РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ӘБДІРАЙЫМОВ Ғалымжан Райылұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Жамбыл облысы бойынша өткізілген аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдар әкімдерінің сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы
24 сәуірдегі №555 Жарлығына сәйкес 2013 жылы сайланған ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімдері аяқталуына байланысты, аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімінің сайлауын өткізу облыста ағымдағы жылғы 9-14 тамыз аралығында ұйымдастырылды.
Облыс көлемінде 153 ауылдық округ және 3 аудандық маңызы бар қала бар болса, биылғы жылы 89 әкімнің сайлауы өтті. (88 – ауылдық округ, 1 – аудандық маңызы бар қала)
А.ж. 11-19 шілде аралығында барлық аудандарда аудан әкімдері жергілікті қоғамдастық жиналысында кандидаттарды келісу жұмыстарын жүргізді. Жалпы 89 ауылдық округке және 1 аудандық маңызы бар қалаға 267 әкімдікке кандидаттар тиісті сайлау комиссияларына ұсынылды.
(Байзақ ауданында 14 ауылдық округке 42 кандидат, Жамбыл ауданында – 6 ауылдық округке 18 кандидат, Жуалы ауданында - 6 ауылдық округке 18 кандидат, Т.Рысқұлов ауданында - 12 ауылдық округке 36 кандидат, Талас ауданында – 10 ауылдық округке 30 кандидат, Сарысу ауданында – 3 ауылдық округке 9 кандидат, Мерке ауданында – 7 ауылдық округке 21 кандидат, Қордай  ауданында - 12 ауылдық округке 36 кандидат, Мойынқұм ауданында – 6 ауылдық округке 18 кандидат, Шу ауданында - 13 ауылдық округке 39 кандидат)
Аумақтық сайлау комиссиялары а.ж. 14-19 шілде аралығында ұсынылған кандидаттарды тіркеу жұмыстарын жүргізіп, 267 кандидат тіркелді.
Тіркелген барлық кандидаттар құзырлы органдар тарапынан сәйкестігі туралы тексерілді.
Үгіт насихат науқанында (27 шілде - 4 тамызы аралығында) барлық  кандидаттар таңдаушылармен кездесіп, өздерінің сайлауалды  бағдарламаларымен таныстырды.
Сайлау күніне 2-3 күн бұрын, түрлі себептерге байланысты 69 кандидат тіркеуден алынды.
Оның ішінде: Байзақ ауданында 9 кандидат (декларациядағы сәйкессіздікке байланысты – 8, өтініші бойынша - 1), Т.Рысқұлов ауданында 12 кандидат (өтініштері бойынша - 12), Қордай ауданында 9 кандидат (өтініштері бойынша - 9), Мерке ауданында 7 кандидат (өтініштері бойынша - 7), Мойынқұм ауданында 6 кандидат (өтініштері бойынша - 6), Талас ауданында 10 кандидат (өтініштері бойынша - 10), Сарысу ауданында 3 кандидат (өтініштері бойынша - 3), Шу ауданында 13 кандидат (өтініштері бойынша - 13)
Сайлауға 198 кандидат қатысып, 89 әкімдер сайланды. Бүгінгі таңда, сайланған әкімдер туралы ақпараттар жергілікті аудандық БАҚ құралдарында жариялануда. Сайлау барысында қандай да бір заң бұзушылықтар орын алған жоқ.
 
Жарияланған күні: 2017-09-17 09:59:21

Наверх