РегистрацияВойти
Герб Казахстана

Жамбыл облысы әкімдігінің

ресми сайты

Герб ЖО

Мазмұны



Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы







Байланысу

Облыс әкімінің бірінші орынбасары 431771
ОРЫНБЕКОВ Бекболат Серікбекұлы
Облыс әкімінің орынбасары 433538
МАНЖУОВ Ерқанат Нұрбапаұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432539
ЖАНКЕ Тимур Амантайұлы
Облыс әкімінің орынбасары 432894



430650
МУСАЕВ Маден Токтарбаевич

Облыс әкімінің орынбасары

ДАУЫЛБАЕВ Еркебұлан Әбілханұлы
Облыс әкімі аппаратының басшысы 454466
КАЛЕНДЕРОВ Нұржан Сәбитұлы
Әдеп жөніндегі уәкілі
АҚЫЛБАЕВ Олжас Бақытұлы 452016
бас инспектор 433613
АНАРҚҰЛОВА Жамал Сауытбекқызы
Мемлекеттік қөрсетілетін қызметтер сұрақтары 433454, 433890
Сенім телефоны
email: obrgr2015@e-taraz.kz
c 9.00-19.00 433613
c 19.00-9.00 431709
Мекен-жайы: Тараз қаласы, Абай даңғылы, 125 Көрсеткіш 080008

Облыс бойынша шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау



Жамбыл облысы бойынша
мәслихаттардың шығып қалған
депутаттарының орнына
2017 жылғы 29 қазанға
сайлау тағайындау туралы
 
 
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 101 бабы, 4-тармағын басшылыққа ала отырып, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жамбыл облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына, 2017 жылғы 29 қазан күні сайлау тағайындалсын.
2. 2017 жылғы 29 қазанға тағайындалған облыстағы мәслихаттар бойынша шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды өткізу жөніндегі негізгі іс шаралардың күнтізбелік жоспары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2017 жылдың 29 тамызында  басталсын.
4. Осы шешім сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз ету үшін  тиісті сайлау комиссияларына жіберілсін.
5. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
 
 
 Төраға                                                                  М.Сарыбеков
 
 Хатшы                                                                 Т.Жамалов

Жамбыл облыстық
 аумақтық сайлау  комиссиясының
2017 жылдың 28 тамыздағы
№ __ шешіміне  қосымша
 

2017 жылдың 29 қазанына тағайындалған

 Жамбыл облысы мәслихаттарының  шығып қалған  депутаттарының орнына  сайлау өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
 
1. Сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну
  Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және азаматтар - өзін-өзі ұсыну жолымен
2017 жылғы 29 тамыздан басталады және сайлау күніне бір ай қалғанда – 2017 жылдың 29 қыркүйекте аяқталады
(103-б.)
2. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы ақпаратты тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        
  Тиісті әкімдер
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей - 2017 жылдың 4 қыркүйектен кешіктірмей
(23-б.)
          3. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                        
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін жеті күннен кешіктірмей -2017 жылдың 4 қыркүйектен кешіктірмей
(17-б.)
 
          4. Сайлау округтерінің тізімдерін, олардың шекараларын және округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау               
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2017 жылдың 7 қыркүйектен кешіктірмей  
 (22-б.)
 
          5. Округтік сайлау комиссияларының құрамын тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                             
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2017 жылдың 7 қыркүйектен кешіктірмей.  
(15-б.)
          6. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                      
  Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей - 2017 жылдың 7 қыркүйектен кешіктірмей  
(13-б.)
7. Сайлаушылардың тізімдерін жасау  
  Тиісті жергілікті атқарушы органдар, халықты есепке алуды жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтердің негізінде
(24-б.)
          8.Сайлаушылардың тізімдерін акт бойынша тиісті сайлау комиссияларына жеткізу                                               
  Тиісті әкімдер
Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын – 2017  жылдың 8 қазаннан кешіктірмей
(24-б. 5-т.)
9. Мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттың назарына оның ұсынылғаны туралы шешімді жеткізу                             
  Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары        
(103-б. 3-т. 1 т-ша)
10. Мәслихат депутаттығына кандидат ретінде ұсыну туралы шешімді кандидаттың дауысқа түсуге келісімі туралы өтінішімен бірге округтік сайлау комиссиясына ұсыну
  Қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің жоғарғы органдары және депутаттыққа кандидаттар.        
(103-б. 3-т. 2 т-ша)
11. Мәслихат депутаттығына кандидаттың Қазақстан Республикасының Конституциясында және "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау
  Округтік сайлау комиссиялары
Азаматтың өзін-өзі ұсыну жолымен дауысқа түсуге берген өтініші немесе қоғамдық бірлестіктің жоғарғы
 
