ЖШС-і. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі  - 2018 жыл. 225,6 млн. теңге бөлінді.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізу
 
       Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданынан мектеп құрылысын жүргізуге
2017 жылға республикалық бюджеттен 468,0 млн.теңге бөлініп, мердігер анықталды («ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС-і). Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға тапсыру мерзімі 2018 ж.
       Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында тұрғын үйлердің ішкі алаңдарын абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын салу жұмыстарын жүргізу      Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданының ішкі кварталдық жолдарының, тротуарларының, аялдамалар кешендерінің, көше жарықтарының, арық желілерінің құрылысын салу және абаттандыру бойынша ағымдағы жылға облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді. Аталған нысандарды пайдалануға беру 2018 жылға жоспарланған.
      - «Идель» ЖШС, №16,17,18,19,20 телім, 150,0 млн.теңге;
-  «2030-Бизнес Элит Строй» ЖШС, №2,3,4,5,6,9 телім, 100,0 млн.теңге;
- «Интеграл Строй Лайф» ЖШС, №7,8,10,11,12,13,14,15 телім, 250 млн.теңге.  
     Тапсырма орындалуда.
  1.  
Тараз қаласы «Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандарына қарасты ауылдар мен саяжай алқаптарын газдандыру      Тараз қаласы Шөлдала тұрғын алқабына («Құмшағал», «Көлтоған» шағын аудандары) газ келтіру құбырын салу жобасына 2017 жылы республикалық бюджеттен 623,9 млн. теңге, ал облыстық бюджеттен 61,3 млн. теңге бөлінді. Барлығы 682,2 млн. теңге. Электрондық конкурс арқылы «Монолит Дизайн – 2030» ЖШС-і мердігер болып танылды. Құрылыс жұмысы а.ж. 1 сәуірінде басталып, 31 шілдеде толық аяқталды.
       Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Мойынқұм ауданы Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел автомобиль жолының жөнделуін жалғастыру        Ағымдағы жылы облыстық маңызы бар «Бірлік-Мойынқұм-Ұланбел» автомобиль жолының 0-25, 130-145, 145-157 шқ аралықтарында орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нысандар 2018 жылға өтпелі, ағымдағы жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар, 2018 жылы аталған автожолдың 170-185, 185-200 шақырымдарын орта жөндеумен қамту жоспарлануда. Нысандар 2019 жылға өтпелі болады.
   Тапсырма орындалуда.
  1.  
Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізу
 
       Қордай ауданы Соғанды және Көктөбе ауылдарындағы мектептердің құрылысын жүргізуге 2017 жылға облыстық бюджеттен 300,0 млн. теңге бөлініп, толығымен игерілді (Әр қайсысына 150,0 млн.теңгеден. Соғанды ауылында 50 оқушыға №33 мектебінің құрылысын салу - мердігер  «Темир-Строй Сервис и Ко» ЖШС, Көктөбе ауылында 50 оқушыға №40 мектебінің  құрылысын салу - мердігер  «Центр Снаб Сервис» ЖШС). Нысандарды пайдалануға тапсыру мерзімі – 2018 жыл.        Тапсырма орындалуда.
  1.  
Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізу        Меркі ауданы, Қызыл сай ауылына ауыз су жүйесін жүргізуге 2017 жылы 170,417 млн. теңге бөлінді (РБ – 153,376 млн.теңге, ЖБ – 17,041 млн.теңге). Мердігер «Бернур Тараз» ЖШС-і тарапынан құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру а.ж. қазан айына жоспарланған.
       Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
«ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесіне Жамбыл облысынан баратын туристерді ұйымдастыру, облысқа келетін туристерге көрсетілетін мәдени және туристік нысандардың  дайындығын ретке келтіру Облыстан «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін барлығы 187 221 облыс тұрғыны тамашалады. Оның ішінде 11570 соғыс ардагерлері мен барлық топтағы мүгедектер, 11347 оқушы бар. Оқушылардың 6460-ы аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан, олар үшін жергілікті бюджеттен 245,2 млн. теңге көлемінде қаржы бөлінді. 4887 оқушы ата-анасымен көрмені тамашалауға мүмкіндік алды. ЭКСПО көрмесі іс-шараларының жоғары дәрежеде өтуіне ағылшын тілін меңгерген 100 ерікті қатысты. Олардың Астана қаласына жетуі мен кері қайтуына қажетті 3,6 млн. теңге жергілікті бюджеттен бөлінді. Көрме өткізілген кезеңге «Тараз-Астана-Тараз» бағыты бойынша қосымша 7 плацкарт және 6 купе вагондары бар жолаушылар пойызы, оған қоса қажетінше әр пойызға тіркеме вагондар қосылды. Облыс бойынша 6 темір жол бекетінен 6-7 пойыз, 8 автобус («Dim Dimich & Company»,  «Профсоюз турист» және «Марвен тур» ЖШС) күнделікті, сонымен қатар «Тараз-Астана» авиа рейсі бойынша аптасына 10 ұшақ («СКАТ» авиакомпаниясы 118 орындық 7 рейс, «АirАстана» авиакомпаниясы 90 орындық 3 рейс) Астана қаласына қатынады.
 «Baiterek Travel Center», «Золотой караван» туристік орталығы», «Тараз Профсоз турист», «Жамбыл Сервис» туристік ұйымдары облыс тұрғындарын туристік пакеттермен қамтамасыз етті және облыс аумағына туристерді тарту жұмысымен айналысты.
Көрмеге қатысушылар мен қонақтарына арналған облысымыздың туристік насандары арқылы өтетін жаңа туристік бағыттар әзірленді. Туристік бағытқа 33 туристік нысан кірді. Аталған 33 нысанға мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ақпараттық тақтайшалар мен жолсілтегіштер дайындалып, орналастырылуда.
«Астана ЭКСПО-2017» көрмесі аясында әлем елдерінен келген туристерді, өз өңірімізге тарту бағытында да жұмыстар атқарылды. Қорытындысында өңірімізге 45172 турист келді.        
Тапсырма орындалды, облыс әкімдігінің 2017 жылғы 26 қазандағы шілдедегі №219 қаулысымен бақылаудан алынған.
  1.  
Байзақ ауданы Қостөбе ауылдық
округінің жер учаскелерінің инфрақұрылымына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, қаржыландыруға ұсыну
      Қостөбе ауылының 20 га тұрғын алқабына инфрақұрылым кіргізуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге жергілікті бюджеттен 9 млн. теңге қарастырылды. Мердігер «Табыс Жоба» ЖШС-і.
      Қазіргі таңда 6 жоба (3 жоба – электр жүйесін жүргізу, 3 жоба – шағал жол) әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2018 жылға облыстық бюджет есебінен 80,382 млн.теңге (электр жүйесін жүргізу-22,353 млн.теңге, шағал жол-58,029 млн.теңге) бөлінді.
      Тапсырма орындалуда.
Жарияланған күні: 2018-01-19 16:40:13

Наверх