РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік

2017 жылғы 12 желтоқсанда барлық БЖЗҚ филиалдарында биыл төртінші рет Ашық есік күні өтеді. Бұл жолы салымшылар үшін өзекті әрі маңызды мәселе зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттің беретін кепілдігі туралы тақырып төңірегінде өрбiмек.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларды зейнетақы жүйесіне байланысты барлық мәселе бойынша хабардар ете отырып, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында елімізде зейнетақы жүйесін реттеудің заңнамалық базасы қалыптастып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік енгізілгені көрсетілген. Тұжырымдамалық ережеге сәйкес жарналар жинақталып, қаржы құралдарына инвестиция түрінде құйылып, кіріс инвестициялық қызметтің нәтижелері мен қаржы нарықтарының жай-күйіне байланысты қалыптасатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Зейнетақы жинақтары есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдары тізбесіне енгізілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерін орналастыруды жүзеге асырады.
Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдіктің бірегей үлгісі қолданысқа енген. «Бұл үлгіге сәйкес «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы негізінде төлемдерді алу құқығы басталған кезде әрбір алушыға инфляция деңгейі ескеріле отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (МҚЗЖ) сомасы және жеке зейнетақы шотындағы олардың зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма сомасы жеке есептеледі. Осылайша, 5-бап, зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдікті көздейді» -деп «БЖЗҚ» АҚ Жамбыл облыс филиалында атап өтіледі.
БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары қалай жиналып, түрлі қаржы құралдарына қалай инвестицияланады, кімнің мемлекеттік кепілдік бойынша төлем алуға құқығы бар, сондай-ақ, төлем алу бойынша қайда хабарласу керектігін мамандар 12 желтоқсанда өтетін тұсаукесерде жан-жақты түсіндіріп беретін болады. Сондай-ақ, БЖЗҚ салымшылары мен алушыларының тұсаукесерден кейін бірден өздерін қызықтыратын барлық сауалдарға толық әрі жан-жақты жауап және жеке консультация алуларына мүмкіндіктері бар.
«БЖЗҚ» АҚ-да бiрiншi Ашық есік күні ағымдағы жылдың 31 наурызында өткенін және «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» тақырыбына арналғанын естеріңізге саламыз. Екінші іс-шара 30 маусымда «БЖЗҚ барлығына қол жетімді» тақырыбында өтсе, «Төлемдер — жинақтар нәтижесі» атты үшінші Ашық есік күні 29 қыркүйекте өтті. Қор келесі жылы салымшылардың барынша қызығушылығын тудырған түрлі тақырыптар бойынша тоқсан сайын бір рет осы тектес iс-шараларды өткізуді жостарлап отыр.
 
Жарияланған күні: 2017-12-22 08:58:18

Наверх