 
органының кандидатты ұсынуы туралы хаттамасының көшірмесімен қоса оның дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші түскен сәттен бастап үш күн ішінде
(103-б. 8-т.)
12. Тұрғылықты жері бойынша салық органдарына 2017 жылғы 1 тамызына Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген тәртіппен және нысанда табысы мен мүлкі туралы декларация тапсыру.
  Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы).
Кандидат тіркелгенге дейін.
(104-б. 1-1-т.)
13.  Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру
  Округтік сайлау комиссиялары.
Кандидаттарды тіркеу сайлау күніне жиырма бес күн қалғанда - 2017 жылдың  3-қазанда  аяқталады          
(104-б. 8-т.)
          14. Мәслихат депутаттығына кандидатты тіркеу туралы хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына табыс ету
  Округтік сайлау комиссиялары бес күндік мерзімде
(104-б. 5-т.)
15. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиясы
Кандидаттарды тіркегеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей
(104-б. 6-т.)
16. Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) жариялаған табысы және мүлкі туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру
  Салық қызметі органдары
Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде
(104-б. 1-1-т.)
17. Округтік сайлау комиссияларында сайлау қорларын тіркеу                                  
  Мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары
Кандидаттың тиісті округтік сайлау комиссияларына  өтініш жасаған сәтінен бастап бір күнтізбелік күн ішінде (Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 19.08.2011 ж. № 7/8 қаулысы)
(34-б. 2-т.)
18. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу                       
  Округтік сайлау комиссиялары
Кандидат тіркелгеннен кейін
(34-б. 6-т.)
19. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және әрқайсысына тиісті куәлік беру      
                                 Округтік сайлау комиссиялары
                                 Сенім білдірілген адамдардың тізімдері тіркеу үшін
                                 тапсырылғаннан кейін                                                                       
(31-б.)
20. Сайлау алдындағы үгіт                            
  Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталып, сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (2017 жылдың 4 қазанынан басталады және 2017 жылдын 27 қазанда 24-00 сағатта аяқталады).
(27-б. 2-т.)
21. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру                                    
  Жергiлiктi атқарушы органдар және тиiстi аумақтық сайлау комиссиялары.
Сайлау тағайындалған күннен бастап сайлау алдындағы үгіт басталғанға дейін
(28-б. 6-т.)
22. Кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде үй-жай беру. Бөлінген үй-жайда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау                                                                
  Жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде
(28-б.4-т.)
23. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну                                             
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне дейін он бес күн қалғанда 2017 жылдың 13 қазанынан кешіктірмей.
(26-б. 1-т.)
          24. Сайлау учаскелерінде дауыс беретін уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету                                    
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей – 2017 жылдың 18 қазанынан кешіктірмей.  
(38-б. 2-т.)
25.  Жекелеген сайлау учаскелерінде, қажет болған жағдайда, дауыс беруді бастаудың және аяқтаудың басқа уақытын белгілеу және ол туралы шешімді сайлаушылардың назарына жеткізу                   
                               Аумақтық сайлау комиссиялары
(38-б. 1-т.)
           26. Сайлау округi бойынша сайлау нәтижелерi анықталатын учаскелік сайлау комиссиясын белгілеу және оның отырысын өткізу үшін, отырыс орны мен уақыты туралы мәлiметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары
Дауыс беру күніне дейінгі он күннен кешіктірмей - 2017 жылдың 18 қазанынан кешіктірмей.
(43-б. 8-1-т.)
27.  Сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу                           
  Аумақтық және округтік сайлау комиссиялары
Сайлаудан кем дегенде бір күн бұрын   2017 жылдын 27 қазанынан кешіктірмей 
(37-б. 3-т.)
28. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау                                          
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Дауыс беру басталардан  бір сағат бұрын
(2017 жылдың 29 қазанында жергілікті уақыт бойынша сағат 6-00-де)
(40-б.)
29. Дауыс беруді өткізу                                             
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса,  сайлау күні, 2017 жылдың 29 қазанында  жергілікті уақыт бойынша  сағат 7-00-ден 20-00-ге дейін.
(38-б. 1-т., 42-б.)
30. Сайлау учаскесінде дауыстарды санау және дауыстарды санау  туралы хаттама жасау                                         
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Егер дауыс беру уақыты өзгертілмеген болса, жергілікті уақыт бойынша 2017 жылдың 29 қазанында сағат 20-00-де басталады
(43-б.)
31. Хаттаманың көшiрмесiн жалпы жұрттың танысуы үшiн сайлау учаскесiнiң үй-жайындағы арнайы белгiленген орынға ілуі                                  
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Дауыстарды санау аяқталысымен – дереу 
(43-б. 8-т.)
32. Дауыстарды санау нәтижелері туралы хаттаманы тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну                                                 
  Учаскелік  сайлау комиссиялары
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін  – дереу
(108-б. 1-т.)
33. Сайлау  округі бойынша мәслихат депутатын сайлаудың нәтижелерін анықтау, тиісті хаттама жасау және оны тиісті аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну                        
  Округтік сайлау комиссиялары.
Сайлау өткізілген күннен бастап екі күндік мерзімнен асырмай – 2017 жылдың 31 қазанынан кешіктірмей.
(108-б. 2-т.)
34. Сайлау округi бойынша сайлаудың нәтижелерi туралы хаттаманың көшiрмесiн жалпы жұрттың танысуы үшiн округтік сайлау комиссиясының отырысы өткізілген сайлау учаскесiнің үй-жайында ілуі
  Округтік сайлау комиссиялары                                   
Дауыстарды санау аяқталып, хаттама жасалғаннан кейін – дереу
(43-б. 8-1-т.)
35. Сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санаудың нәтижелері туралы  алдын ала жиынтық тiзiмдемені жалпыжұрттың танысуы үшiн отырыс өткен сайлау учаскесiнiң үй-жайында iлуі
  Округтік сайлау комиссиялары                                    
Дауыс беру күнінен бастап бес күннен кешіктірмей – 2017 жылдың 2 қарашадан кешіктірмей
(43-б. 8-2-т.)
36. Округ бойынша сайлау нәтижелері туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Округтік сайлау комиссиялары                                    
(16-б. 9) т-ша)
          37.  Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындыларын анықтау
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткізілген күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірмей - 2017 жылдың 2 қарашадан кешіктірмей
(111-б. 1-т.)
38.  Мәслихат депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
  Аумақтық сайлау комиссиялары
Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен  кешіктірмей - 2017 жылдың 4 қарашасынан  кешіктірмей
(44-б. 4-т. 2) т-ша)
Жарияланған күні: 2017-09-13 18:06:58

Наверх