РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыстағы шығып қалған мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың тіркелуі бойынша брифинг

2017 жылғы 4 қазан сағат 10.00-ге
жоспарланған брифнгтің
Пресс-релизі

29 қазанға облыс бойынша шығып қалған депутаттардың орнына тағайындалған сайлау науқаны туралы
 
Жамбыл облыстық мәслихатының құрамынан 1 және Қордай аудандық мәслихатының құрамынан 2 депутат орны босап қалған, яғни, облыс бойынша 3 вакансия бар.
Оларға жеке-жеке тоқталып өтсек, Т.Рысқұлов ауданындағы облыстық №31 сайлау округінен сайланған депутат Терлікбаев Қайрат Әбдікерімұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты босаған.
Ал,  Қордай аудандық №2 аудандық сайлау округінен сайланған Чува Айдыр Суфурович денсаулығына байланысты өз өтініші негізінде және осы аудандық №17сайлау  округінен сайланған Ордабаев Қанат Апрелевич жұмысы мен қонысын басқа облысқа ауыстыруына  байланысты өз өтініші негізінде босаған.
Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 28 тамыздағы №43 шешімімен облыс көлемінде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлауды өткізу мен оның дайындық жұмыстарын жүргізу жөніндегі күнтізбелік жоспары бекітілген.
Бұл Күнтізбелік жоспар облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында («Ақ жол» мен «Знамя труда» газеттерінде) 29 тамыз күні жарияланды және сайлау өтуі тиіс аудандарына жұмыс жүргізу үшін жолданған.
Осы күнтізбелік жоспар бойынша келесідей жұмыстар атқарылуда.
Жоғарыда аталған аудандық газеттерде аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, шекаралары және орналасқан жері туралы ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдарында 2017 жылдың 30 тамызы мен 4 қыркүйегі аралығында жарияланды.
Ағымдағы жылғы тамыз айының 29-ы мен қыркүйек айының 29-ы аралығында бос тұрған округтарға мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну шаралары өтті.
Ұсынылған кандидаттарды тіркеу шаралары  а.ж. 3 қазан  күні аяқталды.
Бүгінгі күнге облыс бойынша 9 кандидат ұсынылып тіркеуден өтті. Олардың барлықтары тиісті мемлекеттік органдардың арнайы тексерістерінен өтті.
№31 облыстық сайлау округінен:
Шукеев Мұратхан Жүнісәліұлы – «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал төрағасының 1-ші орынбасары, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы - агроном. «Нұр Отан» партиясының филиалы ұсынысымен ұсынылған;
Сейпишев Ерлик Ордабаевич - «Құлан мал дәрігері» мемлекеттік мекемесінің бас есепшісі, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы экономист. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Джапаркулов Ерболат Абдисерикович - аудандық білім бөлімінің инженері, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы – қаржыгер. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
№2 Қордай аудандық сайлау округінен:
Имаров Ясави Хусейевич - Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Қарақоңыз ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің заңгері, ұлты дүнген, білімі жоғары, мамандығы – заңгер. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұсынысымен ұсынылған;
Дургалова Камила Махамбетовна - «Береке» гуманитарлы техникалық колледжінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, ұлты түрік, білімі жоғары, мамандығы – ағылшын тілінің мұғалімі, психолог. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Махоткина Валентина Викторовна – Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» Масанчи ауылдық округі бойынша инспектор, ұлты орыс, білімі жоғары, мамандығы – тамақ өнеркәсібі технологы. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
№17 Қордай аудандық сайлау округінен:
Садыков Нурдин Есенгельдиевич - жеке кәсіпкер, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы – бухгалтерлік есеп экономисті, заңгер. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұсынысымен ұсынылған;
Турганкулов Айдар Ауезович – Қордай аудандық №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ұлты қазақ, білімі жоғары, мамандығы – дене тәрбиелеу оқытушысы. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған;
Үркебек Нұрсұлтан Мықтыбекұлы – уақытша жұмыссыз, ұлты қазақ, білімі арнаулы орта, мамандығы – жол қозғалысын ұйымдастыру. Өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынылған.
Барлық кандидаттарға тиісті мәслихат депутаттығына кандидат деген куәліктер тапсырылды және олар туралы мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Нақты уақытта, сайлаушылар тізімі  жасақталуда. Бұл жұмыстар атқарылғаннан кейін, аудан әкімдерімен тиісті учаскелік сайлау комиссияларына Актімен өткізілетін болады.
Өткізу мерзімі - 8 қазан, яғни сайлаудан 20 күн бұрын. Сайлау өтетін округтарға қарасты сайлау учаскелерінде сайлаушылар тізімдері сайлаушыларға танысу үшін 14 қазаннан кешіктірілмей ұсынылады. Яғни, сайлаудан 15 күн бұрын.
Ағымдағы жылдың 4-ші қазанынан бастап сайлау алдындағы үгіт шаралары басталды, және бұл науқан қазанның 27-і күні сағат 24.00-де аяқталатын болады.
28  қазан тыныштық күні, яғни ешқандай сайлау алды үгіт жұмыстары жүргізілмейді.
29 қазан күні сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беру процессі өтеді.
Дауыс беру аяқталғаннан кейін, дауыстарды санау жүргізіліп, қорытындысы бойынша тиісті хаттамалар толтырылады. Хаттаманың көшірмесі учаскелік сайлау комиссиясында танысу үшін ұсынылатын болады.
 
Жарияланған күні: 2017-10-10 09:58:18

Наверх